Ал дәлелдеулерді таба білу,
сонымен қатар пікірлерді сыни талдау да есеп болып табылады [4]. Математикалық аппаратты
пайдалану есептерді шешу үшін пайдалы. Нақты жағдайларда математикалық ұғымдарды таба білу
осы жағдайлардың математикалық моделін құру үшін, сонымен бірге спецификалық түрдегі есептерді
шешу үшін қажет. Сонымен Пойаның анықтамасын басқаша, математикадағы біліктілік ең көп
таралған «есеп» сөзіндегі есептерді шеше білу қабілеттілігі деп те айтуға болады. Математикалық
білім есеп шығара білу біліктілігімен тексеріліп келеді, және де солай болмақ. Студенттің ұғымдарға,
қасиеттерге, теоремаларға және әдістерге сүйене отырып есептерді шығаруы ойлау қабілетін
дамытуға және математикалық аппаратты меңгеуіне әсер етеді. Осы себептен, математиканы қалай
оқыту керек деген сұрақ есептерді қалай шешуге болады деген сұраққа келіп тіреледі. Есептерді шешу
көбінесе практикалық сабақтарда орындалады. Егер практикалық сабақтардың мазмұны дәріс
материалымен дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ол жетістіктер әкеледі. Егер дәріс жүргізуші мен
практикалық сабақты жүргізетін оқытушылардың көзқарастары сәйкес келсе, яғни, қасиеттерге,
тұжырдамаларға байланысты олар бір терминдер мен символикаларды пайдаланса, егер
практикалық сабақтарда дәрісте алған теориялық білімдері бекітілетін болса, онда студент
материалды жақсы меңгереді, осы алған білімін практика жүзінде қолдана алады және дәрісті өз
бетімен ары қарай өңдеу үшін қосымша стимул алады. «Егерде оқытудың бірінші кезеңінде, дәріс пен
практикалық сабақтар үйлеспей, яғни дәріс жүргізуші мен практикалық сабақты жүргізетін оқытушы бір
сұраққа әр түрлі анықтамаларға сүйеніп және жеке деректерді әртүрлі көзқараспен түсіндірсе, қауіпті
жағдай туады. Бұл студенттерді шатастырып, математикалық білімдеріне зиян келтіруі мүмкін, және
де ол студенттер үшін оқу үрдісін күрделендіре түседі».
Практикалық сабақтар әдетте, 15
-
20 студенттерден тұратын, бір
-
бірін жақсы танитын топта
жүргізіледі. Бірнеше сабақтан кейін студенттер де оқытушы туралы, яғни, оқу үрдісі жағынан, жеткілікті
білетін болады, оның сабақ өткізу әдістемесі, студенттерге қойылатын талаптары, қандай оқулықтарға
сүйенетіні, және т.б. Оқытушы да әр студенттің білім алуға талпынысы, ынтасы, математикалық білім
қоры және т.б. туралы мәлімет алады. Бұл жағдайлар практикалық сабақтардың өзіне тән арнаулы
қасиеттерін білдіреді. Егер оқытушы кішіпейілділік көрсетсе, көмек және өзара сенімді шығармашылық
кеңістік құрса, олар оң әсер етеді, онда студент өзі түсінбеген сұрақтарын қысылмай қоя алады,
достарымен өз ойын бөлісе алатын болады. Оқытушының өз тәжірибесі мен жұмысына деген жеке
сыни көзқарасы және басқа оқытушылардың тәжірибесін пайдалану оған студенттің белсенділігін
арттыруға және игерілген материалды творчестволық түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұнда адам
психологиясының ішкі ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық әдіс
-
тәсілдерді тиімді пайдалану,
қосымша резервтерді және оқытудың әсерлі әдістерін таба білу өте қажет. Бірақ «адам психикасының
резервтерін пайдаланып математиканы оқытуды интенсификациялау теориясының негіздерін
қалыптастыру және осы негізде кең қолданылатын өзіндік ерекшелігі бар басқа пәндерді, әсіресе,
механикалық жаттауды негіз етіп алатын пәндерді оқытуда да практикалық кепілдеме жасау –
бұл өте
қиын мәселе болып табылады. Осы себептен қазіргі уақытта математиканы оқытуда жоғарыда
көрсетілген әдістерді пайдалану оқытушының жеке іскерлігі мен шеберлігіне байланысты».
Практикалық сабақтарды өткізу сипаты мен тәсілі, негізінде, оның тақырыбы мен мақсатына
байланысты анықталады. Сабақтың мақсатына жету үшін сабақта және үйге берілген
тапсырмалардағы есептер жинағы үлкен мән атқарады. Әрине, мақсат топ студенттерінің көбі үшін
орындалатындай етіп қойылуы керек. Жалпы мақсаттарына сәйкес практикалық сабақтарды
төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
-
кіріспе сабақ (тақырыпқа немесе курсқа кіріспе сабақ);
-
дағдыны қалыптастыру сабағы;
-
зертханалық және семинар сабақ;
-
іскерлік ойын сабағы.
Дифференциалдық теңдеулердің практикалық сабақтарының барлығын зертханалық
сабақтарға жатқызуға болады. Оларда шешімдерді жалпыға таныс аналитикалық әдістермен қатар
әрқашанда жаңа ғылыми қадам жасауға, есептеу техникасының көмегімен интегралдау үрдісін
жүргізуге мүмкіндік бар. Математикалық және ғылыми
-
техникалық есептеулер дербес компьютерді
қолданып шығарудың маңызды сферасы болып табылады. Олар көбінесе жоғарғы дәрежелі Бейсик
немесе Паскаль тіліндегі программалардың көмегімен орындалады. Бүгінгі уақытта бұл жұмысты
дербес компьютерде жұмыс істейтін кез
-
келген студент әр кезде орындай алмайды. Ол үшін ол
студент программалау тілін жақсы меңгеріп, қазіргі кезде қолданылатын өте күрделі математикалық
есептеулердің сандық әдістерін үйренуі тиіс. Алайда бұл қиындықтан математикалық есептеулерді
автоматты интегралдаудың программалық жүйесін қолдану арқылы шығуға болады (мысалы,
MathCad, Mathematica, Matlab, т.б.)
MathCad
математикалық
жүйесінде
дифференциалдық
теңдеуді
шешу
мысалын
қарастырайық:
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
151
Осы мысалдан компьютерді оқу үрдісінде пайдалану есепті шешу уақытын соғұрлым
үнемдейтінін көріп отырмыз.
Сонымен қатар, практикалық сабақтардың тәрбиелік мәні де өте зор. Мұнда оқытушының
студентті шыншылдыққа, кішіпейілділікке, еңбекке деген сүйіспеншілігін оятуға және де қоршаған
ортаны аялай білуіне тәрбиелеуге үлкен мүмкіндігі бар.
Қорыта келгенде, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа
педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын үрдіс жүргізілуі тиіс. Бұл
жерде оқытушының рөлі ерекше әрі шешуші.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1.
Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Под общ. ред. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарника,
Б.С. Абдрасилова –
Алматы: Қазақ университеті, 2004. –
198 с
.
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. –
Астана. –
2004.
–
1346.
3.
Сатыбалдиев О.С. Педагогикалық жоғары оқу орындарында математикалық анализ курсын
оқытудың әдістемелік жүйесі. –
Алматы:РБК, 2000.
-
234 б.
4.
Пойа Д. Математическое открытие. –
М.: Наука, 1970.
-
452 с.
Тетьяна Жумаєва (Петрівка, Україна)
СУЧАСНІ МЕТОДИ ВИКЛАДАННЯ Економічні зміни, що відбуваються в Україні, спричинені економічною кризою та іншими
причинами, погіршили й ринок праці.
Таким чином вища освіта повинна формувати духовно багате й професійно
підготовлене
покоління.
Як зробити
навчання
радісним і творчим
процесом для викладача? Це проблема, яка не може
не хвилювати педагога.
Підготовка таких спеціалістів
вимагає
впровадження в практику сучасних норм і методів
навчання, докорінної
перебудови
навчального
процесу та діяльності викладачів.
Така система забезпечить формуваннязнань, умінь та навичок шляхом заохочення
студентів
в
активну
пізнавальну
діяльність.
Найбільш оптимально відповідає
цій
задачі
активнее
навчання.
Разом з викладачем студент повинен стати активним
учасником
навчального
процесу. І
активність повинна проявлятися в самостійному
дискусію, самостійну роботу з підручником. Для удосконалення
систематизації
знань та формування
умінь
використовувати
такі
методи, як рішення
ситуативних задач, аналіз
виробничих
ситуацій, ділові
ігри.
Методи
активного
навчання
можна
поділити на імітаційні та не імітаційні.
Імітаціоні
–
це
аналіз
конкретних
виробничих
ситуацій, рішення
ситуативних задач, виконання
індивідуальних, сильних
завдань, розігрування ролей, діловій
ігри.
Неімітаційні: проблемна
лекція, тематична
дискусія, евристична
бесіда, «круглий
стіл»,
пошукова робота, самостійна робота з підручником, «мозгова атака».
Щоб
активізувати
мислення
студентів на лекції, потрібно
поставити
проблему перед початком
вивчення
матеріалу. На лекції
висвітлюватися
найбільш
важкі
питання, проблеми, нові
факти та події.
Можна
використати «мозгову атаку» (колективне
дослідження для загального
виведення
правил, комплексу вимог
чи
закономірних
процесів, явищ, аргументацій
положень, які
розглядаються).
Слід зауважити, що саме в ході лекції чи розповіді слухачі можуть лише зовнішньо бути
присутніми на заняттях, а внутрішньо бути безучасними та не сприймати вилогнувальний матеріал.
Обов’язковою
умовою
лекцІйного
заняття
повинна стати робота з опорним конспектом по ходу
викладання