Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет24/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Метафизарлы сынықтар көбіне бір-біріне енген (қағылған тәріздес) болады: бір сүйек екінші сүйекке кіріп кетеді.
Балаларда сүйек қабығы астылық сынықтардың дамуы тән – бұл сынықтар «жасыл бұтақ» тәріздес болады, яғни сүйек қабығының эластикалық қабілеті жақсы болғандықтан, оның бүтіндігі бұзылмайды, бірақ сүйек затының сынуы байқалады.
Жарақаттың әсерінен сүйектің өскін шеміршегінің сызығымен сынып ажырауын жарақаттық эпифизеолиз деп атайды. Ол жас балаларда ғана байқалады, өйткені оларда сүйектің өсу аймағы толық сүйектеніп үлгермейді.


5. Зақымдалу механизміне байланысты қысылудан, бүгуден, бұраудан болған сынықтар және жұлынған сынықтар болып бөлінеді.



а б в г д


Сурет 13.7. Жарақаттың механизміне байланысты сынықтың түрлері:
а) бүгуден; б) тікелей соққыдан; в) бұраудан; г) шытынаудан; д) қысылудан
Стрелка жарақаттаушы күштің бағытын көрсетеді.

Сынықтар тікелей немесе тікелей емес сыртқы әсерден дамуы мүмкін. Тікелей әсерден болған сынықтар жарақаттаушы күш түскен жерде, ал тікелей емес – одан тысқары жерде пайда болады. Зақымдаушы фактор бірден немесе бірте-бірте әсер етуі мүмкін. Сүйектің жарақаттану дәрежесі зақымдаушы фактордың әсер ету жылдамдығымен, оның ұзақтығымен және бағытымен сипатталады.


Қысылудан болған сынықтар (компрессионды) – жиі омыртқа жарақаттарында – омыртқа денелерінің компресссионды сынықтары түрінде кездеседі.
Егер түтікті сүйек биіктіктен құлағанда сынса, онда ол бір-біріне енген (қағылған) сынық болуы мүмкін. Бұл кезде сүйектің тығыз және жіңішке диафизарлы бөлігі жұмсақ және кең метафизарлы немесе эпифизарлы бөлігіне енеді. Әдетте, бұндай сынықтар жамбас сүйегі мойынында, иықтың жоғарғы бөлігінде және асықты жілікте кездеседі.
Бүгуден болған сынықтар тікелей немесе жанама күштің әсерінен дамуы мүмкін. Сүйек өзінің серпімділігінің шегінен шығып бүгіледі, осы кезде сүйектің иілген жағының бүтіндігі бұзылып, көптеген жарықтар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет