Вирустар бұл жасушалық құрылымы жоқ, өмірдің карапайым нысандарына жататын инфекциялык микроағзалар



бет7/8
Дата15.04.2023
өлшемі34,27 Kb.
#82678
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-18 билет

Биологиялық факторлар. Табиғатта микроағзалар әлемінің әртүрлі өкілдерi бiрлесiп өмір сүреді. Олардың арасында белгiлi бiр қатынастар орнайды. Әртүрлі немесе бір түрлі тірі ағзалардың арасындағы өзара қатынастардың барлық формалары микроағзалардың тіршілігіне әсер ететін табиғи немесе өндірістік жағдайларда, биологиялық факторлар болып табылады. Бұл факторларга селбесу, паразитизм, метабиоз және антагонизм құбылыстары жатады. Егер әртүрлі ағзалар арасындағы қатынастар өзара пайдалы болса, мұндай бірлесіп өмір сүру селбесу деп аталады. Микроағзалардың әртүрлі түрлерінің арасында, микроағзалардың және өсімдіктердің, микроағзалардың және жануарлардың арасында селбесу болуы мүмкін.


18 билет



  1. Тамақ өнімдері микробиологиясының мәні.

Тамак өнімдерінің микрофлорасы туралы тусiнiк оның популяциясын сапалык және сандық тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте накты микроағзалардың рөлін тек биоценоздың жан жакты талдауынан кейін ғана емес, сонымен катар зерттелетiн өнiмдердiн сапасы мен сипатын ескере отырып бағалау керек екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, энтерококктарды зәрнәжістен ластану белгісі ретінде қарастыруға болады, бiрак олардың тұқымын сондай-ақ кейбір өнімдерді, мәселен емдәмдiк катык немесе «Чеддер» ірімшігін дайындауда колданады. Тиісінше, тамак өнiмдерiнде өзіне тән және тән емес микрофлора болады.

  1. Еттің және ет өнімдерінің микробилогиясы.

Eт фаршы. Әдетте фарш микрофлорасы ет кесегінің микрофлорасына қарағанда айтарлықтай көп. Бұл етті фаршқа айналдыру процесінде еттің бетінде, тұтас фарш массасында болатын микроағзалардың бірыңғай таралуымен түсіндіріледі. Микрофлораның бөлiгi етке еттартқыштан және баска да жабдыктан түседі. Бұл, сондай ақ фаршта ауаның болуы, бұлшық ет тінінің бөлшектенген жасушаларының микроағзалар әсерiне қол жеткiзгiштiгi олардың шапшаң дамуына алып келеді. Бұзылу 1 г фаршта 5-10 млн бактерия жасушасы болған кезде бiлiнедi. Фаршты аз уакыт тек суык жерде сактау кажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет