Visual Basic негізі Оқу-әдістемелік құрал Орал, 2013



бет7/12
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Программалау Visual Basic

5-сурет


2. Формаға әр түрлі элементтерді орналастырып, олардың қасиеттерін ӛзгертіңдер.



Бақылау сҧрақтары:

1. Visual Basic программасы. 2. Visual Basic программасын іске қосу.



  1. Программа интерфейсі.

  2. Visual Basic ортасының терезелерін ата.

  3. Құралдар панелін қалай шығарады?


ІІ тарау ЭЛЕМЕНТТЕРДІ БАСҚАРУ ПАНЕЛІМЕН ЖҦМЫС


2.1. Label және TextBox, CommandButton объектілері

Бұл объект Windows-тың қолданушы интерфейсінің жиі қолданылатын мәтінді енгізу және бейнелеудің негізгі құралы.



TextBox (Текст) – формаға текстік және сандық шамаларды енгізуге және шығару үшін қолданылатын объект. Қосымша орындалғанда бұл ӛрісте жазылған мәтін редакцияланады. TextBox-тің негізгі қасиеттері:

Name – обьектіге ат беру,

Text – алаңға текст енгізу, тексті тікелей қасиеттер терезесінде немесе программалық кодта тӛмендегідей меншіктеу операторының кӛмегімен енгізуге болады.

Мысалы:


Text1.Text=‖ ‖ текстік алаңды тазарту

Text2.Text=Text1.Text

Х=Text1.Text

Aligment – текст сол жақтаумен, оң жақтаумен немесе ортамен түзету.

BolderStyle – жақтау орнататын бульдік шама.

ScrollBar – айналдыру белдеушелерін орнату

Font – шрифт орнату

ForeColor – шрифт түстерін орнату

BackColor – текст қорабын бояу

Tablndex – объектілердің табуляция тәтібіндегі реттік нӛмірін орнату.

TabStop – табуляция тәтібінен алып тастау.

ToolTipText – объектінің атқаратын қызметі туралы сыбырлап тұратын кӛмекші мәлімет орнату.

Enabled, Visible – қосымша орындалғанда объектіні ӛшіру қосуды және объектіні кӛзге кӛрінбейтін кӛрінетін етуді орнататын бульдік шамалар.

Locked – құлып, алаңға текст енгізу мүмкіндігін алып тастайтын немесе орнататын бульдік шама. Егер қасиеттің мәнін True етіп орнатса, онда объект тек кӛру режимінде ғана шығады, курсор кӛрініп тұрады, ал текст ӛшіруге немесе жаңа текст жазуға болмайды.

Multiline – енгізу алаңын кӛп қатарлы ететін бульдік шама, текст алаңын кӛп қатарлы ету үшін бұл шамаға True орнату қажет.

MaxLength – енгізуге болатын символ санын анықтайды. Қалыпты жағдайда мәні 0-ге тең. Бұл жағдайда кезкелген санды символ енгізуге болады.

Password Char – объектіге енгізілген символды басқа символға айналдыру(пароль енгізу барысындағы * символын шығаруға қолдану).

Label(Жазба) – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын объект. Кӛптеген қасиеттері TextBox-ке ұқсайды, ал одан ӛзгешеліктері: мұнда қосымша орындалғанда мәтін редакцияланбайды, бұл обьектіні батырма ретінде де пайдалануға болады.

Label –дің ӛзіне тән қасиеттері:

Caption – жазу орнату. Бұл қасиетке мән беру кезінде кезкелген әріптің алдына & (амперсенд) белгісі қойылса сол әріптің асты сызылып тұрады.

AutoSize – обьектінің шекара ӛлшемдерін жазудың ұзындығына байланысты горизонталь бағытта автоматты түрде созатын бульдік шама.

WordWrap – обьектінің шекара ӛлшемдерін вертикаль бағытта созу.

BolderStyle жазу алаңының түрін ӛзгерту, бұл қасиеттің мәнін 1-FixedSingle шамасына орнатса жазу алаңы TextBox секілді ӛзгереді, бірақ ондағы жазу редакцияланбайды.



CommandButton объектісі батырма жасау үшін қолданылатын кеңінен қолданылатын пайдалы объектілердің бірі болып табылады.

CommandButton объектісінің негізгі қасиеттері:

Caption – батырманың бетіне жазу орнатады. Label объектісіндегі сияқты бұл қасиетке мән беру барысында кез-келген әріптің алдына ―&‖ символын қойып кетсе, онда сол әріптің асты сызылып тұрады. Бұл батырмаларды басу орнына жылдам пернелер қолдану мүмкіндігін береді. Орнату алаңында ―&‖ символын қосымшада бұл объектінің тышқан құрылғысының батырмасымен шертілуін, Caption қасиетінің қолдану арқылы, жылдам пернелерге ауыстыруға болады.

BackColor – батырманың түсін орнату.

Picture – батырма бетіне сурет қою.

DisiblePicture – батырманың ӛшірілген күйінде ғана бетінен кӛрінетін сурет орнату.

DownPicture – батырманың басылған күйінде ғана бетінен сурет орнату.

Style – объектінің жоғарыда берілген графикалық қасиеттерін пайдалану мүмкіндіктерін орнату.

Cancel – Esc пернесін қолдану мүмкіндігін орнату.

Default – ENTER пернесін қолдану мүмкіндігін орнату. Батырма объектілерінің Default және Cancel қасиеттеріне мән бере отырып қосымшаларда батырмалардың атқаратын қызметтерін ENTER және Esc пернелерін басу арқылы орындатуға болады. ENTER пернесіне батырманың атқаратын қызметтерін орындату үшін, батырма объектісінің Default қасиетіне True мәнін орнату қажет. Ал Esc пернесіне орындату үшін Cancel қасиетіне True мәнін орнату керек. Егер формада бірнеше батырмалар орналассса, онда Cancel немесе Default қасиеттерінің True мәні береуінде ғана болуы тиіс.



Timer (Таймер) басқару элементі Timer батырмасы кӛмегімен жасалады. Таймер қайсыбір әрекеттерді бағдарламада белгілі уақыт аралықтарынан кейін іске қосып отыруға арналған. Оны форманың кез келген жерінде, тіпті басқа басқару элементінде орналастыруға болады, ӛйткені таймер бағдарлама орындалу кезінде ешқашан терезеде бейнеленбейді. Таймердің бір ғана оқиғасы бар – Timer.

Таймердің екі ең маңызды қасиетін:

Intervalмиллисекундпен (1мсек = 1/1000секунд) ӛлшенген уақыт интервалы.

Enabled – таймерді қосу мүмкіндігі. Егер Interval=0 немесе Enabled=false болса таймер жұмысын тоқтатады.



Мысал 1: «Электронды сағат» жобасын жасау.

- Date батырмасын шерткенде күнді, Time батырмасын шерткенде уақытты кӛрсету






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет