пе), ше шылау сөздері жатататыны дау туғызбайды. Оқулықтар мен ғылыми
еңбектерде сұраулық демеулігі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, осы шылаулар
назарға алынады. Д.Исабековтің «Қарғын» романында төмендегідей сұраулық мәнді
демеуліктерді кездестіруге болады:
Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? Д.Исабеков. Таңдамалы 2-том. 28-бет.
Оның да тәттіден тұңғыш, сонан соң ащыға көшетін кезі болмай ма? (97-б).
Ендігі қалған өмір тек осылай өтпек пе? (92-б). Ойсыз көзді, санасыз басты
кездестірем бе деп қорқам. (75-б). Сіздің сұлулығыңызға тек тарих пәні мен тарих
ғылымы аса қажет пе? (72-б).
Дегенмен бұл мысалдармен сұрау мәнін тудыратын демеуліктердің қыр-сыры
толық ашылмайды. Қазақ тілінде жоғарыда аталған демеуліктер ғана сұрау мәнін
білдіруге болады ма деген сұраулар мәселенің толық ашыла қоймағандығын
көрсетеді. Екіншіден, жоғарыда аталған демеуліктер тек сұрау мәнін ғана тудырады
ма, әлде басқа да мәндерді білдіру үшін жұмсалуы мүмкін бе деген сұрақтар да өз
шешімін тапқан деуге келмейді. Қолымыздағы материалдар көркем әдебиетте және
ауызекі сөйлеу тілінде сұрау мәнінде ма\ме, ше демеуліктерінен басқа шылаулар да
жұмсалатынын көрсетіп отыр. Мысалы: Ендеше келістік, ертең жұмысқа барасың
ғой? (Ауызекі тілден). Бұл сөйлемде ең басты рөлді интонация ойнайды. Бірақ «ғой»
демеулігінің де қосатын үлесі бар деп түсінеміз. Ы.Шақаман «Демеулік
шылаулардың тілдік жүйедегі негізгі мағыналары белгілі бір қолданыста өзара
ауысып келетінін» айта келіп, «да\де, қой\ғой демеуліктері ма\ме сияқты сұраулық
мәнде жұмсалады» деген қорытынды шығарады [4, 19]. Бірақ автордың бұл
теориясы мен келтірген мысалы бір-біріне сәйкес келмейді: Жер бедерін
алжастыруым есімнен адасуым болмағай да? Біздіңше, бұл мысалда сұрау мәнінен
гөрі қалау мәні басым деген дұрыс сияқты, өйткені жалпы сұрақтар (арнаулы және
талғаулықты сұрақтар басқа) «ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап етуі керек. Ал
бұл мысалдан ондай талап байқалмайды. Бірақ да\де, қой\ғой демеуліктері белгілі
бір жағдайларда сұрау мәнінде жұмсала беретіні анық. Негізінен сұрау мәнін
тудыру үшін жұмсалатын ма\ме демеулігінің де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қолымыздағы материалдар бұл демеуліктердің болымдылық, болымсыздық,
сенімділік, нақтылық, күшейткіш, ренжу, т.б. мәндерді білдіру үшін де
жұмсалатынын көрсетіп отыр, бірақ бұл мәндер сұраулық мәнінен мүлдем
айрылмайды.
Сонымен ма\ме демеулігі тек сұрау мағынасында ғана емес, басқа да қосымша
мәндерді білдіру үшін жұмсалады.
83
Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктердің арасында күшейткіш демеуліктер ерекше
орын алады. Демеуліктердің бұл түрі өзі жалғанған жеке сөздер мен сөз
тіркестерінің негізгі мағыналарын күшейту мәнін үстеу үшін қолданылады.
А.Ысқақов күшейткіш демеуліктердің қатарына -ау, -ай, -ақ, шылауларын
жатқызады. Мысалы, Д.Исабековтің шығармаларында төмендегідей сұраулық мәнді
демеуліктерді кездестіруге болады: «Ой, тәңір-ай, енді мынадай халге душар
болдым ба! – деді қыз өзіне-өзі, ұят-ай...!» Д.Исабеков. Таңдамалы. 2-том. 65-бет.
Бұрын суретін көрмеген екенмін-ау... (58-б). Ой, суретім-ай менің, сен ұмыта
алмай жатқан жігіт неткен бақытты еді десеңші! (57-б). Қызық-ау өзі, жек көру
мен ынтығудың арасы бір-ақ адым екенін Бағила болмысымен ұғынбаса да, осы
сәттен бастап өзінің бар ынтызары жартылай жазылған әлгі қағазға ауғанын
сезді. (6-б).
Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың арасында нақтылық мәнін
білдіретін демеуліктердің өзіндік маңызы бар. А.Ысқақовтың еңбегінде нақтылық
демеуліктердің қатарына қой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеуліктерін жатқызады [2,
376]. Д.Исабековтің «Қарғын» романынан 41 нақтылық демеуліктерді кездестірдік.
Мысалы: Өзін қашан да сылап-сипап жұрт алдында ізетті, алғыр, сыпайы, ақылды
боп көрінуге тырысып, бір күй, бір қалыптан таймайтын бидай өңді сұлуша келген
осы жігітті Бағила әкесінің жанынан ауық-ауық көріп қалатын-ды. (8-б). Ол
өлгенде менің хал үстінде жүргенім өзіңе аян ғой. (33-б). Оны поездан түсіріп
тастаған жоқ қой, бар болғаны басқа купеге ауыстырды. (30-б). Алыс адамдар
емеспіз ғой, неге өз қызымдай көрмейін. (31-б). «Қайным-ау, сені де көретін күн
болады екен ғой», - деп жеңгесі қолын алжапқышына суретті де, құшақтасып
амандасты. (16-б).
Қазіргі қазақ тіліне байланысты еңбектерде болжалдық мағынасын (мәнін)
білдіретін демеуліктер де басқа мәндерді білдіретін демеуліктер сияқты жеке
қарастырылады. Бұл демеуліктер туралы проф. А. Ысқақовтың оқулығында біршама
мағлұмат берілген. Болжалдық демеуліктерге -мыс (-міс) және -ау демеуліктері
жатады. Д.Исабековтің таңдамалы шығармаларының ІІ томында төрт болжалдық
демеулікті кездестірдік. Мысалы, Адам өзегереді деген рас-ау шамасы. Бұл
телефонмен сөйлесіп болды-ау дегенде жұмыс кабинетінен Сәргел де шықты.
Адам деген қызық жаратылған нәрсе-ау! «Жүрегі тағы қысылатын болды-ау», -
деді Мәлике іштей.
Д.Исабековтің таңдамалы шығармаларының ІІ томында үш болымсыздық
демеулікті кездестірдік. Мысалы: Ол қарсы алдындағы сигаретін будақтатып,
адам түгіл құдайды сынап, келеке етіп отырған жігіттен шошынайын деді.
Кешегі дос деп жүрген адамдарының ара түспек былай тұрсын бұған қарамай,
тіпті үйіне кетуі оның қабырғасын сөгіп кеткендей болды. Сол кезде бар ғой,
нансаңыз, өңім түгіл түсімде де көрмеген сіздердің мына маң далаларыңызды
сағындым.
Демеуліктің бұл түріне байланысты да А.Ысқақовтың сипаттамасына
сүйенеміз: а) Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, қимыл атауларына
тіркесіп, болымсыздық мағына жамайды. Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы
қыстауды да бірге салдық (Ғ.Мүсірепов). ә) Тұрсын, тұрмақ сөздері де түгіл
демеулігімен әрі мағыналас, әрі қызметі жағынан да пара-пар түсетін демеулік
84
шылулар деуге әбден болады. Мысалы: Өзгертті соғыс ауа-райын, Қарт тұрсын
шекті жылап бала уайым (С. Мұқанов)» [2, 39 ].
Бұл сипаттаманы дұрыс деп қабылдаймыз, бірақ бірнеше мәселенің есте
болғаны жөн. Біріншіден, біздің ойымызша, түгіл демеулігінің фонетикалық
нұсқасы басқа түркі тілдерінде қазақ тіліндегі «емес» толымсыз көмекші етістігімен
мағыналас сөз ретінде де қолданылады ( Салыстырыңыз: Мен ақымақ емеспін –
Ben deli degilim; Ол қонақ емес – О misafir degil т.б.). Ал қазақ тіліндегі түгіл
сөзінің білдіретін мәні басқаша екендігі анық. «Түркі тілдерінің тарихи
салыстырмалы грамматикасында" түркімен тіліндегі dal , гагауыз тіліндегі diil,
қырым татарлары тіліндегі degil, қарашай-балқар тіліндегі tujuldu, қарақалпақ
тіліндегі mjuwul, қазақ тіліндегі tugil сөздерін орыс тіліндегі «не» сөзімен
аударылған [5,508]. Ал қолымыздағы материалдар бойынша қорытынды жасайтын
болсақ, қазақ тіліндегі «түгіл» демеулігінің мағынасын орыс тіліндегі «не» сөзінің
жеке өзі бере алмайды. Оған «только» сөзін тіркестіре қолданылғанда ғана қазақ
тіліндегі «түгіл» шылауының мағынасына жақындайды. Екінші бір мәселе
«тұрсын» сөзінің мағынасы оның алдына «былай» сөзін қосып айтқанда айқындала
түсетін сияқты. Мысалы: Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ, Ұйықтап жатқан
баланы тербетуге... (М.Мақатаев).
Қорыта келгенде, демеулік шылаулар қолданыс аясында жан-жақты тілдік
қажеттіліктерге сай жұмсалатын, мазмұндық мағынасы мен тілдегі қызметі күрделі
бірлік екендігі жазушы, драматург Д.Исабековтің шығармаларының тілі арқылы
анықталды.
Әдебиет тізімі:
1. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. – 231 б.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Ана тілі, 1991. -401 б.
3. Амиралиев К. Семантико-грамматические функции частиц тюркских языков
(на материале каракалпакского, узбекского, казахского языков) АДК., -Алматы,
1980. 32-35 с.
4. Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктердің контекстік
мағыналары. Филол. ғыл. канд. дис. автореф. -Алматы, 1997. -24 б.
5. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. -
Москва, 1988. –С 504.
85
Қарқарбаева Н.М.
«АҚ АНАМ» ТАКЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада аналар мейрамына арналған тәрбие сағатының жоспары
ұсынылған. Әзірленген мереке жоспары тәрбие жұмысты ұйымдастыру
барысында мектеп оқытушыларымен қолданылуы мүмкін.
Аннотация
В
данной
статье
предложена
разработка
воспитательного
часа,
посвященного празднику матерей. Подготовленный план мероприятия может
быть использован преподавателями школ при организации воспитательной
работы.
Abstract
In this article the development of educational hours devoted to the holidays mothers.
Prepared a plan of measures can be used by teachers of schools in the organization of
educational work.
Сабақтың мақсаты: Ана сөзінің мәнін,ана пейілі мен махабатын сезіндіру,
ананы ардақтай білуге тәрбиелеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді бойына сіңіру,
үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, интеракивті тақтадағы суреттер т.б.
Тәрбие сағатының барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.
2. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер
Мектеп үшін қашанда керексіздер,
Ата-аналар ардақты абзал жандар
Ұстаздармен қашанда біргесіздер.
Ана десем алғыс алам халқымнан.
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар , қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз
халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер -қыздар
мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық
тілей отырып мектепалды даярлық тобы балаларының дайындаған «Ақ анам» атты
кешімізді тамашалауға шақырамыз.
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге
жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
86
Бала, бала ,бала деп
Түнде шошып оянған .
Түнұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған,
Бұл кім?
Балалар : Ана, Ана, Ана.
Мұғалім сөзі: Дұрыс,бұл біздің аналарымыз.Ана сөзін ауызына алмайтын адам
баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл
аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.
1-бала: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
2-бала; Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым,күліп» дейтін.
3-бала: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
4-бала: Үн қатасың бал тілімен
Еркелеймін әр күні мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Мұғалім сөзі: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай
мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін
қабыл алыңыздар!
«Құттықтаймын мама туған күніңмен!»әні орындалады.
Би: Түрік биі. Сәбина
5-бала: Тіс ауырса, іш ауырса
Анам дәрі береді .
Барлық ана ,барлық бала
Оны жақсы көреді.
6-бала: Әр ананың арманы
Баласы жақсы болғаны
Орындалса сол тілек
Орындалар қалғаны.
7-бала: Ең қымбатты өмірде
Ана екенін білеміз
Ана жанын түсініп
Ойнаймыз да күлеміз.
87
8-бала: Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең
Қатемді меннен талай кешірін ең
Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен
Айналдым ана деген есіміңнен.
Би : Қара жорға. 4 «д» сынып оқушылары
9-бала: Құтты болсын ақ апам
Мерекесі наурыздың
Қасымда бол әрқашан
Жансыз жарық жұлдызың
Тілейді бақыт бір саған әлпештеген ұл-қызың
10-бала: Анаң болса қасында
Бақыттысың күнде сен
Анаң болса жаныңда ,
Жайма шуақ күнсің сен.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»орындалады .
Мұғалім сөзі: Балалар анамызды құрметтейік
Көңілін ешқашанда кірлетпейік
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.
Бұл өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын
аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн
ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі
тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды
кешіреді ,аяйды.
Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.
Осымен оқушылар дайындаған «Ақ анам» атты кешіміз аяқталды. Келесі сөзді
мектеп әкімшіліктеріне береміз.
88
ҒЫЛЫМИ ӨМІР
НАУЧНАЯ ЖИЗНЬ
М.Б. Примбетова
ТІЛДІ БІЛУ – ЕЛДІ ТАНУ
Қазақ гуманитарлық заң университеті шаңырағының астында Қазақстан халқы
тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында «Тілді білу – елді тану» атты тіл
апталығы өтті. Жыл сайын университетте өтетін дәстүрлі фестиваль үстіміздегі оқу
жылында да жалғасын тапты.
Байқау студенттердің сөйлеу мәдениетін арттыру, көп алдында еркін ұстау,
есте сақтау қабілетін жетілдіру, бәсекеге қабілеттілік сезімін дамыту мақсатында
ұйымдастырылды.
Бұл әдеби-танымдық іс-шараның мазмұны студенттердің аталмыш тақырыпта
эссе жазу, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын жатқа оқуға құрылды.
Университеттің радиоторабынан апта бойы Қазақстан Республикасының «Тілдер
туралы» Заңына 25 жыл толуы туралы, ол заңның мәні, қазіргі жаһандану
жағдайында мемлекеттік тілдің жай-күйі, тілге қатысты афоризмдер мен қанатты
сөздерге арналған тақырыптық хабарламалар жасалды. Әсіресе «Ол кім, бұл не?»
атты зерде сайысы студент жастардың танымдық деңгейін тереңдетіп, сөйлеу
мәдениетін арттыруға әсері мол болды.
Кафедра оқытушылары оқу топтарының студенттерімен тіл апталығының
маңызы жайында әңгімелер жүргізіп, топ тәлімгерлері ашық кураторлық сағаттар
өткізді.
Апталықтың тиімді өтуіне және студенттердің белсене қатысуына басшылық
жасап, жауапкершілік танытқан тәжірибелі ұстаз, Қазақ және орыс тілдері
кафедрасының қазақ тілі оқытушысы, кафедра доценті Маржан Примбетова және
белсенділік танытып, ат салысқан кафедра оқытушылары, филология ғылымның
кандидаттары Айман Рахимова мен Лаура Оразғалиевалар Жалпы білім беру
пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі директоры тарапынан алғыс хатпен
марапатталды.
Студенттер де өздерінің белсенділігімен көзге түсіп, фестивальдің өтуі кезінде
апта бойы озық ойларымен танылып арнайы дипломдармен, грамоталармен
марапатталды.
Тілдер апталығы барысында Қазақ және орыс тілдері кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жайнагүл Сәбитқызы
Бейсенованың ағылшын тілінде жарық көрген монографиясының тұсаукесері өтіп,
дөңгелек үстел ұйымдастытырылы. Дөңгелек үстелге шетел ғалымдары қатысып,
Қазақстандағы полигингвизмнің маңызы төңірігенде хабарламалар тыңдалып,
ф.ғ.к., доцент А.Б.Ибраева баяндама жасады. Қызу талқылауға негіз болған ғалым
баяндамасының мазмұны бойынша көптілділіктің өзекті мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілге тән басымдықтың маңызы
және көп ұлтты қазақстандықтар үшін көп тілді білудің де қажеттігі атап айтылды.
Дамыған озық елдердің тілдерді игеру тәжірибесі атап айтылып, Қазақстан
сияқты елдің экономикалық, мәдени және тағы басқа да саяси мәні жоғары қарым-
қатынас барысында көптілділіктің қажеттегі маңызды болып табылады.
89
ПРЕСС-РЕЛИЗ
29 сентября 2014 года в г. Астана в Казахском гуманитарно-юридическом
университете состоялось закрытие Фестиваля языков народа Казахстана.
В рамках данного события с 10.00 до 13.00 ч. состоялось заседание
Международного
круглого
стола
на
тему
«Полиязычие
в
Казахстане:
консолидирующая роль казахского языка». Целью Круглого стола явилось
распространение идеи толерантности, мира и согласия в сфере образования,
расширение
научного,
культурного
и
гуманитарного
сотрудничества
на
международном уровне. В работе Международного круглого стола приняли участие
известные казахстанские и зарубежные ученые, а именно: Baroness Alison Suttie -
член Палаты лордов Парламента Великобритании, специалист в области
междунаодных отношений, Merlene Emerson, S. Saxena - профессор Кембриджского
университета, Абдувалиева Р.М. - директор Центра «Аitmatov Аcademy» (Лондон,
Великобритания), профессорско-преподавательский состав и студенты Высшей
школы общеобразовательных дисциплин и языковой подготовки Казахского
гуманитарно-юридического университета.
В ходе заседания Круглого стола участники поделились мнениями в таких
актуальных вопросах, как язык и политика, развитие в области научного и
90
культурного сотрудничества, усиление консолидирующей роли казахского языка в
республике, обсуждались проблемы межкультурных связей, популяризации
культуры и литературы казахского народа за рубежом.
В ходе работы Круглого стола зарубежными гостями была проведена
презентация изданной в Центре «Аitmatov Аcademy» (Лондон, Великобритания)
монографии д.ф.н. профессора Бейсеновой Ж.С. «Intercultural approach of
professional lexicon in vet surgery», а также художественных трудов казахстанских
авторов, опубликованных на английском языке. Студенты переводческого дела
получили в дар от гостей изданные на английском языке сказки Ч. Айтматова,
Шаймерденовой Н.Ж., Д.Сент Экзюпери. Гостям были вручены памятные сувениры
с логотипом КазГЮУ и национальным казахским орнаментом.
В 14.00 ч. этого же дня в Актовом зале в торжественной обстановке директор
ВШОДиЯП Жолаев подвел итоги Недели языков и вручил наградные Дипломы
студентам, победившим в номинациях «Лучшая декламация художественных
произведений»,
«Самый
эрудированный
студент»,
«Лучшее
эссе».
С приветственным словом к студентам и ППС университета выступил д.с.н.
профессор Бакир А. Преподавателям кафедры казахского и русского языков
Примбетовой М.Б., Рахимовой А.О., Оразгалиевой Л.М. за активное участие в
подготовке и проведении Недели языков были вручены Грамоты директората
ВШОДиЯП. Представитель Управления по развитию языков г. Астаны от имени
акима г. Астаны вручил заведующей кафедрой казахского и русского языков д.ф.н.
профессору Бейсеновой Ж.С. Сертификат за участие в Республиканском Фестивале
языков народов Республики Казахстан. По окончании торжественной части в
исполнении студентов и преподавателей КазГЮУ звучали песни и стихи на разных
языках.
Оргкомитет
91
I Международная научно-практическая конференция
"Русский язык как иностранный: прошлое, настоящее, будущее"
Тематика: Проблемы науки, Инновации
Город: Москва
Организация / ВУЗ:
Московский педагогический государственный университет
Даты
03.02.2015-04.02.2015
Срок подачи заявок:
31.12.2014
На конференции будут обсуждаться следующие проблемы:
1. История развития методики преподавания РКИ. Теоретические и
методологические основы формирования современной лингводидактики и методики
преподавания русского языка как иностранного. Методика преподавания РКИ в
России и за рубежом. Языковая ситуация и языковая политика.
2. Профессионально ориентированное обучение РКИ и иностранным языкам
в современных условиях. Формирование коммуникативной, лингвистической,
социолингвистической
и
др.
компетенций
в
процессе
межъязыкового
взаимодействия.
3. Модернизация обучения РКИ и иностранным языкам: современные
методы и технологии, учебники и учебные пособия, программы и планирование.
Реализация
программ
обучения
иностранным
языкам
с
применением
дистанционных образовательных технологий. Инновационный вектор в методике
преподавания: основные тенденции, проблемы и перспективы.
4. Проблемы формирования новой языковой личности в процессе обучения
иностранным языкам. Психологические и психолингвистические проблемы
преподавания русского языка как иностранного. Билингвизм и билингвальное
образование в современном мире.
5. Диалог культур на занятиях по русскому языку как иностранному. Образ
России в зеркале русского языка. РКИ в современном лингвокультурном
пространстве.
6. Современные формы контроля знаний, рейтинговая система оценки
знаний. Тестирование по РКИ: современные научные разработки и практика
применения тестовых материалов.
Дедлайн:
Заявки на участие в конференции и материалы выступлений принимаются до
31 декабря 2014 года в виде электронного приложения по е-mail: mpgu-rki@bk.ru
Организационный взнос: публикация 200 руб за страницу
Электронная почта: mpgu-rki@bk.ru
Сайт: http://www.mpgu.edu/
|