Пациентті қарап тексергенде 1.4 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуыс анықталған. Қуыстың табаны дентин-кіреуке шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?
46 жастағы пациент төменгі оң жақ тістің суық және ыстық тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 4.6 тістің медиальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақшыл түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?