Вестник пгу №3, 2010



жүктеу 124.93 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата16.02.2017
өлшемі124.93 Kb.
1   2   3

104 

- өзі» жасауға қабілеті жоқ екендігі байқалады. Сонымен адам табиғаттың 

баласы ғана емес мәдениеттің де құлы, қаншама биологиялық тіршілік болса, 

соншама әлеуметтік, ал оның табиғаты қаншама заттық болса, соншама 

рухани болады. Адам өзі табиғаты жағынан сапалы табиғаттың өзінікі 

болып табылады, заттық бәрінен бұрын биологиялық – физиологиялық 

болса, сол сияқты рухани, заттық емес, неғұрлым жетілген мәдениетімен және 

интелектуалды еңбегімен, көркемдігімен, ғылымилығымен немесе техникалық 

шығармашылығымен белгілі болады. Бұнымен бірге адам өзінің табиғаты 

жағынан рухани – заттық тіршілік иесі, ол заттық мәдениеттен нәр алатын 

сияқты рухани мәдениеттің де артефактісі. Материалдық қажетін өтеу үшін 

ол – тамақты, киімді, үй – жайды, техниканы, материалды, ғимаратты, 

кешенді, құрылысты, жолды т.б. тұтынады және жасайды. Өзінің рухани 

талғамын өтеу үшін ол – көркемдік құндылықтарды, адамияттық, эстетикалық 

талғамды, саяси, идеялогиялық және діни мұраттарды, ғылым мен өнерді 

жасайды. Сондықтан да адам шығармашылығы барлық каналдармен заттық 

сияқты рухани мәдениет те жан – жаққа тарайды. Мінеки, біз адамды 

межелі, жүйелі қалыптастырушы фактор ретінде, мәдениетті дамытушы 

ретінде қарастырамыз. Адам мәдениетті жасайды, қайтадан жасайды және 

де өзінің дамуы үшін пайдаланады. Табиғи әлемнің, «мәдениет әлемі» 

- деп аталатын «екінші табиғат», «табиғи жасалған» адам өмір сүретін, 

архитекторы да, құрылысшысы да адамның өзі. Бұл - адам аяғы баспаған 

планетадағы шындық. Бұл - адам өмір сүріп отырған уақытқа дейін созыла 

беретін ащы шындық. Адамның объективті бағалы шындығы оның 

шығармашылығының тұтастығымен байланысты. Оның бағалылығы жүйелі 

мәдениеті типтенеді де негізгі үш бағытта жүреді: генезистік, құрылымдық, 

функционерлік. Генезистік және даму мәдениеті тұтас үрдіс ретінде өзінің 

бойында өткен құндылықтарды сақтап, қабылдап, трансформациялайды 

және құндылықтарды байыта отырып материалдың негізі ретінде мәдениетті 

болашаққа жеткізеді. Құрылымдық тұтастық мәдениеттің құны иерархиялық 

бейнемен жымдасып келсе, екінші жағынан теңдік дәрежені сақтайды оның 

бірі – орталық және фунтаментальді орынды алады, басқасы – екінші қатарда 

және қосалқы жағдайда болады, оның бірі - жалпы тотальді маңызы болса, 

басқасы – локальді және нақты болады. «Материальная культура, в другом 

смысле слова, - это человеческое «Я», переодетое в вещъ; это духовность 

человека, воплощенная в форму вещи; это человеческая душа, осуществленная 

в вещах; это метериализовавший и опредметившийся дух человека» [42, 52].  

Материалды мәдениет өзіне әр түрлі типтегі артефактіні қабылдайды, оның 

табиғи нысаны трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті, 

демек, зат, оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық 

қабілетімен өңделген, сондықтан ол - өте нақты, толықтай «homo saрiens» 

ретінде адам қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик  



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

105

М.С. Каган бұл арада адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо 

фабер» (жетілдіруші) және т.б. – ал «хомо агенс» (әрекет етуші адам) деп 

алмастыруды ұсынды [43, 89]. «Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық 

тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар 

ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, 

сезімдік үлгілерімен де ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас 

нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына 

шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды» - деген сөздің 

жаны бар [44, 35]. Рухани мәдениет – кейбір мәдениеттанушылар мәдениеттің 

әр түрін атап, оларды тек қана заттық және рухани мәдениетке жатқызуға 

болмайтыны да болады дейді. «Разнообразна и богата духовная культура 

народа, составной частью которой являются многообразные формы народного 

поэтического творчества – фольклор, включающий в себя сказки, предания, 

легенды, песни, поговорки, загадки. Особое место занимают в поэтическом 

творчестве казахов героический и социально – бытовой эпос, айтысы. 

Эпический жанр, выступающий способом изустной передачи межпоколенной 

информации, возник в древности, втечение столетий обогащался, развивался 

и в основном отобразил условия кочевого быта, патриархально – родового 

уклада предков» - дейді [45, 101]. 

Ата – бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің 

бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл  

мұра ретінде қалды. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» - деп аталады. 

«Мұрагерлік» – ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын 

жағдайда ұйымдастырады. Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы 

мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік  материалдарды аз береді 

екен. Себебі, шуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын 

иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық 

поэмалары рулық – тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық 

одақ татарлар мен шуваштарда өзінің құнын ХIV – ХV ғасырларда – ақ 

жойған екен. Рулық- тайпалық құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге 

рулық дәстүр болып саналған ата – бабаның ерлігін жырлайтындарда 

кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда – ноғайларда, башқұрт 

пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, 

жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен шуваштарда қысқа ғана қарасөз 

үлгі сымағы ғана табылады екен [46, 184-185].  «Мәдени мұрадан» басқа, 

мәдени статикаға «мәдени ареал» ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» – әр түрлі 

мәдениеттің ішінен ең маңызды сипаттары бір – біріне ұқсас болып табылып 

жататын географиялық аймақ. Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік 

«мәдени әмбебапты» – шығарады. «Мәдени әмбебап» – нормы, құндылық, 

ереже, дәстүр, қасиет бұлар географиялық орынға, тарихи уақытқа және 

қоғамның әлеуметтік құрылымына тәуелді емес. Американдық антропологтар 



Вестник ПГУ № 3, 2010

106 

жетпістен астам әмбебапты бөліп қарайды олардың арасында: жас ерекшелік 

градациясы, календарь, тазалықты сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, 

би, декоративті өнер, білім, этика, этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, 

мифология, күн (число), күштеу санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және 

т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл - атап өткендей  аса күрделі, көп деңгейлі 

жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы 

тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. 

«Әлемдік мәдениет» – бұл біздің планетаны мекендеген барлық әр түрлі 

халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» 

өз кезегінде әр түрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір 

әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің 

әр түрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, 

әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен 

(экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек 

дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. 

Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт 

– дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол – «доминант мәдениеті» - деп 

аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, 

кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік 

мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін - өзі 

ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» – «субмәдениет» 

- деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың 

азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т.б. болып 

бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, 

өзін - өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант 

мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы 

тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл 

– қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің 

субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60 - 70 жылдардағы 

жастардық қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық 

құндылықтарды: атап айтқанда - әлеуметтік құндылықты, моральдық 

норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп 

– жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді 

және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың 

өз тілін, салт – дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың 

кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видиокасетасын 

дәріптеуі т.б. қосар едік. Бұған орай А.В. Гулыга: «Человек трояким образом 

осваивает окружающий его мир – практически, теоретически и практически 

– духовно. Отличительной чертой практически – духовного (ценностного) 

освоения действительности является его эмоциональная насыщеннность» 

- деп жазды [47, 57].



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

107

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – Б. 11.

2. История мировой культуры. Под редакцией профессора  

А. Н. Марковой. – Москва, 2000. – С. 12.

3. Философский энциклопедический  словарь. – М., 1983. – С. 292-293.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – Б. 424.

5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі. 1991. – Б. 19.

6. Қарағұлова Б.С. Тарихи жырлар лексикасы. – Алматы, 2000. – Б. 7.

7. Песень Козы – Корпече и Баян – слу. Авторизованный перевод с 

казахского Г.Н.Тверитина. – Алма – Ата: Казахстанское краевое издательство,  

1935. – С . 52.  

8. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ веке. Издательство 

«Наука» Казахской ССР  – Алма – Ата, 1971. – Б. 192.

9. Культурология. Под научной редакцией д. философских наук, 

профессора.  Г.В. Драча. Ростов – на Дону: Фенекис, 1995. – С.  77. 

10. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ веке. 

Издательство «Наука» Казахской ССР. – Алма – Ата, 1971. – С .  195.

11. Кокумбаева Б, Сағындықұлы Б. Кокумбаева Л. Мәдениеттану 

негіздері. – Павлодар, 2002. – Б. 20, 21.

12. Толыбеков С.Е. Кочевое общество в ХVII – начало ХХ веке.  – Алма 

– Ата: Казахской ССР  Наука, 1971. – С. 197. 

13. Қазақстан тарихының хрестоматиясы. Құраст. Н.Е. Бекмаханова, 

М.А. Зарифова.  – Алматы: Рауан, 1992. – Б. 8.

14. Әлиханұлы Ж. Terra incognito (Белгісіз жер) «Егеменді Қазақстан» 

2003, № 152-155 (23365) – Б.  5.

15. Песень Козы – Корпече и Баян – слу. Авторизованный перевод с 

казакского Г.Н. Тверитина. Казакстанское краевое издательство. Алма- Ата: 

1935, – Москва. – С. 3 – 117.

16. Қыз Жібек. – Алматы: Ғылым,  1963.  – Б.  1- 49.

17. Қыз Жібек. – Алматы: Ғылым,  1963. – Б. 49-122.

18. Ғабитов Т., Мүтәліпов. Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негізі. 

–Алматы: Дәнекер, 2000. – Б. 170.

19. Қазақ ертегілері. – Алматы: Балауса, 2001, – Б.  258. 

20. Ақсауыт. Батырлар жыры. 1 том. –Алматы: Жазушы, 1977. – Б. 355. 

21. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. - С. 71.

22. Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. 

– Б. 58. 

23. Маргулан А.Х. Сочинения. Том. 1. Бегазы – Дандыбаевская культура 

Центрального Казахстана.  – Алматы: 1998. – С. 31.

24. Мурад Аджи. Полынь половецкого поля.  – Москва: ТОО «ПИК 


Вестник ПГУ № 3, 2010

108 

- КОНТЕКСТ», 1994. - С. 169. 

25. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко – татарских наречий 

Том. II. – Санктпетербургъ. Типографія императорской академіи наукъ, 

1871. - С. 121, 173.

26. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. 

– Алматы: Мектеп, 1966. – Б. 197.

27. Махмут  Қашқари. Түрік сөздігі. «Хант» баспасы,  – Алматы, 1997. 

– Б. 125.

28. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы // ф.ғ.д. 

ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты 

– Алматы, 1997. – Б.  27.

29. Есмағамбетов К. Көне Қазақстанды көргендер. – Алматы: Мектеп, 

1979. – Б. 14. 

30. Қазақ ССР тарихы. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1957. – Б. 14.

31. Культурология. – Ростов-на Дону: Фенекс, 1995. – С. 142.

32. Маргулан А.Х. Сочинение.  – Алматы: 1998, – С. 20.

33. Кляшторный С.Т. Древнетюркские рунические памятники. –Москва: 

Наука, 1964. – С. 129. 

34. Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. 

–Алматы: Ғылым, 1976. – Б. 30.

35. Бабақұмар Х. Этнография  (Жаурынмен бал  ашқандар) // Ана тілі, 

2003. № 15.  

36. Ақсауыт. Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1977. – Б. 64, 84.

37. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. (Дүние жүзі қазақтарының 

құрылтайы) Сарыарқа самалы. 1992. № 136    (2019)  – Б. 2.

38. Акатай Сабетказы. Евразийство в контексте казахской культуры. 

Заман – Қазақстан. 27 март, 1998. – Б. 10-11.

39. Ахметьянов Р.Г. Общая лексика духовной культуры народов среднего 

поволжья. – Москва: Наука, 1981, – С. 3.  

40. Ахметьянов Р.Г. Сравнительное исследование татарского и 

чувашского языков. – Москва, Наука, 1978. – С. 170.

41. Культурология.  Под редакцией А.А. Радугина. – Москва: Центр, 

2000. – С.  50

42. Культурология. – Москва: Центр, 2000.  – С. 52.

43. Культурология. – Ростов-на-Дону: Феникс. 1995. – С. 89.

44. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. 

–Алматы: Дәнекер, 2000. – Б. 35.

45. Тимошенко В. Культурология. –Алматы, 2001.  – С. 101.

46. Ахметьянов Р. Г. Сравнительное исследование татарского и 

чувашского языков.  – Москва: Наука, – С.  184-185.

47. Гулыга А.В. Что такое эстетика? – Москва: Просвещение, 1987. –  



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

109

С. 57.


Резюме

В статье  впервые проводится исследование произведений  

М-Ж. Копеева,  в часности природы, истоков их этнокультурной  

лексики, прослеживается её связь с историей, литературой казахского 

и других народов и создаётся её классификация в соответствии с 

различными принципами её группировки, что является основанием 

для возвращения многих забытых слов, обычаев и традиций в 

этнокультуру  казахского и других родственных языков. 

Resume

The article is the first experience of M.-J. Kopeyev’s works, par-

ticularly of the nature and origin of their ethno-cultural lexis. The author 

traces its connection with history and literature of the Kazakh and other 

peoples and creates its classification in accord with various principle of 

its grouping, which is the basis of returning of many obsolescent words, 

customs and traditions to the ethno-culture of the Kazak and other cognate 

languages

ƏӨЖ 81:39 (574)



РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

А.Қ. Тұрышев

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Рухани мәдениет» – адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол 

өзінің құрамдас бөлігі ретінде  эстетика мен этика нормаларын қабылдауға 

мәжбүр болды. «Мораль» – нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» 

адамның рухани сипатын анықтады. «Эстетика» – (грек - ощущение) - өнер 

туралы философиялық оқу. «Этика» – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, 

мінез нормасы) адамдардың бір – біріне деген қарым – қатынасы, жоғарғы 

мәдениеттілік келбеті [1, 323-324]. «Салт – дәстүр» - адамзаттың рухани 

көне құбылыстарының – бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: 

салт – дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып 

табылады. Салт – дәстүр - әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске 

түскен түрі. Әдет – ғұрып аса қарапайым мінез - құлықтардың бүтіндей, 

үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда 

белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты 

қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі 

[2, 63]. Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып 



Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
zhurnal st -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
zhurnal st -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева
zhurnal st -> Адам қҰҚЫҚтары-саяси ғылымның Өзекті мəселесі р. Б. Əбсаттаров
zhurnal st -> 6 ƏӨЖ 81’1: 811. 512. 122 Етіс категориясының теориялық МӘселелері е. Б. Ахметов
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Литература рыжова Л. П. Пресуппозиционный аспект обращения // Семантическая семантика и прагматика. Калинин, 1982
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Исследование произведений


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет