Видеолекция мәдениет морфологиясы



бет2/6
Дата15.11.2023
өлшемі41,53 Kb.
#123034
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1

Біріншіден, мәдениет дегеніміз институт ретінде шоғырланған қоғам өмірінің белгілі бір саласы (Мысалы, тармақталған аппараты бар мәдениет министрліктері немесе рухани құндылықтарды өндірумен және таратумен айналысатын мәдениет саласындағы мамандарды дайындайтын орта арнаулы және жоғары оқу орындары, журналдар, қоғамдар, клубтар, театрлар, мұражайлар және т. б.);
Екіншіден, мәдениет дегеніміз үлкен әлеуметтік топқа, қауымдастыққа, халыққа немесе ұлтқа тән рухани құндылықтар мен нормалардың жиынтығы (мыс: элиталық мәдениет, қазақ мәдениеті, жастар мәдениеті, жұмыс орны мәдениеті);
Үшіншіден, мәдениет рухани жетістіктердің сапалы дамуының жоғары деңгейін білдіретін түсінік, ұғым (Мыс: «мәдени, мәдениетті адам» - тәртіпті, тәрбие көрген деген мағынасында қабылдап жатсақ, «жұмыс орнының мәдениеті» дегенді «ұқыпты, таза функционалды кеңістік» мағынасында түсініп жатамыз).
Мәдениеттану әлемдік мәдениетке үлес қосқан елдер мен халықтардың мәдени жетістіктері, пайда болу тарихы, адамзат үшін маңызы туралы баяндайды. Мәдени құндылықтарды жинақтау және жеткізу процесі алғашқы қоғамдық дәуірде басталған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген мәдени құндылықтар адамзатты бүгінгі күнгі прогресске жеткізіп отыр. Сондықтан бұл курстың маңызы ерекше.
Мәдениеттанудың негізгі мақсаты мен міндеті - әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, мәдениеттану курсы нақты материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын көрсету болып табылады.
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Мәдениеттану адамзатпен жинақталған материалдық және рухани құндылықтарын негізге ала отырып, көптеген жаңа концепцияларды қарастырады. Мәдениеттанулық білім – бұл бірізділікке негізделген өзара әрекет, өзара әсер, сұхбат диалог өрісі.
Мәдениетті игеру биологиялық жолмен берілмейтін болғандықтан ол үйрену арқылы жүзеге асырылады. Әрбір ұрпақ оны үнемі жетілдіріп, содан соң ұрпақтан ұрпаққа жалғастырады. Егер үйрену, әлеуметтендіру процесі тоқтап қалса, бұл мәдениеттің тоқырауына, алған білімінің жойылуына әкеліп соғады. Мәдениет – адамның шығармашылық жаңғырту өмір қызметінің биологиялық формасынан айырмашылығы болып табылады.
Жаратылысынан толық аяқталмаған адам болмысы өзінің дамуын табиғат әлеміне қарама-қарсы жасанды әлем – мәдениетте, өркениетте дін, философия, өнер, ғылым арқылы жалғастырады. Жасанды дүние биологиялық жолмен тұқым қуаламайды, тек қоғамда, басқа адамдар арасында болып жатқан тәрбие мен білімнің нәтижесінде ғана меңгеріледі.
Мәдениеттану пәні - әлемдік және ұлттық мәдени процестердің объективті заңдылықтары, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері мен құбылыстары, адамдардың мәдени мүдделері мен қажеттіліктерінің пайда болуын, қалыптасуы мен дамуын, олардың мәдени құндылықтарды көбейтуге, сақтауға және беруге қатысуын басқаратын факторлар мен алғышарттар жиынтығы.
Мәдениеттанудың зерттеу объектісі - қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының мәдени аспектілері, негізгі мәдени-тарихи типтердің ерекшеліктері мен жетістіктерін анықтау, қазіргі әлеуметтік-мәдени ортадағы тенденциялар мен процестерді талдау болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет