Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Сурет 13.21. «Тоғыздық ережесімен» күйіктің көлемін анықтау



бет51/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Сурет 13.21. «Тоғыздық ережесімен» күйіктің көлемін анықтау

Сырқатнамаға диагнозды нақтылап жазғанда, жарақаттың сипатын ескерген жөн: күйіктің түрін (термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік), жарақаттаушы агентті (от жалыны, қайнаған су, бу, балқыған темір және т.с.с), дәрежесін (I-IV), жалпы көлемі мен терең күйіктің көлемін (IIIB-IV дәрежелі күйіктің).


Күйік жарасының морфологиялық және клиникалық көрінісі

Күйік жарасының ағымы жарақаттың тереңдігіне байланысты болады. I-II дәрежелі күйіктерде серозды-асептикалық қабыну, әдетте іріңдеумен асқынбайды және жедел қабынуды жойғаннан кейін, міндетті түрде эпителиальді элементтердің регенерациясы жүріп, жара жазылады. Күйіктің IIIА, IIIB және IV дәрежелерінде жараның жазылу үрдісі басқаша болады: күйік болған мезетте тіндер өліеттенеді реактивті жарақаттық ісіну дамиды іріңді демаркациялық қабыну пайда болады регенерация кезеңі басталады. Іріңді-демаркациялық қабынудың нәтижесінде күйік жарасы өлген тіндерден тазарады. Регенеративті кезеңде грануляция, эпителизация және тыртықтану үрдістері дамиды.


IIIА дәрежелі күйікте эпителиальді жамылғының қалпына келуі, терінің терең қабатында сақталған қосалқылардың есебінен жүреді; IIIB және IV дәрежелі күйіктерде – регенерация аяқталмаған қалпында қалады, өйткені бұндай күйіктерде терінің қосалқылары зақымдалған болады. Осындай жаралар тыртықтану және жиекті эпителизация арқылы жазылады. Ошақты жараның регенерациясының тазару үрдістерінде жасушасыртылық және жасушаішілік протеолиттік ферменттер мен микробтық протеазалардың маңызы өте зор. Жарада күрделі биохимиялық өзгерістер сүт қышқылының жиналуымен, белокты емес азоттың концентрациясының жоғарылауымен, калий иондарының артуымен, кальцийдің мөлшерінің азаюымен, биологиялық белсенді заттардың түзілуімен сипатталады, олар қабыну мен регенерация үрдістерінің ағымына әсер етеді.
I дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы дамиды: қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3-4 күннен кейін, эпидермистің жоғарғы қабаты кеуіп, қоюланып, қатпарланады да, түсе бастайды.
II дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. II дәрежелі күйіктердің жазылуы 7-14 күнге созылады.
IIIА дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ, ашық-қоңыр немесе ақшыл-сұр түсті кабыршақ пайда болады, ол демаркациялық жолақ түзіп, сау тіндерден ажырайды. Іріңді-демаркациялық қабыну тері негізінің дәнекер тінді деңгейінде өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2-3 аптаға созылады. Әдетте, бірінші айдың соңы мен екінші айдың ортасына таман IIIА дәрежелі күйіктер эпителиймен толық қапталады.
IIIB дәрежелі күйіктің негізгі үш клиникалық түрін ажыратады:

  • коагуляциялық (құрғақ) өліеттену;

  • жылудың әсерінен терінің жабысуы;

  • ылғал өліеттену.

Құрғақ қабыршаққа қарағанда, жара ылғал өліеттенуден 10-12 күн бұрын тазарады. Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі, ақ түсті келлоидты тыртық пайда болады.
IV дәрежелі күйіктер тері асты шелмайы аз дамыған аймақтарда, ұзақ уақыт ыстық заттың әсер етуінен дамиды. Көбінесе бұлшықеттер, сіңірлер және сүйектер зардап шегеді. 13% жағдайда аяқ-қол бөлігінің өлеттенуі байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде өтеді: 1) қою-қоңыр немесе қара түсті қабыршақтың түзілуі; 2) көмірленіп күюі; 3) қамыр тәріздес ақшыл қабыршақтың пайда болуы. Бұндай күйіктер өздігінен жазылмайды, сондықтан тереңдетілген некрэктомия және аяқ-қолдың ампутациясы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет