Ветеринария факультеті


Қолтық асты бірінші кабырғаның лимфа түйіндері



бет49/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
Ветеринария факультеті

Қолтық асты бірінші кабырғаның лимфа түйіндері - бірінші қабыр-ғаның тұсында, иық белдеуінің астында орналасқан. Лимфаны омырау бұлшық еттерінен, сол мөлшерде иық белдеуі мен алдыңғы тізеден жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек өзегіне құяды.
Шап майдың лимфа түйіндері - шапмайдың арасында жатады. Лимфаны құрсақ пен кеуде қабырғаларының терісінен, құрсақтың көк еті мен тері арасындағы бұлшық еттерінен, ұмадан, жамбастың терісінен, ортан жілік пен тірсектен жинайды. Лимфаны бүйір және ортаңғы мықын түйіндеріне береді.
Тақымдық лимфа түйіндері - санның қалың етінің арасында балтыр бұлшық еттерінің үстінде жатады. Лимфаны артқы аяқтың терісі, еттері, сіңірлерінен жинайды да, жамбас немесе шонданай лимфа түйіңдеріне ағызады.
Шонданай лимфа түйіндері – шонданай сүйегінде орналасқан. Лимфаны жамбас пен құйрықтың терісі мен еттерінен, жамбас пен ортан жіліктің қосылған жерінен, тік ішектен жинайды да жамбас түйіндеріне құяды.
Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері - еркек малда жыныс мүшесінің қасында жатады, ал сиырда желінінің үстінде орналасқан. Лимфаны құрсақтың көк еті мен терісін және сан мен тірсектің ішкі жақтағы терісі мен еттерінен жинайды. Жиналған лимфа мықынның дөңгелек лимфа түйіндеріне ағады.
Мықынның дөңгелек лимфа түйіндері - сан артериясының бастауында орналасқан. Бұған артқы аяқтың барлық лимфа түйіңдері құяды, жамбастың қабырғасы және құрсак көк етінен жиналған лимфа да осыған келіп қосылады.
Мықынның бүйір лимфа түйіндері — бүйір құрсақ бұлшық етінің үстінде жатады. Лимфаны ұршық буын мен құрсақ бұлшық еттерінен жинайды. Лимфаны жалғас жатқан лимфа түйіндеріне береді.
Мықынның ортаңғы лимфа түйіндері - мықынның сыртқы артерия-сының алдыңғы жағында орналасқан. Лимфаны белдеменің бұлшық еттер-інен, жамбастан, саннан, ен мен енбаудан, аналық без бен тұқым жолынан, жатырдан, бүйрек пен қуықтан, сол сияқты мықынның бүйір және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфаны белдеменің лимфа өзегіне береді.
Құйымшақ лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының ішкі және сыртқы мықындық артерия болып екіге бөлінген жерінде орналасқан. Лимфаны белдеме сан, сауыр бұлшық еттерінен, жамбастың қабырғасы,жатыр, қынап және қуықтан жинайды. Шонданай мен мықынның бүйір лимфа түйінде-ріндегі лимфа да осында құяды. Жиналған лимфа ең соңында мықынның орта лимфа түйіндеріне ағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет