Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет4/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Ұзақ уақыт қысылудың нәтижесінде зақымдалған аяқ-қолда ишемия мен венозды тоқырау пайда болады. Тіндердің механикалық зақымдалуының салдарынан, жасушалардың метаболизімінің токсикалық өнімдері көп мөлшерде жиналады, соның ішінде – миоглобиннің мөлшері. Метаболиттік ацидоз бен миоглобин бүйрек өзекшелерін бітеп, оның реабсорбциялық қызметін бұзады. Тамырішілік қанның ұюы фильтрацияны тежейді. Патогенезінде гиперкалиемияның да маңызы зор, ол 7-12 ммоль/л дейін жоғарылайды. Сонымен қатар, токсемияны зақымдалған бұлшықеттерден түсетін гистамин, аденил қышқылы, фосфор, креатинин де күшейте түседі.




Жарақаттық токсикоздың клиникалық ағымында үш кезеңді ажыратады:
1. Ісіну мен тамыр жетіспеушілігінің өршу кезеңі. Ол 1-3 күнге созылады.
2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезеңі. 3 -ші күннен 9-12 күнге дейін созылады.
3. Жазылу кезеңі.


Бірінші кезеңде (қысылған аяқ-қолды босатқаннан соң, 72 сағатқа дейін созылады) жергілікті өзгерістер және эндогенді интоксикация пайда болады. Клиникалық тұрғыда, ол: шок, ауыру сезімі, психоэмоциональді стресс, гемодинамиканың тұрақсыздығы, гемоконцентрация, креатинемия. Емдеу нәтижесінде қысқа уақыттық сауығу болады, содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, ұзақ қысылу синдромының екінші кезеңі басталады.
Бұл кезде көптеген ағзалардың, әсіресе бүйректің жетіспеушілігі дамиды. Осы кезеңде қысылған аяқ-қолдың ісінуі күшейеді, гемоконцентрация гемодилюцияға ауысады, анемия үдей түседі, диурезі төмендеп, тіпті анурия дамиды. Жүргізіліп жатқан ем шараларына қарамастан, өлім деңгейі 35% жетеді.
Үшінші кезең – жазылу кезеңі 3 аптадан кейін басталады және бүйрек қызметінің, қандағы белоктар мен электролиттердің мөлшерінің қалпына келуімен ерекшеленеді. Бірінші кезекке инфекциялық асқынулар шығады. Сепсистің даму қаупі өте жоғары болады.


Ұзақ қысылу синдромында көрсетілетін алғашқы көмек. Қысылған аяқ-қолды босатпас бұрын, улы заттардың қанға түсуінің алдын-алу үшін, бұрау салынады, содан кейін дәке орағышымен тығыз етіп таңып қояды; иммобилизация жүргізіледі; анальгетиктер мен седативті дәрілер тағайындалады; жараны антисептикпен өңдеп, асептикалық таңғыш салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет