Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54

Әдебиеттер

1.

 



Ҽуезов  М.О.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  Зерттеулер,  мақалалар.  – 

Алматы: Жазушы, 1985. – 18-т. – 448 б. 

2.

 

Жамбыл 



туралы 

сҿз: 


Баяндамалар 

мен 


мақалалар 

жинағы 


Жауапты  редакторы  Б.Б.Мамраев.  Жауапты  шығарушы  Қ.X.  Сҽлімгерей.  –  Алматы: 

Комплекс, 1996. – 153 б. 

3.

 



Садырбаев 

С. 


Халық 

ҽдебиетінің 

тарихи 

негіздері. 



– 

Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 216 б. 



VI Халықаралық конференция

 

384 



 

4.

 



Жабаев 

Жамбыл. 


Екі 

томдық 


таңдамалы 

шығармалар 

жинағы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 2–т. – 384 б. 

5.

 



Жабаев Жамбыл. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1982. – 

1-т. – 336 б. 

6.

 

Боранбайҧлы Ж. Жамбылдың Оңтҥстікке сапары // Ана тілі, – 1996. – 1 ақпан. –



№.5. 

7.

 



Жабаев Жамбыл. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1982. – 

2-т. – 440 б. 

8.

 

Нева жағалауындағы салтанат // Егемен Қазақстан. – 2003. –31 мамыр. –№134. 



9.

 

Ҽлемдік  мҥдделер  тоғысы  Санкт-Петербургтегі мерейтой барысында байқалды 



// Егемен Қазақстан. – 2003. –3маусым. –№135. 

Қыдырбаева А. Жамбыл шығармашылығының зерттелуі. Канд. дис. автореф. – Алматы, 

2001.–28 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

VI Халықаралық конференция

 

385 



 

ӘБІЛДА ТӘЖІБАЕВ ЕСТЕЛІКТЕРІНДЕГІ МҦХТАР ӘУЕЗОВ 

БЕЙНЕСІ 

Сапарбаева Қ.Ж. 

Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан 



Тҥйіндеме 

Мақалада  ҧлы  жазушы  М.Ҽуезов  биографиясының  негізгі  елеулі  кезеңдері  туралы 

жазылған Ҽ.Тҽжібаев естеліктері талданады. Бҧл естеліктердің М.Ҽуезовтің шығармашылық 

шеберханасын зерттеуге қосар мол ҥлесі барын дҽлелдейді.  



Кілт сөздер: қазақ ҽдебиеті; естелік, шығармашылық шеберхана. 

  

Бҥгінгі қазақ ҽдебиетінің жай-кҥйін, кескін-келбетін танып білу ҥшін ҧлт ҽдебиетінің 



тарихындағы  ҧлы  тҧлғалар  ҿмірі  мен  шығармашылығын  қайтара  қарап,  зерделеген  абзал. 

Туылғанына  105  жыл  толып  отырған,  кҿзі  тірісінде  «абыз  ақын»  атанған  Ҽбілда  Тҽжібаев 

ҿмірі  ҿзгеге  ҿнеге  болар  ғибратты  ғҧмыр.  Халық  фольклорының  ҧлан-ғайыр  мҧрасы  бар, 

шығыс, орыс, қала берді дҥние жҥзілік ҽдебиеттердің озық дҽстҥрлерінен ҥлгі алып, ҥйрене 

отырып  қазақ  поэзиясының  ҧлы  кҿшін  ілгері  жетектеген  Ҽбілда  Тҽжібаев  ҧлт  ҽдебиетін 

ойлы, сырлы, сҧлу нақышты лирикалармен, поэмалармен, драмалармен байытты. Бар салада 

кҿрікті де жемісті еңбек етті. 

Белгілі ғалым Р. Бердібаев «ҽдебиетіміздің асқар тауы» атаған                            Ҽбділдҽ 

Тҽжібаев  «Ҿлең  –  назымның  теңдесі  жоқ  дҥлділі,  батыс  пен  шығыстық  кҿркемдік 

жетістіктерін  терең  меңгеріп,  ҽйгілі  шығармалар  жаратқан  шыншыл,  жаңашыл,  батыл 

туындылары  XX  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінің  ҽсем  айшығы  болып  қаланған,  сыршыл 

суреткерлікті  ойшылдықпен  ҧштастырған  шығармашылық  қҧлашы  энцклопедиялық  жан-

жақтылығымен  ерекшеленетін  корифей  тҧлғаларымыздың  бірі.  Ол  ҽдебиеттің  тынысын 

тарытқан небір қиын кезеңде шындық деп жаны шырқыраған, ҧлт перзентінің намысты сҿзін 

айта білген, ақиқат туын қолдан тҥсірмеген, жаратылысынан қайсар мінезді, адал, ер азамат 

еді.  Заманның,  қоғамның  кҥн  тҽртібіне  қойылған  адамгершілік,  ар,  парыз  мҽселелеріне 

ҽрқашан кҿркемдік жауап айтып келген алып ақын» [1, 5]  

Дҥние  есігін  ашқан  1909  жылдан  ана  ҽлдиінің  ҽуеніне  тербеле  ҿскен  сҽби  Ҽбділда 

Тҽжібаев  алты  жасында  ҽкесінен  айырылып,  нағашы  атасының  тҽрбиесінде  болады.  Қазақ 

халқының дҽстҥріне сай жесір ана ҿмірлік қосағын жыл бойы жырмен жоқтапты. Ақынның 

бірінші  естігені  –  шешесінің  мҧңды  ҽуенмен  жылап  отырып  айтатын  жоқтауы,  ал  ана 

жҥрегінен  шыққан  зарлы  жыр  бала  жадында  жатталған.  Кҿкірек  кҿзі  ояу,  саналы  нағашы 

атасының  сан  алуан  естелік,  ҽңгімелері  бала  Ҽбділданың  сҿз  ҿнеріне  қҧмарлығын  оятады. 

Бҧған  қоса  елге  келген  Есім,  Нартай  ақындар  мен  Жиенбай  жыраулардың  жырын  естіп, 

кітаптардағы қисса-жырларды жатқа оқуы Ҽбділда Тҽжібаевтің болашағын бағдарлауға кҿп 

ҽсер етеді. 1919 жылғы елге келген жаппай індет – сҥзек ауруын дҽрігерсіз қарсы алған елдің 

халі  дҽрменсіз  кҥйде  еді.  Бҧл  ауыртпалық  Ҽ.Тҽжібаевтың  нағашы  атасы  мен  апасын,  бір 

туған қарындасы Зылиханы да ала кетеді. Қараҿзектен қаладағы ҽкесінен қалған ҥйге қайта 

кҿшкен  аналы-балалы  қос  мҧңлықтың  жағдайы  жақсара  қоймайды.  Ҿмір  тауқыметін  бір 


VI Халықаралық конференция

 

386 



 

кісідей  тартқан  бала  Ҽбділда  интернаттар  ҥйіне  қабылданып,  жаңа  ҥлгіде  сабақ  ала 

бастайды.  Осы  жерде  алғаш  рет  тҽрбиешісі,  ҽдебиетші  Сҽтбеков  Ҽбілқайырдың  сабағында 

тҧңғыш ҿлеңін қызара оқиды.  

1927  жылы  Шымкент  қаласындағы  жеті  жылдық  мектепті  қазақтың  біртуар  ҧлдары 

Бауыржан  Момышҧлы  мен  Қҧрманбек  Сағындықовтармен  бірге  бітіріп  шыққан  ол  еңбек 

жолын  сол  кездегі  «Лениншіл  жас»  (қазіргі  «Жас  алаш»),  «Жҧмысшы»  газеттерінің 

корректоры,  республикалық  орталық  газет  «Еңбекші  қазақта»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан») 

кҿшіруші  болып  бастаған.  Ақынның  «Жҧмысшының  гудогы»  дейтін  ҥш  шумақ  ҿлеңі  1927 

жылы  кҥз  айында  «Жҧмысшы»  газетінде  басылады.  Содан  былай  қарай  Ҽ.Тҽжібаев  есімі 

облыстық,  республикалық  басылымдар  мен  баспасҿздерде  жиі-жиі  кҿріне  бастайды.  1931 

жылы  Қазақтың  педагогикалық  институтының  ҽдебиет  факультетінде  оқып  жҥрген  оны 

Қарсақбай аудандық «Қызыл кенші» газетін шығаруға арнайы жібереді. Бір жыл деп барған 

ақын  тек  1933  жылы  қайтады.  1934  жылы  болған  Қазақстан  жазушыларының  бірінші 

съезінде  Ҽ.Тҽжібаев  Қазақстан  жазушылар  одағы  басқармасының  хатшысы  болып 

сайланады.  Алматыға  қайта  оралған  1931  жылдан  бастап  шын  ҽдеби  ортада  болып, 

шығармашылық    ҿсу  жолы  басталады.  Ҧлы    М.Ҽуезов,    С.Ерубаев,    І.Жансҥгіров,  

С.Мҧқанов, Б.Майлин, Қ.Сҽтпаев, З.Шашкин сынды тағы басқа ҽдебиет майталмандарымен 

болған ҽдеби қарым-қатынас соңы ҥлкен достыққа, ақынның ізденімпаздық, шығармашылық 

шеберлігін арттыруға ҧласады. Ақын ҿз естеліктерінде баяндағандай ҧлы Мҧхтар Ҽуезовтің 

ҧстаздық,  ҽкелік  қамқорлығы  ақынның  кҽсіби  деңгейінің  артуына,  кҿркемдік 

дҥниетанымының  ҿсуіне  тікелей  ҽсер  етеді.  1939  жылы  Қазақстан  жазушылар  одағы 

басқармасының  тҿрағасы  болып  сайланады.  1936  жылдың  24  маусымында  бҧрынғы 

«Лениншіл  жас»  газетінде  жарияланған  Жҧмағали  Саинның  «Тҽжібаев  Ҽбділда  жҽне  оның 

достары»  деген  тақырыптағы    мақаласы  мен  жиналыста  айтылған  ащы  сындар  ақынның 

шығармашылығын  дамытады.  1936  жылы  Москвада  болған  қазақ  ҽдебиетінің  Москвадағы 

онкҥндігіне  Халық ақыны Жамбыл Жабаевты ертіп апарып, оның хатшысы қызметін атқару 

ақын шеберлігін шыңдай тҥседі. 1945-1948 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл 

жҽне Ҽдебиет институтының Жамбыл бҿлімін басқарған ол кейін «Қазақ ҽдебиеті» газетінің 

жауапты  редакторы,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  хатшысы,  М.О.Ҽуезов 

атындағы  Ҽдебиет  жҽне  Ҿнер  институтының  бҿлім  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған. 

Алғашқы туындыларын лирикалық ҿлеңдер жазудан бастаған ақын қаламынан туған «Жаңа 

ырғақ»(1933),  «Оркестр»(1935),  «Қҧтқару»(1935,  1936,  1939).  «Екі  жиһан»(1938),  «Абыл» 

(1940), «Шын жҥректен»(1949), «Сҥйген жҥректер»(1951), «Таныс дауыстар»(1984), «Гҥлден 

дала»  (1958),  «Аралдар»  (1958),  «Жастық  жылдары»  (1962),  «Кешеден  бҥгінге»  (1964), 

«Кҿне  қоңырау»  (1973),  «Жаңа  ҿрімдер»  (1975),  «Қҧрдастар»  (1977),  «Толағай»  (1978)  т.б. 

жыр  жинақтары,  «Жҥректілер»  (1963)  атты  пьесалар  жинағы,  «Халқым  туралы  аңыз», 

«Жомарттың кілемі», «Кҿтерілген кҥмбез» атты драмалық дастандары, «Майра», «Жартас», 

«Жалғыз  ағаш  орман  емес»,  «Кҿңілдестер»,  «Қыз  бен  жігіт»,  «Монологтар»  пьесалары, 

«Дубай Шубаевич»,  «Той боларда» комедиялары – қазақ ҽдебиетінің қоржынындағы алтын 

қазына.  Қазақ    поэзиясының  жекелеген  мҽселелері  кҿтерілген  «Ҿмір  жҽне  поэзия»(1960) 

атты  монографиясы,  «Қазақ  драматургиясының  дамуы  мен  қалыптасуы»  атты  зерттеуі, 

«Жылдар,  ойлар»  (1976),  «Жаданның  хаттары»  (1980),  «Хаттар  сҿйлегенде»  (1980),  «Ҿмір 

мен ерлік» (1985) деген сын, эссе, проза  кітаптарында ҽдебиет пен ҿнерге қатысты толымды 

пікірлер  айтқан  ақын  «Жамбыл»  кинофильмінің  сценарийін  сҽтті  жазды.  А.С.Пушкиннің, 

Т.Т.Шевченконың,  А.Н.Островскийдің,  Г.Гейненің  бірқатар  шығармаларын  қазақ  тіліне 

аударды.  Кҿптеген  тілдерге  аударылған  ақын  шығармалары  кҿркемдік  қҧндылығы  жоғары, 

қазақ  ҽдебиеті  тарихындағы  кесек  туындылар  қатарына  қосылды.  Шығармалары  уақыт, 



VI Халықаралық конференция

 

387 



 

заман,  адам  тағдыры,  олардың  ҽлеуметтік  болмысы  секілді  ауқымды  тақырыптарды 

қамтыған ақын дҥниелері қазақ ҽдебиетінде тҧтас бір дҽуірді қалыптастырды. Тҥрлі жанрда 

жазылған  шығармалары  ҧлт  руханиятын  кҽсіби  деңгейде  ҿсірді.  Ақынның  ҽр  жылдары 

жарық  кҿрген  ҽдеби,  ғылыми  еңбектері  қазақ    ҽдебиеттану  ғылымын  дамытты.  Ҿмірінің 

соңғы  кезінде  жазған  елімізде  болған  демократиялық  бетбҧрысқа  қатысқан  ақын  ҥні  ҿзінің 

шыншылдығымен, сыршылдығымен, терең философиясымен, батылдығымен ерекшеленеді. 

«Алып  ғасырдың  алып  ақыны»  атанған  Ҽ.Тҽжібаевтың  қаламы  қолынан  ҿмірден  озғанша 

тҥспеді.  «Абыз ақынның» ҥлкен жҥрегі 1998 жылдың 23 қыркҥйегінде ҿз соғуын тоқтатты. 

Ҿзі алғаш имене аттап, ҧяла ашқан ҽдебиет деп аталатын киелі шаңырақтың қадірлі қариясы 

атанған ақын-ҧстаз ҿз ҿмір жолында ҿзінен кейінгі М. Мақатаев, К. Ахметова, Қ. Бҧғыбаева 

сынды ақын жазушыларға ҥлгі ҿнеге кҿрсетіп, ақ батасын беріп, рухани ҽкесіне айналды.  

Ақынның  ҿмір  тарихы  жҿнінде  кең  мҽліметтер  оның  «Жылдар,  ойлар», 

«Есімдегілер», «Естеліктер»  атты кітаптарында беріледі. Аталған еңбектерде автордың бала 

шағынан  бастап  болашағына  дейінгі  кезең  суреттеледі.  Мҧнда  автордың  ес  жиып,  ақын 

болып, азамат болып қалыптасуы бар. «Мен ҥлкен ҿмірге жастай   араластым 

да, 

ҽр 


саладағы  ҥлкен  ағалармен  дастархандас  болдым.  Кҿптеген  қасиетті  адамдардың  сырқатын 

жеңдім. Мен ҿзге ағаларыммен қатар Мҧхтар, Ғабитпен бірге ҿмір сҥргеніме, осы екеуінен 

ерекше  нҽр  тапқаныма  мақтанамын.  Мен  жастайымнан  Мҧхтар  мен  Ғабитты  осы  ҥлкен 

ҿмірге ғашық, ҧқсас туыстас кҿруші ем, сол сенімім бҥгінде ҿзгерген жоқ» деп жазады. (2, 

140). 

 Ҿмір  жолында  ғана  емес,  ҽдебиет  жолында  да    ҿмірлік  бағдаршам,  ҿнегелі  ҧстаз, 



ақылшы  дос  тҧтып,  ҧлылығын  мойындап,  талантына  бас  иген  Ҽбілда  Тҽжібаев  Мҧхтар 

Ҽуезов  туралы  естеліктерінде  ҽсіре  суреттеуге  бармаған.  Ҿзінің  шҽкірттігін,  Ҽуезовтың 

ҧстаздығын  «Орысша  оқымаған,  дҥние  классиктерінің  тереңінен  қанып  ішпеген,  кҥрделі 

қҧбылыстарды  ҥстірт  білетін,  кҿбінесе  ҧранға  шауып  ҥйренген  кҿрбала  жасқа  кезінде 

ақылшы болатын, оның кҿркем тҽрбие кҿрмеген дҿрекілігін асқындармай тоқтататын ҧстаз 

керек екен. Сол кҿрбала мен едім де, сол ҧстаз Мҧхан болатын» деген сҿздері растайды [3, 

79].  Ҽбділда  Тҽжібаев  естеліктерінен  біз  ҧлылықты  танып,  талантты  мойындауды,  ҧстазға 

қҧрмет кҿрсетіп, қадір тҧтуды айқын аңғарамыз. Ол ҧлы суреткер туралы жазғанда кеудесін 

сағыныш керней, жҥрегін мҧңға бҿлей кҥрсінетіндей: «Мҧхаң маған бір рет те ырғайыншы, 

сынап кҿрейінші дерліктей сҧрақ беріп кҿрген емес, ҽйтпесе ҥйретейінші, айтып жіберейінші 

дегендей де сыңай танытқан емес. Ол ҽрқашанда-ақ қазақша сҿйлесе де, орысша сҿйлесе де 

кҥнделік қиқым-сиқым сҿздерден тез босап алған соң кҿбімізге ортақ қызықты  ҽңгімелерді 

бастап,  жосып  кететін.  Сондайда  оның  аузымен  талай  данышпандардың  аттары  аталады, 

талай ҽлемдік мҽні бар шығармалардың мен білмейтін сырлары ашылады. Мен Мҧхаң атаған 

ҧлы адамдар мен шығармаларды тезірек танып, тезірек білуге тырысушы едім» [3, 58].  

М.О.Ҽуезов туралы естеліктер кҿптеп жазылды, жазыла да береді. Бірақ ҽрқайсының 

ҿзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  1976  жылы  «Жазушы»  баспасынан  Б.  Сахариевтің 

қҧрастыруымен жарық кҿрген «Біздің Мҧхтар:   М.О.Ҽуезов туралы естеліктер», 1987жылы 

Р.  Нҧрғалиевтің  қҧрастыруымен  шыққан  «Ҽуезов  тағылымы»,  1997  жылы  жарық  кҿрген 

«Мҧхтар Ҽуезов туралы естеліктер» атты еңбектерді атасақ болады.  Ал кҿркем ҽдебиеттегі 

Ҽуезов  бейнесі  З.  Қабдоловтың  «Менің  Ҽуезовім»,  Д.  Досжанның  «Мҧхтар  жолы»,  Қ. 

Оразалиннің «Абайдан соң» шығармаларында бейнеленген.  



VI Халықаралық конференция

 

388 



 

Ҽбділдҽ  Тҽжібаев  естеліктеріндегі    М.  Ҽуезов  –  ақылшы  аға,  ҧлағатты  ҧстаз,  жақсы 

дос бейнесінде суреттеледі. «Мен драматургия, театр туралы ең қызық ҽңгімелерді ең алғаш 

Мҧхтардан  есіттім.  Ҽсіресе  сол  жылдары  республикалық  қазақ  драмасымен  тығыз 

байланыста  болған  Мҧқаң,  кҿп  мҽжілістерде  ҿзінің  жаза  бастаған,  бітіруге  айналған 

пьесалары  туралы  айтатын»,-  деп  жазады  [3,  61].  Ҽуезов  ҽсері  Ҽ.Тҽжібаевты  драматургия 

жанрында  қалам  тербеуге  итермелейді  жҽне  оның  бҧл  қадамы  сҽтті  болады.  Бҧл  туралы 

ҽдебиетші,  сыншылар  да  ҿз  бағасын  берген  болатын.  Атап  айтар  болсақ,  Қ.Сатыбалдин: 

«Біздің екі кҿрнекті ақындарымыздың бірі Ҽбділда Тҽжібаев та Ғабит сияқты екі жанрда да 

бірдей  ҽрі  ҿнімді,  ҽрі  сҽтті  жазып  жҥрген  жазушымыз.  Ол  –  оннан  астам  драмалық 

пьессалардың  авторы.  Ҽбділданың  драматургиясына  тҽн  ерекше  қасиет  –  ойнақылық, 

ақындық, кҿтеріңкілік. Драманың ең басты шарты сахналық теңдік болса, бҧл жанрдың осы 

бір  дербес  ҿзгешелігін  Ҽбілданың  еркін  игергендігін  оның  барлық  пьесаларынан  айқын 

кҿруге болады» [4, 240] десе, М.Дҥйсенов: «Ҽбділда Тҽжібаев ҧлт поэзиясының бай тҥрлері, 

оның кҿпшілік ойын сауығы ҥшін репертуарға айналған ғажайып ҥлгілері, кҿшпелі жҧрттың 

ҿзінің  ҧлттық  салтанатына,  ҿмір  ҿзгешелігіне  лайық  дҽстҥрлі  театры  болғанын  дҽлелдейді. 

Сҿйтіп театр жасау, драматургия жанрын дамыту ҥшін қазақ поэзиясында кҿптеген қажетті, 

керекті шарттардың барлығына жҽне молдығына біздің кҿзімізді жеткізеді», - деді [5, 63].  

Ҽбділдҽ Тҽжібаев естеліктеріндегі Ҽуезов туралы айтылғандар жазушы шеберханасын 

(лабароториясын) зеттеуге ҥлкен кілт бола білетіндігі даусыз. Мҧнда автор жазушының кей 

шығармаларының    жазылу  тарихына  ҥңілсе,  енді  бірде  сол  шығармаларды  жазғандағы 

Ҽуезовтің  ішкі  толғаныстарын  баяндайды.  Ойымызды  нақтылау  ҥшін  естелікке  жҥгінейік: 

«Еңлік-Кебекті» жҿндеген сайын оған қандай ҿзгерістер кіргізді, не нҽрселермен тыңайтты, 

соның  барлығын  жарқын  сҿйлеп  беріп  отыратын.  «Поэзиялық  кҥшін  арттырдым»,  «толғау 

тҥрін кіргіздім», «ойсыз монолог, бойсыз болымсыз монолог» деген ойларын кҿп естігенмін. 

Мҽселен, ол «Еңлік-Кебектегі» бақсылық, тҥске сенуді алып тастағанда «кейбір мистикалық 

элементтерден босаттым» дейтін. Пьесадағы  жас қойшының монологын кіргізгенде балаша 

қуанды.  Біздің  жеткізе  алмаған  мақтауымызды  ҿзі  айтып  жеткізіп,  «ҽрі  кҥнҽсіз  бала,  ҽрі 

фантазер  емес  пе?»  дейтін.  Ал  «Толғау  тҥрін  кіргіздім  дегені  де  рас-ты.  Ол  Абыздың 

монологі болатын»[3, 152] 

Ҽ.Тҽжібаевтың  ҿзі  туралы  жазылған  естеліктерінің  бірі    «Ҽбекеңнің  пірі  Абай,  дҥрі 

Мҧхаң-Мҧхтар  Ҽуезов  болатын.  Абайды  жақтап,  Мҧхтарды  жоқтап  отырушы  еді»,  –  деп 

жазады.[6, 5]  

Ҽуезов  бейнесін  суреттеуде  автор  ешқандай  да  бір  ҽсерлеуге  бармайды,  ҧлының 

ҧлылығын,  ҿзгелерден  ҿзгешелігін  сан  қырлы,  сан  жанрлы  шығармашылығымен,  талант 

табиғатымен  ғана  емес  оның  ішкі  жан  дҥниесінің,  ішкі  психологиялық  сезім  иірімдерінің 

ерекшелігімен  жеткізіп  отырады.    «Мҧхаң  бір  аралап  ҿткен  сапарында  қалайша  мҧншалық 

терең тыңдарманды кҿтере бастады? Ҽрине, ең алдымен жазушының алғырлығы, кҿргендігі, 

білгендігі  дейміз.  Бір  кҿріскен  адамдарымен  туыса  табысқыштығы  дейміз.  Мҧхаң 

жиырмасыншы  жҽне  отызыншы  жылдардың  бас  кезінде  Орта  Азия  кіндігі  атанған 

Ташкентте  кҿп  уақытын  ҿткізді.  Ҿзі  оқыды,  оқытушы  да  болды,  орыс,  қазақ,  ҿзбек,  татар 

зиялыларының,  партия  ҿкімет  басшыларының  кҿбімен  жақын  танысты.  Шығыс,  жақын 

Шығыс  тарихымен  жҽне  олардың  ҽдебиеті  мен  де  сонда  молырақ  шҧғылданды. 

Дермонологиялық ертектер тек Оңтҥстікте сақталған. Біздің жақта сирек кездеседі, - дейтін. 



VI Халықаралық конференция

 

389 



 

Мешіті  кҿп,  діни  кітаптар  кҿп  тараған,  Ислам  медреселі  молырақ  ашылған  жерде 

шаманизмге байланысты ҽдеп-ғҧрыптардың, ырым-жырымдардың осыншалық сақталғанына 

таңданатын.  Мҧхаң  емшілікке,  арбау,  сыйыну,  қарғау,  сену,  қорқу  сияқты  қҧбылыстарға 

байланысты  туған  сҿздерді  қадірлейтін:  «Осының  бҽрі  Оңтҥстік  қазақтарынан  мол 

табылады» - деп отыратын [3, 159].  

«Суреткер  ҥшін  керемет  нҽрсе»  адамның  жаны  мен  жҥрегіндегі  кҿзге  ілінбес  кҿп 

иірімдерді  (Гоголь)  табу,  тану  жҽне  жазу.  Сезімнің  тілі  –  біртҥрлі,  тілсіз  тіл.  Сол  тілсіз 

сезімге  тіл  бітіргендей,  қағаз  бен  адамның  ішкі  кҥйінің  суретіне,  қҧбылысына,  қимылына 

айналдыру – суреткерден қаншалық нҽзіктікті, шеберлікті қажет ететіні тҥсінікті болуға тиіс. 

Ҽбділда Тҽжібаев ҿзі қҧрмет тҧтар рухани ағасының «ішкі иірімдеріне ҥңіліп», ҧлылықтың 

бейнесін  жасайды.    «Мҧхаңның  магниті  бар  тартатҧғын»,  -  деп  Ҽлібек  ҿлең  айтатын. 

Расында, Мҧхаң магнитті болатын. Оның білімін, ойшылдығын, лебізінен жылы лептей есіп 

тҧратын  ақылды  қамқорлығын  айтпағанда,  даусында,  жҥзінде,  кҿзінде  керемет  бір 

сыйқырлықтар  болатын.  Қазақ  ҽдебиеті  оның  баяндауынша  ҥн  қатып  тҧрған  тірі  тарих,  ал 

тарих жыр айтып, кҥй шертіп тҧрған халық-қауым сипатында кҿрінеді» дейді [7, 105]. 

Ҽуезов ҽңгімелерін баяндау арқылы да автор біріншіден Ҽуезовті танытса, екіншіден, 

оқырманға  эстетикалық  лҽззат  сыйлайды.  Ҽуезов  ҽңгімелерінің  танымдық  тағылымның 

маңыздылығын арттыру мақсатында автор Ҽуезовтің ҿзін сҿйлетіп отырады:  

«  -  Тарих  ең  ҥлкен  драма.  Сол  драманы  тҥсінбей,  кісі  тарихқа  тҥсінбейді.  Бҥгінгі 

ҿміріміз  одан  да  ҧлы  драма,  сол  драманы  тҥсінбей  –  ҧлы  кҥрестердің  мағынасын  біле 

алмаймыз.  Ал  соларды  білуге  драматургияның  кҿмегі  ҽбден  тиеді.  От  пен  судан,  кҥн  мен 

тҥннен  жарастық  табу ҥшін осылардың  керағар қайшылығын диалектикасын тани білуіміз, 

демек драмасын тануымыз қажет»[3, 161].  

Бҧл  естеліктегі  Ҽуезов  айтты  деген  ҽңгіменің  бірі  ғана.  Естеліктің  ҿн  бойы  тҧнып 

тҧрған  шҽкірттің-ҧстазға,  інінің-ағаға  деген  ыстық  ілтипаты.  «Қазақ  совет  ҽдебиетінің 

тарихында кҿрнекті орынға ие болған ақын–жазушылардың  бірі Ҽбділда Тҽжібаев», - деген 

сҿзді  Мҧхаң–Мҧхтар  Ҽуезов  –  қырыққа  енді  ғана  келген  тҧста  айтқан  екен.  Айтып  қана 

қоймай, сол кҿрнекті орынға ақынның қалай ие болғанын жалықпай талдаған»[6, 5].  

 «Мҧхаң  мені  біріншіден,  ойлау  логикасына  ҥйретті.  Мҧхаң  маған  персоналдардың 

кҽсібіне, ҿнеріне, ҿскен ортасына қарай ҽрекет жасауды ҥйретті. Олардың мінез-қҧлықтарын 

ашудың  логикалық  жолдарын  танытты.  Идеялық  қақтығыстармен  қатар  мінез,  ҽдет 

қайшылықтарынан  туатын  тартыстардың  қызықты,  ойға  қонымды  ҽңгімелерін  шебер 

ҧғындырды.  Мен  тҽжірибелі,  білімді  ағадан  балалықтан  естиярлыққа  ауысар  жолдама 

алдым»  [3,  78].  «Жыр  дариясы»  (Т.Молдағалиев)  атанған  Ҽ.  Тҽжібаев      М.  Ҽуезовтің 

бейнесін мына екі шумаққа сыйғызғандай:  

Қарашы, ҽне, Омарханҧлы Мҧхтарға, 

Емендер ғана осылай ҿсіп шықпай ма? 

Айта қойшы ҿзің білмейтін оны жҧрт бар ма? 

Тимесін кҿзің, тек, жаным, оған сҧқтанба. 

Ақкҿңіл еді-ау, баладай еді-ау мінезі, 


VI Халықаралық конференция

 

390 



 

Болмашы-ақ жерде ҿкпелеуші еді ілезде. 

Ал сынасқан жерде халқымның шығып атынан, 

Мың данышпанға беретін тҿтеп бір ҿзі.  

«Мҧхаң да, міне, ортамызда жарқырап тҧр. Біз оған сҥйсініп қараймыз. Мен осындай 

ҧлы  адаммен  бірге  жасағанымды,  ең  жақын  достарымның  бірінен  саналғанымды  шексіз 

мақтан етемін»,- деп аяқтайды Ҽуезов туралы естеліктерін абыз ақын.  

Оқырман  да  Ҽуезовпен  ҽңгімелесіп,  сыр-сҧхбат  қҧрғандай  ҽсерде  қалады.  Қос 

тҧлғаның    ғибратты  ғҧмыры  бҥгінгі  ізбасар  қаламгерлер  ҥшін  ҥлгі,  олардың  достығына, 

сыйластығына  тҽнті болып,  «ҥлкенге  қҧрмет,  кішіге  ізет» кҿрсетуді  танып біледі,  ҽдептілік 

ҽліппесінен  сабақ  алады.  Ҽбілда  Тҽжібаев  естеліктері  ақын  замандастарының 

шығармашылық шеберханасын зерттеуге таптырмас дереккҿз болары анық.  

 

Ҽдебиеттер: 



Бердібай Р. Ҽдебиетіміздің асқар тауы. «Қазақ ҽдебиеті»,   2003, 20 қыркҥйек, 5-бет.  

Тҽжібаев Ҽ.  Есімдегілер. Эсселер. Естеліктер. А., «Жазушы», 1993.  

Тҽжібаев Ҽ. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. А., «Жазушы», 1981.  

Сатыбалдин  Қ.  Таңдамалы  шығармалар.  4  томдық,  4-том.  Очерктер,  ҽдеби  сын  мақалалар. 

А., «Жазушы», 1975.  

Стиль сыры. Жинақ. (Редакциясын басқарған М. Н. Қаратаев). А.,«Ғылым», 1974. 

Тобағабыл Т. Ақын еді ол тҽңірі ҿзі жаратқан. «Егемен Қазақстан», 1999, 21 қаңтар. 

Қабдолов З. Сҿз ҿнері. Монография. А., «Жазушы», 2000. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

391 



 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ 

Абиыр Ақбота

 

С. Демирель атындағыУниверситет, Филология факультеті,  Қазақ филологиясы жҽне 



журналистика кафедрасының аға оқытушысы,  Ҽуезов ауданы, 8- ықшамауданы, №17 ҥй, 

№71 пҽтер, 050031, Алматы, Қазақстан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет