Протективтік липопротеидті НВs антигенінің жұқпалық қасиеті жоқ, бірақ бұл антиген материалда анықталса, ол вирус бар екенін дәлелдейді. Сондықтан НВs антигені В гепатиттің көрсеткіші болып саналады.
HBc жүрекшелік антиген. Бұл антиген вирустың гепотациттерде репликация басталғанын көрсетеді.
HBe жүрекшелік антиген. Созылмалы гепатитке шалдыққан науқастардың қанында бұл антигеннің табылуы процестің күшейгенін көрсетеді. Онда науқас эпидемиологиялық түрғыда қауіп туғызады.
HBх антигеннің гепатоциттердің қатерлі ісіктік трансформациялануына қатысы бар.
HBV ДАҚЫЛДАНДЫРУ
Бұл вирусқа сезімтал жалғыз жануар– шимпанзе, бірақ бұл ауру шимпанзеде клиникалық көріністерсіз өтеді.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Инфекция көзі – науқас адам немесе созылмалы вирусты тасымалдаушы.
Берілу жолдары: инъекциялық, гемотрансфузиялық және жыныстық қатынас арқылы.
Берілу механизмі: қан және контакт (жанасу) арқылы жұғады.
АҚШ-ҒЫ ПОСТТРАНСФУЗИОНДЫ ГЕПАТИТ
ПАТОГЕНЕЗІ
Инкубациялық кезеңі – 6 аптадан 6 айға дейін.
Гепатит В инфекциясына көбінесе 15-35 жас аралығындағы адамдар шалдығады.
Гепатит В кезінде қоздырғыштың ену қақпасы қан тамырлары болғандықтан вирус бірден қанға түседі.
Қан айналым арқылы ағзалардың барлығына таралады, ең алдымен гепатоциттерде орнығады.
Бұл вирустың тікелей цитолитикалық әсер ету қабілеті жоқ, сондықтан гепатоциттерді бұзбайды.
Зақымдау СD8 Т-лимфоциттермен және NK- жасушалар арқылы атқарылады. Олар вирус жұққан гепатоциттердің беткейінде жинақталған HBc антигендермен өзара әрекеттесіп, цитолитикалық реакцияны тудырады.