Вводный раздел Наука в философском ракурсе



бет13/14
Дата14.10.2023
өлшемі222,5 Kb.
#114534
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
МР ТЕМА 1. ЖӘМП тарихы, дамуы

Екінші оқу сұрағы: Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери білім беру жүйесінің құрылуы.

Жоғарғы әскери педагогикасы бұл жауынгерді оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым. Оның мақсаты жауынгерлер мен әскери ұжымдардың кызметтік және жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындалуының педагогикалық заңдылықтарын жан-жақты дамуын зерттейді.


Жоғарғы әскери педагогиканың басты қызметі- ержүрек әрі батыл, саяси-моральдік, жауынгерлік-психологиялық және жоғары жауынгерлік шеберлікті меңгерген Отан қорғаушыларды дайындау.
Қазіргі кездегі әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен оқытуды жетілдірудің негізгі құралы - әртүрлі тарихи кезеңдегі әскери мамандарды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен тәжірибесін, әскери-педагогикалық пікірлердің дамуының тәжірибесін оқу.
Ресейде әскери педагогиканың пайда болуы мен дамуы оның армиясы мен флотының барлық тарихымен тікелей байланысты.
Оның құрамдас бөлігі ретінде әскери педагогиканың тарихы нақты кезеңдерге бөлінеді:
1) ерте заманнан XVII ғасырға дейін;
2) XVII ғ. алғашқы жартысынан XIX ғ. дейін;
3) XIX ғ. екінші жартысынан XX ғ. басына дейін;
4) кеңестік кезеңдегі әскери педагогиканың дамуы (1917-1991 жж.);
5) қазіргі кезеңдегі әскери педагогиканың дамуы (1991 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін).
XVIII ғасырда әскери-педагогикалық ой-пікірлердің дамуы үшін қолайлы жағдай пайда болды. Бұл процесстің басталуы орыс армиясында жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің тұрақты жүйесінің үлгісі болған «үлгілеу» полкына қойылды.
Ресейдің егемендігі мен мемлекеттілігін нығайту, байырғы жерлерін қайтару мен теңізге шығуды қамтамасыз ету мақсатында I Петр тұрақты армия мен флот құрды. Оларды жинақтау үшін сол уақыттағы жаңа, алдыңғы қатарлы рекруттық жүйе енгізілді.
Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі жалдамалы армиямен салыстырғанда, орыс армиясы мен флотын ұлттық-бірыңғай солдаттар мен матростар құрамымен қамтамасыз етіп, оларды мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік берді.
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында әскери педагогика өз бетінше ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. М.В.Фрунзенің, М.Н.Тухачевскийдің, И.Э.Якирдің еңбектері, Азаматтық және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу тәсілдері қазіргі замандағы әскери педагогиканың қалыптасуына негіз болды.
Арнайы әлеуметтік құбылыс ретінде армия пайда болған сәттен бастап әскери қызметтің маңызды бөлігі жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу болып отыр. Шын мәнінде осы тәжірибелік әскери педагогика - әскери қимылды жемісті жүргізуге жауынгерлерді жан-жақты дайындаудың міндетті қажетті құралы.
XIX ғасырдың екінші жартысы әскерді, әсіресе офицерлер құрамын оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуының маңызды кезеңі болды.
Дәл осы кезеңде Ресейде алғашқы әскери педагогика туралы оқу құралы пайда болып, әскери мектептер қалыптасты. КСРО ыдырағаннан кейін 90-жылдардың басында Қазақстанның біртұтас Қарулы Күштерінде, басқа көптеген посткеңестік мемлекеттердегідей егеменді мемлекет ретінде әскери ғылымның дамуының тежелу, тоқырау мәселесі пайда бола бастады.
Ол өткір де өзекті мәселе еді. Шынайы себептермен көптеген офицерлердің өз елдеріне оралуына байланысты сол жылдарда жас Қазақстан армиясының офицерлер құрамының корпусы сандық және сапалық деңгейі бойынша, сол кездегі талаптарға сай келмеді.
Сол жылдардағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өте маңызды мәселесі «маман тапшылығы» болды.
Кеңестік кезеңде әскери-ғылыми кадрларды даярлау, негізінен Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б университеттерінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасында бірнеше әскери ғылым кандидаттары, ал әскери ғылым докторлары жоқтың қасы болды. Қазақстан аумағындағы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары командалық жалпы әскери училищесі ғана болды.
Мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мәселесін шешу үшін, әскери оқу орындарында жоғары білікті әскери кадрларды дайындау, сондай-ақ өзінің алдыңғы қатарлы әскери ғылымын құру және дамыту қажет болды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мен оның Қарулы Күштері өмір сүрген 30 жыл ішінде қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сай келетін барлық деңгейдегі әскери мамандарды дайындау үшін әскери білім беру жүйесі құрылды, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жолға қойылды.
Әскери білім беру жүйесі бес деңгейді қамтиды, оның ішінде: орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары білім – бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – магистратура және докторантура, сонымен қатар қосымша білім – әскери кафедралар мамандардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау.
Орта білім Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы республикалық «Жас Ұлан» мектептерінде білім алуды көздейді. Қорғаныс министрлігінде екі әскери колледж – Щучьедегі Уәлиханов атындағы әскери колледж және Астанадағы Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж жұмыс істейді. Онда «Әскери істердегі кіші басшылық» мамандығы бойынша жалпы орта білім базасында даярлайды.
Әскерлердің барлық түрлері мен тектерінің мамандарын үш жетекші әскери жоғары оқу орындарында дайындайды:
- Құрлық әскерлерінің Әскери институты;
- Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты;
- Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты.
Елімізде әскери жоғары оқу орындарымен қатар азаматтық жоғары оқу орындарында әскери кафедралар бар. Кәсіптік білім беру әскери қызметкерлер мен қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарымен толықтырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы жағынан бірегей оқу орны – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті. Орталық Азия өңірінің ірі әскери жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының барлық әскери оқу орындары үшін ведомствоаралық оқу-әдістемелік және ғылыми орталық болып табылады.
Университетте магистратурада 12 білім беру бағдарламасы (мамандық) және 24 біліктілік (мамандық) бойынша оқыту ұйымдастырылған.
Магистратураның білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады, тереңдетілген кәсіби және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды қамтамасыз етеді.
2011 жылдан бастап Ұлттық қорғаныс университетінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау «Философия докторы (PhD)» ғылыми дәрежесін берумен алты мамандық бойынша оқыту жүргізіледі:
- әскери өнер;
- әскери тарих;
- қару-жарақ пен әскери техника;
- Әскери білім беру және тәрбие;
- Әскери және мемлекеттік басқару;
- Әскери істердегі ақпараттық - коммуникациялық техналогиялар.
Докторантураның білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық бағытта жүзеге асырылады және түлектерге аяқтаған соң ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік дайындықты қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы оқу процессінің жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және әскери жоғары оқу орындарының ғылыми және ғылыми-педагогикалық потенциялын арттыруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы әскери педагогикасы қазіргі уақытта отандық жоғарғы педагогикалық ғылымдар мен кеңестік әскери-педагогикалық мектептердің озық жетістіктерін өзіне жинақтаған жас ғылым.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында жалпы педагогика және әскери педагогиканың орнын анықтап әдіснамалық және теориялық негізін айқындауда елеулі үлес қосқан ғалым педагогтар Әбішев Н.А., Жампейісова Қ.Қ., Қалиева С.И., Таубаева Ш.Т., Тригубова Н.Н., Хан Н.Н., Хмель Н.Д. еңбектері өте зор. Олар Қазақстан Республикасының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасын және тұтас педагогикалық процесс теориясын жасады.
Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне біртіндеп кіруі жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет».
Қазақстандық әскери білім мен әскери ғылым кез келген сыртқы агрессияға, мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне кез келген қол сұғушылыққа тойтарыс беру үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосуда.
Дегенменде, заманауи жаһандану, интеграция, қоғам өміріндегі экономикалық, саяси өзгерістер Қазақстан Республикасының әскери білім беру жүйесінің алдына – офицерлік кадрларды оқыту, даярлау және тәрбиелеу деңгейін сапалы түрде көтеру міндеттерін қойды. Олар:
1) негізгі құзыретін, жеке басының қасиеттері мен мінездемесін ескере отырып, көшбасшыларды барлық деңгейде даярлауды жетілдіру;
2) стратегиялық сын-қатерлер мен жақын тұрған қатерді тани білу және интерпретациялау үшін әскери-ғылыми орта құру.
3) әскери кадрларды даярлау кезінде ең талап етілетін мамандықтар бойынша әскери қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерін, оның ішінде кибер және ақпараттық қауіпсіздікті, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғанысты, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды, азаматтық қорғанысты және төтенше жағдайды ескере отырып ұйымдастыру.
4) Оқу бағдарламалары қазіргі заманғы жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдардағы соғыс тәжірибесін ескере отырып, ұдайы жаңартып отыру.
5) Оқу бағдарламаларының бір бөлігі әлемдік озық тәжірибені және жаңа буын соғыстарын жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, шетел әріптестерімен бірлесіп әзірлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет