Литература:
1.
Базилевич С.В., Брылова Т.Б., Глухих В.Р., Левкин Г.Г. Использование инновационных и интерактивных методов
обучения при проведении лекционных и семинарских занятий // Наука Красноярья. –
2012.
–
№ 4. –
С. 103–
113.
2.
Осмоловская И.М. Инновации и педагогическая практика
//
Народное образование. –
2010.
–
№ 6. –
С.182–
188.
3.
Симоненко Н.Н. Управление образовательными услугами с применением инновационных методов обучения //
Вестник Тихоокеанского государственного университета. –
2012.
–
№ 2. –
С. 201–
206.
4.
Скрипко Л.Е. Внедрение инновационных методов обучения: перспективные возможности или непреодолимые
проблемы? // Менеджмент качества. –
2012.
–
№
1.
–
С. 76–
84.
5.
Федеральная
целевая
программа
развития
образования
на
2011–
2015
URL:http://old.mon.gov.ru/dok/prav/obr/8311/
(дата обращения: 17.04.2013)
Нәзгул Әужанова
(Талдықорған, Қазақстан)
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Мектепте ботаника пәнін оқытқан кезде бөлме өсімдіктерін кеңінен пайдаланады. Бөлме өсімдіктерін өсімдік
физиологиясында, өсімдіктердің жүйеленуі мен морфологиясында, сыртқы орта факторларының өсімдіктің өсуі мен
дамуына тигізетін әсерін көрсетуге болатын демонстрациялық материал болып табылады [4, 5 б.].
Ботаника курсын бастаған кезде «Гүлді өсімдіктермен танысу» тақырыбы бойынша мұғалім балаларға
өсімдіктер әлемінің сан алуандығын айтқан кезде, бөлме өсімдіктерін көрсетуге болады. Мұғалім әңгіме барысында
гүлді
өсімдіктердің мүшелерін кеппешөптер мен тірі өсімдіктен көрсеткенде, балаларда «гүлді өсімдіктер» туралы
ұғымдар қалыптаса бастайды. Сонымен қатар бөлме өсімдіктерін балалардың білімін тексерген кезде пайдалануға
болады. Ол үшін оқушыларға өсімдіктердің мүшелері мен гүлдің бөліктерін анықтауға тапсырма беріледі. Мұндай
тапсырмалар балалардың гүлді өсімдіктер туралы алған алғашқы білімдерін нақтылап, тереңдете түседі.
196
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
Оқушыларға сабақ үстінде өсімдіктердің жемісі мен тұқымын көрсету үшін мынандай бөлме өсімдіктерін
пайдаланады: аспарагус, кливия, кринум, фуксия, т.б. Бұл өсімдіктерді бөлме өсімдіктерімен жұмыс жасауды үйрете
отырып, оларды ботаника пәніне деген қызығушылығын арттырамыз [1, 3 б.].
Әр оқушы бөлме өсімдіктеріне бақылау жүргізу үшін 3
-
4 өсімдіктен таңдап алады. Оқушылар өздерінің
бақылауына алған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен танысады. Бақылау жұмыстарын үйде жалғастыруға
болады. Бұл жағдайда мұғалім үй жұмыстарының орындалуын күнделікті бақылап тұрады. Оқушылар бақылау
жұмыстарын жүргізу арқылы өз бетінше ізденуге үйренеді. Кейбір оқышуларға бөлме өсімдіктері ұнағандықтан, олар
бұл іспен айналысуды жалғастыра береді.
«Жасуша» тақырыбын өткен кезде оқушыларға бөлме өсімдіктерінің мүшелерін микропрепарат дайындап,
өсімдіктердің жасушаларын микроскоптан көруге тапсырма беріледі. Бұл тапсырманы оқушылар жақсы орындай
алады. Осы тәжірибеден оқушылар жасуша туралы білімдерін тереңдетіп, микропрепараттарды дайындауды,
микроскоппен жұмыс жасауды үйренеді.
Жапырақ, сабақ, тамыр мен гүлдің микропрепараттарын көру арқылы, оқушылар өсімдіктің кез
-
келген
мүшесі жасушалық құрылымынан тұрады деген қорытындыға келеді [5, 3 б.].
Микропрепараттарды дайндауға бұрандажапырақ, гемантус, канад элодеясы гүлдері қолайлы объект болып
табылады. Оқушылар гемантус жапырағының эпидермис қабатын ажыратып, өздері препарат дайындайды.
Микроскоп арқылы жасушаның эпидермисі мен саңылау тесіктері жақсы көрінеді.
Элодея жапырақтарының жасушалары 2 қабаттан тұрады. Микропрепаратты дайындау үшін элодеяның
жапырағын үзіп алып, заттық әйнектегі бір тамшы суға салып, бетін жұқа әйнекпен жабады.
Гүлдің жасушалық құрылысын бөрітарақ (гибискус) гүлінің күлте жапырағынан көруге болады. Өсімдіктердің
барлық мүшелерінің жасушалық құрылысын бір сабақта қарастырып үлгеру мүмкін емес, сондықтан төмендегідей
әдістемелік тәсілдер ұсынылады. Оқушылардың бір тобына жапырақтың препаратын дайындап, қарауға, екінші
тобына сабақтың, үшіншісіне тамырдың т.с.с. Сабақтың соңында жалпылама әңгіме жүргізу арқылы, оқушылар да
өсімдіктің барлық органдары жасушалық құрылымнан тұрады деген ой қалыптасады. Өсімдік мүшелеріндегі
жасушаның құрылысында болатын айырмашылықтарын айта келе, ұлпа туралы ұғымдарды қалыптастыруға
жеңілдік береді [5, 105 б.].
«Тұқым» тақырыбын өткен кезде цитрустардың тұқымын көрсетіп, олардың полиэмбрионымен таныстыруға
болады. Осыған байланысты цитрустардың бір дәнінен бірнеше өскіндер пайда болады. Цитрустардың дәндерін
қарастырғанда, оқушылар дәннің сыртын қалың қабық қоршап тұрғандығын көреді. Ол қалың қабық ауа мен суды
өткізбейді.
«Тамыр» тақырыбын өткен кезде бөлме өсімдіктерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда пайдалануға
болады. Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысын өткен кезде, көбіне тәжірибе жүргізуге тамыры өсіп шыққан
сабақтарды алады. Осыған сәйкес кейбір оқушыларда өтіліп жатқан материалдар тек жас тамырларға ғана
байланысты деген теріс ұғым қалыптасады. Оқушылардан тамырдың түрлерін, олардың құрылысын сұрағанда айта
алмайды. Оқушылардың біліміндегі осындай білместікті жою үшін бөлме өсімдіктерін (соның ішінде аквариум
өсімдіктерін) жүйелі түрде сабақта пайдалану керек. Аквариумда қалқып өсетін пистияның тамыры жақсы көрінеді.
Оқушылар қосалқы тамырлардан бүйір тамырлардың пайда болатынын көреді. Бұрандажапырақтың тамыры жұқа,
түссіз болғандықтан микроскоп арқылы тамырдың жасушасының құрылысын көруге қолайлы.
Традесканцияның сабағын ылғал камераға қоятын болсақ, қосалқы тамырлары біраз уақыттан кейін өсе
бастайды. Бұл тамырларды жай көзбен де көруге болады. Егер осы тамырдың ұшын кесіп тастаса, онда тамырдың
жоғарғы бөлігі тарамдалып, бүйір тамырлар өсе бастайды [4, 41 б.].
Ылғал камера жасау үшін бос аквариумдарды пайдалануға болады. Аквариумның түбіне жақсы шайылған
өзен құмы мен сорангумды салады. Мүктің бетіне шымды, қарашірігі мол топыраққа құмды араластырып салады.
Осы қоспаға традесканцияның бұтағын егеді. Топырақты жақсы суғарады. Сол кезде бұтақтардан қосалқы тамырлар
пайда бола бастайды.
Тамырдың су мен ондағы еріген минералды тұздарды сіңіруін қынагүл өсімдіктерінен көруге болады. Ол
үшін сабақ алдында бұл өсімдіктің фуксинмен немесе қызыл бояумен боялған сумен суғарады. Оқушылар боялған
судың өсімдік бойымен көтеріліп, мүшелерге таралуын көреді. Тамырдың қысымын көрсету үшін қазтамақ гүл,
плектрантус, дауыр айұрығы, циссус, бальзамин сияқты бөлме өсімдіктерін пайдалануға болады.
Қоректі заттардың өсімдіктің өсуі мен дамуына тигізетін әсерін траденскацияға тәжірибе жасап көруге
болады. Ол үшін тәжірибеге бірнеше ыдыстарды алады. Бір ыдысқа дистильденген су, 2
-
не сұйытылған топырақ
ерітіндісі, 3
-
не әр түрлі қоректік ерітінділерді құйып қояды. Ыдыстың ішінде жасыл балдырлар пайда болмас үшін
сыртын қара қағазбен қаптайды. Аузын тығынмен тығындайды. Тек өсімдіктің бұтағы сиятындай тесік қалдырады.
Ыдыстағы су мен ерітінділерді әрбір екі апта сайын ауыстырып отырады. Тәжірибенің қорытындысын кестеге
толтырады [2, 37 б.].
«Жапырақ» тақырыбын өткен кезде бөлме өсімдіктері таптырмайтын тірі көрнекілік болады. Бұл тақырыпты
қыс кезінде өтетіндіктен, табиғаттан тірі жапырақтарды көру мүмкін емес.
Бөлме өсімдіктерін сабақта пайдалану арқылы мұғалім оқушының сабақтағы қызығушылығы мен
белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, ол оқушыларда диалектика
-
материалдық көзқараспен, аттеистік тұрғыдан
қарауға табиғаттың эстетикалық сұлулығын қабылдауға, практикалық шеберліктерін дамытуда, ауыл шаруашылық
мамандықтардың қажеттілігін түсінуге үйретеді. Бөлме өсімдіктерінен мұғалім жапырақтың тақтасын, сағағын
көрсете алады. Сағақты жапырақты –
қазтамақ гүл, қынагүл, бегония, монстера т.б. Сағақсыз жапырақтарға –
амариллистерден, кливия, т.с.с. көрсете алады. Бөлме өсімдіктерінен жапырақ тақтасының әр түрлі формаларын
көрсете алады. Домалақ пішінге ұқсас жапырақ тақтасы –
сенполия, наурызгүл, тасжарған т.б.; жұмыртқа пішін –
фусция, бөрітарақ, қынагүл және т.б.; сопақ пішін –
калатея, лигутрум, гортензия, дауыр айұрығы т.б.; пішіні садаққа
ұқсас –
аққанат, шаянот т.б.; ланцетникке ұқсас –
панкрациум, амариллис, кливия [3, 11
-
144 б.]. Мұғалім жапырақтың
жүйкеленуін айтқан кезде жүйкеленудің түрлерін жапырақтардан көрсетуіне болады. Мысалы, зеорирантес пен
циперуста параллель жүйкелі; традесканцияда доға іспеттес; саусақ сияқты жүйкелену –
аралияда болса; торлы
жүйкелену –
бальзаминдерде, фикустарда, пеларгонияда, циссуста, гибискус пен т.б.
Сабақты қорытындылап, бекіту үшін балаларға өз бетінше
бөлме өсімдіктерін салыстырып, кесте толтыруға
тапсырма беріледі.
Тапсырмасы жазылған карточка төмендегідей болады:
1.
Биология кабинетіндегі бөлме өсімдіктерін қарап шығу.
2.
Олардағы жапырақтың торлануы, орналасуы мен жапырақ тақтасына сипаттама беру.
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
197
3.
Жапырақтың пішінін анықтау, жүйкеленуі, жапырақ тақтасының жиегіне, сабаққа бекінуіне сипаттама
беру.
4. 5-
6 өсімдіктердің атын жазып, кестені толтыру (кесте №2).
Бұл тапсырманы оқушылар сыныпта немесе үйде орындауына болады.
Кесте №2
№
Өсімдіктің аты
Жапырақтың
пішіні
Жүйкелену
формасы
Жапырақтың
жиегі
Сабаққа бекінуі
Бөлме өсімдіктерін жапырақ жасушасының құрылысын өткен кезде пайдалануға болады.
Жапырақтың қабығы, саңылау тесіктерінің құрылысы мен олардың қажеттілігін амариллис, традесканция,
пеларгония немесе кливия сияқты өсімдіктермен зертханалық жұмыс кезінде мұғалімнің бақылауымен көруге
болады [2, 58 б.].
Қыс кезінде балалар жарықтың әсерінен жапырақтарда крахмалдың түзілетінін көреді.
Бөлме өсімдіктерімен зертханалық жұмыстарды жүргізу
1.
Өсімдіктерді (мысалы, аралия, пейрескияны) телуге дайындайды. Ол үшін олардың үстіңгі бөлігін
қиғашынан кесіп, ортасын 1,5
-
2 см етіп тереңдетеді.
2.
Телінетін өсімдіктерді (мысалы, плющ, зигокактус) 2
-
3 бүршігі бар бұтағын ұзындығы 6
-
7 см етіп кесіп
алады. Бұтақтың төменгі бөлігін конус тәрізді етіп кеседі.
3.
Бұтақты алдын
-
ала дайындалған телінетін өсімдікке камбий қабаттарын сәйкес келтіріп, беттестіреді де
қалың жіп немесе лентамен орап тастайды.
4.
Телінген өсімдіктерді температурасы 15
-18
0
С болатын жылы бөлмеде, тікелей күн
сәулесінің түспеуін
қадағалайды. Жиі суғарып отырады.
5.
Бақылау жүргізіп кестені толтырады.
Гүлдердің құрылысымен оқушылар зертханалық жұмыста танысады. Таратпа тірі көрнекіліктер ретінде:
примула, амариллис, кливия немесе панкрациумды алуға болады. Оқушылар өз беттерінше жұмыс жасаулары үшін
оларға нұсқаулар жазылған карточкалар беріледі.
1.
Гүлдің әр бөлігін жеке
-
жеке қарау.
2.
Тостағанша жапырақтарын (егер олар бірігіп өсіп кеткен болмаса) бөліп алып, қағазға желіммен
жабыстыру.
3.
Күлтелерін ортасынан бөліп, жазып, тостағанша жапырақтарының астыңғы жағына желіммен
жабыстырылады.
4.
Күлте жапырақтарының астыңғы жағына аталықтарды қағазға жабыстырады.
5.
Аналықтарды ортасынан бөліп, жартысын аталықтардың астына желімдейді.
6.
Гүлдің төменгі бөліктерін де қағазға желімдейді де, гүлдің әрбір бөлігінің атын жазады.
7.
Амарилис, кливия, орукция, бегония мен примула гүлінің сыртқы құрылысын кестеге жазу.
«Өсімдіктер тұтас организм» деген тақырып бойынша оқушылардың өсімдіктер туралы алған білімдерін
қорытындылап, бекіту мақсатында мұғалім оқушылардың өсімдіктердің мүшелерінен жасаған микропрепараттарын
көруге тапсырма береді. Оқушылар берілген микропрепараттардан өсімдіктердің құрылысын көріп қана қоймай,
олардың қызметінің бір
-
бірімен байланысын анықтауы керек.
Бөлме өсімдіктерінің көмегімен «өсімдіктердің вегетативті көбею» жолдарын көруге болады. Бұл
тәжірибеден оқушылар бөлме өсімдіктерін көбейту арқылы жаңа особьтарды өсіруді үйренеді.
Өсімдіктерді бұтағымен көбейтуді оқушылар зертханалық сабақтарда мұғалімнің дайындап әкелген
карточкасы бойынша жұмыс жасап үйренеді.
1. Берілген бөлме өсімдіктерінен 3
-
4 жапырағы бар бұтағын қайшымен кесіп алады. 2. Бұтақтың астыңғы
жапырақтарын алып тастап, суға салады да, жылы, жарық бөлмеге қояды.
3. Әрбір 3
-
4 күннен кейін ыдыстағы суды таза сумен ауыстырып отырады.
4. Бақылаудың қорытындыларын кестеге толтыру. Тамыры шыққан бұтақтарды топыраққа отырғызу.
5.
Жас өсімдіктердің жапырақтарының суды буландыруын азайту үшін банка немесе стақанмен, тамыр
жүйесі толық дамып болғанша жауып қояды. Өсімдіктерді бұтағынан көбейту кезіндегі жұмыстарды қорытындылау.
Әдебиет:
1.
Журкова Е.Н., Ильин Е.Я. Комнатные растения. –
М: Просвещение, 1998. –
186 с.
2.
Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. –
Алматы: Санат, 2004. –
305 б.
3.
Қалиұлы Байынқол. Өсімдіктердің орысша
-
қазақша атаулары. –
Астана: 1С
-
Сервис ЖШС, 2005. –
144 б.
4.
Клинковская Н.Н. Комнатные растения в школе. –
М.: Просвещение, 1986. –
208 с.
5.
Калинова Г.С., Мягкова А.Н. Методика обучения биологии в 6–7 классах. ‒
М.: Просвещение, 1989
.
‒ с.224., ил.
Нәзгул Әужанова
(Талдықорған, Қазақстан)
«КЛЕТКАНЫҢ МИТОЗЫ» ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Ағзалардың көбеюі мен жеке дара дамуы» тақырыбы генетика негізін түсінудің жақсы бастамасы болып
табылады. Бұл тақырыпты оқып білу, салыстыру, талдау, ортақ тұжырым жасау, жалпы себеп
-
салдарына
байланысты айқындау оқушылардың түсіну қабілетін күшейтіп, байқағыштығын дамытады. Практика көрсеткендей,
оқушылар митозды түсініктемеден кейін микроскоппен микропрепараттарды көріп шықса, «Клетканың бөлінуі.
Митоз», «Жынысты және жыныссыз көбею», «Мейоз», «Жыныс клеткасының түзілуі және ұрықтану», тақырыптарын
жақсы қабылдайды.
Митозды түсіндіруге ұстаз ерекше зер салуы керек. Себебі митозда болатын үрдістер дұрыс қабылданып,
дұрыс игерілсе оқушылар мейозды оңай түсінеді. Көп клеткалы өсімдіктер мен жануарлардың жеке дара дамуы
негізінде салмақтың өсуі ағзалардың көлемі негізінде –
клетканың бөлінуі жатыр. Клетканың бөлініп дамуының кең
198
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
тараған әдісі –
генетикалық материалдың ‒ ұрпақтың клеткалар арасында дәрежелі бөлінуін және клеткаларың
ұрпақ буынындағы хромосомалардың қабылдағыштығын қамтамасыз етуі –
митоз болып табылады.
Митоз –
соматикалық клетканың бөлінуі. Соның әсерінен диплоидты хромосом жиынтығынан тұратын екі
клетка пайда болады. Тұңғыш рет плаун спораларындағы митоз фазасының қатарын орыс ботанигі И.Д.Чистяков
1874 жылы суреттеп жазды. 1876 жылы Э.Страсбург өсімдіктердегі митоздың сыртқы айқындалуын жазды. Ал,
В.Флемминг 1862 жылы жануарлардағыны жазды.
Митоздың әмбебапшылдығы жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігін дәлелдейтін себептің
бірі болып табылады. Бөлінетін клеткалардың өмірінде үш басты кезеңді айтуға болады:
бөлінуге дайындық (интерфаза);
ядроның бөлінуі (митоз);
цитоплазманың бөлінуі (цитокинез).
Интерфаза клетканың өміріндегі ең маңызды кезең болып табылады. Себебі бұл кезде клеткада синтездеу
процесі қарқынды жүреді. Соның нәтижесінде ДНҚ екі еселенеді (бұл әр хромосома өзі сияқтыны тудырады,
интерфаза соңында екі хроматидтен құрылады). Әр түрлі ақуыздармен АТФ түріндегі энергия жинақталады. Олар
бөлінудің сатылы үрдістеріне қажет барлық цитоплазма органоидтарының саны өседі. Интерфазалық ядро жарық
микроскоп астында көрінбейтін құрылымнан (ядрошықтан басқа) тұрады.
Клетканың өмірінде маңызды орын алатын интерфазада болатын процестердің қажеттілігі бүкіл бөліну
кезеңінің 90% уақытына сәйкес. Митоздың барлық фазалары жануарлар клеткасында 30
-
60 минутқа, ал,
өсімдіктерде 2
-
3 сағатқа созылады. Митоз фазаларының сипаттамасын дәріс әдістемесімен, кестелер арқылы
«Митоз: өсімдік клеткасындағы митоз бен мейоз» және компьютерге арналған «Табиғат энциклопедиясы» дискетінің
көмегімен беруге болады. Оқушылар жаңа терминдерді жазып, сабақ соңында «Митоз фазаларына сипаттама»
кестені толтыруы тиіс. Әр фазаға тән басты үрдісті нақты жіктеу керек. Ал, профазаға мыналар тән:
хромосомалардың спирализациясы;
екі центриольдардың қарама
-
қарсы полюске ажырауы;
центриольдардан бөлінгіш жіп түтікшелерінің пайда болуы;
профазаның соңында ядролық бүркеншекпен ядрошықтың ғайып болу әсерінен цитоплазма
кариоплазмамен қосылып микоплазма пайда болады.
Бірақ хромосомдар цитоплазмада еркін орналасқан деп айтуға болмайды. Хромосомалардың қысқаруы мен
жуандану процесі олардың спирализациясы кезеңінде мынадай тәсіл пайдалануға болады. 3 см екі сым темір алып:
біреуін салыстыруға қалдырамыз, ал, екіншісін қарындашқа ораймыз. Осы іс
-
әрекетіміздің көмегімен көрсетуге
болады
Метафазада екі маңызды кезеңді атап айту керек.
Хромосомалардың экватор жазығында орналасуы;
Центромелерге бөлінген жіп түтікшелердің қосылуы (әр полюстан бір жіптен әр центромерге екі жіптен
бекітілген).
Профазада бөлінген жіп түтікшелердің пайда болуы, және олардың әр центромерге екіден қосылуы
метафазада мұрагерлік материалдың біркелкі орналасуы. Митоздың келесі фазасы –
анафаза.
Анафаза түтікше жіптің бөлінуі, қысқарауы, центромерлер үзіледі және әр центромердің жартысы полюске
жіппен тартылады. Міне, осының салдарынан анафазада әр хромосомадағы екі хроматидтің екі қарама
-
қарсы
полюске ыдырауы жүзеге асады. Ыдырау барысында әр хроматид өз бетінше хромосомаға айналады. Митоздың
ақырғы фазасы телофаза. Өзінде өтетін үрдістерге қарағанда профаза қарама
-
қарсы болып табылады. Онда да үш
негізгі кезең бар:
хромосомалардың деспирилизациясы;
бөлінген түтікше жіптің жойылуы;
ядро мен ядро қабықшасының пайда болуы.
Түсіндіріп болған соң мұғалім оқушыларға «Пияз тамыршасындағы кариокинез» микропрепаратын көріп
шығуды ұсынады. Бүкіл митоз фазаларын тез көріп шығу үшін сабақтың бұл бөлігін былай өткізуге болады.
«Митоз» кестесінде митоздың әр фазасының тұсына микроскоппен жұмыс істеуге
қолайлы, оның реттік
нөмерін көрсететін сан жапсырылады (интерфаза
1, профаза
2, метафаза
3, анафаза
4, телофаза
5).
Сабақ алдында мұғалім
,
не ассистенттер бес микроскопты кестеге
қаратып, орналастырады. Оның әрқайсысына
«Пияз тамыршасындағы кариокинез» микропрепараты салынады. Препаратты окуляры
15, ал,
объективі –
40
болуы керек.
Сонда ғана митоздың фазаларын жақсылап көруге болады. Барлық 5 микроскоптың окулярларында
көрсеткіштері болуы керек. Олар жоқ болса
,
кім
болса да
оны оңай жасап ала алады.
Окулярдың көрсеткіш тілін даярлау
Ол үшін окулярдың екі линзасында шешіп алып ішкі сақинасына қылшық
кесіндісін саламыз. Содан соң ұзын инені ерітілген парафинге майыстырып
қылшықтың үстіне тамызамыз. Парафин қатайғанда қылшықты қайшымен ортасынан
кесемізде екі линзаны орнына бұраймыз. Әр микроскоптың қасына кестеге сәйкес
цифрларды қоямыз.
Бірінші микроскоптың препаратына көрсеткіш интерфазалық ядроға
белгіленуі керек, екінші микроскопта профазалық ядроға, үшіншісінде метафазалық
ядроға т.с.с. Әр микроскоптың астында оқушының назары тек бір мұғалім белгілеген
фазаға тұйықталуы тиіс. Препараттармен жұмыс істеу кезінде оқушылар митоз
фазаларының сипаттамалары деген таблицасына қарап шығулары тиіс. Әр фазаның
ерекшеліктерін белгілеп, айқындаулары қажет. Препараттарды қарап шығар алдында
мұғалім, әр фазаның өзіне тән сыртқы белгілері туралы айтады.
Интерфазада ядро өте ақшыл, бірақ цитоплазмадан анық бөлінген.
Профазада спиральданған хромосомалар қара жолақшалар түрінде көрінеді, олар бүкіл ядроның көлемін
толтырып тұрады, ядрошық пен қабықша мұнда жоқ. Профазаның басында спирализация енді басталғанда ядрода
хромосомдардың қара жолақтары емес, қара қойыртпақтар мен жолақ қауыздар көрінеді.
Метафазада экваторда хромосомдар еркін түрде көрінеді, бұл хромосомдардың иықтары экватордың
сыртында жатып полюстарға бағытталып орналасады.
Анафазада ажырасатын хроматидтер, керісінше өз аяқтарымен экваторға бағытталып, полюске қарай
центромерасымен алға қозғалады.
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
199
Телофазада бір клетканың қарама
-
қарсы шеттерінде екі қара түйіншек көрінеді. Бұл ажырасқан
хромосомдар. Телофазада соңында бауырмал клеткалар арасында болатын бөлік анық көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |