Сұйықтан ұшып (буланған) шыққан молекулалардың саны, сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе – теңдігі деп аталады.
Атмосфераға су буы топырақтан, өсімдіктерден және су бетінен булану арқылы таралады
60%
60%
40%
20 °С
25 °С
Адамның қалыпты өмір сүру ылғалдылығы.
температура
ылғалдылық
Ауадағы су буы Р қысымның берілген температурадағы қаныққан бу қысымына қатынасы және пайызбен өрнектелетін шаманы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.
Бу (газ) қаныққан күйге өтіп конденсацияланған (шық пайда болған) және салыстырмалы ылғалдылығы 100% -ға тең болған кездегі температураны шық нүктесі деп атайды.
Қаныққан бу қысымы мен тығыздығы температураға тәуелділігі.
Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтау үшін көбіне психрометрлерді қолданады.Бұл-бірдей екі термометрден тұратын аспап. Құрғақ термометр-ауаның температурасын, ал ылғал термометр буланған сұйықтың температурасын көрсетеді.