Волонтерлік қызмет негіздері бойынша студенттік клубтарды ұйымдастыру артықшылығы Орындаған: Хожабай Тұрлыбек Топ: физ-22 Тексерген: Ногаев А. Н



Дата11.04.2023
өлшемі13,62 Kb.
#81683
Байланысты:
Қ.қ бөж №3


Волонтерлік қызмет негіздері бойынша студенттік клубтарды ұйымдастыру артықшылығы

Орындаған: Хожабай Тұрлыбек
Топ: ФИЗ-22
Тексерген: Ногаев А.Н.

"Волонтер немесе ерікті" - бұл алтын уақыты мен күш-жігерін мұқтаж адамдарға көмектесуге арнайтын адамдар. Еріктілік қызметі – студенттің іс-әрекетін дамытудың жақсы тәсілі. Бұл оны күнделікті істерден алшақтатып, өмірін жаңа эмоциялармен, дағдылармен және жетістіктермен толтыруға көмектеседі. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі құрметтеу, саналы азаматтықты қалыптастыру сынды қасиеттерді еріктілік қызметінің арқасында дамытуға болады.


Еріктілік қызметі әлеуметтік пайда әкелумен қатар, студентке әлем және ондағы адамдар туралы көп білуге, көптеген құндылықтарды теориялық емес, практикалық деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Неліктен адамдар волонтерлік қызметті жөн көреді?


Адамдардың өздерін бұл қызметке арнауының үш негізгі себебі бар: Біріншісі - қызығушылық. Жаңа эмоциялардың қажеттіліктерін, жаңа және қызықты нәрсені үйренуге деген ұмтылысты жүзеге асыруға көмектесетін волонтерлік.
Екіншісі - қайырымды болу. Көптеген адамдар үшін еріктілік қызметі - бұл жақсы істер жасауға, мұқтаж адамдарға пайда мен қуаныш әкелуге деген ұмтылыс.
Үшіншісі - адамдармен жақсы байланыс орнату. Студенттер үшін еріктілік қызметі жаңа таныстар мен достарды табудың көзіне айналады. Мұндай қауымдастықтар шынымен де әрбір тұлға үшін өз әрекеттерінің маңыздылығын, өз дауысын сезінуге көмектеседі, бойындағы белсенділік пен жауапкершілік қасиетін арттырады.

Өз ойымды қорытындылайтын болсам, ерікті болу – ең алдымен қоғамды сәл де болсын өзгертуге әкелетін кішігірім қадам. Әр адам өзінің қол ұшын мұқтаж жанға созса, жақсылық жасауға ұмтылса, әлемдегі біраз мәселелердің шешімі табылушы еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет