Вопросы на казахском языке


Науқаста барлық бүйір тістері сауытының 2/3 бөлігіне дейін мүжілген. Ортопедиялық ем үшін қандай конструкция қолданылады?



бет105/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   266
Науқаста барлық бүйір тістері сауытының 2/3 бөлігіне дейін мүжілген. Ортопедиялық ем үшін қандай конструкция қолданылады?
A. Қиғаш жазықтықты пластинка
B. Пластмассалыя каппа
C. Вестибулярлы доғасы бар пластинка
D. Тістеу алаңшағы бар пластинк
E. Штифті тістер
{Дұрыс жауабы}=B
{күрделілігі}= 3
$$$005
Науқас клиникаға тамақ ішкенде тістерінің сезімталдығына шағымдалып қаралды. 4.5, 4.6 және 4.7 тістердің сауыты 2/3 бөлігіне қысқарған. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі кішірейген. Тістесуі ортогнатиялық. Берілген жағдайда қандай протез конструкциясын жасауға болады және неліктен?
A. Металл штампталған сауыт, себебі тістесуді сауыт қалыңдығына қалпына келтіреді
B. Пластмассалы сауыт, себебі маргинальды пародонт сауыт шетімен аз жарақатталады
C. Штифті тістер, себебі бүйір бөліктегі мүжілген тістердің анатомиялық формасын қалпына келтіреді
D. Пластмассалы сауыт, себебі мүжілген тістің шайнау беті мен сауыттың окклюзиялық беті арасындағы қалың цемент қабаты сауыт шетінің қызылиек астына жылжуына кедергі келтірмейді
E. Толық құйылған сауыт, себебі сауыт қалыңдығы тістесуді қалпына келтіру үшін жеткілікті
{Дұрыс жауабы}= Е
{күрделілігі}= 3
$$$006
Науқас ортопедиялық клиникаға тістердің термиялық және механикалық тітіркендіргіштерге сезімталдық болуына шағымданып келді. 3.5, 3.6 және 3.7 тістерінің сауыттың 2/3 бөлігі ұзарған. Беттің төменгі үштен бөлігі төмендемеген. Тістем ортогнатиялық. Бұл жағдайда штампталған металлокерамикалық сауытты қолдану тиімді ме?
A.Тиімді, себебі тістемді штампталған металлокерамикалық сауыт қалыңдығында қалыптастырады.
B. Тиімді емес, сауыт жиегімен маргинальді пародонттың жарақаттануымен асқынуы болуы мүмкін
C. Тиімді емес, себебі бүйір бөлімде мүжілген тістердің анатомиялық формасын қалыптастырмайды.
D. Тиімді, цементтің қалың қабаты мүжілген тістердің сауыт биіктігін қалыптастырады.
E.Тиімді емес, штампталған метал сауыттар тістемді қалыптастыруға қалыңдығы жеткіліксіз
{Дұрыс жауабы}= С
{күрделілігі}= 3
$$$007
54 жастағы ер адам тістерінің мүжілуіне шағымдалып қаралды. Қарап тексеруде: барлық тістердің сауыт бөлімі түйісу алаңына дейін мүжілген. Беттің төменгі үшінші бөлігі өзгермеген. Диагноз қойыңыз?
A. Патологиялық мүжілудің компенсирленген формасы, 1 дәрежелі ауырлықта
B. Патологиялық мүжілудің декомпенсирленген формасы, 1 дәрежелі ауырлықта
C. Патологиялық мүжілудің компенсирленген формасы, 2 дәрежелі ауырлықта
D. Патологиялық мүжілудің декомпенсирленген формасы, 2 дәрежелі ауырлықта
E. Патологиялық мүжілудің аралас формасы, 2 дәрежелі ауырлықта
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$008
Төменгі тістер қатарының екі жақты шеткі ақауы, барлық премолярлар мен молярлар жоқ, беттің төменгі үшінші бөлігі төмендеген. Сақталған қалған жоғарғы және төменгі күрек тістер мен ит тістерде патологиялық мүжілудің ІІ дәрежесі. Орталық окклюзия жағдайында жоғарғы жақтың премолярлары мен молярларының шайнау бұдырлары төменгі альвеолярлы өскіннің шырышты қабатына тиіп жатыр. Тік тістем. Ортопедиялық емдеу тактикасын таңдаңыз?
A. Екі кезеңді ортопедиялық емдеу: бірінші кезең – жасанды сауыттармен алдыңғы тістердің анатомиялық пішінін қалыптастыру; екінші кезең – төменгі жаққа екі жақты шеткі ақауды толықтыратын алынбалы протез дайындау
B. Екі кезеңді ортопедиялық ем: бірінші кезеңде – төменгі жаққа алынбалы протездің көмегімен беттің төменгі үшінші бөліктің биіктігін қалыптастыру. Миототикалық рефлекстің қайта құрылуынан соң; екінші кезең – фронтальды тістерді жасанды сауыттармен қалыптастыру
C. Екі кезеңді ортопедиялық ем: бірінші кезең –төменгі фронтальді тістерге каппалы жабындысы бар уақытша алынбалы пластиналы протезбен беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалыптастыру; екінші кезең – тұрақты тіс протездерін жасау
D. Жоғарғы және төменгі жақтың барлық күрек тістері мен ит тістерін біруақтылы қалыптастыру және төменгі жаққа алынбалы протездерді дайындау
E. Екі кезеңді ортопедиялық емдеу: бірінші кезең – фронтальді тіс топтарын жасанды сауыттармен қалыптастыру; екінші кезең – беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалыптастыратын төменгі жаққа алынбалы протез даярлау
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3

$$$001
Науқасты тексеруде: төменгі алдыңғы тістер жоғарғы алдыңғы тістерді жауып қалады, жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер аралығында саңылау бар. Алтыншы тістердің қатынасы: 2.6 тістердің медиалды ұрт төмпешігі 2.6, 2.7 тістердің арасында жатыр. Тістем түрін анықтаңыз:


A. Ортогнаттық
B. Прогнаттық
C. Прогениялық
D. Опистогнатия
E. Бипрогнатия
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$002


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет