Visual Basic негізі Оқу-әдістемелік құрал Орал, 2013


І тарау VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА ЖОБА ҚҦРУ НЕГІЗДЕРІ



бет2/12
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

І тарау VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА ЖОБА ҚҦРУ НЕГІЗДЕРІ




1.1. Visual Basic ортасы. Редактор терезесі

Visual Basic пакеті қолданбалы интерфейстер құру үшін стандартты ортаны ғана емес сонымен қатар есептерді шешуге де ӛзінің қолайлы ортасын ұсынады. Visual Basic–тің бір жақсысы, ол дайын кітапханалардан процедураны шақырады. Visual Basic стандартты емес басқару элементтерін құру мүмкіндігі бар (базада басқару элементтерін Active X деп те атайды). Active X ӛзімен бірге Microsoft технологиясын ұсынады. Active X идеясы - интернеттен шағын компонент құра алады және оны жүктей алады. Операциялық жүйенің функционалды мүмкіндіктерін кӛптеген қолданыстарда кеңейтеді.

Бейсик тілі ӛзінің даму кезеңінде процедуралық тілден бағытбағдарлау программалық (ББП) тіліне кӛше бастады. Бұл программаларды графиктік интерфейс құру барысында аталған бағытқа қатысты енгізілді. Қандайда бір оқиғада жіберілетін әрбір бағыт үшін процедура құрылады. Мысал үшін батырманы басу, т.с.с. ББП негізгі ұғымдарын қарастырайық.

Бағыт (объект) - нақты түрде сақталатын және ӛңделетін модель түрі. Ол есептелу ортасының басқа объектілерге хабарлама жіберу кезінде және хабарламаны ӛңдеу кезінде кӛптеген ықпалын тигізеді.

Хабарлама (сообщение) – жіберуші объектіден алушы объектіге берілетін белгілі бір түрдегі мәліметтердің жиынтығы. Хабарламаға бірнеше операциялық әдістерді орындау арқылы алушы оны реттей алады.

Әдіс (метод) – объект функцияларының және оның жұмысының алгоритмінің орындалуын анықтайды.

Жағдай (состояние) – бағыт мәліметтерінің барлық қасиеттерінің жиынтығы.

Қасиеті (свойства) – объект әрекеттерін және ішкі түрін анықтайтын объектілер параметрлерінің тізімі.

Оқиға (события) – қолданушы операциялық жүйенің жұмыс істейтін программаларында қалыптасатын белгілер. Оқиғаның түрлілігі хабар алмасу және тышқанды шерту арқылы таймердан түсетін және қателердің пайда болуы туралы хабарлама мысалдары болып табылады.

Басқару объектісі (объект управления) – бұл ақпаратты енгізу үшін қолданылатын операциялық жүйенің стандартты объектісі. Мысалы: командалық батырма, қосқыш, мәтін ӛрісі, ажыратқыш және т.б.

Класс – қасиеттері бірдей сол сияқты біркелкі терілген айнымалардың жағдайын және әдістерін жинақтау объектісі болып табылады.

Visual Basic-ті іске қосу үшін мына амалдарды орындаймыз Пуск— Visual Basic. Visual Basic –ті іске қосқанда экранда Project



Wizart жобаларының менеджері ӛзінің New Project терезесімен пайда болады. Терезе үш қосымша беттен тұрады: New–Жаңа жобалар, Existing–Қолданыстағы жобалар, Recent–Жақында пайдаланылған жобалар(1-сурет). New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдалады. Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады. Бұл бұрын дискіге жазылған жоба болуы мүмкін. Сондай – ақ Visual Basic комплектісінен әлдебір үлгіні таңдап алуға болады. Recent-қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет