Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. №1 (36). 2011 85



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата17.09.2022
өлшемі296,87 Kb.
#39333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
683-1-1316-1-10-20181031

ҚазҰУ хабаршысыФилософия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
Тəңірлік ежелгі түркілердің ортақ көне 
нанымы, соның ішінде қазақ халқының санасы 
мен дəстүрінде орын алды. С. Ақатай: «Қазақ 
халқының ұлттық сана сезімін қалыптастырған 
дəстүрлі 
рухани 
құндылықтар 
арасында 
ғаламдық ғарыштық культ – тəңірлік бар» - деп 
көрсетеді [8, 60 б.].
Бүгінгі таңда Тəңірі сөзі, Аллаһ, Құдай 
сөзімен қатар қолданылады. Құран-Кəрімнің 
қазақша мағына жəне түсінігін берген белгілі 
исламтанушы-ғалым Халифа Алтай: Зұхрұф 
сүресінің 84 аятын аудармасын «Ол сондай 
Аллаһ, көкте де Тəңір, сондай-ақ Жерде де 
Тəңір» - деп келтірген. «Тəңір жарылқасын» деп 
бата беру, ашу үстінде «көк соққыр» деп жеку, 
Тəңірберген сынды есім тəңір ұғымының халық 
өмірі мен дүниетанымында терең қатпарлы 
қабатында орныққанын көрсетеді. 
Шоқан адамзат тарихындағы ежелгі наным-
сенімдерді жəне əлемдік діндер (буддизм, 
христиандық, ислам) тарихы мен ілімдерін 
ғылыми тұрғыдан талдау жасаған. Философ-
ғалым Сегизбаев О.А.: «Оның ислам дінінң 
тарихы мен ілімінің шынайы білгірі болған-
дығына еш күмəн жоқ жəне ислам ілімінің мəні 
мен даму тарихын өзіндік көзқараспен 
зерделеген, оның ислам діні мəселелеріне 
қатысты мақалалары мен шығармаларынан 
байқалады» – деп көрсетеді [10].
Қазақ ағартушыларының дінге қатысты 
көзқарастарын зерттеуші Б.Ғабдуллин былай 
дейді: «Шоқан ислам дінінің шығуын ғылыми 
тұрғыдан түсіндірген» [11]. Шоқан ислам 
дінінің тарихы, исламның қазақ жерінде 
таралуы мен орнығуы, ислам дінінің халық 
дүниетанымында, əдет-ғұрпында, тұрмыс-сал-
тында алатын орны туралы, ғылыми негізде 
зерттеулер жүргізген. 
Алты шаһардың, немесе Қытайдың Нан-Лу 
провинциясының (Кіші Бұхараның) шығысын-
дағы алты қаласының жайы туралы 1858-1859» 
атты еңбегінде Шоқан былай деп жазады. 
«Бүкіл мұсылман шығысында Құран қоғамдық 
құрдыстың азаматтық тəртіп ережелерінің негізі 
болып отыр; дəстүрлері мен заңдары да, бүкіл 
қоғамдық жəне халықаралық қатынастары да 
сол Құранның қағидалары бойынша белгіленеді, 
сондықтан мұсылман елдеріндегі халықтардың 
тұрымыс қалпында да, ел басқару дəстүрінде де 
азды-көпті болса да ұқсастық бар».
Шоқан ислам діні мен мұсылман мəдениетін 
қабылдаған елдердің қоғамдық өмірі мен 
заңдық ережелерінде, халықаралық қатынастар 
жүйесінде Құран-Кəрім құндылықтарын басшы-
лыққа 
алатындығын 
айқындай 
отырып, 
мұсылман халқының мемлекеттік басқару 
жүйесі мен мұсылман халықтарының тұрмыс-
тіршілігіндегі ортақтық – бұл мұсылмандық 
өмір салты мен əдептік, ахлақтық, құқықтық
құндылықтар жүйесі болып табылатындығын 
негіздейді. Сондай-ақ исламтанушы-ғалым, 
мұсылман елдеріндегі ортақтық пен ерекшелікті 
де атап көрсетеді: «Бірақ Шығыс Түркістанның 
бұл жөнінде басқалардан өзгеше, тамаша бір 
ерекшелігі бар. Мұнда мұсылман діні қатысса 
да, бірақ басқа мұсылман елдеріндегі сияқты 
бəлендей ықпалы да, артықшылығы да, қадірі де 
жоқ» – деп, сол уақыттағы Шығыс Түркістан 
өлкесіндегі ислам дінінің орны мен діни ахуалы, 
халықтың 
тұрмыс-салты 
мен 
тыныс-
тіршілігіндегі діннің ықпалын саралайды.
Мұсылмандық ғұрыптың қоғам өміріндегі 
орны туралы Мұхаммад Хатами былай дейді: 
«Ислам діні Құранда бейнеленген нормалар мен 
қағидаттарға деген сенімнен жəне діни 
ғұрыптарды, əлеуметтік-экономикалық басқа да 
қоғамдық қатынастарда жүріс-тұрыс ережелерін 
сақтау жауапкершілігінен құралады» [12].
«Сахарадағы мұсылмандық туралы» атты 
еңбегінде қазақ жеріндегі дін Патшалық 
Ресейдің шоқындыру саясаты дəрігерлік іс, 
ағарту ісі, неке мəселелерін көтереді. Қазақ 
халқының ислам дініне деген көзқарасы мен 
құштарлығының өсіп отырғандығы туралы: «Та-
тар молдаларының, ортазиялық ишандар мен 
өздерінің жаңа діни ілімін уағыздаушылардың 
ықпалымен біздің халық барған сайын жалпы 
мұсылмандық кейпіне түсіп келеді. Кейбір сұл-
тандар мен бай қазақтар өздерінің əйелдерін 
харамға қамағандай жеке үйге қамап қояды. 
Діндар қазақтар Меккеге баруды бастап тұр» [9, 
54 б.].
К. 
Есмағамбетов 
Шоқанның 
дүмше 
молдалардаларды 
сынға 
алу 
себептерін 
былайша түсіндіреді: «Патша өкіметі қазақ 
даласында отарлық үстемдікті орнатуда хан
сұлтандар мен қожа, молдаларға арқа сүйейді. 
Мүмкін, осы себептен де, Шоқан оларды сын 
тезіне салып, қоғам дамуына кедергі күш 
ретінде шенейді. Осыдан барып, əдебиетте 
Шоқанды «орысшыл», «атеист» деп кінəлауға 
жол беріледі» [13].
Ротмистр
Шоқан генерал М. Черняев 
бастаған патша əскерінің Орта Азия өлкесін 
жаулап алу кезінде жергілікті халыққа жасаған 
зорлық-зомбылығына қарсы шығып, наразылық 
көрсетуі Шоқанның ұлжандылығының белгісі.
Сонымен, Шоқан Уəлиханов дінтанушы 
жəне исламтанушы маман ретінде отандық 
дінтану ғылымының негізін қалаушы ғалым 
ретінде Г. Потанинге жазған хатында: «Мен өз 
халқыма қызмет еткім келеді, ол үшін мұсылман 
болуым керек» – деп ой түйеді. Көзі тірісінде-
ақ, шет елдік ғылыми ортада белгілі болған 
Шоқанның діни ізденістерін, əсіресе, қазақ-
стандық дінтану ғылымының негізін қалаушы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет