Список использованной литературы:
1. Назарбаев Н.А. Из речи Главы государства Назарбаева Н.А. перед
участниками
республиканской
научно-теоретической
конференции
«Государственный язык: настоящее и будущее», 21 сентября 2006 г.
2. Габышева Ф. Государственный билингвизм и полиязычие – основы
межкультурного диалога. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://ilin-
yakutsk.narod.ru/2005-3/06.htm
3. Кустов
Ю.А.
Куда
идет
Россия?..
Социальная
трансформация
постсоветского пространства. – М.:МВШСЭН, 1996.
39
Камиева Г.К.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ
МАҢЫЗЫ ЖӨНІНДЕ
gulmir_kk@mail.ru
Аңдатпа
Бұл мақалада мемлекеттік тілдің ғылым тілі ретіндегі маңызы көрсетілген.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керектігі
туралы нақты айтылған.
Аннотация
В данной статье показана значимость государственного языка как языка
научных текстов. Наряду с этим рассмтаривается вопрос о том, какие
конкретные языковые категории должны быть применены в методике обучения
студентов казахскому языку.
Abstract
This article shows the importance of the state as the language of scientific texts. At
the same time tells what specific linguistic categories should be used in the methods of
teaching students the Kazakh language.
Қазақ елінің қазіргі жер байлығы, қазына байлығы, рухани байлығы ата-
бабадан қалған тіл мәдениетімен тікелей байланысты. Қазақ халқы – қасиетті сөз
қадірін біліп, оны қастерлеп қолданыстан тастамай, үлгі-өнеге ретінде
данышпандығын ашу мақсатында, терең мағыналы сөздерді қолданып келе жатқан
халық.
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алмасып, қарым-қатынас жасайтын құралы.
Сол себепті оның қоғамдағы атқаратын қызметі, алатын орны ерекше. Еліміздің
өркениетті елдердің қатарына қосылуы, мәдениетіміздің гүлденуі – тілдің қоғамдық
әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға
байланысты мекемелерде, кәсіпорындарда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
үйренуге деген сұраныс күннен-күнге артуда. Оқушылар – мемлекетіміздің
болашағы, олар елімізді саяси-экономикалық рынокта, дипломатиялық қарым-
қатынастарда танытатын болашақ мамандар. Осыған байланысты қазақ тілін оқыту,
оқушылардың алған білімдерін кәсіптік өндіріспен байланыстырып үйрету – енді
қолға алынып жатқан тың мәселелердің бірі.
Сондықтан күнделікті өмірдегі сұранысқа, өзгерістерге байланысты ғылым,
білім саласында түрлі жаңалықтар енгізілуде. Бүгінгі таңда елімізде ақпарат беретін
құралдардың көзі техникаландырылған, автоматтандырылған деңгейде көтеріліп
отыр. Оқушылар түрлі ақпарат, деректерді Интернет желісі, техниканың басқа
түрлері арқылы қабылдай отырып, тілдік қарым-қатынаста пайдаланады. Мұндайда
сөйлесім әрекеттерінің түрлері негізгі қызмет атқаратындығы сөзсіз. Берілген
ақпаратты ой елегінен өткізе отырып, оқушылардың бір-бірімен пікір алмасып, ой
бөлісуі сөйлесім әрекетінің бір түрі – айтылым әрекетін игерумен тығыз
байланысты. Сөйлесім әрекетінің түрлері: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым,
40
тілдесім – тілдік қатынасты қамтамасыз ете келіп, ұлт пен ұлтттың, халық пен
халықтың түсінісуіне әсер ететін ерекше үдерістер екені белгілі. Олардың әрбір түрі
жеке зерттеу нысандары бола келіп, тілдік қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады.
Осы уақытқа дейін сөйлесім әрекеті мен оның түрлері әр деңгейде сөз болып
келгенімен, айтылым әрекеті арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Айтылым
сөйлесім әрекетінде қатысымдық мақсатта сөйлеу арқылы жүзеге асады. Екінші
адамды әңгімеге тарту арқылы сөйлеуші өз ойын басқаға жеткізеді.
Әдістеме ғылымының теориясы мен практикасында сөйлесім әрекетінің
түрлері (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім) тілді үйренуде басты
тірек болатыны белгілі. «Айтылым» термині бірде «сөйлеу», бірде «айту», бірде
айтып-түсіну» т.б. болып ғылыми-әдістемелік еңбектерде, оқулықтарда әр түрлі
аударылып келді. Соңғы жаңа буын оқулықтары мен бағдарламаларда бұл термин
бірізге түсіп, орыс тілінде қолданылып жүрген «говорение» терминінің қазақша
баламасы «айтылым» болып ғылыми айналымға енді. Бұған 1998, 2002 жылдардағы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік
стандартта тек қана «айтылым» термині емес, сөйлесім әрекетінің барлық түріне
қатысты терминдердің енгізілуі дәлел бола алады. Жалпы бұл «айтылым» әрекетіне
қатысты терминнің тілдік қолданысқа енгізіліп ұсынылуы Ф. Оразбаеваның «Тілдік
қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын
докторлық диссертациясынан басталады. Ғалым тілдік қатынаста жүзеге асатын
сөйлесім әрекетінің бір түрі – айтылым әрекетіне қатысты ерекшеліктерді,
белгілерді қорыта келе, айтылымға мынадай анықтама береді: «Айтылым – тілдік
қарым-қатынас барысында адамның өз ойын басқа біреуге түсінікті түрде ауызша
сөйлеп, жарыққа шығаруы» [1, 16].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі
қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен, оқушыға қандай тілдік категорияларды
үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады? деген мәселелерді
қарастырады. Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің
маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны
меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Сонымен бірге мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің
мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, әдістеме мұғалімнің шығармашылық
тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен қатар, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін
меңгеруге көмектеседі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – логика, лингвистика,
педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, ол оқылатын пәннен жеке дара
қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдардың мазмұнына орай әдіс-
тәсілдерді таңдау, қолдану оладың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық
материалдарды таңдап, іріктеумен тікелей байланысты. Мысалы: фонетиканы
оқытумен байланысты түрлі фонетикалық талдау, түрлі салыстырулар, жалғау мен
жұрнақтың ара-жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады. Ал, сөз
таптарын оқыту - морфологиялық талдау, салыстырулар жүргізу, жалғау мен
жұрнақтарды ажырату, сөз таптарын анықтау, орфографиялық ережелерді
оқытумен байланысты.
41
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі - мектепте оқытылатын казақ тілі
материалдарын тәжірибелік тұрғыда оқушыларға саналы түрде түсіндіретін ғылым
саласы.
Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстар оқу материалымен байланысты болады да,
оны оқушының түсінбеуі сияқты бетін қайтаратын қиындыққа ұрындырмайды.
Осы айтылғандардың бәрінен мынадай қорытынды шығады: жүргізілетін
жұмыстар
оқушының
білім,
қабілеті,
ұнатуы,
қызығуы
негізінде
ұйымдастырылатын болғандықтан, ол оқушының белсенділігін күшейтіп, білім
сапасын арттырып, жұмыстың нәтижелі болуына әсер етеді. Сонымен қатар, қазақ
тілі пәні арқылы логикалық ойларды қалыптастыруда жұмыстардың алатын рөлі зор
екендігі де байқалады. Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы, тез қабылдау және
ұшқыр ойлау қабілеттерін ашуға көмектеседі. Сабақ кезінде алған білімдерін әрі
қарай дамытуға негізделеді.
Мұғалім оқушылардың теориялық тұрғыдан ойлау элементтерін меңгеруі,
ұғымдар жүйесінде белгіленетін аса маңызды жалпы заңдылықтар мен қасиеттер
жөніндегі білімді меңгеруі және білімді барлық жеке жағдайларда саналы түрде
қолданып отыруға мүмкіндік беретіндігі, яғни тиісті шеберліктердің ажырамас
компоненттері болып табылатын логикалық ойлау операциялары мен практикалық
операцияларды саналы түрде орындауға мүмкіндік беретіндігін ескерген жөн.
Сонымен қатар жас маман еліміздің болашағын ойлай отырып, өзі жұмыс
істейтін өндіріс орнында ойын қазақша еркін айта білуге, іс қағаздарды мемлекеттік
тілде меңгеруге; кәсіби лексиканы игере отырып, кәсіптік жоғары деңгейде
баяндамалар жасап, мәжілістер жүргізе білуге міндетті. Ол үшін болашақ маманды
тәрбиелейтін оқытушы қазақ тілі сабағын осы бағытта жүргізіп, сөйлесім әрекетін
меңгерудің тиімді амал-тәсілдерін білуі қажет. Бұл орыс мектептерінде қазақ тілі
пәнін қазіргі талапқа сай оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, сабақ берудің ұтымды
әдістемесін игерудің маңызды мәселе екенін көрсетеді.
Әр мамандық бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар даярлау кеңінен
насихаттауға тұрарлық идея болып табылатыны сөзсіз. Бүгінгі таңда оқулық
мәселесінің қазіргі заманғы технологияға сай басқа да қырлары өзекті болып
табылады. Мәселен, электрондық оқулықтар даярлау. Бұл өз алдына жеке мәселе.
Алайда қандай да үлгідегі оқулықтар болсын ең басты жетістігі – оның мазмұны
екендігі анық. Сол мазмұн ғылымдағы ізденістер мен дәстүрдің тоғысуынан,
жымдасуынан, табиғи сабақтастығынан тұрса, онда сапаның бірінші орынға
шығатыны белгілі. Олай болса, жоғары оқу орындарының оқытушыларын оқулық
түзу барысында жауапкершілігі мол жаңа міндеттер күтеді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде орнықтырудың ең басты да маңызды
жолының бірі - түрлі саладағы терминологияны ана тілімізде қалыптастыру.
Терминдер туралы өткен ғасырдың 20-жылдарынан сөз бола бастағанмен, әлі
күнге дейін «термин» сөзінің нақты баламасы берілмеген деуге болады.
Ғалымдар бұл орайда ұқсас пікір айтып, олардың әрқайсысы термин ұғымының
бірнеше белгілерін атап көрсеткенмен, терминге қойылатын нақты талаптарды
түрліше көрсетеді. Ө.Айтбаев терминологиямен шұғылданған ғалымдардың
пікірлеріне қысқаша шолу жасай келіп, термин ұғымына мынадай анықтама береді:
«ғылым мен техниканың белгілі бір салаларында қолданылатын арнаулы лексика,
ал оның негізгі белгілері – дәлдік, қысқалық, жүйелілік» [2, 88].
42
Ұлттық терминологияны байытудың бірнеше жолы бар екені мәлім. Ал қазіргі
кездегі үрдіс - белгілі бір ұғымдардың жаңа атауларын, баламаларын тілдің ішкі
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ұсыну. «Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту
мен
қолданудың
2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында» (29.06. 2011) қазақ тілінің реттелген терминологиялық үлесін
кезең-кезеңмен арттыру міндеті қойылып отыр әрі бұл тұрғыда істеліп жатқан
жұмыстар да аз емес. 1990 жылдан бері шығып жатқан терминологиялық сөздіктер
саны жылдан-жылға көбеюде. Соңғы ресми деректерге қарағанда, жалпы таралымы
720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8
салалық терминологиялық сөздік жұртшылыққа ұсынылған. 2001 жылы шыққан 31
томдық Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік туралы кезінде
түрлі деңгейдегі мерзімді баспасөз беттерінде жазылды да. Әр салада жұмыс істеп
жүрген ғалым-мамандардың, қалың жұртшылықтың айтып, жазып көрсеткен
кемшіліктеріне қарамастан, бұл қадамның бүкіл Қазақстан қоғамы үшін маңызы өте
жоғары болғанын атап айтуға тиіспіз.
«...терминологиялық сөздіктер арнайы бір ғылым саласына қатысты
терминдерді барынша жинақтап, қамтып беруге тырысатын анықтағыш қызметін
атқарады. Сондықтан да оның жүгі ауыр болуы, әрі терминологиялық сөздікті
шығару барысында мамандардан үлкен сапа, сол сапаның жоғары деңгейде болуын
қамтамасыз ете алатындай жауапкершілік талап етілуі тиіс» [3, 75] деген сөз әлі де
өзектілігін жойған жоқ, демек, оқу орындарының білім алушылары үшін сапалы
оқу-терминологиялық сөздіктер жасаудың кезі келгендігі белгілі.
Атақты ғұламалар тілді діннен де жоғары қойған. Тіл болмаса, дін қалай
таралмақ, адамдар қалай түсініспек?! Қазақ әдеби тілінде белсенді қолданылып
жүрген жүз елу мыңның о жақ бұл жағында сөз болса, ал терминдер қай тілдің
болмасын әдеби қорынан көп болады. Тіліміздегі терминдер қазір жарты миллион
маңайында. Яғни болашақ мамандарды күтіп тұрған жұмыс көлемі орасан.
Сондықтан терминдер туралы біздің таным-түсінігіміз үнемі кеңейіп отыруы тиіс.
Тілді сақтау, дамыту, өзге тілдермен байланысын қалыптастыру тек тіл
мамандарының ісі емес. Өйткені, әр саланың өзіне тән білім жүйесі, соған сәйкес
келетін терминологиялық қоры бар, соны меңгерген маманы бар. Осы маманның
ықпалынсыз, оның белсенді қатысуынсыз тіл сол салаға енбейді. Бұл жерде сөз
қазақ тілі жөнінде болып отырғаны мәлім. Сондықтан түрлі салаға қазақ тілін ана
сүтімен бойына сіңірген, қазіргі терминологиялық қордың түбірін тани алатын
мамандар тартылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000. – 265
б.
2. Айтбаев Ө. Ғылым тілі //Қазақ тілі: Энциклопедия. – Алматы: IDK-TIPO
баспа орталығы, 1998.
3. Әбдірәсілов Е. Қазақ тіл білімі терминдерінің жайы // Салалық
терминология: бүгіні мен болашағы: Республикалық ғылыми-практикалық
семинардың материалдары. – Астана, 2003.
43
Оразғалиева Л.М.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ЕЛБАСЫ НАЗАРЫНДА
lauraorazgalyeva@mail.ru
Аңдатпа
Бұл мақалада Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың мемлекеттік тіліне аса зор
маңыз беретіндігі көрсетілген. Мемлекеттік тіл – қазақ тілдің қазіргі заманғы
бірнеше мәселелеріне назар аударылған.
Аннотация
В данной статье предложен обзор выступлений Президента Республики
Казахстан Нурсулта Назарбаева, посвященных проблемам государственного
языка. Кроме того, автором отражены некоторые актуальные проблемы
функционирования казахского языка как государственного языка .
Abstract
This article demonstrated paying much attention to the problems of President
Nursultan Nazarbayev of the state language. The author highlights some current problems
of the Kazakh language as the official language.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 7-бабында жазылған осы бір сөйлемнің мәні
айқын да нақты. Екіұшты түсінудің ешқандай реті жоқ. Бұлжымайтын қағида,
мызғымайтын заң. Қазақстандағы тілдік ахуалдың байыбына барған сайын мұның
дәл солай қабылданатынына күдік те көңілге сыналап ене берері сөзсіз. Ата
заңымызда алтын әріптермен жазылған осы бір сөйлемнің байыбына бармай,
бағасын ұқпай жүргендер қазақтың өз ішінен де табылады. Тілі басқа тілегі бір деп
жүрген ағайынның ішінде де салмағын сезіне қоймағандар қаншама. Көзқарастағы
мұндай ала-құлалық тек тіл мәселесінде ғана емес, қоғамдық өміріміздің басқа
салаларында да аңғарылып қалатыны жасырын емес. Мұның өзі елімізде шешілуі
кезек күттірмейтін әлеуметтік проблемалардың бар екенін танытады. Қазақстан
Республикасында тұратын азаматтардың барлығы бірдей өзін біртұтас халықтың,
Қазақстан халқының, өкілі ретінде сезіне ме?! Әлеуметтік, қоғамдық-саяси
мәселелерді, соның ішінде қазақ тілінің мәселесін де бір ғана қазақ ұлтының
арқалар жүгі деп қарау басым. Ал шындығында солай ма? Тек экономикалық
жетістіктер ғана емес, Қазақстан халқының идеялық бірлігі де еліміздің
болашағының баянды болуының кепілі екені даусыз. Бұл мәселені де ұдайы көтеріп
келе жатқан еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасының
кезекті Жолдауында да, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында да алға қойылған мақсат айқын.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп, Елбасы айтқандай, ел бірлігі,
жарқын болашағы қазақ тілімен байланысты. 2020 жылға дейін Қазақстан халқының
95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қолдан келген шаралардың барлығын да
жүзеге асыруымыз керек.
«Ана тілі» газетінің 2006 жылғы мамырдың 11-і күнгі №19 санында Нұрсұлтан
Әбішұлының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» айдарымен сұқбаты
44
жарияланды. Байыптап қарасақ, Елбасы қазақтың болашағы қазақ тілінде деп тұрған
жоқ, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деп тұр. Демек қазақ тілімен бір ғана
қазақ ұлтының тағдыры емес, бүкіл Қазақстан халқының тағдыры байланысып
жатыр.
Президенттің сұқбаты тығырыққа тірелгендей болып тұрған қазақ тіліне
ерекше серпін берді. Нұрсұлтан Әбішұлының тіл мәселесіндегі ұстанымы
жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапты. Ә.Нүрпейісов, Қ.Қайсенов, Р.Бағланова,
Е.Серкебаев, Р.Сыздық, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Ә.Қайдаров сияқты ғылым,
өнер, қоғам қайраткерлері сұқбаттың қоғамдық-саяси, әлеуметтік маңызын саралай
келіп, «Елбасының мемлекеттік тіл туралы халыққа Жолдауы» деп бағалады. Бұл
солай қабылданды да. Президенттің сұқбатында айтылған жайлар жан-жақты
талқылана бастады. Қазақ тілінің ғылыми зерттелу жайы, қолданыс аясы,
орфография, орфоэпия, графикаға қатысты мәселелерге Р.Сыздық, К.Құсайынов,
В.Шнайдер, С.Шүкірұлы, М.Шаханов, М.Мағауин сияқты т.б. ғалымдар мен
қайраткерлер үн қосты. Әсіресе ресми орындар үшін Н.Назарбаевтың сұқбаты
арнайы бұйрық-жарлықтан кем әсер еткен жоқ. Президент Әкімшілігі, Үкімет
Кеңесінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттарының қатысуымен тіл
мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Министрлер, облыс әкімдері сияқты билік
тұтқасын ұстағандар ойларын ортаға салды. «Ана тілі» газеті мемлекеттік тіл
бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы құзырлы орындардың есеп беретін
газетіне айналып кете жаздады. Газет беттерінде сол кездегі Сыртқы істер министрі
Қ.Тоқаевтың, Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың, Денсаулық сақтау
министрі Е.Досаевтың, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Кәрім
Мәсімовтің, Индустрия және сауда министрі В.Школьниктің және тағы
басқалардың өз министрлігінде мемлекеттік тілдің жайы туралы есебі жарияланған
болатын. Сондай-ақ облыс әкімшіліктері, жоғары оқу орындары басшылықтары да
президент сұқбатына қолдау пікірлерін білдіріп жатты. Ресми орындардың
мемлекеттік тілге деген көзқарасы өзгеріп, қазақ тіліне көшуге құлшыныс
танытқандай. Үкімет бағдарламасына сәйкес ресми қатынаста мелекеттік тілге көшу
ісіне маңызды мәселе ретінде салмақты қарай бастады. Бұл Елбасының
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тақырыптағы сұқбатының қазақ тілі
тағдырының шешуші кезеңінде дәл уақытымен жарыққа шыққанын көрсетеді. Әрі
кездейсоқ емес, жан-жақты ойластырылған түрде, мәселенің егжей-тегжейіне
қанығып барып айтылған пікір болды. Президенттің сұқбатта жарияланған тіл
мәселесіндегі ұстанымы аяқ астынан бір күнде көңілге келе қалған жоқ. Қазақстан
Республикасы құрылғаннан бері Президенттің үнемі көкейінде жүрген, тиісті жерде
мәлімдеп, ұқтырып жүрген жайлары. Күлбілтелемей, бүкпесіз ашық, жарияға жар
салып, үлкенді-кішілі мінберлерден айтып жүртен келелі мәселе.
Кеңестік жүйенің қыспағы сәл босаңсыған кезеңде Қазақ КСР-інің 1989 жылы
қабылданған Конституциясыңда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жариялануы.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстан Ресиубликасы құрылғаннан кейін қазақ
тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде, көтерілуі, «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы» заң, «Қазақстан Республикасындағы тілдік саясаттың тұжырымдамасы»,
«Тілді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылға арналған бағдарламасы», Тілді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы» әзірленіп, ресми
қабылдануы. Осы сияқты игі шаралардың жүзеге асуына тікелей басшылық
45
жасаған, тиісті нұсқау берген Нұрсұлтан Назарбаев екені күмәнсіз шындық.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезендерінен бастап-ақ Елбасының тіл мәселесіндегі
ұстанымы айқын. 1993 жылы 12 мамырда «Қазақстанның болашағы - қоғамның
идеялық бірлігінде» атты баяндамасында: «Идеялық бірігудің сындарлы жұмысы
арасында қоғамда жоғары тіл мәдеңиетінің орнығуы мәселесі де болуға тиіс. Бұл
проблема таяу уақытқа дейін тым күшті саясаттандырылып келді. Ал оған осылай
істеуге тырысқанындай, мемлекеттік тілді оқшаулау, оны басқаларға қарсы қою
тұрғысынан емес, қайта керісінше, оның біріктірушілік рөлі тұрғысынан қарау
керек. Қазақ тілі мәдениеттің бір бөлігі ретінде, барлық қазақстандықтарды
біріктірудің қосымша факторы болуға тиіс. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ
халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін танып-білудің
негізі болып табылады.Оны оқып-үйрену мәжбүр ету арқылы емес, саналы түрде,
жұрттың барлығы үшін бала жастан басталуы, ұйымдық және әдістемелік жағынан
қамтамасыз етуге тиіс» - деп атап көрсеткен. Қазақ тілінің саяси-қоғамдық өмірдегі,
Қазақстан халқын біріктіруші күш ретіндегі мән-маңызы жан-жақты ашылған.
Қазақстан халықтары ассамблеясының 1999 жылғы 21 қаңтарда болып өткен
бесінші сессиясындағы «Ұлттық келісім - Қазақстанның тұрақтылығы мен негізі»
тақырыбында жасаған баяндамасында: «Полиэтникалық мемлекеттің Қазақстандық
үлгісіне тән сипат қандай?
Біріншіден, ұлт саясатының негізгі элементтерінің бірі басқа ұлттардың дамуы
үшін барлық жағдайды жасай отырып, қазақ ұлтының мәдениетін нысаналы түрде
дамыту екенін мемлекет басшылығы айқын түсініп отыр.
Небір қатал сындарды бастан кешкен қазақтар бұл үшін басқа халықтарға кінә
таққан жоқ, әрі өзінің ұлттық кеңпейілдігін, сенімі мен достыққа адалдығын да
сақтап қалды. Бұл еліміздегі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығының негізі
болып отыр.
Өзге халықтардың өкілдері өз ана тілінде сөйлеу және өзгеге түсінікті болу
құқығын әрқашан сақтап қалады. Бірақ қазақ тілін Қазақстандағы ұлттық топтардың
барлығы да үйренетін болуға тиіс. Дегенмен біз оны күштемей, біртіндеп енгізу
саясатын ұстанатын боламыз» - деп, Қазақстанда тұрып жатқан барша
халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың алдына қазақ тілін білу міндетін қояды. Бұл
саясаттың бірден күштеу жолымен емес, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын
ескерткен.
Түркістан қаласында 2002 жылғы 23 қазанда өткен дүниежүзі қазақтарының
екінші құрылтайында қазақтарға арнаған сөзінде: Бұл арада мен еліміздегі
мемлекеттік тіл - қазақ тілінің айрықша маңызын атап өткім келеді. Ұлтты
күшейтудің бірінші тетігі, әрине тіл. Өйткені толыққанды тілсіз толыққанды ұлт
болу мүмкін емес.
Қазақ тілін дамытудың мемлекеттік жоспары жасалған, Конститутцияға
енгізілген, енді соны жүзеге асыру жағына қатты көңіл бөлуіміз керек. Мұны да біз
бастап отырмыз. Біз Қазақ халқы - мемлекеттің негізін құрушы, оның тағдырына
жауап беруші, ішіміздегі өзге ұлт өкілдеріне өнеге көрсететін, барлық істе
бастамашы болуға тиісті ұйытқы халықпыз. Сондықтан үлкен ұлтқа тән төзім мен
сабырлы мінез көрсете білген жөн.
Тағдыр бізді осындай көпұлттылыққа еріксіз алып келді. Оған да көңдік. Өзге
ұлт өкілдерімен кикілжіңді болдырмауды да, өз ішінде орыс тілді немесе қазақ тілді
46
болып бөлінуге жібермеуді де қазақтардың өздері қадағалаулары керек» - деген еді.
Қазақстан жағдайында бірден-бір дұрыс ұстаным, ақылға қонымды жол осы болса
керек. Нұрсұлтан Әбішұлы қалыптасқан саяси-тарихи ахуалды жан-жақты сараптай
келіп, қазақ халқының тарихи тағдырын, әлемдік. тәжірибені ой елегінен өткізе
келіп тапқан ұстанымы, жолы осы.
Тіл мәселесі төңірегінде ұзақ жылдар бойы көңілде жүрген ойларын «Ана тілі»
газетіне берген сұқбатында бағдарламалық деңгейге жеткен көзқарасы, ұстанымы
ретінде саралап берген. Қоғамдық санада бірден сілкініс тудырып, көңілден шығып,
көкейге қонғаны да осының айғағы. Президент қазақ тілінің кешелі-бүгінгі
тағдырына, қалыптасқан тілдік ахуалға сараптама жасайды. Қазақ тілінің қолданыс
аясын кеңейтуде алдағы атқарылар істі сегіз бөлімге бөліп белгілеп берді.
Біріншіден, қазақ тілді балабақша санын тисінше көбейту керек екенін айтты.
екіншіден, қазақ мектептерінің санын көбейту және осы заманғы технологиялармен
жабдықтау; үшіншіден, орыс мектептерінде қазақ тілінің сабақтарын көбейту;
төртіншіден, республика көлеміндегі барлық орта мектеп бітірушілер ҰБТ-да қазақ
тілі
пәнінен
міндетті
түрде
сынақ
тапсырады;
бесіншіден,
«Болашақ»
бағдарламасымен шетелге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білгені жөн. Осы
мәселелердің барлығы да бұрыннан айтылып, бірақ жүзеге асуы мұң болып жүрген
шаралар екенін көреміз. Президент білім, денсаулық, халыққа әлеуметтік қызмет
көрсету және мемлекеттік басқару ісіндегі қазақ тілінің орны мен маңызын да
назардан тыс қалдырмады. Елбасының осы сұқбатынан кейін қазақ тіліне қатсысты
игі шаралар жүзеге аса бастады. Соның бір көрінісі ретінде жоғары оқу
орындарының орыс топтарында қазақ тіліне бөлінген сағат санының көбейтілуін
айтуға болады. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының аса күрделі мәселе
екенін, бұл мәселеде ұрдажықтыққа баруға болмайтынын ескерте келіп: «Ораза,
намаз - тоқтықта» дегендей, экономикалық, саяси, әлеуметтік даму, мәдени
мұрамызды сақтап, ана тілімізді өркендету - бәрі-брі ел іші тыныш, іргесі бүтін,
ұлттары тату, ынтымағы жарасқан жағдайда ғана мүмкін болатынын ешқашан естен
шығармауымыз жөн» - деп ой түйді.
Қазақ әліпбиін өзгерту төңірегіндегі пікірлерді де саралай келе, бұл мәселеде
де сындарлы ой білдіріп, оның қиыншылықтарын, салдарын атап көрсетті. Көше
қалған жағдайда тілдік, демографиялық, ұлтаралық факторлардың ескеріле отырып,
ұзақ мерзімге жоспарлау керектігін ескертті.
Тілдің теориялық тұрғыдан зерттелуіндегі олқы тұстар да Президенттің
назарынан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінде әлі бір жүйеге түсіп, шешімі табылмай
жүрген орфография, орфоэпия және терминология мәселесіндегі Елбасының
ғылыми негізделеген, қисынға құрылған пікірлері лингвист ғалымдардың талайына
ой салуға тиісті.
Мемлекеттік қызметтегі қазақ тілі туралы айта келіп: «Қазірдің өзінде
мемлекеттік тілге республиканың бес облысы және Алматы қаласы көшіп отыр.
2010 жылға дейін бұл мәселе тұтастай шешімін таппақ», - деп, түйіндеген еді. Қазақ
тілінің болашағы жайлы айтқанда: «Үш бірдей мәселені бағдар ғып ұстану керек.
Біріншіден, Тілдер туралы Заңды қайта қарап, қажет болса, замана талабына
сай өзгерістер енгізу;
Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілі 50 пайыздан кем
қолданысқа түспеуі тиіс;
47
Үшіншіден, 2010 жылға дейін жасалған Тілдерді дамыту туралы бағдарламаға
тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін қатаң
бақылау қажет.
Міне, осы шаралар толық іске асқанда ғана Қазақстанның болашағы -қазақ
тілінде деп нық сеніммен айта аламыз» - деп тұжырымдаған-ды. Осы аталған
шаралардың басым көпшілігі бүгінде шындыққа айналғанын, біртіндеп жүзеге асып
келе жатқанын көріп отырмыз.
Елбасы тарапынан мемлекеттік тілдің керегесін кеңейту туралы бастама айқын.
Енді біздің тарапымыздан қостау қалды. Қазақтың намысы мен ауызбірлігі ғана тіл
болашағын сара жолға алып шығады.
Қазақ тілінің болашағы бұлдыр, қолға алынып жатқан шаралардың бәрі
далбаса, баянсыз деп, мемлекеттік тілді менсінбей, үйренуге ниет білдірмей, жайы
келсе, қарсылығын ашық байқатып жүргендер ендігі жерде ойланса керек. Қазақ
тілінің жанашыры, дуалы ауыз деп жүрген, билік тізгінін білегіне ілген
ағаларымыздың кейбірі де шаршы топтың алдына шықса, басқа ұлт өкілінің төбесі
көрінсін-көрінбесін үйренген ауыз күйсеуін қоймайды деген әдетпен орысша
шүлдірлей жөнелетіні бар. Өз еркіміз өзімізге тигенде қазақша сөйлесе,
құбыласынан жаңылып, тәубесін ұмытып қалмас еді ғой. Елбасының: «қазақпен
қазақ қазақша сөйлессін» деген қарапайым қағидасын орындамайтыны несі?
Конституцияны бұзып, Президенттің айтқанын аяққа басып қыңыратқып жүргендер
қай заманын көксеп жүр?
Авторитарлық емес, демократиялық қоғамда азаматтық белсенділік көп
мәселенің түйінін шешеді. Жоғарыдан бұйрық күткен тоталитарлық жүйенің
санадағы сарқыншағынан арылатын мезгіл жетті. Қазақ ұлтына мемлекет ұйытқысы
болу мерейімен бірге, қат-қабат міндет те жүктеліп отырғанын сезінуіміз керек.
Тәуелсіздік - тағдырдың сыйы. Бір жарылқаған құдайым тағы жарылқайды деп
жайбарақаттыққа салынуды замана көтермейді. Қазақстан - құқықтық мемлекет,
ендеше, мемлекеттік тілдің құқығы бұзылмауына да әр азамат мүдделі болу керек. |
Заңның күшімен, құзірет құдіретімен ғана қазақ тілін басқаға мойындатып,
сүйкімді көрсете алмасымыз анық. Мақсат қазақ тілін Қазақстанның барлық
азаматының, еңбектеген сәби, еңкейген кәрісінің мұқтажын қанағаттандыратын
тілге айналдыру деп ойлаймыз, Бұл үшін қаржы да, қажыр да аяуға болмайды.
Ал енді мемлекеттік тілді ұлттық руханиятты түлетуде ештеңе істеліп жатқан
жоқ деп ауызды қу шөппен сүрту қиянат болар. «Мәдени мұра» бағдарламасы
аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар ұлан-ғайыр. Соның ішінде қазақ
тілінің алып жатқан еншісі сүбелі. «Бабалар сөзі» сынды 100 томдық ауыз
әдебиетінің өзі - бұрын ойымыз түгіл түсімізге кірмеген қазына. Шетел классикасы
том-том болып қазақ тіліне аударылып жатыр. Сапасы да, саны да көңіл қуантады.
Осы рухани байлықтың үркердей топтың емес, жалпы көптің, жалпақ жұрттың
игілігіне айналуын ойлауымыз керек. Асыл мұраның бағасын шарықтатпасақ та,
құны түспейді. Осы кітаптарды, әсіресе, шалғай жерлердегі кітапханаларға бірді-
екілі емес, жеткілікті данамен таратылса нұр үстіне нұр. Сонда ғана бүкіл халық
ортақ мұраға бірдей қол жеткізеді.
Қазақ тілін дамытуды білім беру, мәдениет, идеология, саясат сияқты тағы
басқа мемлекеттік мәселелерден бөліп алуға келмейді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі
осы мәселелердің қай-қайсысында болмасын назардан тыс қалмауы керек.
|