Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды. Өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде « не жеймін, не киемін» сияқты мәселелер түбегейлі шешілген. Мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады. Х1Х ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүние жүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді.
Мәдениетке жүктелген мәселе бірқатар қоғамдық қызмет бойынша көрініс табады:
Адамдар мен жануарларға ортақ табиғи ортаға бейімделу қызметінде. Хомо сапиенс (саналы адам) әртүрлі жойқын күштерден қорғануға басқа тіршілік иелерінен әлдеқайда озық кетіп, екі түрлі жағдайға – табиғи және әлеуметтік құбылыстарға бейімделуге мәжбүр болды.
Танымқызметі ғылыми ізденістерге, ғылымды, білімді жүйелендіруге бағытталу және табиғат пен қоғам даму заңдарының шылуы, адамның өзін-өзі тануынан көрініс табады.
Реттеу қызметі қоғаның барлық мүшелерінің өмірі ме қызметінің барлық саласына, яғни еңбекке, тұрмысқа, топаралық, тапарлық, ұлтаралық, жеке адамдар арасындағы қойылатын талап пен норма жүйесі ретінде көрінеді. Мәдениеттің реттеу қызметі бірқатар деңгейде: адамгершілік нормасы, құқық. Әдет-ғұрыптар мен рәсімдер, тұрмыстағы мінез-құлық, адамдармен тілдесу мен табиғатқа қатынаста іске асады.
Әлеуметтік қызмет алғашқы қауымдық құрылыстағы биологиялық тіршлікі иесін білім, норма мен құндылықтардың белгілі жүйесін меңгерген, ойлау жүйесі жетілген қоғамдық адамға айналдыру міндетін атқарды.
Мәдениеттің қарым-қатынас қызметі ақпараттылықпен байланысты. Бұл қызметтің тасымалдаушылары: сөздік тіл, өнер бағыты (музыка, театр, кино, сонымен бірге белгілер мен формулалардың математикалық, физикалық, химиялық және басқа да ғылыми мәндері.
Ақпараттық қызмет тарихи ізділік пен әлеуметтік тәжірибелер туралы мәлімет береді. Уақыт пен кеңістіктегі ақпараттың берілу құралы – рухани және материалдық мәдениет.
Бағалау қызметі мәдениеттің қозғаушы күші адамның ақыл-ойы тудырған іс-әрекеті нәтижесінде құндылықтардың табиғи қалыптасуы жүреді. Тәжірибе жинақталуына сәйкес көптеген құндылықтар қайтақаралады, қалыптасқан дәстүр одан әрі байытылып, жаңалықтармен толықтырылады.