Сірке-қышқылды ашу сіркекышкылды бактериялардың деп әсерімен этил спиртiн сiрке кышқылына қышқылдандыру аталады. Сірке-қышқылды ашудың коздырғыштары таяқша тәрізді, спораларсыз, аэробтык бактериялардың көптеген тобын құрайтын сірке-қышқылды бактериялар болып табылады. Олардың ішінде жылжитын және жылжымайтын формалар кездеседі. Сондай-ақ олар жасушаларының мөлшерлерiмен, спиртке деген әртүрлі төзiмдiлiгiмен және сірке қышқылын коп немесе аз жинақтауымен ерекшеленеді. Сірке-қышқылды бактериялар 10-12% спирттің шоғырлануын ұстап тұрады және 6-дан 11,5%-ға дейінгі ортада сірке қышқылын туғызады. Оның дамуының оңтайлы температурасы 20-35 шамасында құбылып тұрады. Сірке-қышқылды бактериялар ұзын жіптерге бiрiгуi немесе субстраттың бетiнде үлпек жасауы мүмкін. Олар табиғатта кеңінен таралған және піскен жидектерде, жемістерде, шарапта, сырада, кваста, ашытылған көкөністерде және т.б. кездеседі. Практикада сірке қышқылды ашыту сірке суын өндіру үшін пайдаланылады.
Сыртқы орта жағдайларының микроағзаларға әсері. Химиялық факторлар.
Химиялық факторлар. Бір химиялық заттар аз дозаларда микроағзалардың дамуын ынталандырады, көбейген дозаларда химиялық тежейді, ал жоғары дозаларда өлтіреді. Кейбір заттардың ерекше өлтіру касиеттері бар. Оларды антисептикалык немесе залалсыздандыратын заттар деп атайды. Спирттер белгілі бір шоғырлануында бактерицидті қасиеттерге ие болады. Этил спиртінің 70 % шоғырлануда бактерицидті қасиетi артады. Анағұрлым жоғары шоғырланулар бактериялардың бетіне түсетiн акуызды ұйытады және спирттін жасушаның тереңіне түсуін азайтады.
Беттік белсенді заттар амфифильді құрылымы бар органикалық косылыстар, яғни олардың молекулаларының құрамында полярлы бөлік және полярлы емес бөлік бар. ББЗ мысалы әдеттегі сабын және синтетикалык жуу заттары, сондай-ак спирттер, карбон қышқылдары, аминдер болуы мүмкін.
Сыртқы орта жағдайларының микроағзаларға әсері. Биологиялық факторлар.