Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#6733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ключевые слова: лиризм, проза, характер персонажа, казахская современная литература 

 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

22 


Summary. Lyricism as one of the essential features of the Kazakh modern prose fiction due to characteristic of the last 

decades the increasing role of artistic subjectivity. This means that the picture of the world is transmitted personal perception 

of  the  author,  who  let  the  entire  life  flow  through  you,  "experiencing"  it.  He  seeks  to  openly  and  honestly  express  their 

ideological and political positions, views and ideas about the social and ethical norms and principles of human behavior, his 

high purpose and responsibility in the world in front of him. 

In this article, the object of study is the lyricism as an essential feature of the Kazakh prose. Particular attention is paid to 

the analysis of ideological and aesthetic positions of a number of contemporary prose. 

Keywords: lyricism, prose, character of the character, Kazakh modern literature 

 

ӘОЖ: 94(574).084.91 



 

ФРАНЦУЗ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 

(ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ ХХІ ҒАСЫР БАСЫ) 

 

А.А. Дүйсембаева – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М020300 – «Тарих» мамандығының 2-курс магистранты 

 

Мақалада  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХІ  ғасыр  басындағы  француз  тарихнамасындағы  Қазақстан 



тарихы мәселелері қарастырылған. Автор Э.Каррек д’Анкос, Ж.Соваже, К.Пужоль, И.Огайон, Ал.Беннигсен сынды 

француз тарихшыларының қазақ тарихына байланысты еңбектерін жан-жақты талдайды. Аталмыш француз тарих-

шыларының еңбектерінде Ресей империясының Қазақстанды отарлауы, 1920-30 жылдардағы күштеп ұжымдастыру, 

кеңес империясының ыдырауы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси бағыттары қамтылған. Француз тарихна-

масында қарастырылған аталмыш мәселелер қазақ тарихының ақтаңдақ тұстарын ашуға, шынайы тарихты жазуға өз 

септігін тигізеді. 



Кілт сөздер: тарихнама, Қазақстан тарихы, кеңестік отарлау, империя, идеология, ұжымдастыру 

 

Кеңес  Одағы  тұсында  қазақ  тарихы  маркстік-лениндік  идеологияның  құрсауында  қалып,  қазақ 



тарихының ақтаңдақ тұстары мүлдем зерттелмей қалды. Сондай-ақ, Қазақстанның тарих ғылымы Батыс-

тың қоғамдық пікірінен оқшауланды. Бұл өз кезегінде дүние жүзілік тарих ғылымдарының жетістіктерін 

пайдалана  отырып,  қазақ  халқының  шынайы  тарихын  жазуға  мүмкіндік  бермеді.  Қазақ  тарихының 

мәселелері  АҚШ,  Англия,  Франция,  Германия  сияқты  Батыс  елдері  ғалымдарының  еңбектерінде  өткен 

ғасырдан  бері  зерттеліп  келгеніне  қарамастан,  олардың  еңбектері  қазақ  тарихшыларына  белгісіз  болып 

қала  берді.  Сондай  қазақ  ғалымдарының  ортасында  белгісіз  болып  келген  француз  тарихшыларының 

еңбектерінде Қазақстан тарихының мәселелері туралы мағлұматтар алуға болады.  

Француз зерттеушілерінің еңбектерінде Қазақстанның отарлау кезеңі тарихын зерттеуге басымдылық 

берген. Ұлт тарихының аталмыш мәселесі күрделі құқықтық-әкімшілік кешеннен, әлеуметтік-экономика-

лық, сонымен қатар діни мәселелерден, білім беру мен ұлттық үрдістерден тұрады. Қазақстанның Ресей 

құрамына ену туралы интерпретациясы Францияның саяси-идеялық өмірімен қатар жүруі француз тарих-

шыларының  назарын  аударды.  Бұл  өз  кезегінде  Қазақстанды  Ресей  империясының  отарлауы  мәселесі 

француз  тарихнамасындағы  1830  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  ғылыми  ортада  қызығушылық  тудырып, 

зерттеу жұмыстары толастамады.  

Қазақ даласын патшалық Ресей империясының отарлауы туралы Жоғарғы зерттеу мектебінің мұғалімі 

Ж.Соваженің  «Шығыс  мұсылмандар  тарихына  кіріспе»  [1,  191],  И.Тротинонның  «КСРО-ның  құрылуы 

мен  дамуы»  [2],  Ж.Радванидың  «КСРО:  ұлты  мен  аймағы»  [3]  атты  еңбектерінде  қарастырылған.  Бұл 

мәселені Ж.Радвани XVIII ғасырдағы оқиғаны қазақ даласының ішкі жаңаруының қажеттілігінен туында-

ған  жағдай  деп  бағалайды.  Кеңес  тарихнамасында  Қазақстанның  Ресей  құрамына  енуінің  «прогрестік» 

сипатқа ие болғанын атап өту қажет. 

Белгілі француз тарихшысы Э.Каррер д´Анкостың «Eуразия империясы: 1552 жылдан қазірге дейінгі 

орыс  империясының  тарихы»  атты  монографиясында  Қазақстанды  Ресей  империясының  отарлауы 

еуразиялық теория тұрғысынан баяндалады [4].  Автордың пікірінше, Иван  Грозный мен Ұлы  Петрдың 

ислам  дініне  шектеу  қойғанына  қарамастан,  Ресей  империясы  мұсылман  дінін  ұстанатын  халықтармен 

қарым-қатынасын әрі қарай жалғастырды. 

Ресей империясының қазақ даласын отарлау саясаты экономикалық қызығушылықтан туындағанды-

ғын алға тартатын ғалымдар да бар. Суармалы жерлерді қарастырған зерттеуші В.Фурньо анналдардың 

мектептерінен қалған, географиялық тарихтың әдістерін пайдалана отырып ирригацияны қазақ даласын-

дағы  аймақтық  өмір  сүруге  талпыну  концепциясына  негіздеп  өңдейді  [5].  Автордың  келесі  бір  «Орта 

Азияның тарихы» атты еңбегінде XVIII ғасырда қазақ даласы мен Орта Азияның барлық аймақтарында 

ілгері  жылжи  бастаған  орыс  экспансиясының  бірнеше  кезеңдерін  атай  отырып,  алғашқы  кезеңі  1740 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

23 


жылдан  бастау  алғандығына  тоқталады  [6].  Қозғалыс  Ресей  империясы  жаңаруының  ішкі  қажеттілігі 

бойынша және мұсылман қауымына жүргізілетін саясаттың өзгертілуіне байланысты туындады. Ғалым 

Ресейдің  халықаралық  байланысының  даму  контексті  негізінде  қазақ  даласындағы  орыс  экспанциясын 

жалпы Орта Азияны отарлаудың бастапқы кезеңіне теңеп, қарастырады. 

Француз тарихшыларының еңбектерінде қарастырылған келесі бір мәселе ретінде қазақ даласындағы 

ұлт-азаттық көтерілістерді атауға болады. Француз тарихнамасы «бірыңғай тасқын» теориясынан бастау 

алады.  Қазақтардың  азаттық  жолындағы  күресінде  КСРО-ның  құлауына  дейін  өмір  сүрген  «кеңестік 

колониализмнің» концепциясын қайталайтын көтерілістің тізбекті әсерін көруге болады. Келесі методо-

логиялық ықпал  – белгілі бір тарихи кезеңнің этникалық аздығы мен лауазымды ұлттардың әлеуметтік 

және  экономикалық  теңсіздіктен  туындайтын  қақтығыс  теориясына  негізделді.  Яғни  ұлт-азаттық 

көтеріліс – қазақ халқының ұлттық бірлестігіне қауіп төндірген, орыс колонизациясына жауап ретіндегі 

қозғалыс болды.  

Ғалым Э.Каррер д´Анкосс Орта Азияның тарихын зерттей отырып, оны ұлттық тарих бойынша басты 

деректерден  тұратын көптеген методологиялық мәселелермен байланыстырады. Ол 1917 жылға дейінгі 

Ресей  империясындағы  мұсылмандар  халқының  тарихы  әлем  мұсылмандарының  жалпы  тарихының 

контексінде ғана зерттелді деп есептейді. Ал 1917 жылдан кейін ол КСРО-дағы Орта Азия интеграциясы-

ның  контексінен  бөлініп  шығады.  Автор:  «Ұлттық  даму  –  қарама-қайшы  екі  тенденцияның  жалғасы, 

ұлттардың, мемлекеттердің, ұлттық мәдениеттің дамуы, сонымен қоса ұлттардың жойылуына, қысымына 

ықпал ететін бейімделудің бір түрі болып табылады» [7], – дейді.  

Ұлт-азаттық көтерілістің бастапқы кезеңінде қазақ халқының ру-тайпалық ұйымдарының құрылуына 

себепші  болған  идеологиялық  дәлелдің  мақсаты  мен  тапсырмаларының  төменгі  дәрежедегі  деңгейі 

қарастырылады.  

«Мұсылмандар әлемі жылнамаларын» (1954 ж.) бағалауда Орта Азия мұсылмандарының көтерілісі – 

ХХ ғасырдың аяғына дейін жалғасқан ұлттық қозғалыс [8]. 1960-1970 жылдары француз тарихнамасында 

кеңестану  жеке  ғылыми  сала  ретінде  танылғаннан  соң,  ұлт-азаттық  көтерілістің  себептеріне  тереңірек 

үңілуге мүмкіндік туды. Бұл мәселеде Э.Каррер д´Анкостың, Ал.Беннигсен мен Ш.Лемерьсье-Келькеже-

нің  еңбектерін  атауға  болады.  Олар  көтерілістің  тууының  басты  себебі  Ресей  империясының  отарлық 

саясатының үстемдік етуінде, жер мәселесінде, қоныстандыру саясатында, деп түсіндіреді.  

Белгілі кеңестанушылар Ал.Беннигсен мен Ш.Лемерьсе-Келькеже 1891-1892 жылдары бір топ қоныс-

танушылар көшпелілерге ауыр жағдай туғызды деп санайды. Жергілікті тұрғындар мен орыстар арасын-

дағы қақтығыстар күшейіп отырғанын да баяндайды [9].  

Ғылыми  зерттеулер  Ұлттық  орталығының  зерттеушісі,  тарих  ғылымдарының  докторы  Изабель 

Огайонның  «Седентаризация  казахов  в  сталинском  СССР:  коллективизация  и  социальные  изменения 

(1928-1945)»  атты  еңбегі  қазақ  тарихының  ақтаңдақтарын  толықтыра  түседі  деп  ойлаймыз  [10].  КСРО 

мен Орта Азияның тарих салаларында жұмыс істеген ғалым Қазақстанда бірнеше жыл өмір сүріп, орыс 

және қазақ тілдерін қатар меңгереді. Ғалым 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасындағы жағдайды 

терең түсіну үшін, қазақ әдебиетімен де етене танысады. Қазақтардың отырықшылану мәселесі француз 

тарихнамасында  орын  алған  алғашқы  кешенді  монографиялық  зерттеу  болды.  Автор  жеке  фазалардан 

тұратын  отырықшылықтың  кезеңдерін  атап  өтеді.  Алғашқы  кезең  (1928-1929  жж.)  –  байлар  мен  ауыл 

элиталарының репрессияға ұрыну жылдары, яғни жаңа термин «дебаизацияны» енгізе отырып, алғашқы 

кезеңге теңейді. Ол «дебаизацияның» экономикалық және әлеуметтік критерилерін келесідей етіп бөледі: 

мал басы, жер телімдері, тізімге алу, шаруалар және т.б. Автор бірінші кезекте қазақтың зиялы қауымда-

рынан құралған Алашорда ұйымын оқшауландыруды, өзіне бағындыруды және белгілі бір кезеңдердегі 

жергілікті биліктің, саяси элиталардың рөлін қарастырады. Автор кеңес үкіметінің мақсаты шаруашылық-

тың  дәстүрлі  үлгісін  жою  болды  деген  қорытындыға  келеді.  Бұқара  халық  пен  қазақ  зиялы  қауымы 

тарапынан потенциалдық наразылықты басу да өз деңгейіне жеткендігін атап өтеді. 

Кеңес дәуірін зерттейтін кеңестану ғылыми сала ретінде КСРО жаңадан құрылған сәттен бастап қа-

лыптаса бастады. Оған А.Береловичтің 1987 жылы «Анналдар: Экономика, Қоғам, Өркениет» журналын-

да жарыққа шыққан, «Кеңестану мәселесі бойынша» атты мақаласы дәлел бола алады, онда ол Кеңес ода-

ғын әшкерелейтін түрлі басылымдардың шығуына қарамастан, КСРО қайта құру туралы ақпараттың бар-

ша әлемді қатты таң қалдырғаны жөнінде айтады [11]. Француз тарихнамасының ұстанатын басты бағыт-

тарының бірі сталиндік, яғни оның мұрасы мен ерекшелігі болды. Алайда мемлекет тарихындағы қоғамға 

қатысты зерттеуден бөлек, өткен мен бүгіннің байланысын айқындайтын сұрақтар да туындап отырды. 

Дәстүрлі  кеңестану  КСРО  құлағанға  дейін,  1960-1970  жж.  өзіндік  «триумфтық  әрекеттерін»  бастан 

өткере отырып, тоталитарлық жүйенің концепциясын қабылдады. Кеңестанудың басты методологиялық 

қиындықтары КСРО бойынша деректердің болмауынан туып отырды. Сонымен қатар, дәстүрлі француз 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

24 


тарихнамасы бар деректерді жасырып, КСРО-ның әлеуетін, экономикасын, тіпті саяси тарихын зерттеуге 

мүмкіндік беретін статистиканы, КПСС құжаттарын, басылымдарды жоққа шығарып отырған.  

Кеңес тарихы жайлы статистикалық көзқарасты қайта қарастыру қажеттігін француз тарихшылары дұ-

рыс айтқан. Қалыптасқан жүйесі мен бастапқы идеологиялық жобасы бұлыңғыр болғандықтан, Америка-

ның кеңестану ғылымында жиі қолданылатын Г.Арендтың тоталитарлық концепциясының тоталитарлық 

институт  шиеленісе  бастаса  да,  ешбір  кемшілік  көрмейтінін  түсінетін  уақыт  жетті.  Модель  келесідей 

кеңестік  типтерді  айқындады:  идеологиялық  жобаның  тұрақтылығы,  биліктің  заңдылығы,  идеология 

саяси биліктің элементі ретінде және заңға аз негізделген халықтарды бақылау. Тоталитарлық концепция-

ның  жетістіктері  түсіндіруге  тырысқан  шындыққа  қарсы  болды.  Тоталитарлық  жүйе  байлаулы  болды 

деген көзқарастар да қалыптасты. Мамандарды басқа да коммунистік жүйемен қызықтырмауда, комму-

низмді бірегей кеңестік өнім ретінде қарастыруға болмайтын зерттеулер арқылы өзіндік ерекшелігі бар 

кеңестік орталық қалыптасты.  

Міне,  осылай  кеңестануда  бірнеше  кемшіліктер  қалыптасты:  1)  Партияның  жаңа  ықпалы  оның 

орталық жүйелері тұрғысынан қарастырылды. Алайда жаңадан қалыптасып келе жатқан партия жергілік-

ті жерлердегі құрылымы арқылы абыройға бөленді. Яғни жергілікті билік өкілдері колхоздар мен совхоз-

дардағы  плантацияларды  ұйымдастырған  ауыл  еңбеккерлеріне  қызығушылық  танытпағаны  жөнінде 

айтады. Орталық және жергілікті билікті толығымен көрсету үшін, мафия секілді үлгіні қолдану қажет. 

Деректер  мен  байланыстарды  шектеу  мақсатында,  жергілікті  шенеуніктердің  желілері  сұрыптау  мен 

бақылауда шектелді. 2) 1930 жылдары кеңес жетекшілерінің реформаторлық немесе консерваторлыққа, 

заманауи немесе радикалдылыққа бөлінуі кенеттен және тиянақсыз болған жағдай деп бағаланады [12].  

3) Кеңестану құқық мәселелеріне, биліктің легитимділігіне, сату және сатып алу құқықтарына келгенде 

жиі елемеушілік танытып отырды. КСРО түрлі деңгейде кенже қалып отырғандығы түсініктер демокра-

тиялық азаматтық қоғам құруға кедергі келтіріп отырды.  

1970  жылдардың  ортасында-ақ  кейбір  француз  зерттеушілері  КСРО-ны  кітапқа  басылған  көрініске 

теңеп, сынға алған болатын. Француздың белгілі саясаттанушысы, антропологы Э.Ле Руа Ладюри Кеңес 

одағының  әскери  күші  мен  халқының  әл-ауқатын,  қара  жұмысшылар  мен  шаруалардың  еңбегінің 

бағаланбайтынын қате түсінік деп есептеді. Және Францияның тағы бір белгілі тарихшысы Ф.Фюренің 

көзқарасы  бойынша,  батыс  идеологиялық  тұрғыдан  кеңес  жүйесін  ойлауды  тоқтатқан.  «Әлемнің  бұл 

биополяциясы  –  капитализм/коммунизм  –  саяси  шындыққа  жанаспайды».  Бұл  позицияны  Сорбон  мен 

Кэмбридж  университеттерінде  оқып  келген,  небәрі  25  жастағы  француз  тарихшысы  Эм.  Тодда  өзінің 

«Ақырғы күйреу» атты сыни монографиясында ұстанды.  

М.Ферро  мен  Р.Жироның  1991  жылдары  өңделіп  және  толықтырылып  жарық  көрген  «Ресейден 

КСРО-ға  дейін»,  «Ресейдің  1850  жылдан  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихы»  атты  монографияларында  да 

кеңестану сынға ұшырады. Онда олар КСРО-ның даму контексін ішкі ықпалдар мен жалпыға ортақ та-

рихқа енгізуге тырысып отырды. Міне, осы тұстан француз тарихнамасын Орталық Азия мен Қазақстан-

ның  тарихы  бойынша  зерттеу  арқылы  парадигманың  концепциясы  мен  бағыттарындағы  өзгерістер 

аңғарылады. Өлке тарихының дәстүрлі көзқарастарына қарсы екінші тарихи концепциялы ревизионизм 

орнады. Сонымен қатар, қайта құру кезеңінде француз тарихнамасының кеңестану ғылымының ықпалы-

ның әсерінен белгілі бір дәрежеге жеткенін атап өту қажет [13]. 

Әлемге әйгілі француз кеңестанушысы және тарихшысы Н.Верттың «Кеңес Одағының тарихы. Ресей 

империясынан тәуелсіз елдер бірлестігіне дейін» атты 5 рет өңделіп барып жарық көрген зерттеуі кеңес-

танудың жай-күйін қайта қарауды жөн деп тапты. «Кеңес одағындағы қоғам және билік» атты еңбегінде 

де жаңа концептуалдық және теориялық ықпалдар көрініс табады. Ол онда кеңес тарихының саяси және 

әлеуметтік  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  тоталитарлық  және  ревизионистік  мектептерді  сынға  алады. 

Оның басты мақсаты – КСРО мен билік арасындағы белгілі бір бағыныштылық пен өзара байланысты, 

оның түрлі формалар мен қоғамды, саясаттағы әлеуметтік кластардың рөлін, оның әлеуметтік белсенділі-

гін көрсету болды. Оның «идеологиялық сипаттың арнайы тартысын қозғай отырып», тарихи фактілерді 

әділ  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  әлеуметтік  үрдістердің  жоғары  және  төмен  методологиялық 

ықпалы  қарауға  ұсынылады.  Зерттеуде  келесі  методологиялық  ықпал  қазіргі  заманға  қалай  ойысады 

деген  оймен  қорытындылады.  Ол  оның  идеологиялық  және  саяси  инфрақұрылымынан  шыға  отырып, 

кеңес жүйесінің функциялану түсінігін стереотиптерден шегінуге үндейді [14]. 

Қазақстан  мен  Орта  Азия  тарихын  зерттеген  кеңестанушы  маман  Э.Каррер  д´Анкостың  1978  жылы 

жарық  көрген  «Күйреген  империя»  атты  еңбегінде  мұсылман  факторларының  теориясына  сүйене 

отырып, Кеңес одағының ыдырайтынын атап өтеді [15]. 

Орталық Азия бойынша Орталық Институттағы Шығыс тілдері мен «Қазақстанның» (2000) өркендеуі-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

25 


не үздіксіз жүргізіліп отыратын семинардың жетекшісі Катрин Пужольдың Егемен Қазақстанға арналған 

кітабы  қазіргі  француз  саясаттануының  кейбір  кемшін  тұстарын  толықтырып  отырды  [16].  Автор: 

«жаһандану  көзқарасымен  Қазақстан  өз  рөлін  трансконтинентальдық  экономикалық  байланыстарда 

анықтауы  және  Еуразиялық  континент  осіндегі  өзінің  тарихи  миссиясына  оралуы  тиіс»,  –  дейді.  Сан 

ғасырлар бойы талай қиындықтарды бастан кешкен Қазақстан, шындығында да, Шығыс Азия және Батыс 

Еуропамен,  қазақ  және  орыс  бастамаларының  арасында,  атеизм  мен  православиенің,  ислам  мен 

шаманизмнің  ішінде  де  үлкен  үндестіктен  тұрады.  Қазақстанның  болашағы  Батыспен  байланысты 

болатыны сөзсіз. Алайда, сан ғасырды артқа тастап, өзінің көшпелі ұрпағы жайлы көрінісін беретін Азия 

халықтарының  мұрасы  қазақ  қоғамына  әлі  де  ықпал  ететінін  айта  кеткен  жөн.  Пужоль  Қазақстанның 

болашағын қазіргі қоғам талабының бағыты және модернизацияны батыстық үлгі бойынша байланысты-

ра  отырып,  қазақ  қоғамын  көшпелі  мәдени  дәстүрдің  кей  тұстары  бойынша  сақ  болу  қажеттігін  алға 

тартады. 

Қорыта  келе,  Кеңес  үкіметінің  тоталитарлық  үстемдігі  кезінде  бұрмаланған  қазақ  тарихын  жаңаша 

жазуда  батыс  тарихнамасын,  әсіресе  француз  тарихшыларының  еңбектерін  назардан  тыс  қалдырмау 

керек. Себебі француз тарихшыларының еңбектерінде Ресей империясының Қазақстанды отарлауы, ұлт-

азаттық  қозғалыстар,  кеңес  үкіметінің  қазақ  даласын  отырықшыландыру  саясаты  сынды  әлі  де  нақты 



шынайы зерттеулерді қажет ететін мәселелер қамтылған. 

 

1

 

Sauvaget J. Instroduction á l’histoire de l’orient musulman. Elements de bibliographie / Ed. ref. et c omp. par 

Cl.Cahen. – P.: Maisonneuve, 1961. – P. 234. 

2

 

Trotignon Yv. Naissance et croissance de l’URSS. – P.: Bordas, 1970. – P. 11. 

3

 

Radvanyi J. L’URSS: Régions et Natoins. - P.: Masson, 1990. – P. 229. 

4

 

Carrére d’Encausse H. L’Empire d’Eurasie: Une histoire de l’Empire russe de 1552 á nos jours. – P.: Fayard, 

2005. – 526 p. 

5

 

Forniau V. Agriculture nomade et irrigation en Asie Centrale: apports possibles de l’éthno-histoire // L’Asie centrale et 

ses rapports avec les civilizations orientales, des origins á l’age de fer: actes du colloque franco-soviétique organize par le 

centre National de la rechershe scientifique…, Paris, 19-26 novembre 1985. – Paris: Boccard, 1988. – P. 243-244. 

6

 

Forniau V. Histoire de l’Asie central. – P.: Press Univ., 1994. – P. 81-85. 

7

 

Carrére d’Encausse H. Problémes documentaries poses par la recherches sur l’Asie central des XIX et XX siécle // Les 

arabes par leur archive (XVI-XX s.) / Colloques internatiunaux de la recherché scientifique. 9-11 avril, 1974, - Paris. 1975. – 

№555. – P. 247. 

8

 

Annuaire du Monde Musulman 1954 / Red. Ar L.Massignon. – P.: Presses univ. de France, 1955. – P. 77-78. 

9

 

Bennigsen  A.,  Lemercier-Quelquejay  Ch.  Les  sultangalievismes  au  Tatarstan  //  Les  mouvements  nationaux  ches  les 

musulmans de Russie. – P.: Mouton, 1960. – P. 156. 

10

 

Изабель О. Огайон И. Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения 

(1928-1945 г.г.) = La sedentarisation des Kazakhs dans l’URSS de Stalin. Collectivisation et changement social (1928-1945) 

/ пер. с фр. А. Т. Ракишева; сост. Б. М. Сужиков. – Алматы: Санат, 2009. – 365 с. 

11

 

Berelowitch W. A propos de soviétologie // Annales: Economies Sociétés Civilisations. – 1987. – №5. – P. 997-998. 

12

 

Poujol C. L’islam en Asie centrale, vers la nouvelle donne. – P.: Ellipse, 2001. – P. 77. 

13

 

Ferro M., Girault, R. De la Russie á l’URSS: l’histoire de la Russie de 1850 á nos jours. – P.: Nathan, 1991. – 

P. 173, 188. 

14

 

Werth N. Histoire de l’Union soviétique. 2-ieme vol. – Paris: PUF, 2007. – P. 127.  

15

 

Carrére d’Encausse H. L’Empire eclaté: La révolte des nations en URSS. – Paris: Flammarion, 1978. – P. 109. 

16

 

Poujol C. Le Kazakhstan. – Paris: Presses Universitaires de France, 2000. – 128 p.  

 

Резюме. В статье идет речь о проблемах истории Казахстана во второй половине ХХ в. и начала XXI века, подня-

той французскими историками. Автор всесторонне рассматривает научные труды французских историков Э.Каррер 

д’Анкос, Ж.Соваже, К.Пужоль, И.Огайон, Ал.Беннигсен связанные с историей Казахстана. В трудах вышеназванных 

французских  историков  подробно  освещена  насильственная  коллективизация  1920-30  годов,  колонизация 

Казахстана Российской империей, распад союзной империи и политическое направление независимого Казахстана. 

Эти труды помогли восстановить и открыть правдивую картину тяжелых времен казахской истории.  

Ключевые  слова:  историография,  история  Казахстана,  советский  колониализм,  империя,  идеология, 

коллективизация 

 

Summary. The article deals the problems of the history of Kazakhstan raised by French historians in the second half of 

the XX century and the beginning of the XXI century. Author comprehensively studied scientific works of french historians 

such as: E.Carrere d'Encausse, Zh.Sovazhe, K.Puzhol, I.Ogayon, Al.Bennigsen related with the history of Kazakhstan. In the 

works of the aforecited french historians tells about collectivization in 1920-30, the colonization of Kazakhstan by the Russian 

Empire, Dissolution of the Soviet Union and the political direction of independent Kazakhstan. These works helped to restore 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

26 


and open up a truth picture of hard times in Kazakh history. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет