«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет75/90
Дата21.02.2017
өлшемі9,75 Mb.
#4635
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90

 
Література:
 
1. 
Бальсевич В.К. Физическая культура для всех и каждого –
 
М.:ФиС, 1998.
 
2. 
Барабанов А.Г. Высшее физкультурное образование. Проблемы и решения. –
 
М.:ФОН, 1995.
 
3. 
Бальсевич В.К., Закорожанов В.А. Фізична активність людини.
-
Київ: Здоров’я , 1997
 
4. 
Выдрин В.Н. Деятельность специалистов в сфере физической культуры. Учеб. пос. –
 
СПб., 1997.
 
5. 
Гостев  Г.Р.  «Спорт  для  всех»  и  спорт  высших  достижений  //  Материалы  IV  Международного  научного 
конгресса «Олимпийский спорт и спорт для всех», 16
-
19 мая 2000.
 
6. 
Лотоненко  А.В.,  Щукин  Б.Д.,  Гостев  Г.Р.  Здоровый  образ  и  спортивный  стиль  жизнедеятельности 
студенческой молодежи: Учеб.
-
метод. пос. –
 
Воронеж: ВГУ, 2000.
 
7. 
Олійник М.О, Скрипник А.П. Правові основи організації та управління фізичною культурою, спортом і туризмом 
в Україні. ХДАФК, 2000.
 
8. 
Столяров В. И.
 
Ценности спорта и пути его гуманизации. –
 
М.: РГАФК, 1995.
 
9. 
Столяров  В.  И.,  ИпатовД.  И.
 
Проблема  гуманизации  современного  спорта  и  пути  ее  решения  //  Ценности 
спорта и пути его гуманизации / Сост. и редактор Столяров В. И. –
 
М.: РАО, Гуманитарный Центр «СПАРТ», 
РГАФК, 1996. –
 
С. 61.
 
 
 
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
319 
 
 
 
 
СЕКЦІЯ:
 
ФІЛОЛОГІЧНІ НАУКИ
 
Рысгуль Абилхамиткызы
 
(Астана, Казахстан)
 
 
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ «ТАМҰҚ» РОМАНЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУДІҢ СИМВОЛИКАЛЫҚ МӘНІ
 
 
Ш.
 
Мұртаза  –
 
Қазақстанның  халық  жазушысы,  аты  аса  да  айқындауышты  қажет  ете  бермейтін  қоғам 
қайраткері.  Қаламгер
 
қаламынан  туған  повестер  мен  романдарды,  әңгімелер  мен  драмалық  шығармаларды 
оқырмандар іздеп жүріп оқиды.
 
Сондай кең құлашты, өзекті шығармасы –
 
бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар 
ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы
-
қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» –
 
халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін 
жайт, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, 
керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.
 
Кеңестегі Тұрар Рысқұловтың қорытынды сөзіне зер салайық: “Орталық мемлекеттік аппарат өздеріңізге 
мәлім мүдделерді қорғап әбден қалыптасып қалған. Енді оны сол қалыптасып қалған бағыттан басқа жаққа бұру 
жеңілге түспес. Аппарат ұлттық аймақтардағы  ерекшеліктерді есепке алуға бейімделмеген. Керек десеңіз, оның 
жетекшілері  қандай  ұлттардың  қайда  тұратынын  да  білмейді.  Онда  жұмыс  істейтін  шенеуніктер  ұлтшылдық 
пиғылмен уланған, ұлыдержавалық шовинизм тура осы орталық мекемелерден тарап отыр. Қазіргі экономикалық 
саясатта  елді  индустрияландыру  мәселесі  –
 
ең  негізгі  мәселе.  Міне,  осы  мәселеде  де  ұлттық  аймақтардың 
түпкілікті мүдделері мүлде есепке алынып отырған жоқ”.
 
«Тамұқ»  романы  Тұрардың  жас  келіншегін  алып,  Кисловодск  курортына  келе  жатқан  жаймашуақ 
тіршіліктен басталады. Бәрі де өзі ойлағандай болар ма еді, егер де Кисловодск курортында ойламаған жерден 
Голощекинді  көрмегенде.  Голощекинді  алғаш  көргенде  Тұрар  мен  келіншегі  Әзиза  бекер  тіксіне,  тыжырына 
қалмаған екен. Т.Рысқұловтың аласапыран айтысқа толы айқасы содан басталады. Қазақтардың басына түскен 
зұлмат заманның тууы үкімет басына Голощекиннің келуімен өрістей түскен. Алдымен мал басын 16 есеге дейін 
кемітіп,  әрбір  отбасында  3  бас  ірі  қарадан  ғана  қалдырылғаны,  ондай  азын
-
аулақ  малмен  халықтың  өзін  –
 
өзі 
асырауы тіпті де мүмкін емес еді. Ол түгіл сол малдың өзін де асырау оңай емесі белгілі еді?
 
Халықтың  мұндай  аса  ауыр  жағдайын  көзбен  көрген  Ресей  Федерациясы  кеңхалкомы  төрағасының 
орынбасары болып тұрған кезінде Тұрар Рысқұловтың тікелей Сталиннің өзіне жазбаша хабарлама түсіргенін де 
білеміз.  Онда:  «Ашыққан  халыққа  тамақ  жетістіріп  беру,  олардың  Қытайға  өтіп  кетуіне  кедергі  жасау,  ал  өтіп 
кеткендерін  кейін  қайтарып  әкелуге  жәрдемдесу»  туралы  айтылған  еді.
 
Сонымен  бірге,  халықтың  қолындағы 
бұрынғы  40  миллиондай  малдан  тек  5  миллиондайы  ғана  қалғанын  тілге  тиек  етіп,  оларды  малдандыруға 
жәрдемдесу,  тұқымдық  қордан  егін  егуге  тұқым  бөлу,  көшіп
-
қонудан  қалған  елдің  халқын  түгендеу  үшін  халық 
санағын өткізу, Қазақстан басшылығынан Голощекинді әкетіп, оны басқа басшымен ауыстыруды да сұраған екен. 
Бұл өтінішке көсем құлақ аспаған.
 
…Қазақстандағы аштықтан соң сталиндік репрессия жалғасқан. 1936
-
1937 жылдардағы «Тройка» (партия 
ұйымының  1  хатшысы,  прокурор,  НКВД  қызметкері)  деп  аталатын  үштік  тұтқындар  тағдырын  сотсыз  шешетін 
құқыққа ие болған. 1929
-
1933 жылдар аралығында «ППО», «ГПУ» үкімімен 9845 адамға қылмыстық іс көтеріліп, 
22  933  адамға  сот  жазасы  тағайындалған,  оның  3386
-
сы  атылып,  13101
-
і  үш  жылдан  10  жыл  мерзімге  дейін 
концлагерьлерге жіберілген. Міне, Қазақстанға төнген қауіп, Т.Рысқұловтың шымбайына батып, айтыс
-
тартыс пен 
арпалысқа әкеп соғады.
 
Жаймашуақ  күндердің  күнінде  курортқа  барып,  дем  алуды  ойлаған  Тұрардың  тыныштығын  бұзған  кім? 
Голощекинді  көргеннен  бергі  тыжырыныс  пен  жиіркеніш  Тұрар  мен  Әзизаның  ұйқысын  да  алды.  «Рысқұлов 
ұйықтай алмады. Әзиза ұйықтап кетті. Жас бала сияқты пысылдайды. Демі жұп
-
жұмсақ, жып
-
жылы...
 
-
 
Қанденді... қақбас, –
 
деді Әзиза ұйықтап жатып.
 
-
 
Сірә, түс көріп жатыр. Түсі, сірә,
 
әдемі емес. «Қанденді қақбасты» көрсе –
 
көңілсіз...» [1,8].
 
Түс  көру  –
 
адамзат  санасында  құпия  түрде  жүзеге  асатын  психологиялық  процесс.  Түстің  анықтамасы 
психологиялық  сөздікте  былай  деп  түсіндіріледі:  «Түс  көру  –
 
көбіне  ұйықтаған  уақытта  негізінен,  «жедел»  ұйқы 
кезінде  көру  модальдығы  түрінде  пайда  болатын  субъекті  түрінде  бастан  кешірілетін  елес.  Түс  мазмұны  мен 
эмоциялық  бояуы,  адамның  өз  түсіне  «қатынасу»  дәрежесі  «жедел»  ұйқы  кезіндегі  физикалық  өзгерістердің 
қарқындылығына байланысты. Түс сюжеті бейнелі, символды түрде субъектінің негізгі жай
-
күйіне және ықылас –
 
ынтасынан  хабар  береді.  Түсті  көру  мен  есте  сақтау  елеулі  дәрежеде  адамның  өзіндік  ерекшелігіне,  ұйықтар 
алдындағы  эмоциялық  ахуалына  тәуелді»  [2,125].  Адамзат  баласына  тән  табиғи,  биологиялық,  психологиялық, 
эмоционалдық процесті бейнелейтін түс көру тәсілі –
 
біздің кез келген жанрымызды жандандырып, оның мазмұн 
мәнін арттырып, сюжеттік және композиялық құрылымын айшықтандырып келгені дау тудырмайды.
 
Түс көру ерте кезден бастап көптеген шығармалардың көркемдік элементтерінің бірі ретінде қолданылып 
жүргені белгілі. Ж.Аймауытов: «Адамның есі бүтін болмайтын күйлері де болады. Сондай күйдің бірі  –
 
түс көру. 
Ұйқы дегеніміз –
 
мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана мүлде болмайды, не
 
кем болады... Шырт 
ұйқыда –
 
жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы  –
 
ояу деген 
күйге  келеді.  Сондай  кезде  санамыз  кіресілі  –
 
шығасылы  болып,  түс  көрсек  керек.  Түс  дегеніміз,  ояуда  көретін 
нәрселердің пернесі
 
болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», [3,69] 
-
дейді. Яғни, түс бір 
адамның өзіне ғана тән, соның санасында болатын, өзгелерге мәлім бола бермейтін құбылыс. Түс  –
 
кейіпкердің 
ішкі  әлеміне  енудің  бірден
-
бір  жолы.  Көркем  прозада  автор  кейіпкерімен  тұтасып  кеткендіктен,  оның  құпия 
сырларына  бойлай  алады.  Кейіпкердің  бар  болмысын  сүзгіден  өткізіп,  өзінің  көзқарасы  тұрғысынан  береді.  Түс 
сюжетті  ашатын  кілт,  характердің  көңіл  күйінен  хабар  береді,  оның  қорқыныш  –
 
күдігін,  арман  –
 
қиялын
 
елестетеді. Мәселен, «Тамұқта»: «Рысқұлов та көзі ілініп, ұйықтап бара жатты... Өң мен түстің арасы... Кілең ақ 
кимешекті  кемпірлер:  арасында  Дәу
-
Омардың  Ұлтуғаны  бар,  өзінің  өгей  шешесі  Ізбайша  бар,  Қырғызбайдың 
кемпірі бар, бір қора кемпір. Рысқұлов өзі
 
жоғары қабаттан түсіп келе жатыр, олар жоғары көтеріліп бара жатыр. –
 
Саған  дауыс  бергелі  жатырмыз,  –
 
дейді  Қырғызбайдың  кемпірі  сампылдап.  Дәл  қай  ауыл  екені  белгісіз:  әлде 

320 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
Талғар, әлде Мерке, әлде Түлкібас. Бірақ ауыл дейін десе, көп этажды еңселі үй. Тарс деп мылтық атылғандай 
болды. Күшік шәуілдегендей болды. Голощекин түн ішінде курортта жүріп кімге мылтық атады? Тағы да тарс
-
тарс 
ете  қалды.  Рысқұлов  тұла  бойы  қалшылдап,  жүрегі  мұздап  барып...  оянды.»  [1,11].  Мұнда  ғалым  В.Левидің  түс 
туралы  айтқан  пікірі  дәл  келеді:  «Түс көру  процесі  мынаны  көрсетеді:  Ұйқыға  кеткен  адам санасына  алғаш  өзін 
ойлантып
-
толғантып  жүрген  актуальді  мәселе,  жанын  аяздай  қарып  жүрген  жай  оралады.  Мысалы,  әлденені 
уайымдап,  мазасыз  күйге  түскен  адам  көзі  ілінісімен
-
ақ,  мазмұны  өзі  бастан  кешкен  жайға  жақын  түстен 
бастығырылып оянады» [4,149].
 
Тұрар  тынышын  алған  сол  бір  ауыр  ұйқыдан  кейінгі  оқиғалар  тізбегі  бірінен  кейін  бірі  сабақталып, 
қоюлана  түседі.  Бұл  түстегі  кейіпкердің  бастан  кешкен  жан  азабы  мен  ауыр  психологиялық,  физиологиялық 
сезінулер  автордың  түс  көру  жағдайындағы  рефлексиялық  тәжірибемен  таныстығын  танытады.  Және  мұндай 
түстердегі  психологиялық  көріністердің  адам  айтқысыз  ақиқатқа  жақындығы,  әрбір  ұқсақ  бөлшегіне,  деталына 
дейін  анықтығы,  толыққандылығы,  өте  нәзіктікпен  нақышталуы  көркем  шығармадағы  өмір  шындығымен  өзектес 
өрбуі  кісіні  таңқалдырады.  Жазушы  кейіпкерінің  осынау  ала  құйын  көңіл
-
күйін  бір  жерге  тұрақтай  алмаған  сан 
алуан  сезім  сергелдеңі  арқылы  айшықтайды.
 
Ары  қарай  шығарманы  тебіренбей  оқу  мүмкін  емес.
 
Жазушы 
шеберлігі сол шығар, жаның күйзеліп, кейіпкермен бірге тоңып, бірге азап шегесің. Шығарманы бірге оқиық:
 
«Есікті әлдекім қағып тұр екен. Стол шамын жағып, сағатқа қарады: тура үш. Ұйқысы келмей сандалып 
келген Голощекин бе, деді әуелі әлгі түстің әсерінен айыға алмай.
 
Шалбарын, көйлегін киіп барып:
 
-
 
Кім? –
 
деді.
 
-
 
Аш! НКВД!» [1,12].
 
Сөйтіп,  Т.Рысқұлов  НКВД
-
нің  ішкі  түрмесінен  бірақ  шықты.  Демек,  көркем  әдебиет  өмір  материалын 
талғамсыз  ала  бермейтіні  секілді,  адамның  мұндай  психологиялық  күйін  де  талғамсыз  суреттемеуі  тиіс.  Оған 
белгілі көркемдік
-
эстетикалық, философиялық мағына сыйғызуы тиіс.
 
Көркем  шығарманы  Ш.Мұртаза  кейіпкерлердің  жан  дүниелерінде  өтіп  жатқан  сан  алуан  сезімдерді,  ой 
қайшылықтарын ішкі ашу
-
кек, опыну мен ақталу, өзекті өртеген өкініш пен налу, күйзелу мен  күйрету т.б. толып 
жатқан  ойлау  процесінен  туындап  жатқан  сыртқы  психологиялық  сәттерді  ...  –
 
бәрін  де  не  көзден,  не  көңілден 
таса етпей егжей
-
тегжей баяндайды.
 
Қаламгер  олардың  келбеті  мен  жан  дүниесін  ашып  көрсетуде  негізгі  оқиғалармен  бірге  әрбір  майда 
детальдарды да көмекші құрал ретінде ұтымды пайдаланады. «...Шайыр иісі өзі жатқан қарағай төсектен шығады 
екен... Қарағай иісі қуат бергендей болды.
 

Ей, қасиетті қарағай! Қарсы бұтақ бітетін қайсарлығыңнан бер, –
 
деп тіледі. –
 
Өміріңнің ұзақтығынан бер 
деп  те  айта  алмаймын.  Ол  –
 
құдайдың  ісі.  Тек  қайсарлығыңнан  берсең  болғаны.  Мына  иттер  мені  жасытып, 
майыстыра  алмаса  болды.  Сынсам  да  майыспай  шорт  сынайын»  [1,32].  Жазушы  шығармасындағы  қарағай 
сағыныштың символы іспеттес.
 
Кейіпкерлердің  әрбір  сағыныш  сезімі  қарағай,  аршамен  қатар  суреттеледі,  әкесін,  ағасын,  туған  жерін 
еске түсіргенде олардың мұрнына арша иісі келеді. Арша, қарағай –
 
кейіпкердің бүкіл өткен өміріне, көшіп кеткен 
атамекеніне  деген  сағынышының  символы.  Жазушының  мұны  оқырманға  әсерлі  етіп  еткізгені  сонша,  әкенің 
балаға  деген  өсиеті  жан  жүрегің  елжіретеді:  «...Сен  аман  қалсаң  Ескендір,  әйтеуір  бір  кезде  Қазақстанға  қайт. 
Алатауға  қара.  Түлкібас
-
Жуалы  деген  ел  бар.  Ол  сенің  ата
-
бабаңның  бесігі.  Ақсу
-
Жабағылы  деген  жер
 
бар 
аршасын иіске. Әулие
-
Ата, Мерке деген шаһарларға тағзым ет. Ол менің балалық, жастық ғұмыр кешкен мекенім. 
Талғар деген апайтөс таудың бауырына барып түне. Ол менің кіндік қаынм тамған жұрт. Сонда менің рухым да 
сенімен  бірге  болып,  дүниедегі  ең  асыл,
 
қымбат  мекендерді  көріп,  мейірім  қанар...»  Өткенінің,  туған  жерінің 
белгісіндей  болған  аршалы  жер  арқылы  Тұрардың  өткенінің  де  қайтып  келмейтінін,  өміріне  деген  өкінішін 
білдіреді. Жендеттер оның сезімімен, сағынышымен санаспайды.
 
Олардың сезімі, жан дүниесіндегі өзгеріс, өкініші нәзік әкелі
-
балалы лиризм арқылы ұтымды суреттеледі. 
Сол арқылы туған жерге, қазақ ауылына деген ыстық ықыласын білдіреді. Бұл қаламгерлердің стиліндегі ерекше 
сипатты анықтайды. әкелі
-
балалы екеуінде дүниені көру, бағалау, сезіну
 
жағынан рухани ортақтық бар.
 
Романда  мынадай  штрих  бар:  «...Рысқұл  атаңды  айтамын.  Сол  1906  жылы  ол  екеуміз  осындай  тас 
камерада бірге отырғанда, ол мені құдды сен сияқты қайраушы еді. Осы уақытқа дейін менің мұқалмай келгенім 
сол  қайрақтың  қаттылығынан  шығар.  Қайрақ  қатты  болса,  пышақ  өткір  болады...»  Бас
-
аяғы  үш
-
төрт
-
ақ  сөйлем. 
Осы  сөйлемдерде  Тұрардың  барлық  өмірі  сыйып  кеткендей.  Бұл  сөйлемді  түрліше  деректермен  дәлелдеп, 
бірнеше бетке шұбата созуға болар еді, бірақ Қ. Ш.Мұртаза олай етпеген, аз сөзбен
 
тұжырған да, ұғымды затты 
детальға айналдырған, сөзін үнемдеп қысқа қайырған. Ал сөз үнемдеу –
 
өнердің ұлы заңы болғанда, қысқа жазу –
 
тек таланттыға тән қасиет екені белгілі.
 
Көркем  шығарма  бір
-
біріне  сіресе  тұтасып  тұрған  ылғи  ғана  детальдан  құралады  десек,  ағат  айтқан 
болар едік. Әр детальды қабылдау үшін оқырманға, белгілі дәрежеде дайындық керек. Бұл ретте, деталь, кейде 
авторлық  баяндаудың  суретке  айналған  түйіні секілденіп  те  кетеді.  Қалай  болғанда  да,  әйтеуір,  деталь  –
 
затты 
шындықтың бір қыры арқылы бар сырын тұтас, түгел және бірден, шапшаң танытатын нақты штрих.
 
Шынайы өмірдегі уақыт пен кеңістік тұрғысынан Рысқұлов өз жайын баян етеді. «Тамұқта» әкелі
-
балалы 
жандар  адам  төзгісіз  азапты  көрсе  де,  рухани  күйремей,  рухтары  сынбай  өмірден  өтті.  Ұлттық  намыс,  адамдық 
болмыс,  қайсарлық  пен  тектілік  шығарманың  «Ескендір»,  «Өмірзая»  тарауларында  ауыр  трагедиямен  беріледі. 
Бұл  тарауларды  жаның  ауырмай,  кейіпкерлермен  бірге  күйзелмей  оқу  мүмкін  емес.  Текті  халықтың  өр  рухты 
ұрпағы бар екендігі жаныңа медеу
 
болғанымен, олардың көрген азабы, тартқан тауқыметі өте аянышты.
 
Қаламгер ары қарай  оқырманды философиялық толғаныспен жұбатады: «Рас болса, адамның денесі  –
 
адамның киімі ғана көрінеді. Адам өлді дегені –
 
киімнің ғана тозғаны. Ал жан өлмейді. Жан не адаи
 
бейнесінде, не 
жәндік, не бір өсімдік бейнесінде жер бетіне қайта оралады. Ескендірдің жаны, сірә, өмірзая  –
 
бәйшешек болып 
оралар.  Онда  тағы  да  тез  солады.  Бірақ  жылда,  жылда  қайтадан  шыға  береді».  Мұнда  Ш.Мұртаза  кейіпкер 
бейнесін сомдауда ерекше бір ұлттық сипаттағы терең философиялық сарындағы концепциясын жасай білді.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1. 
Мұртаза Ш. Тамұқ. Алматы, 1994 ж.
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
321 
 
 
 
2. 
Пірәлиева Г.Ж. Түс көру табиғаты оның көркем әдебиеттегі рөлі. Алматы, 2004.
 
3. 
Аймауытов Ж. Жан жүйесі. Оқу құралы. Алматы: Ғылым, 1995. –
 
189 б.
 
4. 
Леви В. Охота за мыслью. М., Молодая гвардия, 1971. –
224 
с

5. 
Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003. –
 
328 б.
 
6. 
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы: Санат, 1996. –
 
336 б.
 
 
 
Амангүл Әділбек
 
(Астана, Қазақстан)
 
 
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА
-
СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСІМДІЛІГІ
 
 
Белгілі бір тілдегі әрбір сөз лексика –
 
семантикалық жүйелердің бірлігі, яғни олар семантикалық топтарға 
қарама
-
қарсылық  мәндегі  (антонимдік  қатар)  немесе  мағынасы  жағынан  ұқсас,  бірдей  ұғымдағы  сөздермен 
(синонимдік  қатар)  топтасады.  Сондықтан  да  салалас  қатардағы  сөздердің  лексика
-
семантикалық  тіркесімділігі 
туралы  ерекше  айтуға  болады.  Бірыңғайлар  қатарындағы  антонимдер  мен  синонимдердің  бірыңғай  мүшелер 
болып  келу  мүмкіндігі  бірдей  емес.  Ғалым  Н.Перетрухин  былай  түсіндіреді:  «Языковые  антонимы  свободно 
сочетаются в границах закрытых сочиненных рядов, как правило, союзных и морфологических однотипных» [1,30 
б.].  Антонимдер  бірыңғай  қатарда  еркін  топтасады.  Әсіресе,  олардың  жабық  қатар  шегінде,  яғни  жалғаулықты 
және  морфологиялық  біртекті  қатар  құруы  еркін.  Алайда  оларды  байланыстыруда  қарсылықты  жалғаулықтар 
қолданылмайды.  Антонимдік  қатар  мен  олардың  арасындағы  семантикалық  синтаксистік  байланыс  әртүрлі: 
ыңғайластық, талғаулықты. Мысалы:
 
Ескілік пен жаңалық қан майданға шықты.
 
Қартайған дәуір мен жас дәуір белдесті.
 
Олай болса, өлудің де, тірі жүрудің де айырмасы жоқ.
 
Бізге өлген де, тірі жүрген де бәрібір.
 
Және, былтыр мен биыл менің Петербурда, Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық 
еді.
 
Берілген  контекстердегі  антонимдік  бірыңғай  қатарларда  (ескілік  пен  жаңалық),  (қартайған  дәуір  мен 
жас  дәуір),  (өлген  де,  тірі  жүрген  де),  (өлудің  де  тірі  жүрудің  де),  (былтыр  мен  биыл)  ыңғайлас
 
жалғаулықтар қолданылған. Бұл жалғаулықтар арқылы салалас қатар шегіндегі антоним сөздердің қарама
-
қарсы 
сапасын, мезгілін білдіре отырып, оны бір заттың, бір істің бойында салыстырып тұрғанын байқаймыз. Сондай
-
ақ 
салаластырушы  қатардағы  антоним  сөздердің
 
жалғаулықсыз  да  байланысатынын  байқауға  болады.  Бірақ  олар 
өте сирек. Мысалы:
 
Талай кәрі, жас болыстар да бар.
 
Мылтық ұстаған сақалды, сақалсыз орыстар.
 
Сонымен  салаластырушы  қатардағы  антонимдерге  жалғаулықты  да,  жалғаулықсыз  да  байланыс  тән. 
Олар салалас қатар тізбегінде еркін байланысқа түсіп бірыңғайлық қатар құрайды екен.
 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің синонимдік қатармен келуі де кең көрініс береді.
 
Болыстар, саудагерлер, молдалар әбден
 
ұяттан, ардан кетіпті.
 
Сыпан болыс Ақмолада
 
белгілі, атақты, мықты
 
болыстың бірі.
 
Шынында бұлардың бірсыпырасы қуатты, қайратты екені де рас.
 
Үкіметтің сөзі қазіреттің алдында сыпайы, әдепті.
 
Ал «ақ ауыз» дегені
 

 
ол күнгі бейнетің
 
ақысыз, пұлсыз далаға кетті деген сөз.
 
Бұл  сөйлемдердегі  салалас  қатардағы  синонимдер  жалғаулықсыз  тең  дәрежеде  байланысқан. 
Жалғаулықсыз құрылымдарда синонимдер семантикалық жағынан жақындасады. Салаластырушы жалғаулықтар 
бірыңғай  қатарда  синоним  сөздерді  салыстыруға,  қатар  қойып  мағынасын  ашуға,  айырмашылығын  анықтауға, 
оларды бір қатар шегінде салаластыруға мүмкіндік береді.
 
Сондай
-
ақ  бірыңғай  мүшелердің  қатарын  қос  сөздер  де  құрайды.  Бірыңғай  бастауыш,  бірыңғай 
толықтауыш,  бірыңғай  анықтауыш,  бірыңғай  пысықтауыш  қызметіндегі  қос  сөзді  бірыңғайлар  көп  қолданылады. 
Мысалы:
 
Еркек
-
әйел, бала
-
шағалар қотанның шетінде жиналып отырды.
 
Лай су
 
үсті
-
басыма, бет
-
аузыма сіңіп бақты.
 
Үкіжан бәйбіше
 
ап 
-
арық, нап

нашар әйел емес пе?
 
Ол
 
Алматының түп 
-
түзу, кеп

кең көшелеріне қарады.
 
Бірыңғайлық  қатарда  идиомаланған,  фразеологиялық  тіркес,  мақал  мәтелдермен  күрделеніп  келген 
тіркестер де кездеседі. Мысалы:
 
Бұл  школ  бітіріп  шыққан  Алашорданың  тұңғыш  офицерлерінің  «тұңғыш  ауыздануы»,  «тырнақ 
алдысы» қазақтан басталды.
 
Сол  үлкен  сында,  тар  жол  тайғақ  кешуде  шын  қасиетті  адамдардың  жаратылыстары  айқын  көрінеді 
екен.
 
«Не  болса  да  тәуекел»,  «Қазаттыққа  шығамыз»,  «Қазатта  жүріп  өлген  кісі  шейіт»,  «Қазатыққа 
шыққан сауап» деседі.
 
«Қасқар  да  қас  қылмайды  жолдасына»,  «Атаң  да  болса  бір  жолдас»  деген  мақалдарды  Әзімхан 
берік ұстаушы еді.
 
«Ұйқы адамның дұшпаны», «Ұйықтағанды ұйқы алады, ұйықтамағанды жылқы алады»
 
деген бар 
емес пе?
 
Осы  контекстердегі  фразеологизмдер  (тұңғыш  ауыздануы,  тырнақ  алдысы)
 
бірыңғай  бастауыш, 
(үлкен  сында,  тар  жол  тайғақ  кешуде)
 
бірыңғай  толықтауыш,  («Не  де  болса  тәуекел»,  «Қазаттыққа 
шығамыз», «Қазатта жүріп өлген кісі  шейіт», «Қазатқа  шыққан сауап»)  бірыңғай пысықтауыш, мақал

мәтел 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет