Ветеринария факультеті



бет108/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
Сабақтың мақсаты: үй құстарын сойғаннан кейін ветеринариялық санитариялық сараптау.Үйрек,қаз сою әдістерін үйрену.
Құралдар мен реактивтер: ұша, слайдтар, үйлестіру материалдары

Сабақтың мазмұны: Мал етімен салыстырғанда құс етінде дәнекер ұлпалар аз. Сондықтан, құс еті жұмсақ, дәмді әрі сіңімді. Ал майы, химиялық құрамына байланысты балқу температурасы төмен, ол адам организміне жұғымды. Құс өңдеу кәсіпорындарына құс комбинаттары, ет комбинаты жанындағы құс өндеу цехтары (зауыттары), құс фабрикалары, құс сою қасапханалары жатады. Құс сою орындары да басқа мал өңдеу орындарына қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Құс өңдеу орындарына жіберер алдында шаруашылықта арнаулы баптаудан өткізіледі. Шаруашылықта аштық тәртібінен өтпеген құсты өңдеу орындарына жіберуге болмайды. Құсты сояр алдында аш ұстау мерзімі тауық, күрке тауық үшін - 6-8 сағ, ал суда жүзетін құстар үшін- 4-6 сағ. Бұл кезде су беру шектелмейді.

Өңдеу орнына түскен құс партиясының ветеринарлық анықтамасы тексеріліп, ветеринарлық бақылаудан өткізген соң, оны комбинатқа кіргізу және сою тәртібі шешіледі. Ветеринарлық бақылау кезінде құстың қозғалысына, ауыз, тұмсық, көзден аққан сұйықтықтарға, қауырсынның тазалығына, айдарына назар аударады. Саулығы күмәнді құс табылған партиядағы құстар жеке-жеке тексеріледі. Жіті жұқпалы ауру шыққан немесе күдікті (гриптен басқа) және туберкулез ауруы бар шаруашылықтан әкелінген құсты жеке топпен ішек-қарынын толық ақтару арқылы өңдеуге жіберіледі. Ішек-қарынын жартылай ақтару арқылы союға тек қана дені сау құс жіберіледі. Құсқа ветеринарлық анықтама болмаған немесе құжаттағы деректерде сәйкессіздік табылған жағдайда, олар 3 тәулікке карантинге қойылады. Гриппен ауырған немесе осы ауруға күдікті құсты союға рұқсат етілмейді. Құс өңдеу кәсіпорындарында құсты сою және өңдеу арнаулы механикаландырылған жолда жүргізіледі. Құстың түріне байланысты технологиялық тәртіптің аздаған өзгерістері бар. Конвейерде бір уақытта құстың бір түрі сойылуға тиіс. Тауықты, балапандарды, күрке тауықты өндеу төмендегі операциялардан тұрады: құсты тордан алып конвейерге ілу, есеңгірету, қансыздандыру. Ірі қауырсындарын жұлу, мамығын теріден босату үшін ыстық сумен өңдеу, жүнін машинамен жұлу және қолмен тазалау, құс денесін тазалау, ішек-қарынын жартылай немесе толық ақтару. Мұнан кейінгі технологиялық жұмыстар конвейер жүйесінен тыс жерде жүргізіледі. Олар - ұшаны қалыпқа келтіру, салқындату, сорттау, таңбалау, ұшаны жәшікке салу, массасын анықтау, жәшікті таңбалау, салқындату, мұздату және сақтау. Үйрек, қазды және оның балапандарын өңдеудің құрғақтағы құсты өңдеуден айырмашылығы, қауырсын, мамық түбірлерінен тазалау үшін оларды балауызды өндеу арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет