Пациент Н. стоматологиялық клиникаға алдын ала тексеру мақсатымен келген. Пациентті қарап тексергенде, 3.6 тістің шайнау бетінде тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА. Көрсетілген объективті мәліметтер қандай аурудың клиникасына сәйкес келеді:
37 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.7 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Қандай диагноз қоюға болады: