«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» викториналық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз еліне, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Сабақтың түрі: викторина
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Мұғалім:
- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Бастауыш сынып апталығы» өтіп жатыр.
Осыған орай біз де апталықта сайыс сабақ өткізуге рұқсат етіңіздер.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме ұстап басып аламын.
Ізгі әрі нәзік әрі мейірімді,
Болып кетер сонда меніңжан-жағым.
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» викторинасын бастаймыз.
Топқа бөліну./қатысушылар түстер таңдау арқылы топқа бөлінеді./
«Болашақ», «Жалын», «Сұңқар», «Достық». Ұрандарын айту.
Презентация арқылы сайыс шарттарымен таныстыру:
I сайыс - «Сөз құра,тез құра»
II сайыс - « Сұрақ-жауап»
III сайыс - «Сөзжұмбақ»
IV сайыс - «Сөз мағынасын білеміз бе?»
V сайыс - «Мақал-мәтелдер»
Ендеше бастайық.
I сайыс - «Сөз құра,тез құра»
-Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
Қ А Б А С – САБАҚ
Ұ Ж Н Қ А Р-ЖҰРНАҚ
II сайыс - «Сұрақ-жауап»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топ:
1. Қазақтың ұлы ақыны? Абай
2. Қазақ тұңғыш ағартушы ұстазы? Ы.Алтынсарин.
3. Сөйлеу түрлерін ата. Ауызша,жазбаша
4. Тудың авторы кім ? Шәкен Ниязбеков
5. Аптаның бесінші күні?жұма
Екінші топ:
1. Рәміздерді ата .Ту,елтаңба,гимн
2. Сөйлеу мәдениеті деген не? сыпайы сөйлеу,әдепті сөздер
3. Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?42 әріп
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? қазақ тілі
5. Аптаның төртінші күні қалай аталады? бейсенбі
Үшінші топ:
1. Апта күндерін ата?Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі
2. Буын үндестігі деген не? Бір сөз ішінде дауысты дыбыстардың не бірыңғай жуан,не біріңғай жіңішке болып үйлесіп келуі
3. Әнұранның авторларын ата?Жұмекен Нәжімеденов,Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев
4. Мәтіннің түрлері? әңгімелеу,сипаттау,пайымдау
5. Орыс тілінен енген әріптер? в,ф,щ,э,ю,я
Төртінші топ:
6. Қандай мерекелер бар? Тәуелсіздік күні,Республика күні,Наурыз
7. Қазақ тілінде түбір сөзге жалғанатын қосымшалар? жұрнақ,жалғау
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім? Қасым-Жомарт Тоқаев
9. Аптаның жетінші күні? жексенбі
10. Елтаңбаның авторы?Жанбарбек Мәлібеков,Шота Уалиханов
III сайыс - «Сөзжұмбақ»
Бұл аялдамада екі топқа бірнеше әріптер беріледі. Әр топ өзінің әріптерінен бірнеше сөз өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа жұлдызша беріледі.
IV сайыс - «Сөз мағынасын білеміз бе?»
Әртопқа сөздер беріледі.Сол сөздердің мағынасын түсіндіру керек
1 топ-жер жананаты –көркем,керемет,сұлу
2 топ-жіті қадағалау-назар салып бақылау
3 топ-шен алу-дәреже ,атақ алу.
4топ-бейтаныс-таныс емес,бөтен.
V сайыс - «Мақал-мәтелдер»
Топтар мақал-мәтелдер айтудан сайысқа түседі.
Тіл-көңілдің кілті.
Тіл қылыштан өткір.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Тіл-өлшеусіз қазына.
Өзтілің-бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін.
Тіл-ақылдың өлшемі.
Қорытынды.
- Ал, балалар бүгінгі викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды Қай топ көп жұлдызша жинайды сол топ жеңіске жетеді Балалар біздің викторинамыз соңына жетті.
Жеңген топты марапаттау.