1. Шіркін жастық, дарияның алғашқы тасыған қарқынындай едің-ау, бұзбайтын
бөгетің бар ма еді?
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» назар аударар болсақ, ДАРИЯ «Ені кең, суы мол,
терең үлкен өзен» (Т. Жанұзақов, 2008, 188 б.). Дария тасыған кезінде сең жүреді, яғни дария
бетіндегі мұз кесектері ағыстың, судың температурасының әсерінен қозғалады. Дарияның та-
сыған кезде, арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады.
Халық тынысы ашылып, ауыл шаруашылығына септігі тиеді. Сол секілді жастық шақ кезінде
де адам сол тасыған дариядай тек алға қозғалады. Дария тасығандай, жастық шақта адам
бойындағы энергия да тасиды. Оның пікірінше, дария тасыған кезінде оны тоқтатар күш
болмайды, дәл солай жастық шақ кезінде де бұзылмайтын бөгет болмайды.
Жазушы «жастық, дарияның алғашқы тасыған қарқынындай» деген теңеуді
экспрессивті мәнде қолданған. Табиғат атауына байланысты туындыған. Оның ішінде
табиғаттың бір бөлшегі су атауына байланысты туындаған. Дерексіз есім «жастықты» сол
дарияның белгілі бір қасиетіне балап, адам өміріндегі кезеңді табиғатқа теңеуден туындаған.
Теңеудің заты – жастық, теңеудің образы – дария, теңеудің белгісі – алғашқы тасыған
Достарыңызбен бөлісу: |