Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Сурет 13.4. Кохер әдісімен иық буынын орнына салу



бет21/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Сурет 13.4. Кохер әдісімен иық буынын орнына салу:
а) бірінші кезең; б) екінші кезең; в) үшінші кезең; г) төртінші кезең
Джанелидзе әдісімен иық буынын орнына салу
Жансыздандырғаннан соң, науқасты зақымдалған бүйіріне жатқызады. Бұл кезде қолтық ойығы таңу үстелінің бас жағына сай келіп, қол сол жерден салбырап тұруы керек. Жауырын үстел шетіне ораналасуы тиіс. Науқастың басын дәрігердің көмекшісі ұстап тұрады немесе қосымша үстелшеге қояды. Мұндай қалыпта науқас 20 минут жатады. Салмағының әсерінен иық белдеуінің бұлшықеттері босаңсиды және тоқпан жіліктің басы жауырынның буын ойығына жақындайды. Хирург науқастың алдына тұрып, оның салбырап тұрған қолын шынтақ буынында тік бұрышпен бүгеді, осы кезде тартылып тұрған бұлшықеттер босаңсиды. Хирург бір қолымен науқастың білегін білезік буынында ұстап тұрады да, екінші қолын науқастың шынтақ буыны аймағында білектің алақан бетіне қояды. Осындай жағдайдағы науқастың қолын хирург бір қолымен білегінен төмен басып, екінші қолымен білегін иық буынында сыртқа және ішке қарай айналдырады. Осы кезде сүйек орнына түседі. Шыққан буынның орнына түскендігін «сырт» еткен дыбыстың шығуымен байқайды. Салғаннан соң, қолды 2-3 аптаға дейін иммобилизациялайды.



а б
Сурет 13.5. Джанелидзе әдісімен иық буынын орнына салу:


а) науқастың орналасу қалпы; б) буынды түзету
Джанелидзе әдісімен жамбас-сан буынын орнына салу
Жансыздандыру – жергілікті. Науқас үстелде ішімен жатады, ал шыққан аяғы үстелден салбырап тұрады. Науқас бұл қалыпта 20 минут жатады. Дәрігердің көмекшісі сегізкөзге қысым түсіру арқылы, науқастың жамбасын бекітіп, ұстап тұрады. Осыдан кейін, буынды түзетуге кіріседі. Ол үшін хирург үстел мен науқас аяғының арасына орналасады. Науқастың аяғын сыртқа аздап ығыстырып, тізе буынында 900 -қа дейін бүгеді. Салбырап тұрған аяғының тізе асты шұңқырына хирург өзінің тізесімен бірте-бірте төмен басып, аяғын сыртқа қарай бұрайды. Нәтижесінде сан сүйегінің басы ұршық ойығына жақындап, «сырт» деген дыбыс шығарып, оған кіріп кетеді. Жамбас-сан буынын салғаннан соң, иммобилизация жүргізіледі. Жамбас-сан, тізе және сирақ-асықты буындарды артқы гипсті лонгетамен бекітеді. Иммобилизацияның мерзімі – 3 апта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет