М –иммундыглобулиндер (IgM) ауру басталғанан кейін 3-4 айдан соң қан сарысуында азайып жойылады, ал IgG көп жылдар бойы сақталады.
Инфекциядан кейін, IgG байланыстыөмірлікгуморальды иммунитетқалыптасады.
Гуморальдық иммунитеттен басқа ішек жолдарында жергілікті иммунитет дамиды.
Зертханалық диагностикасы
Зерттелетін материал: қан, сарысу, нәжіс;
ИЭМ (иммуноэлектронды микроскопия) әдісі арқылы вирус бөлшектерін н/се ИФТ, РИА арқылы вирусқа тән антигенді нәжістен анықтау;
Қос қан сарысуларын ИЭМ, ИФТ, РИА әдістері арқылы зерттеп вирусқа тән антиденелерді анықтайды.
А гепатитінің диагностикалық маркерлері
Маркерлер
Клиникалық маңыздылығы
IgM анти-HAV
Жедел (өткір) инфекцияны көрсетеді.
IgG анти-HAV
Гепатит инфекциясымен бұрын ауырғанын (о перенесенной инфекции) дәлелдейді, қанда өмір бойы сақталады.
А гепатитін алдын алу және емдеу
Спецификалық пассивті профилактикасы үшін иммуноглобулиндерді қолданады.
Спецификалық активті (белсенді) профилактикасы үшін инактивацияланған және рекомбинантты тірі вакциналарды қолданады.
Гепатит В вирусы
Гепатит В қан арқылы және қанмен жанасу (контакт) механизмімен берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Тұқымдастығы – Hepadnaviridae;
Туыстастығы – Orthohepadnavirus;
Түрі –гепатит В вирусы (Hepatitis B virus).
ГЕПАТИТ В ВИРУСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Сфера пішінді бөлшектер (орташа диаметрі -22 нм) және жіпше тәрізді түрлері (диаметрі -22 нм дейін, ал ұзындығы 50-230 нм) жие табылады.
Вирустық антигенге Дейн бөлшектері ие, ДНҚ және ДНҚ-тәуелді ДНҚ полимераза. Диаметрі 42 нм.