1262 жылы Египет сұлтаны Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым – қатынас орнату үшін өз елшісін жібереді.
Орда беделінің өскендігін көрсететін бір жағдай – Берке ханның Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартуы.
Берке хан – Алтын орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады.
Орта Азияда мұсылман дінінің орталығы болған – Үргеніш, Бұхара қалаларымен байланыста күшейтеді.