ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011 Ғабит Мүсірепов: «Шоқаны бар ел – шоқтығы
биік ел» – деп бағалаған, оның қазақ руханиятын,
ғылымын дүниеге танытудағы танытқан ғылыми
мұрасын зерттеу уақыт талабы.
Шоқан өз заманының жəне халқының абзал
перзенті. Шоқан өз уақытындағы белгілі зиялы
қауым
өкілдерімен,
ғаламдармен,
қоғам
қайраткерлерімен, беделді тұлғалармен аралас
болған, олармен ізгі қарым-қатынас орнатқан.
Оның еңбектерінде қазақ халқының əдет-
ғұрыптары, салт-дəстүрі, наным-сенімі, тарихи
тұлғалары Керей мен Жəнібек хандар, Асан
қайғы. Абылай хан, Бөгенбай, Сырымбет, Баян,
Оразымбет, Малайсары батырлар, Бұқар,
Тəттіқара жыраулар, Қазыбек би туралы
баяндалады. Ол қырғыз халқының бір уақытағы
өмірі мен тарихы, дүниетанымы, діни, адам-
гершілік туралы ой-түсініктерін жинақтаған
«Манас» эпосын орыс тіліне аударып, əрі зерт-
теп, еуропа жұртшылығына тұңғыш таныс-
тырды.
Шоқан өз елінің тарихын, тұрмыс-салты мен
мəдени мұрасын зерттеумен қатар, орталық азия
елдерінің
руханиятына
да
көңіл
бөлді.
Х.Əбжанов Шоқанның тұлғалық бітім-болмысы
туралы: «Дəстүрлі қазақ қоғамының бел баласы
Шоқан еуропалық жан-жақты білім алып, алыс-
жақын елдерге барғанда əралуан өркениеттерді
салыстыру арқылы адамнан адамның, жерден
жердің, салт-дəстүрден салт-дəстүрдің несі
артық екенін дөп басып танитын қабілетін
ұштай түскені» – деп көрсетеді [2].
Шоқан шамандықтағы аруаққа сенім,
жанның ауысуы сынды (фетиштік) сенім
белгілерін атап көрсетеді. Егер өлгеннен кейінгі
ырым-жоралар дұрыс орындалса, онда өлген
адамның рухы жайбарақат рахат күге түсіп өз
үрім-бұтақтарымен туған-туыстарына шапаға-
тын тигізіп, жебеп жүреді. «Үкінің басы, аяғы
мен қауырсыны жын-періден қорғайды...
сондықтан үйдің əр жеріне бесіктің басына іліп
қояды».
Шоқанның жасампаз қабілет-қарымы
мен көп салалы ғылыми ізденісі дəуірлік құбы-
лыс ретінде бүгінгі еліміздің тарихы мен
мəдениетін жаңғыртудағы орнымен айқын-
далады.
Қазақтың
біртуар перзентінің
өнегелі
ғұмыры мен дархан дарынын оның дінтанулық
зерттеулері де аша түседі. Ұзақ жылдар бойы
қазақ ағартушыларының соның ішінде Шоқан
Уəлиханов шығармашылық мұрасы мен дүние-
танымдық ізденістерімен пантеизм, деизм,
атеизм іздерін іздеп табуды мақсат еткен ғылы-
ми атеизм ұстанымдары Шоқанның дінтанулық
ізденістерін толыққанды талдауға мүмкіндік
бермеді. Ғылыми таным көкжиегінің бүгінгі
талаптары тұрғысынан Шоқанның мұрасының
дінтанулық қырын қарастыру қазақ дінтануын-
дағы бақсылар, əруақ, Тəңір, Құдай, Аллаһ,
шайтан, пері, албасты, жын, диуана, əулие,
машайық, кесір, кие, құт, жауырыншы, жады,
ұшық, аластау, қағынды, шырақ сияқты
ұғымдардың мəні мен сырын əлем оқырман-
дарына ғылыми негізде таныстырады. Қазақ
өміріндегі ырым-жоралардың түрлерін айқын-
дауда Шоқан қазақ халқының діни-наным
сенімдеріне, этнографиясына, өлең-жырларына,
аңыз-əңгімелеріне, батырларына қатысты ғылы-
ми-танымдық зерттеулер жасаған.
Профессор Р. Сыздық Шоқанның этногра-
фиялық зерттеулері туралы былай деді: «Қазақ
өміріндегі ырым-жырымдардың қандай түр-
түрлері болғанын бүгінгі қала тұрғындары,
əсіресе кейінгі ұрпақтар Шоқан сияқты жан-
жақты эрудиттің шығармаларынан оқып біле
алады. Нағыз ырымды сақтаған қазақ əралуан
жорықтар мен барымталасу кезінде аттан түс,
атты байла демей, атқа қон, атты бекіт дейтінін,
сапты аяқты «жолды аяқ» деу керек екенін,
астындағы ұрғашы малды «айғыр» деп
атайтындықтарын Шоқаннан ғана оқып білеміз»
[3].
Ағылшын этнолог, дінтанушы ғалымы Дж.
Фрэзер анимизм теориясына магияны зерттеуді
қарсы қойды. Ол адамзаттың тарихының дамуы-
ның үш кезеңін – магия, дін, ғылымды бөліп
жара көрсетеді. Оның пікірінше, «ойлау
эволюциясында діннің ізашары магия, əрі магия
дəуірі барлық жерлерде дін дəуірінің алдында
болған» [4].
Фрэзер позитивті (жағымды) магия (арбау)
жəне негативті (теріс) (табу) түрлерін атап
көрсетеді. Фрэзер ұқсастық заңына негізделген
арбау тəсілдерін гемопатиялық магия, ал жанасу
немесе жұғу заңына сəйкес арбау тəсілдерін
кантагиозды магия деп атады. Магияның екі
түрін де ол «симпатиялық магия» деген атау
береді. Өйткені заттар құпия сырға толы
болмысымен бір-біріне импульсі қашықтан
ықпал етеді, бұл ықпалдастық көзге көрінбейтін
эфир секілді бірінен екіншісіне берілдеді.
Далалық зерттеуші жəне діннің теориялық
ыңғайларын
жүйелеуші
ретінде
белгілі
ағылшын этнограф ғалым Б. Молиновский
магия сенім мен дəстүрге негізделеді, ал ғылым
тəжірибе мен ақылға сүйенеді. Дін қызметі
тылсым күшпен байланыс орнатып, дəстүрге
құрмет пен қоршаған ортамен үйлесімділікті
дамыту, өмірлік қиындықтар жəне ажалммен
күресте адамға өз сенімділік береді. Магия
мендік
сокральдық
(қасиеттілік)
саласын
құрайды.
Ғылым
профандылық
саласын
қамтиды. Магия мен дін адамның дағдарысты
жағдайлардың шығу жолдарын ұсынады. Магия
дуа, ғұрып, сиқыршы əрекет ететін жағдайлар
сынды техникалық формаларға ие. Дін өзі