Вопросы на казахском языке



бет86/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   266
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

Травматические поражения
$$$001
Бала 9 жаста. Тексерілу мақсатында қаралған. Ауыз қуысында: ұрт сілемейінде, тістердің қабысуы деңгейінде ақ-сұр түсті, айналасындағы тіндерден аздап жоғары жатқан аймақтар бар. Бұл жердегі сілемей ісінген, аздап қызарған, пальпация кезінде аурушаң. Баланың ұртың шайнайтын әдеті бар екен. Диагнозды болжаңыз?
A) созылмалы кандидалық стоматит
B) созылмалы қайталанбалы афталық стоматит
C) жұмсақ лейкоплакия
D) қызыл теміреткі
E) жедел кандидалық стоматит
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделігі}= 3

Вирусные заболевания слизистой оболочки полости рта
$$$001
Бала 1,5 жаста. Дене қызуы 38,3 С көтерілген, ауыз қуысында жаралар шығып, сілекейдің бөлінуі артқан. Тексеру кезінде: қызыл иек ісінген, қызарған. Ерін, ұрт, тіл сілемейінде көптеген өзара біріккен эрозиялар. Олардың бетін ақшыл қақ басқан, пальпацияда аурушаң. Ерін айналасындағы теріде сірлі сұйықтықты 4 көпіршік бар. Жақ асты лимфатүйіндері ұлғайған. Диагнозды болжаңыз?
A) жедел ұшықтық стоматит
B) жедел кандидалық стоматит
C) көптүрлі экссудациялық эритема
D) ұшықтық баспа (ангина)
E) қайталанбалы ұшықтық стоматит
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделігі}= 3

$$$002
Бала 1,5 жаста. 2 апта бұрын тұмауратып ауырған. 2 күннен бері дене қызуы 39С көтерілген, құсқан. Тексеру кезінде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сілекейдің бөлінуі артқан. Ерін, тіл және ұрт сілемейі қанық қызыл түсті, шекарасы айқын көрінетін көптеген ұсақ эрозиялар бар. Олардың бетін фибринді қақ басқан. Қызылиегі ісінген, қанағыш. Негізгі жергілікті ем:


A) вирусқа қарсы
B) дене қызуын төмендететін
C) ауырсыздандыратын
D) антисептикалық
E) кератопластикалық
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделігі}= 3

Аллергические заболевания слизистой оболочки полости рта
$$$001
Бала 8 жаста. Ауыз қуысындағы күрт ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданады. Тексергенде: ұрттың сілемейлі қабығында айқын қызыл түсті эрозиялар, жиектерінде үлбіреу қақпақшағы сақталған, оны пинцетпен тартқанда оңай алынады. Қосымша тексеру әдісін көрсет.
A) цитологиялық
B) ренгенологиялық
C) микробиологиялық
D) иммунологиялық
E) биохимиялық
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделігі}= 3

Изменения слизистой оболочки полости рта при детских инфекционных заболеваниях
$$$001
Бала 4 жаста. Тіс дәрігеріне анасы дене қызуының 38С көтерілуіне, ауыз қуысының қызаруына шағымданып келді. Балада жөтел, мұрыннан шырыштың көп бөлінуі, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: қатты және жұмсақ таңдайдың сілемейлі қабығында қызыл энантемалар. Ұрттың сілемейінде, молярлар тұсында, жиегі сақиналанып қызарған ақ дақтар анықталады. Осы аурудың қоздырушысы не?
A) А гемолитикалық стрептококк
B) фильтрлеуші вирус
C) Леффлер таяқшасы
D) Коксаки вирусы
E) кандида зеңі
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделігі}= 3

Грибковые заболевания слизистой оболочки полости рта
$$$001
Бала 3 жаста. Анамнезде: бала бірнеше күн бұрын жедел бронхитпен науқастанған. Ем жүргізілген. Кейіннен ауыз қуысында ақ түсті ұсақ түйіршікті қақ түзілген. Қақ тампонмен оңай сүртілген. Дәрігерге қаралмаған. Ауыз қуысын түймедақ қайнатпасымен шайып, ұйықтар алдында тіл мен ұртты балмен сылаған. Бала әлсіреп, дене қызуы 38,4С көтерілген. Ауыз қуысында: ерін, ұрт, тіл сілемейлі қызарған, бетін көптеп ақ – сұр түсті, ұсақ түйіршікті қақ басқан. Қақ тампонмен алынуы қиын, алған орнында сілемей қатты қызарған. Диагноз қойыңыз.
A) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, жеңіл дәрежесі
B) жедел атрофиялық кандидоз, орташа дәрежесі
C) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, орташа дәрежесі
D) созылмалы гиперпластикалық кандидоз, жеңіл дәрежесі
E) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, ауыр дәрежесі
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделігі}= 2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет