Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет52/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Күйік ауруы

Күйіктер кешенді патологиялық өзгерістерді шақырып, өмірге маңызы зор жүйелердің барлығын қамтиды. Күйік ауруы – терінің және айналасындағы тіндердің термиялық зақымдалуының салдарынан дамитын клиникалық белгілердің кешені болып табылады. Күйік ауруының ауырлық дәрежесі, асқынулардың жиілігі және нәтижесі, негізінен терең жарақаттың көлеміне байланысты болады. Беткей күйіктердің көлемі дене бетінің 15% құраса немесе терең күйіктерде – бұл өлшем 10% болғанда, күйік ауруы дамиды.


Егер I дәрежелі күйіктің көлемі дене бетіне шаққанда 100% және II - IIIА дәрежелі күйікте – 30% болса, онда науқастың жағдайы өте ауыр, өмірге қауіпті болып есептеледі. Сонымен қатар, 10% -ға тең беттің, бұтаралықтың және сыртқы жыныс мүшелерінің IIIB және IV дәрежелі күйіктері мен аяқ-қолдың 15% -дан асатын күйіктері өмірге қауіп төндіреді.
Ересек адамдарда күйіктің ауырлық дәрежесі мен оның болжамын анықтау үшін, Н.Frank болжамдық көрсеткішті ұсынды. Ол жарақаттың тереңдігі мен аумағын бағалауға негізделіп, шартты бірлікпен белгіленеді.
Франк индексі мынадай теңдеумен есептеледі:


U = Sn + 3 x Sr


Sn – I, II, IIIА дәрежелі күйіктердің көлемінің жалпы саны (% көрсеткіш);
Sr – IIIB, IV дәрежелі күйіктердің көлемінің жалпы саны (% көрсеткіш);

Егер U – 30 -дан төмен болса болжамы қолайлы, 30-60 болса – болжамы салыстырмалы түрде қолайлы, 61-90 болса – болжамы күмәнді, 91 және одан жоғары болса – болжамы қолайсыз болады.


Күйік ауруының ағымында 4 сатыны ажыратады: күйіктік шок, жедел токсемия, септикотоксемия және реконвалесценция (жазылу сатысы).
Күйіктік шок күйген уақыттан бастап, 1-3 тәулікке дейін жалғасады. Оған күйік жарасынан келетін ауыру сезімдік импульсацияның нәтижесінде дамитын, эректильді кезеңнің айқын болуы тән. Шоктың даму барысында қан шалғай аймақтарға ығысып, қорға жиналады. Бұл ЦҚК -ің азаюының себепшісі болады. Күйіктік шоктың патогенезінде плазманың жоғалуының маңызы да өте зор, ол күйікке ұшыраған тіндерге шығуымен сипатталады. Плазманың жоғалуы күйіктен кейін, 8 сағаттан соң өзінің шегіне жетеді. Оның жоғалуы денедегі сұйықтықтардың ығысып жылжуына, осмостық және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына, содан кейін зат алмасудың барлық түрлерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Шоктың жеңіл, ауыр және өте ауыр дәрежелерін ажыратады.
Күйіктік шоктың емі жарақаттық шоктың еміне ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері болады. Үлкен көлемді күйіктердің алғашқы сағаттарында-ақ плазманың мөлшері 25-33% -ға азаяды, қан қоюланады. ЦҚК -ің азаюы мен қанның гемолизінің салдарынан тіндердің гипоксиясы үдей түседі. Сондықтан, оксигенотерапияны қарқынды жүргізу қажет, сұйықтықтарды, қанның бөлшектерін және плазма алмастырушы ерітінділерді көп мөлшерде құю керек. Шокқа қарсы емнің тағы бір маңызды ерекшелігі – науқасты толық, жеткілікті етіп жансыздандыру болып табылады.
Күйіктік шоктың ағымы қолайлы болса, күйік ауруы токсемия сатысына ауысады. Ол күйіктен кейін, 2-3 -ші күндері дамиды да, 1-3 аптаға созылады. Бұл кезде интоксикацияның белгілері байқалады: іріңді-резорбтивті қызба дамиды, температуралық сызық ремитирленуші (қайталанбалы) болады, науқастың бет әлпеті сүйірленеді, еріндері көгереді, терісі сұр түсті және құрғақ болады, басы ауырады, лоқсиды, құсады, 3-5 күндері психоз дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет