Объектілердің қасиетін орнату (Properties)
-
VB
объектісі
|
Қасиеті
|
Мәні
|
Label1
|
Caption
Font
Alignment
|
(Бос)
Times New
Roman, Bold, 24
2 - Center
|
Timer1
|
Interval
Enabled
(Кӛріну)
|
1000 True
|
Form1
|
Caption
|
Digital Clock
|
Command1
|
Caption
|
Date
|
Command2
|
Caption
|
Time
|
Private Sub Command1_Click()
Label1.Caption = Date
Timer1.Interval = 0
End Sub
Private Sub Command2_Click()
Label1.Caption = Time
Timer1.Interval = 1000
End Sub
2.2. Бағдарламалаудың негізгі элементтері
Visual Basic ортасы ашылысымен жаңа жоба бастамас бұрын жаңа форма мен жобаны жаңа бума ашып сақтап алған жӛн. Ӛйткені қосымша жасау барысында жаңадан кӛптеген формалар, жобалар тағы да басқа кӛмекші файлдар қолданылуы мүмкін. Сондықтан кӛптеген файлдардың арасында шатасып кетпеу үшін бір қосымшаның құрамына кіретін барлық файлдарды бір бумада сақтаған дұрыс. Жобаны сақтау үшін File-Save Project командаларын орындап, шыққан VB98 бумасын кӛрсетіп тұратын Save File As терезесінде ―Жаңа бума жасау‖ батырмасын басу арқылы жаңа бума жасап, оның ішіне жоба пен формаға ат беріп сақтаймыз. Егер форма басқа жобаларда пайдаланылмайтын болса, онда форма мен жобаға бірдей ат қоюға болады. Ал бумаға жасалып жатқан қосымшаға байланысты кез келген ат беруге болады.
Жоба файлы vbp-типті ал форма файлы frm-типті болып сақталады. Осы екі файл қосымшаның негізгі файлдары болып табылады. Бұлардан басқа қосымшаны Visual Basic ортасына кірмейақ іске қосуға мүмкіндік беретін бірден орындалатын ехе-типті файл жасауға болады. Ол үшін File-Make жоба аты.ехе командасын орындап шыққан Маке Project терезесінде бірден орындалатын файлға ат беріп сақтау керек. Жасалып жатқан қосымша жобалары мен формаларын жабу үшін File-Remove Project командасын немесе жобалар терезесінде курсорды проектінің атына апарып оң жақ батырманы басқанда шығатын жанама мәзірден Remove Project командасын орындау қажет. Форманы, жобаны немесе программалық код текстерін принтер арқылы қағаз бетіне шығару үшін File-Remove Print командасын орындап шыққан Print жоба аты терезесінде принтерге шығаратын элементтер жанына жалаушалар орнатып ОК батырмасын басу қажет. Ал принтердің параметрлерін орнату терезесіне шыға үшін Print Setup батырмасын басу керек.
Форма қолданушы интерфейсі құрамына кіретін басқару элементінің контейнері болып табылады. Кез келген қосымшаны жасау форманы жасаудан басталады. Форманың жиегін және сыртқы түрін ӛзгерту үшін BorderStyle қасиеті арқылы жүзеге асырылады. Оның мәндері:
-
Мәні
|
Тҧрақты сипаты
|
0 - None
|
VbBsNone – жиегі жоқ форма, оның ӛлшемін ӛзгерту мүмкін
емес
|
1 – FixedSingel
|
VbFixedSingel – форманың кӛрінетіндей жиегі болады.
Және жабу батырмасы болады.
|
2- Sizeable
|
VbSizable- қалыпты жағдайдағы мәні.
|
3- FixedDialog
|
VbDialog – бекітілген сұқбат терезесі.
|
4-
FixedToolWindow
|
Форма құралдар тақтасы тәрізді болады.
|
Форманың орындалған кездегі экрандағы ӛлшемін басқару үшін WindowsState қасиеті қолданылады.
Мәндері:
Normal (қалыпты жағдайда)
Minimized
Maximized
Кӛптеген жағдайда қосымшада бір емес бірнеше форма болады. Қолданушы оларды қажетінше іске қоса алады. Бірнеше форма ішінен негізгі (старттық) форманы таңдау үшін: Project-project Properties- Start Up Object пункті тізімінен қажет форма атын таңдау керек.
Форманы ашу яғни кӛрсету үшін Show қасиеті қолданылады. Форманы жасыру үшін Hide әдісі қолданылады. Жазылу форматы: Form1.Show; Form2.Hide;
Программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айнымалылар деп айтады. Айнымалылар қарапайым және индексті болады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие бола алады. Форманың жиі қолданылатын оқиғалары:
Initilize - форманы жүктегенге дейін, оны конфигурациялау кезінде болады
Load - форманы экранда бейнелеуге дейін, инициализациялаудан кейін болады
Unload - Load-қа қарама-қарсы оқиға, пайдаланушы форманы шынымен жабуды қалай ма, әдетте соны анықтауға қолданылады
QueruUnload - Unload оқиғасы алдында болатын оқиға. Пайдаланушы терезені шынымен жабуды қалай ма, бұл соны сұрату үшін қолданылады.
Terminate - форманы жабу кезінде болады.
Айнымалыларды Dim немесе Private қызметші сӛздері арқылы ӛзіне тән бір типпен процедураның басында сипаттап кетуге болады. Бірақ айнымалылардың соңғы меншіктелген мәндері процедура аяқталса да жадта сақталып қалып, олардың мәндерін жобаның басқа процедураларында қолдану үшін айнымалыларды код терезесінің бӛлігінде сипаттаған ыңғайлы.
VB программасында бүтін сандардан тұратын айнымалыларды сипат-тауда келесі берілгендер типтері қолданылады:
сандық (Integer типі- егер айналымы мәндері -32768 және 32767 аралығында жатса, Long типі- мәндері -2147483648 және 2147483647 аралығында жатса, Single типі- мәндері нақты сандар, Double типі- мәндері екі есе дәлдікті нақты сандар, Currency типі- мәндері ақшалық ); жолдық (String типі, мәндері символдық шамалар); дата (Date типі, күн-мезгілдік шамалар);
байттық (Byte типі мәндері 0-255 аралығында жатса);
логикалық (Boolean типі, логикалық шамалар, True-ақиқат және
False-жалған); аралас (Variant типі, мәндері әртүрлі аралас типтер); объектілі (object- объектілерге сілтемелерді сақтау).
Бір процедурада ғана қолданылатын қарапайым индексі жоқ айнымалылардың да сипаттамасы болады.
VB процедураларында пайдаланылатын арифметикалық ӛрнектер, амалдар және стандартты функциялар жазылады:
-
Арифметикалық
|
Салыстыру
|
Логикалық
|
Дәрежелеу амалы (^)
|
Теңдік (=)
|
Not
|
Алу амалы (–)
|
Тең емес (<>)
|
And
|
Кӛбейту және бӛлу амалы (*, /)
|
Кем (<)
|
Or
|
А-ны В-ға бӛлгенде бүтін бӛлігін шығаратын амал (А\В)
|
Артық (>)
|
Xor
|
А-ны В-ға бӛлгенде бүтін қалдығын шығаратын амал (A
mod B)
|
Кем немесе тең (<=)
|
Eqv
|
Қосу және алу (+,-)
|
Артық немесе тең (>=)
|
Imp
|
Текстерді біріктіруде – амалының орнына қолданылады,
конкатенация (&)
|
Маска (Like)
|
|
|
Типке сәйкестік (Is)
|
|
Sqr(x) – Х-тің квадрат түбірін шығаратын функция;
Int(x) – Х-тің ӛзінен аспайтын бүтін бӛлігін шығару
Fix(x) - Xтің бүтін бӛлігін шығару
Sgn(x) – Х-тің таңбасын анықтау үшін қолданылатын функция
Rnd (x) – кездей соқ сандар шығаратын функция
Abs(x) – х-тің модулі
Sin(x) – Х-тің синусы
Cos(x) – Х-тің косинусы
Str(x) – Х сандық шамасын символдық шамаға айналдыру
Val(x) – цифрлардан тұратын Х жолдық қатарын сандық шамаға айналдыру.
Мысал 2: Арифметикалық амалдарды (қосу, алу, кӛбейту, бӛлу) орындайтын арифмометр жобасын жасау.
Программасының орындалуы:
Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.
Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін ӛзгертіңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |