Кіріспе бөлім: докторанттардың дайындығы туралы есеп қабылдау, білім алушылардың сабақта бар болуы мен дайындығын тексеру. Содан кейін тақырыптың атын, сабақтың мақсатын, уақытын, орнын, өткізу әдісін, сонымен қатар оқу-материалдық қамтамасыз етіліуін хабарлау. Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын, сонымен қатар оның пәнді оқудағы маңызын хабарлау. Негізгі және қосымша әдебиеттерге шолу жасау үшін әдебиеттер мен оқу-әдістемелік құралдар көрмесін пайдалану.
Оқу сұрақтары: Тақырып бойынша баяндамаларды тыңдау және талқылау: № 1 тақырып:Этнопедагогика, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздері. Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырлардағы этнопедагогикалық ойлардың тарихы.
№ 2 тақырып: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалармен танысып, олардың жағымды және жағымсыз әсерлерін сараптаңыз.
№ 3 тақырып: Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйелерінің интеграциясы. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы.
№ 4 тақырып: «Қазақстан Республикасының жоғары әскери білім беру жүйесінің қазіргі даму жағдайы: мәселелері мен болашағы».
Оқу сұрақтарын және оны қалай зерделеу қажеттігін жеткіземін. Баяндаушыларды тыңдаймыз. Сұрақтар қоямыз. Доктораннтармен бірлесіп негізгі мәселені талдаймыз..
Қортынды бөлім: Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын еске түсіру, олардың жету дәрежесін анықтау; келесі тақырыпқа өзіндік жұмысқа тапсырма беру; қажет болған жағдайда докторанттардың сұрақтарына жауап беру; келесі сабақтың тақырыбын, уақытын, орнын хабарлау.
6. ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ
№» 1/1 сабаққа арналған материалдар:«Жоғары әскери мектептің педагогикасы: тарихы, тәжірибесі, болашағы».
Бірінші оқыту сұрағы: Педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. Жоғары әскери мектеп педагогикасының пайда болуының тарихи алғы шарттары.
Кез-келген қоғам дамуының алғышарты – тәрбие мен білім берудің тұтас жүйесінің қалыптасуы болып табылады. Әлемдік өркениеттің дамуына білім жүйесінің тигізер әсері мол. Себебі білім жүйесі жас ұрпақты рухани мәдениетпен жақындастырады, қажетті әлеуметтік тәжірибемен қаруландырады. Адамзат қоғамы жас ұрпақты өмірге дайындау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алғашқы білім ордаларын құрып, соның негізінде алғаш рет білім беруші, үйретуші қызметін атқаратын мұғалімдік мамандықтың негізін қалады.
Тәрбие мен білім беруді жүйелі және ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттілігі бастапқыда тәрбие ілімдерінің, содан кейін оқыту ілімдерінің дамуына, соның негізінде педагогика ғылымының қалыптасуына әкелді.
Педагогика ғылымының мазмұны мен заңдылықтарын терең түсіну үшін «педагогика» ұғымының этимологиясын қарастыруды қажет етеді.
Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Біртіндеп педагог сөзі кең мағынаға ие болып, бүгінгі таңда «баланы өмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген мағынаны білдіреді.