Тақырып 1.15.Африка құрлығындағы мемлекеттер.
Африкадағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары мен жалпы жағдайы. Африка Батыс Еуропа елдерінің кон- гломератына айналды. Батыс және тропиктік аймақтарда, Мадагаскар мен Үнді мұхитындағы аралдарда Франция қожалық етті. Оның иелігінде Солтүстік Африканың арабтар жайлаған Марокко, Алжир, Тунис елдері бол- ды. Ұлыбритания шығыс, оңтүстік, батыс аймақтардағы елдерді бағындырды. Шығысында, батысында, оңтүстік-батысында Герма- ния табан тіреп тұрды. Оның үстемдігі Танганьика, Уган- да, Руанда, Бурунди, Того, Камерун, Намибия елдерінде орнады. Португалия Мозамбик, Ангола, Гвинея-Бисау, Жасыл мүйіс аралдарын иемденді. Бельгия отаршылдары Конгоны басып алса, Италия қазіргі Сомали, Эритреяны қолында ұстады. Испания да құр қалмай, Батыс Сахара мен Марокконың бір бөлігін иеленген еді. Оңтүстік ау- дандарда Англияға бағынышты Оңтүстік Африка Одағы құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияның отарлары Англияға, Францияға, Бельгияға өтіп кетті, ал германдық Оңтүстік-Батыс Африка (қазіргі Намибия) Оңтүстік Африка Одағына тәуелді болды. Сөйтіп, бірне- ше Еуропа мемлекеті бүкіл құрлықты бөлісіп, халқын қанады. Күшпен, зорлықпен орнатылған империалистік отаршылдық тәртіп зардабына қарсы Африка халықтары дүркін-дүркін көтеріліске шығып отырды. Батыс елдері отарларында әртүрлі билік жүйесін енгіз- ді. Француздар өздерінің тікелей әкімшілік биліктерін орнатса, ағылшындар жергілікті көсемдерді жақын тар- тып, соларға сүйену әдісін жиі пайдаланды. Бұл тәртіп негізінде заң шығарушы кеңестер құрылып, оған ауқатты отбасылар қатысты. Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1920—1930 жылда- ры Африка елдерінде шетелдіктер үстемдігі нығая түсті. Аймақтағы барлық елдердің экономикасы біржақты бо- лып, дәнді дақылдардың бір ғана түрін өсіруге бағытталды. Алтын жағалауда (қазіргі Гана) какао өндіріліп, Сенегал мен Гамбия — жержаңғақ, экваторлық Африка елдері мақта шығарды. Ал тау-кен өнеркәсібі үшін бұл елдер тек шикізат Сьерра-Леоне — темір кенін, Конго — темір кені, мыс және т. б. шығарумен айналысты. 87 Отар елдегі жұмысшылар жалақысы өте төмен бол- ғандықтан, өндірілген тауарлардың да құны арзан еді. Ал оны сатушылар пайданы көп табатын. Африкалық ша- руалар, тіпті құлдар қатарында еуропалықтардың план- тацияларында еңбектенетін. Жерсіз шаруалар, салық төлей алмайтындардың көбі басыбайлы ретінде плантациялық жұмысшылар қатарында болды. Тұрмыстың нашарлығынан, қара жұмыстың ауыртпалығынан адам шығыны шектен асты. Сонымен бірге кедейленген шаруалар тау-кен қазба жұ- мыстарына қарай шұбыратын. Шахталар мен кеніш жұмысшыларының өмірі адам айтқысыз қиын еді. Саяси жағдай және ұлт-азаттық қозғалыс. Көптеген елдерде империалистер мен отаршылдарға қарсы қозғалыс қалыптасты. Олардың басында бұрын феодалдық көсемдер тұрса, жаңа кезеңде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құрылып, азаттықты қолдаушылар қатарына жұмысшылар мен буржуазиялық топтар қосылды. Бұл шамалы болса да экономикалық-әлеуметтік жағдайы алда келе жатқан елдерде байқалды (Нигерия, Алтын жағалау, Сьерра-Леоне, Кения, Оңтүстік Африка Одағы). 30-жылдардың басында Конгода, Ганада, Нигерияда, Анголада, Оңтүстік Родезияда, Танганьикада, Маврита- нияда наразылық басталды. Қалалар мен селолық аудан- дарда, кеніштер мен шахталарда ірі ереуілдер, толқулар, көтерілістер болып, отаршылдар оларды аяусыз басып отырды. 30-жылдардың ортасында Италияның фашистік үкіме- ті Эфиопияны жаулауға кірісті. Жергілікті халық оған қарсы қаһармандықпен күресті, бірақ қаруы мықты Ита- лия әскерлері елдің көп жерін басып алды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бірнеше мил- лион африкалық Еуропа елдерінің армиясы қатарына шақырылып, қара жұмысқа салынды. Африка тау-кен байлығын пайдаланған еуропалықтар құрлықта өндіріс орындарын салды, кеніштер ашты. Бұл істерден АҚШ та тыс қалмады.
Сұрақтар мен тапсырмалар 4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Африкадағы араб елдерінде қандай соғыс қимылдары орын алды? 5. Саяси картаны пайдаланып, Еуропа елдерінің Африкадағы отаршыл дық жүйелерін еске түсіріңдер. Африкадағы өзгерістер неге байла нысты болды?
Достарыңызбен бөлісу: |