Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме



бет3/6
Дата08.12.2022
өлшемі29,1 Kb.
#55962
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 дәріс

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі, тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.
Е витамині (токоферол). Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды. Тәуліктік қажет мөлшері 1 - 1,5 мг
К витаминінің филлохинон (К) және фарнохинон (К) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның үюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протромбиннің өндірілуі тежеледі, қанның үю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. К витамині азық-түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.
Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады. Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т. б. өсімдіктерде көп болады.
Тамақтану. Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі (6-ші кесте). Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок - 1, май - 1, көмірсу - 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда Бұл көрсеткіштер 1:2:3.

Кесте 6 - Органикалық заттардың тәулік мөлшері, г





Жасы

Белок

Май

Көмірсу

2-3 ай

8-10

25-30

55-55

5-6 ай

12-15

30-40

60-75

1-1,5 жас

34-38

40-50

90-120

3-4 жас

42-46

60-70

180-230

5-7 жас

45-48

75-80

250-300

8-11 жас

55-57

80-95

350-380

12-14 жас

61-63

90-110

380-400

15-16 жас

66-70

90-110

420-450

Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.


Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15 %, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешкі 20-25 % болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңі ас 25-30, түскі - 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.
1.9 ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ИММУНИТЕТ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет