Вестник кгпи №1, 2017


қарқын.    2. Демек адамның қасы – арам шөп тәрізді



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата01.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#24656
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
қарқын.   

2. Демек адамның қасы – арам шөп тәрізді болады екен. 

Теңеудің  образы  ретінде  арам  шөп  алынса,  теңеудің  заты  ретінде  адамның  қасы 

алынған. Табиғат атауына байланысты туындаған теңеу. Адамның бойындағы мінезді таби-

ғаттың  бір  бөлігі  шөпке  теңеу  арқылы туындаған.  Арам  шөп  қасындағы  өсімдіктерге  өсуге 



ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ  

                    

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 

МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 

 

95 



мүмкіндік бермейтіні секілді жау, қас адам да өзінің қарсыласына тыным бермей, қастандық 

жасап, оның өсуіне, өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. 



3.  Хан  саясаты  тынып  жатқан  көл  секілді, қай жері тұңғиық, қай жері тайыз біл-

мейсің. 


Теңеудің заты – хан саясаты, теңеудің образы – көл, теңеудің белгісі – тынып жа-

ту.  Табиғат  атауына  байланысты  туындаған  теңеу.  Дерексіз  есім  негізінде  жасалған.  Адам 

бойындағы  іс-әрекетті  табиғаттың  бір  бөлшегіне  балау  негізінде  жасалған.  Тынып  жатқан 

көлдің қай жері тұңғиық, қай жері тайыз екені бірден байқалмайды. Тек оған түсіп көргесін 

ғана байқалады. Сол секілді хан саясатының да қай жері дұрыс, қай жері бұрыс екені бірден 

білінбейді. Оның қай жері тұңғиық екенін, пайдаға асарлығын тек саясаттың өзіне араласқа-

сын ғана сезіне бастайсың. 

Қорытындылай  келсек,  табиғат  атауына  байланысты  теңеулер  –  аз  зерттелген  тақы-

рыптардың бірі.  Ақын-жазушылар өз шығармаларында оларды өте шебер, нанымды, әсерлі 

ете қолдана білген. Сондай жазушылардың бірі – І. Есенберлин. Ол өз шығармаларында адам 

мен  табиғаттың  егіз  екенін  табиғат  атауларына  байланысты  теңеулерді  молынан  әрі  шебер 

қолдануы арқылы дәлелдей түскен. 

 

Әдебиет тізімі 

Бекбосынова, А.Х. Сырбай өлеңдеріндегі теңеу [Мәтін] / А.Х. Бекбосынова. Филол. ғыл. канд. 

... автореф. – Астана

: [ж. б.]

, 2010. – 24 б.  

Есенберлин, І. Көшпенділер [Мәтін] / І. Есенберлин. – Алматы: Көшпенділер, 2014. – 896 б. 

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  [Мәтін]  /  Жалпы  редакциясын  басқарған  Т.  Жанұзақов.  – 

Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 

Қоңыров, Т. Тұрақты  теңеулер сөздігі [Мәтін] / Т. Қоңыров. – Алматы: Арыс, 2007. – 480 бет. 

Мықтыбаева, Т.Ж. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің конно-

тативтік семантикасы [Мәтін] / Т.Ж. Мықтыбаева. Филол. ғыл. канд. ... авторефер. – Алматы

: [ж. б.]

2005. – 31 б. 



Өтебаева,  Э.Ә.  Қазақ  тіліндегі  -дай,  -дей,  -тай,  -тей  тұлғалы  теңеу  мәнді  тілдік  бірліктердің 

этнотанымдық сипаты [Мәтін] / Э.Ә. Өтебаева. Филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2010. – 28 б. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая [Текст] / Научный журнал. – №1 (135). – 2012. 

 

Мәлімет радакцияға түсті: 26.12.2016 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет