БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМДЕРДІҢ СИПАТЫ.
nurkanova54@mail.ru
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ тіліндегі байырғы өлшемдердің сипаты туралы айтылған.
Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін сөздердің мағынасы
көсетілген.
Аннотация
В данной статье говорится о свойствах народных наименованиях понятий об
измерениях в казахском языке. Наряду с этим показана значимость слов,
передающих ценную информацию о древней культуре казахского народа.
Abstract
This article refers to the properties of the popular names of the concepts of
measurements in the Kazakh language. At the same time shows the significance of the
words that convey valuable information about the ancient culture of the Kazakh people.
«Белгілі лексикограф В.Дальдің көрсетуінше, өлшеудің ежелгі түрінің бірі-
салыстыру болуы мүмкін. Себебі ол бүгінгі көптеген тілдердегі мақал-мәтелдер мен
қанатты сөздерде кездеседі», -дейді зерттеуші Л.А.Молчанова. Мәселен, орыс
тілінде аз ғана көлемді білдіру үшін мынандай тіркесімдер қалыптасқан: «на
воробьиный скок», «на куринный шаг» т.б.
Қазақ тілінде ұлттық ментальды өлшем ұғымын білдіретін атаулар (уақытқа,
көлемге, қашықтыққа т.б. қатысты) көптеген зерттеушілердің еңбектерінде түрлі
дәрежеде (мақала, диссертация), әр қырынан зерттеліп, түрліше топтастырылып
келе жатыр. Біз солардың ішіндегі негізгілеріне ғана тоқталуды жөн санадық.
Е.Аққошқаров мақаласында байырғы өлшемдердің шығу тегі мен баламасын
(білдіретін физикалық шамасын) келтіре отырып, буын, қап, табақ, қадам, құлаш
батпан, қадақ, мысқал, танап сияқты өлшемдік ұғымдарға түсінік береді (
28.Аққошқаров Е. Байырғы өлшемдерді білесің бе? // Білім және еңбек. -1973,№2
(156). -117б).
Адамның дене мүшелерінің қатысуы арқылы жасалған ұзындық, қалыңдық,
биіктік өлшемдері: елі, сүйем, табан, адым, тұтам, құшақ. Жылқының қазысын
өлшегенде тек қана қолдың саусақтарын пайдаланса, қазының арық-семіздігін
былайша: бұлт, пышақ сырты, қыл елі, жарты елі, бармақ, екі елі, сынық сүйем,
табан, сере деп талдайды (,37.Болғанбаев Ә. Өлшемдік ұғымдарды білдіретін
сөздер мен с өз тіркестері // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. –
Алматы. 1989. -183б).
Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін арқан, құрық,
қамшы, сойыл, найза, тұсау, оқ, балта сияқты құрал-саймандарды ата-бабаларымыз
өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде негізгі қызметімен қатар, өлшеу
қызметінде де кеңінен пайдаланған. Осыған орай, тілімізде фразалық тіркеске
айналған: арқан бойы, найза бойы, құрық бойы, қамшы бойы, тұсау бойы, оқ бойы,
балта сабы сияқты өлшемдік мәнге ие болған номинативтік тіркестер қалыптасқан.
66
Найза бойы- бұл тіркеске сөздікте «найзаның ұзындығымен шамалас келетін
халықтық өлшем», - деп түсініктеме берсе (108.ҚТТС, 7, 108), қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігінде «биіктік, тереңдік, ұзындық, қалыңдық өлшемі» деп
көрсетілген (ҚТФС, 402). Е.Жанпейісов бұл тіркесті «найзаның ұзындығына сәйкес
биіктік» деп көрсетеді (,54.Жанпейісов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского
языка. – Алматы: Наука, 1989.-145б). Найза бойы тіркесі кеңістіктің көлденең және
тік ұзындығы мен уақыт өлшемі ретінде қолданғанын төмендегі мысалдардан
байқауымызға болады: 1. Найза бойы жар кеме, үстінен аттап кетеді (Қобыланды
батыр). 2. Найза бойы қар жауса, жұтамайды сауысқан. Қанды көйлек кисе де,
қиыспайды туысқан (халық мақалы). Бұлар тік (биіктік) өлшемнің ұзындығына
келтірілген мысалдар. Ал: Екеуіміз жер қалтарысын бетке ұстап, бір-бірімізден
найза бойы оқшау келе жаттық (Ж.Жұмақанов), - дегендегі найза бойы тіркесі
кеңістіктің көлденең ұзындық өлшеміне дәлел. Тілімізде ат шаптырым, құнан
шаптырым жер бейанық көптік қашықтықты білдірсе, тай шаптырым жер
бейанық аздық қашықтықты білдіреді.
Қазақ халқының этностық таным-түсінігінде салмақ өлшемін білдіретін батпан
атауы сандық жүйемен алғанда нақты қанша килограмм көрсететінін дәл басып
айтпаса да, оның басқа салмақ өлшемдерімен салыстырғанда аса ауыр зат, бейанық
көптік нәрсенің салмақ мөлшері мағынасында кеңінен қолданылатын мәдени
мазмұнды тілдік бірлік екенін осы атаумен байланысты қалыптасқан мақал-
мәтелдер мен қанатты сөздерден, фразеологиялық символдардың мазмұнынан
байқауымызға болады. Салмақ өлшемін білдіретін бұл атаумен байланысты
қалыптасқан ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады; бұл не деген батпан
құйрық, су түбінде жатқан құйрық; пұт болдым деп мақтанба, одан да ауыр
батпан бар; бала атадан батпан артық туады деген сияқты мақал-мәтелдердің
мазмұнынан бұл атаудың аса ауыр салмақ өлшемі болумен қатар, этностың өзіне
тән ментальдық табиғатынан да хабардар етеді. Батпан атауы көркем шығарма
тілінде де ауыр салмақты білдіретін ұғым ретінде кеңінен қолданысқа түскен.
Мысалы:
Қол қойдым, мына сөзі тегін емес,
Мың батпан,оңай-оспақ жеңіл емес.
Өлтірмей бұл қазақты қоя берсек,
Қайталай менімен қылар егес- деп халық ауыз әдеби шығармаларында
кездессе, Батпан балға, сом болат солқылдата соққан күн (Қ.Аманжолов), - деген
үлгідегі қолданыстар да жеке авторлық шығармаларда өзінің номинативтік
мағынасымен қатар, коннотациялық мәнге ие сипаттары да ұшырасады деуімізге
болады.
Ғалым Ә.Болғанбаев батпан атауының синонимдік қатар құруда белсенді
екенін атап өтіп, сом, зіл, ауыр, зілмауыр, шомбал, салмақты сияқты синонимдерге
ұйтқы болатынын да атап көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Лингвистический энциклопедический словарь / Гл. Ред. В.Н.Ярцева, -М.:
Сов. Энциклопедия, 1990. - 685 с.
2. Хасанов Б. Ана тілі- ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.
67
3. Аққошқаров Е. Байырғы өлшемдерді білесің бе? // Білім және еңбек. -
1973,№2
(156). -117 б.
4. Ахмедова Ж.Ш. Казахские народные наименование понятий об измерениях.
Дисс...канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1975.-148 б.
5. Болғанбаев Ә. Өлшемдік ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері //
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. –Алматы. 1989. -183 б.
Бейсенбина А.Б.
«ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІCІНІҢ БЕЙВЕРБАЛДЫ
АМАЛДАР АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ
Аңдатпа
Бұл мақалада «қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі
туралы айтылған. Көркем мәтінде кездесетін бейвербалды амалдар қазақ
мәдениетіне тән тұрмыс-тіршілікті адресаттың көз алдына айқын елестетуіне
көмектіндігі көрсетілген.
Аннотация
В данной статье говорится о передаче содержания концепта «казахская
женщина» посредством невербальных средств. Наряду с этим показана
вспомогательная роль невербальных средств, встречающихся в художественном
тексте, для представления адресатом образцов культуры и быта казахского
народа.
Abstract
This article refers to the transmission of the content of the concept of "Kazakh
woman" through non-verbal means. Shows the supporting role of nonverbal means in the
art text to represent the target samples of culture and life of the Kazakh people.
Соңғы уақытта адамның өмірлік маңызы бар аспектілерін – оның санасы мен
ой-өрісін, ақиқат шындықты қабылдау және ұғыну ерекшеліктерін, сондай-ақ
аталған үдеріс нәтижелерінің тілде белгіленуін кеңірек қарастыруға жол ашылды.
Соған сәйкес қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде басымдылыққа ие бола
бастаған антропоөзектік бағыт адам қызметінің тұлғалық және әлеуметтік
қырларына деген қызығушылықты арттыра түсті. Соның нәтижесінде тілдік
болмысты таныммен байланыстыра, сол тілді тұтынушы адаммен, субъектімен
сабақтастыра зерттеудің заңды құбылыс екенін осы саладағы зерттеулер дәлелдеп
отыр, себебі адам баласы сәби кезінен бастап, ана тілін үйренумен бірге өз
халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын да оқып үйреніп, бойына
сіңірумен болады. Ал халық, ұлт мәдениетінің айқын белгі-нышандары мен нәзік
қыр-сыры оның тілінде бейнеленеді. Сондықтан әрбір тіл өзіне тән белгілері,
қасиеттері бар ғажайып құбылыс десек, соған сәйкес олардың әрқайсысында әлем
мен адам бейнесі әр түрлі көрінеді.
68
Дүниенің тілдік бейнесі этностың рухани және материалдық мәдениетінің
маңызды ұғымдары мен түсініктері жинақталып, бойына сіңірілген концептілердің
вербалдануы негізінде көрінеді. Концептінің маңызы мен оның дүниенің тілдік
бейнесін қалыптастырудағы орны, белгілі бір концепт туралы орныққан түсініктер
сол тілді тұтынушылардың ұғынуы арқылы анықталады.
Дүниенің тілдік бейнесін жасауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды
компоненттер де қолданылады. Зерттеуші Ж.Нұрсұлтанқызы өзіне дейінгі
ғалымдардың пікірлерін саралай келе, бейвербалды амалдарды вербалды амалдарды
толықтырып,
оларға
қосымша
мағына
үстейтін,
коммуникативтік
актіні
жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге
көмектесетін қарым-қатынастың түрі деп бағалайды [1, 8].
Әр этностың қоғамдық өмірінде өзіне ғана тән қарым-қатынас түрлері мен мен
жүйесі бар екені белгілі. Сонымен бірге этнос мәдениетінің категориялары ретінде
қызмет ете отырып, этнолингвистикалық мәнге ие болатын паралингвистикалық
атаулардың, оларға жататын бірліктердің кез келген ұлттық тілде жиі
қолданылатынын аңғару қиын емес.
Соған сәйкес «... коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен
ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың
өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты
ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз (ұйытқы)
болып табылады» деп пайымдаған белгілі ғалым Б.Момынова соңғы кездегі
зерттеулердің
нәтижелері
адамдар
арасындағы
қарым-қатынастың
(коммуникацияның) 7 пайызы вербальды (сөздер, фразалар, сөйлемдер), 33 пайызы
вокальды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен
қарқыны т.б) және 55 пайызы бейвербалды (дене тілі немесе ым мен ишарат)
элементтер арқылы жүзеге асатындығын нақты дәлелдегенін атап көрсетеді [2, 4-7].
Ш.Баллидің
еңбектерінде
ерлердің
бейвербалды
тілінің
әйелдермен
сөйлескенде өзгеше болатынын атап көрсеткен. Ол Шығыс әйелдерінің күйеуінің
кез келген тілегін ым-шарат әдістері, қас-қабақ пен қол қимылы арқылы түсінуге
міндетті болғанын айтады [3,56]. Оның дәлелін аталған мысалдан байқауға болады:
Бопай сонда ғана бойын жинап алды. Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын
сезіп, «шыға тұрайын ба» дегендей күйеуі жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе»
дегендей үнсіз тұқыртуды ұқты (Ә.Кекілбаев. Елең-алаң.).
Сервантес кейіпкері Дон Кихот ым-ишарат түрлерін жақсы түсінгендіктен,
өзінің қару тасушысына сүйіктісі Дульсинеяның оның хатын оқығандағы бүкіл
қимыл-әрекетін жадында сақтап қалуын қатаң тапсырған. Мұның өзі Дульсинеяның
рыцарьға деген сезімінің қаншалықты дәрежеде екенін білуге жеткілікті болған.
Әйелдер мен еркектердің бейвербалды әрекеттері бір-бірінен ерекшеленетіні сөзсіз.
Біз сырт киімдеріміздің түймелерін де екі түрлі қадаймыз. Леонардо де Винчидің өзі
қыздар мен әйелдерде тым ашық және кең қимыл қозғалыс болмауы тиіс деген.
Себебі, ондай қимылдар ұяттың жоқтығы мен әйелге қажетсіз батылдықты
танытады [4, 173].
Әйелдер өздеріне сенімсіз жағдайда, көңіл күйінде бір қобалжу енгенде,
бүркемеленген кедергілердің көзге ұрынбайтын түрлері гүл шоғын, қол сөмкесін,
орамал, шарф, желпуіштерін қолданады, ал ерлер ондай жағдайда галстук, көйлек
түймесі, қол
сағатын, темекі тұтатқыштарын әрлі-берлі қозғап, бұрап,
69
пиджактерінің түймелерін бір ағытып, бір түймелеп, темекілерін мыжып, үстелдің
үстін саусақтарымен барабанша ұрғылап кетеді.
Әйелдердің мимикасы ерлердікіне қарағанда айқынырақ білінеді. Өздерінің
табиғи интуициясына сай, балалар тәрбиелеудегі айрықша рөліне сәйкес әйелдерде
майда-шүйде детальдардың бәрін бірден байқау бейімділігі басым, сол себепті де
оларда бейвербалды амалдарды жақсы түсіну қабілеті ерлерге қарағанда жоғары.
Физиологтардың пікірінше, әйелдерде эмоцияға жауап беретін ми бөлігі ерлерге
қарағанда сегіз есе артық дамыған. Әйелдерге тән жоғары сезімталдықты осымен
түсіндіруге болаты секілді.
Әйелдерде «қасын керу», ал ерлерде «қабағын түю, қабағын түкситу» сияқты
ишарат түрі жиі кездеседі.
Биғайшаның бетіне қызыл ойнап, қас-қабағын кере, көзін төңкере тастады.
(Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала. 56-б.)
Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мәдениеті ұлттың рухани
мәдениетін, оның таным, талғамын бейнелейтін коммуникацияның бейвербалды
амалдарына да бай деуге болады. Мысалы, қос қолдап амандасу, иіліп сәлем салу,
төс қағыстыру, бет шымшу, ернін сылп еткізу, жаулығымен көзін сүрту, алдына
қамшы тастау. т.б. кинемалар қазақ халқына тән ұлттық болмысты танытатын
бейвербалды элементтерге жатады. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық
сипаттағы кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін
осындай бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер кісілерге,
әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп арнайы бөлген С.Бейсенбаеваның пікіріне
қосыламыз [5, 13 ].
Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында «малдас құрып отыру», «төс
қағыстыру», «қамшы тастау», «мұртынан күлу», «сақалын шошайту», «сақал-
мұртын сипау» т.б. ишараттары жиі көрініс берсе, ал «бетін шымшу», «шашын
жаю», «шашын жұлу», «орамалын бұлғау», «қос бүйірін таяну», «ернін сылп
еткізу» т.б. әйелдерге тән кинемалар болып есептеледі. Ал «қол бұлғап шақыру»,
«жағасын ұстау», «басын изеу», «мұрнын шүйіру» сияқты ым-ишарат түрлері ортақ
болып келетіні анық.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық дүниетанымымыз бен таным-талғамымызды
айқынырақ танытатын ым-ишараттар, олардың ішінде қазақ әйеліне тән
кинесикалық элементтер қазақ жазушыларының шығармаларында молынан
ұшырасады. Әйтсе де, қазақ этносы өкілінің қайталанбас қасиеттерін білдіретін
қайсыбір кинемалардың кей жағдайда әйел мен ер кісіге, үлкен-кіші қауымға ортақ
болатынын да ескерген жөн деп есептейміз. Мысалы, күнделікті өмірде үлкен
маңызға ие сәлемдесу әр халықтың тілінде әр түрлі болып келуімен бірге
коммуниканттардың әлеуметтік, биологиялық, т.б. сипаттары мен қатынас
формаларына орай сараланып, ерекшеленіп тұрады. Сәлемдесудің белгілі,
қалыптасқан вербалды түрлерімен бірге бейвербалды амалдары да қолданылады:
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін
басып, қатты дауыстап:
– Ассалаумағалейкүм!.. – деп сәлем берді (М.Әуезов. Абай жолы).
Ер адамдар қос қолдап, төс қағыстырып амандасса, қыз балалар мен әйелдер
бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп немесе қол алысып амандасуы мүмкін. Сондай-ақ
қазақ халқының әдет-ғұрпында жас келіндердің ата-ене, қайын ағалары немесе жасы
70
үлкен кісілермен тізесін сәл бүгіп, қолын айқастырып тізесінің үстіне қойып, басын
иіп сәлемдесу дәстүрі бар. Мысалы,
Үшеуі де қабырғаласып өте берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бұрып, бір
тізелеп сәлем етті (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан.).
Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді,
ұяла-ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Сонда).
Көп уақыттан бері көріспеген жақын, туыс адамдардың бірі екіншісінің
мойнынан құшақтап немесе мойнына асылып сағынышы мен қуанышын білдіретіні
белгілі. Мұндай қимылдар қыз бала не жас әйел тарапынан немесе жасы кіші бала
мен оның шешесі, әкесі, атасы-апасы арасында жиі кездеседі. Аталған ишарат түрі
сондай-ақ жақын адамына еркелеу мәнін де білдіреді.
Мысалы,
Орысша
киінген әйел таныған сайын келіншек тесірейе қарап, дәл қасына келе бергенде:
- Бауырым, жиен-ау, сені де көретін күн бар екен! – деп, ұшып түрегеліп,
мойнынан құшақтай алды (Ж.Аймауытов. Ақбілек).
Салтанат сыңғырлай күліп, мойныма асыла құшақтады да, тостақты
ерніме тақады (Д.Исабеков. Гауһартас).
Сыйлас құдағилар арасындағы сәлемдесу этикеті де ұлттық әдет-ғұрыпты
танытатын бейвербалды амалдардан тұрады. Мысалы,
Құдағи! – деп жайраңдай күліп Жаниша келді. Қос құдағи әуелі қолдарын
ұшынан ұстасып, құлаштарын екі жағына үш-үштен керіп барып құшақтасты
(Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау
айтуы – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі
көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю,
шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы
білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін
жоқтау жырына арқау еткен. Мысалы,
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да жияйын.
Құнарлы бармақ жез тырнақ
Күнде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет
Сүйегіне тояйын!
Мойындаған қаракөз
Жаспенен оны ояйын,
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын (Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары).
Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда, бетін тырнап, айғыздаумен бірге
шашын жұлып немесе тақырлап алып тастайтын болған. Кейбір тайпаларда ері
қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны
күйеуімен бірге жерлеген. Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау
жырларын айтқан кезде қолданылуы сол кезден қалған болуы керек деп
топшылаймыз.
Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт
байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан сөлден айрылып,
71
сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді. Екі бетінің ұштары жылап
жыртқан тырнақтың табын сақтап, жарадар боп тұр (М.Әуезов. Абай жолы).
Қарт ана оқыс есін жинап алды.
7
Ойпырым-ай!.. – деп өкіріп, жас жуған бетіне тырнақ салып, қанын ағыза
осып-осып жіберді. Қанша кісі жабылса да, күйік көтерген әйел қолда тұрмай,
жұлқып шықты. Ажал шеңгелі жалғыз баласын бүріп алып, жұпыны жер үйдің бір
жағын омсырайтып ойып әкетіп бара жатқанын көрді. Қара шашы жайылып
кеткен. Үрей қаптаған көздерінің ағы айналып, ұясынан шыға ақшаңдап: «Жан
ботам-м!» - деп зарлап, қос қолын созып ұмтыла берді де, құлап түсті. Үй
ішінде жыламаған жан жоқ. Еламан да жылады (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).
Ауыр қайғыны, зор қасіретті білдіретін аталған бейвербалды әрекеттерді
күнделікті өмірде, жайшылықта қазақ қыздары мен әйелдерінің қолдануына тыйым
салынып, жаман ырымға баланған.
Кейбір бейвербалды амалдар бірқатар ұлттың, этникалық ұжымның
мүшелеріне тән болғанымен, олардың білдіретін мағыналары бірдей болмауы
мүмкін. Ұлттық дүниетаным мен көзқарастың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың,
сезім мен сенімнің, өмір сүру ерекшелігінің асыл сынығы болып саналатын ондай
кинемаларды ұғыну ұлттық аялық білім негізін игеру арқылы ғана мүмкін болмақ.
Мысалы, жоғарыда көрсетілген қос бүйірін таяну қазақ халқы үшін ауыр қайғы-
қасіретті білдіріп, дүниеден өткен адамды жоқтау барысында ғана қолданылса, орыс
ұлтының әйелдері үшін «бүйірін таяну» кинемасы ашуланған кездегі, біреумен
ұрысқанда немесе бір шешімге келіп, оны айтар сәттегі, кейде қалыпты жағдайдағы,
ешкімге ерсі көрінбейтін, көз үйренген қимыл түріне жатады.
«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты бейвербалды амалдардың ең көп тарағаны
– «ернін сылп еткізу», «аузын сылп еткізу» сияқты тұрақты сөз тіркестеріне сай
келетін ым-ишараттар. Олар көркем шығармадағы кейіпкерлердің таңырқау,
жақтырмау сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады.
Мысалы, Мұртазаның бір қарындасын Сүттібек ағам алған, Енді
Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы. Сонда айырбас па, немене өзі? –
Айша ернін сылп еткізіп қойды (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).
Ұзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты
адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы
жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды
(Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Ой, тоба-ай, - деді апам ернін сылп еткізіп. – Бұ заманның қыздары күтеді
әні. Қарны ашып келеді деп шала бүлініп жатысымыз мынау...(Д. Исабеков.
Гауһартас).
Көркем мәтіндегі қолданыстан аңғарғанымыздай, аталған бейвербалды амал
түрі қазақ әйелі мен кемпіріне тән болғанымен, жас қыздарға жараспайтын, ерсі
көрінетін ым-ишарат екені байқалып отыр. Ал «ернін шығару» ишараты негізінде
қалыптасқан «ернін шығарды» фразеологизмі әйелге тән әжуалау түрін білдіріп,
көркем мәтінде «мазақтады, күлді, келеке етті» деген мағынада жұмсалады.
Мысалы, Өрік қырындаған кезінде қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып:
- Мынау бір ындыны жарымаған шіркін ғой! – деп күңкілдесті (Ж.Аймауытов.
Ақбілек. 290-б)
72
-Ағаңыз келіскен екен, - деп Күнікей ернін шығарды (Ж.Аймауытов. Күнікейдің
жазығы).
Сонымен қатар көркем шығармада жиі қолданылатын «ернін жымқырды»,
«ернін қымқырды» ишараттары жақтырмау, құптамау мағынасын, «ернін шүйірді»
менсінбеуді білдіреді, ал «ернін тістеді» кинемасы бір жағдайда «сөйлеме» деген
мағынаны білдірсе, енді бірде аталған мимиканы әйелдер қиналғанын білдірмеу
үшін қолданады. Мысалы,
Біз Айшаға қараймыз. Айша бізге қабағын түйіп, астыңғы ернін
жымқырады. Алмаңдар дегені (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).
Бұл сөздің бәрі Бозінгенге жарадай тиді. Ләм деуге айтары болмай,
тымырайып, жапалақ ернін жымыра берді (Ж. Аймауытов. Ақбілек).
Айша астыңғы ернін тістелеп, басын шайқады. Айша басын тектен-текке
шайқамайды. Оны мен біле-е-мін. Әсіресе астыңғы ернін тістелесе – қи-ы-ы-н.
(Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).
Қазақ әйелдеріне ғана тән «бет шымшу» ишараты қазақтың ұлттық
мәдениетінде ұялудың нышаны, ерсі қылықтан шошыну белгісі болып табылады.
8
Мына Кенже мырзаға не көрініп кетті, тыр жалаңаш қарындасының
отауына кіріп? - десті от басында жүрген әйелдер беттерін шымшылап
(Ф.Оңғарсынова. Шашы ағарған қыз).
Сонымен қатар әйелдер өздерінің қатты таңқалғанын « сұқ саусағымен бетін
бір сызу» ишаратымен де білдіреді:
Әкеме адырая қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының саусағымен
бір сызып, үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп:
9
Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! – деді (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).
Жоғарыдағы қазақ әйеліне ғана тән бейвербалды амалдардың ішінде «аузын
сылп еткізу», «бетін шымшу», «бетін сұқ саусағымен сызу» қимылишараттарының
о бастағы шығу төркіні неде, қандай мәнді меңзейді, оның тамырында сакральды,
киелі мән жатыр ма, мифтік таным негізінде қалыптасқан ба деген сияқты сұрақтар
туындайды. Осыларды ажырату мүмкіндігі болмағанын, аталған мәселені жан-
жақты, тереңірек қарастыруды алдағы зерттеулерде ескеретінімізді айта кетуді жөн
санаймыз.
Ал төменгі жағдаяттарда «шымшу, қыршу» қимылдарымен байланысты
бейвербалды амалдар назар аударту, еркінсіп ойнау, сондай-ақ ересек қыздар мен
әйелдердің жас баланы жат, ерсі қылығы үшін жазалау тәсілдерін білдіреді.
Екі жас келіншек иіскесті, танысты, қалжыңдасты, білісті. Білісті де
сеністі, Ұлпан ақырын ғана Шынардың санын шымшып алды (Ғ.Мүсірепов.
Ұлпан).
Бұл сорақы, сорлы ісімді көріп қойған Айша үн-түн жоқ, онсыз да аяздан
тырсылдап тұрған құлағымның сырғалығын қолымен қыршып алғандай болды.
Құлағым тыз етті (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).
Көркем мәтінде кездесетін төмендегі бейвербалды амалдар да «қазақ әйелі»
концептісіне қатысты болуымен бірге қазақ мәдениетіне тән тұрмыс-тіршілікті
адресаттың көз алдына айқын елестетуіне көмектеседі. Мысалы,
Сүтін жайлап, ілегенін төгіп, күлін шығарып, ыдыс-аяғын жуып болған соң,
Алтынай пештің түбіндегі шекпен жапқан қара аяққа ұн салып алып, жүресінен
отырып, тоқыраңдап бауырсақ иледі (Ж. Аймауытов. Ақбілек).
73
Бозінген әлдебір қызық өсек айтады екен деп, кимешегін желкесіне қарай бір
тартып, жампаңдап, құлағын таяй береді (Сонда, 196-б).
Пеш алдында ұршығының ұшымен ортаға салынған шоқты шұқып үнсіз
апам отыр (Д. Исабеков. Гауһартас).
Шешесінің қасында тұрған Ұлпанды көздерімен ғана жанап өтті. Қыз балаға
одан артық көңіл аудару ерсілік болатын. Қыз да бұлардың әрқайсысына көз
қиығын серпе тастап, көзімен ғана амандасты (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге
шытырманға толы, аса күрделі. Әйелдер жаратылысынан ерлерге қарағанда
анағұрлым сезімтал. Осыған байланысты «әйелдік интуиция» деген жеке ұғым да
қалыптасқан. Әйелдерде бейвербалды белгілерді олардың ұсақ-түйегіне дейін
бірден байқап, тез арада айтылмақ ой мен емеурін, ишараны шешетін туабітті
қабілет ерекше дамыған:
Заманның өзгерісімен бірге бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесіне де
өзгерістер енуде. Осындай ана сүтімен енетін қасиеттерден бейхабар жас ұрпақ
өкілдері ым-ишарат түрлерінен, олардың мағынасынан хабарсыз. Aл «Ымды
білмеген дымды білмейді» деген халқымыздың қыздары мен әйелдері де өздерінің
ішкі сезімін, ой-пікірін, таным-талғамын, көзқарасын сөз құдіретімен бірге ым-
ишарамен де шебер, дәл білдіріп және өзгелердің көңіл күйін сезімталдықпен
аңғарып отырған. Жоғарыда көркем мәтіннен алынған мысалдардағы бейвербалды
амалдар, кинемалық бірліктер тек «қазақ әйелі» концептіне ғана қатысты болып
қана қоймай, қазақ мәдениетіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өмір сүру үрдісі,
рухани-мәдени құндылықтар жөнінде де мол ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |