Литература:
1.
Немов Р. С. Психология: В 3 кн. –
кн. 3: М.: Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1998. –
632 с.
2.
Популярная психология для родителей; Под ред. А. С.Спиваковской. –
СПб: Союз, 1997 г.
3.
Степанов С. С. Большие проблемы маленького ребенка: советы психолога –
родителям. –
Москва: Педагогика –
Пресс, 1995 г. –
168 с.
М.С.
Аязбаева, Ж.А.
Жасұзақова
(Тараз, Қазақстан)
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Тұлғалық даму нәрестелік кезеңнен қартайған шаққа дейін созылады, яғни тұлға өмір бойы даму барысында
болады. Сондықтан, зерттеушілер адам өмірінің дамуы мен жетілуін кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынады.
Мәселен, З.Фрейд тұлғаның қалыптасуын адамның психосексуалды даму кезеңдерінің ретімен түсіндіреді. Ал,
Э.Эриксон тұжырымдамасында дамудың сегіз деңгейі сипатталады. Аталған авторларға қарама
-
қайшы келе отырып,
бірқатар теоретик
-
ғалымдар даму мәселесін түсінудегі ата
-
ана мен бала қарым
-
қатынасының мәнін ерекше атады.
Солардың бірі
-
К.Роджерс, ол тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі ата
-
аналық ұстанымдар мен мінез
-
құлық, жүріс
-
тұрыс
үлгісі негізінде, таным мен эмоциялық қарым
-
қатынастар аясында индивидуумның Мен
-
тұжырымдамасының
қалыптасуына ерекше мән берген. Тұлға дамуы көптеген ішкі және сыртқы себептермен анықталады. Ішкі себептерге
әрбір отбасылық ортаға тән болатын индивидуумның белгілі мәдениеті, әлеуметтік
-
экономикалық сатысы жатады.
Екінші жағынан ішкі себептер генетикалық, биологиялық және физиологиялық жайттармен түсіндіріледі. Отбасылық
орта да адам дамуында елеулі рөлге ие. Әсіресе, ата
-
аналық мінез
-
құлық, жүріс
-
тұрыс, мақсат пен бағдар түрлері
баланың бүкіл өміріне жалғасатын еліктеу үлгісі болып табылады. Осыған сәйкес В.В.Давыдов тұлғаны зерттеуге
арнаған еңбегінде: «...«қалыптасқан» тұлғаның шешімін дамудың бастапқы кезеңдерінен, яғни балалық шақтан іздеу
керек», –
деген [1].
Бала проблемасы қай ғылым саласында болмасын отбасымен тығыз қарым
-
қатынас аясында зерттеледі. Ал
жетім бала жағдаятында бұл мәселе отбасынан тыс қандай арақашықтықта болатындығын саралау ғылыми
жұмысымыздың өзектілігін арттыра түседі. Сондықтан да, бала мен оның биологиялық анасының арасындағы тікелей
байланыс, қарым
-
қатынас мәселесінің этнопсихологиялық сипатын айқындап көрсек.
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, діліне орай қалыптасқан «жетім балаларға» байланысты
этнопсихологиялық ұғымдар мен тұжырымдар көп. Жоғарыда аталған ғалымдардың жетім балалардың толыққанды
дамымауының салдары аналық сүйіспеншілікке бөленбеу салдарынан деген пікірлеріне сәйкес, халқымыздың
этнопсихологиялық тұрғыдағы ұғым
-
түсініктеріне мән бердік. Онда «тас жетім», «тұл жетім», «тұлдыр» атауларымен
қатар, «шешесі өлген хас жетім, әкесі өлген мас жетім» деген мәтелдер де бар. Осы түсініктерді бала мен ананың
тікелей байланысына қатысты қарастыратын болсақ, «уызына жарымаған», «уызынан жарымаған» деген төл тілімізге
тән атаулар шығады. Ананың омырауында екі
-
үш күн ғана болатын уызда тектікті дарытатын қасиет бар. Ал тектік
қасиет дегенімізі –
ұлттық қасиет. Ата
-
бабаларымыздың уызға аса қатты мән бергенініің себебі –
осы. Уыздың
арқасында жаңа туылған сәбидің ми жасушаларының көбеюін және жүйке жүйесінің, дамуын жеделдететін қоректік
заттарға: ақуыздар, майлар, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтерге бай. Осы мәселені халқымыз ертеден
-
ақ
болжап, адамның даралық ерекшеліктері болып табылатын нышандардың ана сүтімен байланысты іштен туа
берілетіндігін және ана сүтінің құрамы мен оны ему процесіндегі қарым
-
қатынастың тікелей ықпалын жақсы түсінген.
Осыған орай «ана сүтімен берілген», «ана сүті арқылы дарыған» деген сөз тіркестерін қолданған. Ал «жасанды сүттің»
құрамында аталған ингредиенттер өте аз мөлшерде кездеседі. Бұл атаулар, біріншіден, қазақтардың көшпенді өмір
сүру дәстүріне лайықты «уызына жарымаған», «уызынан жарымаған» деген сөз тіркестерін бастапқы кезде негізінен
мал шаруашылығына қатысты қолданған. Қазақ халқының жаны символикалық түрде малмен бірге тұтастықта
қарастырылған. Мұны дәлелдейтін «мал
-
жан аман ба?» деген сөз тіркестер бар екендігін айта кетуге болады. Енді
осы «уыз» сөзінің мағынасы мен «уыз сүттің қасиетін» тереңірек қарастырайық. Мысалы, уыз ембеген жетім қозының
мал болып кетуі қиын. Тіпті тірі қалған күнде басқа қозылармен салыстырғанда, шөкемдей болып өспей қалады. Адам
баласы да сондай болғаны ғой. Екіншіден, «уызына жарымаған», «уызынан жарымаған» ауыспалы мағынасында
кейбір балалардың бойындағы «нәзіктік», «шынжаулық» сияқты психофизиологиялық ерекшеліктерін көре отырып
278
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
соларға қаратып айтылған. Үшіншіден «уызына жарымаған», «уызынан жарымаған» ұғымдарының бала бойындағы
биологиялық қасиеттермен бірге әлеуметтік ортаға негізделген нормаларды меңгеруге де байланысты
айтылатындығын атап өтуге болады. Мысалы, «ана сүтімен берілген», «ана сүті арқылы дарыған». Төртіншіден, ана
сүтінің бала бойына даруы оның болашақтағы коммуникативтік қарым
-
қатынасқа түсу үрдісінде басты рөл
атқаратындығы ақиғат.
Ал, қазақ тілінің түсіндірме сөзідігінде «уызына жарымаған –
анасынан туғаннан жоқшылықта келе жатқан»
деген түсініктеме береді [2,852б].
Ана сүтімен қоректендіру бала өмірінің алғашқы жылындағы ең тамаша, табиғи тағам. Ана сүті ең алдымен
бала ағзасмын қажетті ақуыздар, майлар, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтермен қанақаттандырады [3].
Ана сүтімен қоректенген балаға қарағанда «жасанды» тағаммен тамақтанған бала жұқпалы аурулармен көп
ауырады. Айырмашалақ неде? Айырмашылық
-
ана сүтінің құрамында. Егер,бала жұқпалы аурумен ауыратын
болса,ана сүтінің құрамында инкубациялық кезең пайда болады да оның денсаулығымен күреседі. Балалар үйінде
тәрбиеленушілердің көбінесе денелік және интеллекктуалдық, психикалық денсаулықтарының дамуының өте төмен
болатындығы ана сүтін ему бақыты бұйырмай, биологиялық заңдылықты бұзуында. Себебі, олар туылғанынан
«уызына және уызынан жарымаған» балалар. Сондықтан да жаңа туған сәбидің дұрыс дамуы үшін бұл элементтердің
маңызы аса зор. Мұны біз не үшін алып отырамыз сонда «тастанды» балалар басқаларды қоспағанда, екі бірдей
қажеттіліктен: ана
сүтін емуден және аналық сүйіспеншіліктен болып отыр.
С.А. Ананьина зерттеуі балалар үйінде тәрбиеленетін әрбір бесінші (38,5
%
) биологиялық даму деңгейінің
ақталғандығымен ерекшеленетінін көрсеткен. Онымен қоса, жүйке
-
психикалық саласында ас қорыту жолдарының
бұзылуы, сүйек бұлшықет жүйесінің патологиясы, жүрек қан тамырларының функционалды аурулары көптеп
кездеседі [5.39
-
40 бб.].
В.И.Арбузова және бірлескен авторлар қатары интернаттағы жетім балалардың 72,4%
-
ы түрлі жүйкелік
-
психикалық ауруға шалдығатынын, Л.И.Шевченко, А.Матвеева, Ю.Г.Яковлев, А.А.Василькова, Г.Ф.Бернштейн және
т.б. бірқатар авторлар отбасынан тыс тәрбиеленушілердің отбасында тәрбиеленген балалар барлық функционалдық
параметрлері бойынша артта қалғандығын, олардың арасында тіс жегі (кариес) ауруының кең тарағаны, тыныс алу
жолдарының бұзылуы, әсіресе ер балалар арасында дененің салмағы мен бойының өспеуі, көру қабілетінің
патологиясы, құлақтан бұлақ ағу, сөйлеудің бұзылуы және ақыл
-
ойының артта қалуы, жүрістің бұзылуы жоғары
екендігін айтады[6].
Қазақстандық зерттеуші
-
дәрігерлер Б.Т.Түкбекованың зерттеуі [8] әлеуметтік және биологиялық факторлар
салдарынан балалар үйіне түскен тәрбиеленушілердің орталық жүйке жүйесі отбасы балаларымен салыстырғанда
өте төмен, олардың көбі мектептік бейімсіздікті құрайтынын айтады. Ал С.Д.Адамзатова балалар үйінде
тәрбиеленушілерге психосоматикалық сипаттамасында балалар үйі тәрбиеленушілердің психикалық даму
деңгейлері шектеулі, мазасыздық белгілерінің клиникалық түрінде болатындығын, мектептік бейімсіздіктің жоғары
екендігін көрсетеді.
А.К.Сұлтановтың жұмысында арнайы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілердің психикалық және мінез
-
құлықтың бұзылулары ерекше айқын көрінеді, соның ішінде психикалық, психомоторлық дамудың бөгелісі 58
%
–
дан
65,3%-
ды құрайтыны, кіші жастағы әрбір төртінші бала энурезбен (24,1%
-
дан 26,3
-%-
ға дейін) жұқпалы аурулармен
(66,7%-
дан 73,3%
-
ға дейін) соның ішінде қышыма (30,4% гельминтоз (30,4%), педикулезбен (8,6%) жиі ауыратынын,
олардың тыныс жолдары мен ас қорыту жүйелерінде, жалпы ағзасында жұқпалы індеттерге қарсы тұратын
имунитеттің жоқтығын қорсеткен.
Зерттеуші ғалымдардың барлығы жетім баланың тұлғалық және психикалық дамуының тежелуін аналық
сүйіспеншілікке бөленбегендіктен деп көрсетеді. Біз бұл пікірге толығымен келісеміз. Бірақ бұл мәселенің екінші жағы
бар деп ойлаймыз. Осы уақытқа дейінгі шетелдік, кеңестік, отандық зерттеуші ғалымдардың ешқайсы ана сүтінің
құрамы туралы, табиғи жолмен қоректенбеудің салдары деп айтқан емес.
Сондықтан, баланың даму анасымен тығыз байланыс сақталғанда ғана толыққанды болады деген Т.Бауэрдің
ғылыми ойымен келісеміз. Бала ерте жастан эмоциялық жылы ахуалда тәрбиеленуі қажет және ол ахуал екеуіне де
қанағаттану қуаныш сезімінің шығу көзі болатындай тұрақты эмоциялық байланыс негізінде құрылуы шарт
[8]
Алайда белгілі балалар психологы А.В.Запарожетстің пікірінше «балалар үйінде баланың қалыпты дамуының
тежелуі анасының және отбасылық тәрбиенің жоқтығынан болады.
Баланың ары қарайғы даму негізінен оның үлкендермен қарым
-
қатынас жасау процесінен,іс
-
әрекеттің әртүрін
меңгеруден алған әсерлерінің саны мен сапасына байланысты»,
-
деп жазды.
Сонда, баланың толыққанды тұлғалық дамуының басты шарты
-
қалыптасып келе жатқан баланың табиғатына
сәйкес өмір сүру қалпын ұйымдастыратын ата
-
аналық отбасы, биологиялық отбасына ғана тән туыстармен араласу,
әсіресе анасымен биологиялық қажеттілігінің өтеуі.
Жаңа туған сәбидің тұлғалығы әлі де болса анасының тұлғалығынан бөлінбеген, анасының осырауы бала
үшін қорғаныс болып табылады. «Денеден денеге» байланыс кішкентай адамға жайлылық пен қорғанысты бала ана
сүтінің иісін, анасының көзіндегі нұрды көреді. Зерттеушілер бала емізетін аналар баласының (инстинкті) кішкене бетін
22,5см аралықты ұстайдығын байқап мұның мәнісіне назар аударған. Жаңа туған бала заттарды 20
-
25 см аралықта
танитындығына көз жеткізген. Мұндай арақашықтық көру арқылы қабылдайды және түйсікті ғана дамытып қоймай,
ана денесінен шыққан жылулықты сезінуі баланы қуанышқа бөлейтіндігі және тыныштық әкелетіні анықталған.
Э.Берн аймаламай емізген бала айналып, бар мейірімімен емізілген балаға қарғанда баяу дамып, қорқақ
болады деген қорытынды жасайды.Тіпті жүздеген балаларды зерттеуден «Егер баланы шынымен жақсы көрсе, бұл
оның миының дамуына көмектеседі» деген пікірге келген. Одан әрі қарай Э.Берн баланың өмірі тек сезімдермен
әуестіктерден тұрады.Тек ол өз қажеттіліктерін жылау арқылы ғана білдіреді. Ең мүмкін болатын жақындық тері,
тамақтану кезінде кеудеге қысып, тербетіп, әлдилеу. Осы жылулық пен жақындық оның кейбір әуестіктерін
қанағаттандырып, мазасыздығын
басады, ал анасының аймалауы мен әлдилеуі тыныс алуы мен қан айналымының
қалыпты қызмет етуіне көмектесетінін айтады. Э.Берннің айтуы бойынша, ему
-
бұл алғашқы «қоғамдық іс әрекет»,
яғни басқа біреудің қатысуын қажет ететін, туудан кейінгі бірінші іс
-
әрекет емшек ему осы қажеттілікті, басқа затты
емуге қарағанда,жақсы қанағаттандырады. Емізу баланың тілегін толық қанағатандырмаса, онда сәби кемістікті өзге
тәсілмен, мысалы, бас бармағын сору арқылы толтыруға тырысады. Егерде мұның да көмегі тимесе, ауызда ерте
және күшті мазасыздану пайда болды.
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
279
Психоаналитик З.Фрейдтің тұжырымдамасында, ему –
либидоның алғашқы көрінісі. Либидосының күшті
қанағаттануын сәби ауыздың көмегімен іске асырады және ауыз өзге мүшелерге қарағанда жақсы басқарылады. Ана
омырауы мен нәресте арасындағы байланыс либидоны тікелей тәсіл арқылы қанағаттандырады.
Ғылыми әдебиеттердегі теориялық тұрығыдан жан
-
жақты талдауымыз балалар үйінде тәрбиеленушілердің
тұлғалық, танымдық, интеллектуалдық қабілеттерінің, денелік, психикалық денсаулық жағынан дамуының
психологиялық алғы шарттарының төмендегідей бөлуге мүмкіндік береді:
-
ана омырауында 2
-
3 күн ғана болатын қасиетті де құнарлы уызды ала алмауынан;
-
табиғи жолмен қоректенбеу, яғни ана сүтіндегі ағзаға қажетті ингредиенттерді ала алмау салдарына
ағзадағы иммунитеттердің сыртқы жағымсыз күштерге қарсы тұра алмауынан;
-
аналық сүйіспеншілікке, аналық мейірімге бөленбеу салдарынан;
-
«табиғи тәрбиенің» орнына «жасанды тәрбиенің» келуінен.
Сонымен, ана мен бала арасындағы қарым
-
қатынас
-
күрделі процесс, яғни өзара әрекеттесуі, ақпарат
алмасу, екі жақтың бірін
-
бірі қабылдауы мен түсінуі. Мұның бәрі де, жеке тұлғаның толыққанды болып өсуіне мүмкіндік
береді.
Қолдаланылған әдебиеттер:
1.
Ауренова М.Д. Қарым қатынас: жетім балаларадың әлеметтену мәселесі:
-
Оқу
-
әдістемелік құрал. C Аманжолов ат.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2007.
-
121.б.
2.
Казақ тілінің түсіндірме сөздігі (50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі) Жалпы реакциясын басқарған Т.Жанұзақов.
-
Алматы: Дайк
-
Пресс, 2008,
-
968 б.
3.
Кормления ребенка грудью
.-
М
.
:ООО «Издательство Оникс» ООО Издателтво «Мир и Образование», 2009
.-160
б
.
4.
Ананьин С
.
А Состояние здоровья учащихся общеоброзавательных школ
-
интернатов и воспитанников детских
домов
//
Сов.здравоохр
.-1988,
№5. –
39-
43б
.
5.
Арбузова В.Е., Авдеева И.Н., Таныгина Г.Б., Малинка Г.Л. Медико
-
социальные аспекты коррекции пограничных
нервно
-
психических расстройств у учащихся школ
-
интерната для детей
-
сирот и детей оставшихся без попечения
родителей /Сб.научн.тр.П.МОЛГМИ.
-
М., 1982.
6.
Яковлев Ю.Г., Курьянова Н.Н., Скворцова Е.С. Состояние здоровья детей, родители которых страдают
алкоголизмом –
Вопр. Охр.мат. и детства –
1991, №11 –
7-
11бб.
7.
Бауэр Т.Психические развитие младенца: Пер.с анг.. –
М., 1985 –
18-
27б.
8.
Түкбекова Б.Т. Состояние здоровья первоклассников детского дома
в период адаптации к школе и обоснование
психологической коррекции: Дис... канд.мед.наук. –
Караганда, 1999. –
99б.
Раушан Байбосынова
(Тараз, Казахстан)
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ –
БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Жастар –
қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі.
«Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін айтайын» деген екен
келешегіне алаңдаған бір адамға әйгілі Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл
-
Фараби. Кез келген жеке тұлғаның қоғамдағы
орны оның жас күнінде қалыптасып, кірпіші қаланады.
Жастар –
бүтіндей бір елдің тірегі.
Қандай да бір елді жаулап
алғың келсе, алдымен жастарының рухын сөндір, санасын аямай ула, радикалды ағымға бағыттап, зомби қылып
жібер. Бітті. Олар сенің иелегіңде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
деп айтқан сөзі бізге жарқын
болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас –
ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті.
Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан
-
жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып
табылатыны анық.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өз
-
өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Ұрпақ тәрбиесі қай қоғамда болмасын өзекті болып қала береді. Себебі, білімді, тәрбиелі ұрпақ жарқын
болашақ кепілі.
Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт –
баланың
тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын
жолы –
ұлт тәрбиесі»
дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас
ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін
елестетеді.
Жас ұрпақ тәрбиесі –
адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні
де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа
байланысты.
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.О.Әуезов: «Ел болам десең бесігіңді түзе»
деген
екен. Сол себепті тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп
ер
жетуі ең
алдымен, ата ананың, тәлім
-
тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі өнегесіне байланысты. Бала жылады деп
көп көтерсе ол соған дағдыланады. Мезгілсіз мекенсіз тамақ берсе соған да үйренеді. Бесікке байласа жылай береді
деп бесіктен жиі босата берсе, нәресте бесіктен мүлде шығып алады. Осылайша бала бесіктен белі шықпай жатып
өз дегенін жасатуға дағдыланады. Бала үшке толғанда «болады» «болмайды» дегенді білуі тиіс. Сонда мектепке
келгенде бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтінді ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам
ұстатып жазуды үйрете ме, әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме. «Ұяда не
көрсен, ұшқанда соңы
ілесің» деген сөз тегінен тегін айтылмаған.
Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана
-
сезімін, ұлттық психологиясын, ата
-
бабаларымыздың салт
дәстүрімен сабақтастыра отырып, тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесінің бірі болып есептелінеді. Жоғарыда
айтылған құндылықтарды қалыптастыру үшін халқымыздың ең таза, ең прогрессивті тарихи кезеңдерін айшықтайтын
ертегі, жұмбақ, хикая, әпсана, әңгімелердің маңызы зор. Халқымыздың ұлы мұрағаттарындағы кездесетін шешендік,
батырлық, имандылық туралы ойлардың негізінде болашақ ұрпақтың азаматтық тұлғасы қалыптасады.
280
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс.
Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке
басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына
келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік
қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше
талаптар жүктеледі. Ерік
-
қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін тәрбиешінің жеке басы сол
талаптарға сай болуы керек. Тәрбиешінің жеке басында, сөзі мен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп
ойлаймын. К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі –
баланы еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және
еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде
-
кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы
бола алады деп білді. Баланың санасына сәби кезінен
-
ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды,
пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істі болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді
ұсынды.
Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл
-
Фараби:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім –
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
деген екен. Сол себепті тәуелсіз
еліміздің ертеңі –
жас буынның тағылымды тәрбиемен мейілінше молынан сусындап өскені абзал.
Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет, кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл
-
әрекетіне
байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе, ойынға үлкен мән берген. Ойынды бар өнердің бастауы деп біліп, әр ойынның
уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті, мықты болуға,
әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиеленетінін аңғарған. Ойын бала үшін әрі іс
-
әрекет, әрі тәрбие құралы болып
табылады. Ол баланың өсіп, дамуымен тығыз байланысты. Бала ойын барысында өз бойындағы күш қуатын жұмсап,
қарсыластарынан кем түспеуге тырысады. Кейде намысын да жігерлендіріп жібереді. Демек, ойын мақсатын орындау
кезінде бала тек дене күшін жұсаумен (жүгірумен, тартысумен, қимылдаумен) ғана шектелмейді. Мұның өзі баланы
дене жағынан шынықтырумен қатар, ақыл
-
парасатын да жетілдіреді, яғни ойын балаға еңбек, ақыл
-
ой, адамгершілік,
эстетикалық дене тәрбиелерін берудің тамаша құралы болып табылады.
Бала ойын арқылы өзінің күш жігерін жаттықтырады, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі
ойыннан бастап өрбиді.
Тәрбие мәселесінде ұлы ақынымыз Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке
ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой
-
пікірлерімен жас ұрпақты өзінің еліне, халқына зор
махабатпен қарап, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуіне зор мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман, жаңа дәуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. Біздің басты
міндеттеріміз –
ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты жақсы
қасиеттерге тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.
Бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі тек ата
-
ана ісі емес, бүкіл қоғамды толғандыратын мәселе. Өйткені бүгінгі бала,
ертеңгі халқымыздың, Отанымыздың болашағы.Үйде ата
-
ана, ересек бауырлар мен туған
-
туыс, сыртта көршілер мен
үлкендер, мектеп пен оқу орындарында ұстаздар, жұмыста басшылар мен әріптестер –
жалпы қоғамның әрбір мүшесі
жұмылып, алдымен өз бойымыздан ізгілік пен туралықтың өнегесін көрсете отырып, балаларды жаманнан жиреніп,
жақсыдан үйренуге тәрбиелейік.
Біз Мәңгілік Ел болуға қарай қадам бастық. Ел Президентінің Мәңгілік Ел идеясы –
халықтың үміті мен тірегі.
Біз Елбасы тілегін қостаймыз. Тілекке тілек, білекке білек қосып, күш біріктіріп, Отанымыз үшін еңбек етуге дайын
болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |