1.3. Объектілер қасиеттері және оқиғалары
Форма және онда орнатылған компоненттер объектілер деп аталады. Олардың әрқайсысының ӛзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалар болады. Қасиеттер ретінде обектілердің сыртқы атрибуттарын, әдістер ретінде олардың әрекеттерін, ал оқиғалар ретінде қосымшалармен жұмыс істегенде белгілі бір әрекетті орындау үшін пайдаланушы тарапынан берілетін команданы қарастыруға болады. VB-пайдаланушының басты міндеті болып объектілерге қасиеттер мен әдістерді дұрыс таңдай білу мен код терезесінде оқиғаларды ӛңдеу процедураларын жазу болып табылады. Пайдаланушы жиі қолданатын оқиғалар:
Load – қосымша жүктелгенде пайда болады.
Click обектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын шертіп қайта жібергенде пайда болады.
DblClick – объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының батырмасын екі рет шерткенде ғана пайда болады.
GotFocus – объект фокусқа кірген сәтте пайда болады.
LostFocus – объект фокустан шыққан сәтте пайда болады,
KeyPress – объект белгіленген кезде кез-келген клавиша басу
MouseMove – объектінің үстіне курсорды апарғанда пайда болады
MouseUp – объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез келген батырмасын шертіп, қайта жібергенде пайда болады.
MouseDown – объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез келген батырмасын шерткенде пайда болады.
Объектіні екі рет шерту арқылы ашылған код терезесінде объекті мен оқиғаны басқаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |