Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Жараланған адам жеткізілді. Тамыр соғуы минутына 110 рет. АҚ – 90/50 мм.сын.бағ. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Шоктың қандай дәрежесін қояр едіңіз?



бет49/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
13 тарау

30. Жараланған адам жеткізілді. Тамыр соғуы минутына 110 рет. АҚ – 90/50 мм.сын.бағ. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Шоктың қандай дәрежесін қояр едіңіз?
А) жеңіл
В) орташа
С) ауыр
D) өте ауыр
Е) шоктың белгісі жоқ


31. Аппендэктомиядан 4 тәулік өткеннен кейін, ауыру сезімі толық тынышталғанда, науқастың операциядан кейінгі жарасында қайтадан солқылдаған ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы жоғарылады, лейкоцитоз дамыды. Жараның қандай асқынуы туралы ойлауға болады? Іс-әрекетіңіз?
А) Операциядан кейінгі жарада инфильтрат пайда болды, динамикасын
бақылау керек.
В) Жараның іріңдеуі, дереу жараны тексеру (ревизия жасау) керек.
С) Илеоцекальді аймақтың абсцессі, релапаротомия жасау керек.
D) Пилефлебит, антибиотикотерапияны күшейту керек.


32. Қабылдау бөліміне көлемі 2,5 х 0,4 см кесілген жарасы бар науқас жеткізілді. Пышақ жарақатын белгісіз адам 2 сағат бұрын иықтың жоғарғы ⅓ бөлігіне салды. Науқасқа қандай хирургиялық көмек көрсетілуі тиіс?
А) ЖБХӨ жасау, біріншілік тігіс салу және сіреспеге қарсы иммунизация жасау керек.
В) Жараны тігу, асептикалық таңғыш салу және сіреспеге қарсы сарысуды енгізу керек.
С) ЖБХӨ жасау, біріншілік кейінге қалдырылған тігіс салу және сіреспеге қарсы сарысуды енгізу керек.
D) Жараның бетін жуып тазалау, асептикалық таңғыш салу және сіреспеге қарсы сарысуды енгізу керек.


КҮЙІКТЕР, ЭЛЕКТРОЖАРАҚАТ, ҮСІКТЕР


Күйік (combustio) деп термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік энергияның әсерінен туындайтын ағзалар мен тіндердің спецификалық зақымдарын айтады.
Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды термиялық, химиялық, электрлік және сәулелік күйіктер деп ажыратады. Жалпы хирургиялық аурулардың 2% -ын күйіктер құрайды және олардың ең жиі кездесетіні термиялық күйіктер болып табылады.
Күйіктің дамуының себебіне жалынның, будың, қайнаған судың, балқыған темірдің және т.б. әсерінен болатын тіндердің шамадан тыс қызып зақымдалуы жатады. Термиялық әсердің белсенділігі зақымдаушы термиялық агенттің табиғатына, оның температурасына, әсер ету уақыты мен дамыған тіндік гипертермияның ұзақтығына байланысты болады. Мысалы, өте жоғары температура қысқа уақыт әсер етсе, зақымдалу тереңдігі кішігірім болуы мүмкін. Сонымен бірге, температурасы онша жоғары емес (ыстық су, бу), бірақ ұзақ уақыт денемен жанасқан болса, онда тек тері ғана емес, сонымен қатар тереңде жатқан анатомиялық құрылымдар да зақымдалуы мүмкін. Инфрақызыл сәулелердің 5 мм тереңдікке еніп, тіндерді 50-600С дейін қыздыру мүмкіндігі бар. Тіндердегі өзгерістер, олардың қызу деңгейіне байланысты болады. Егер температура 600С -тан аспайтын болса, онда ылғал (колликвациялық) өліеттену дамиды, ал өте жоғары температуралық агенттермен белсенді қыздырса, тіндер құрғайды және құрғақ (коагуляциялық) өліеттену пайда болады.
Тіндердің химиялық белсенді заттармен зақымдалу механизмі толық зерттелмеген және «химиялық күйік» деген түсінік нақты емес болып келеді. Нағыз химиялық күйіктерге қысқа уақыт ішінде тіндердің өліеттенуін тудыратын заттармен зақымдалуды жатқызады. Осындай қасиеттерге мықты бейорганикалық қышқылдар, сілтілер және ауыр металлдардың тұздары ие болады. Химиялық күйіктерде жарақатаушы заттың иондары мен жасушалардың құрамына кіретін заттардың арасында жаңа байланыстар пайда болады.
Тіндер арқылы өткенде электр тоғының зақымдаушы күші жылу, электрохимиялық және механикалық факторлардың әсерімен сипатталады. Тіндердің қарсыласуының нәтижесінде электрлік энергия жылу энергиясына ауысып, жасушалардың шамадан тыс қызуы мен олардың өлуіне әкеледі. Электрлік күйіктерде, әдетте беткей орналасқан тіндердің өліеттенуі тереңде жатқан тіндерге қарағанда аз болады. Электр жарақаты кезінде вольт шеңбері немесе темір өткізгіштері қатты қызғандықтан, электрокүйіктер термиялық күйіктермен бірге үйлеседі, ал соңғысының ағымы өте ауыр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет