Тақырып 1.2. ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.
ХIХ ғасырдың соңында Еуропа шегінен тыс еуропалық үстемдіктің нақты көрінісі ретіндегі империализм термині пайда болды. Империализм (лат. imperium — билік, басқару) бөтен аумақты жаулап алу деген сөз. ХХ ғасырдың басында — Қытай, Осман империясы (Түркия), Иран, Ауғанстан капиталистік державалардың жартылай отарына айналды. 1867—1868 жылдары болған Мэйдзи төң- керісі, 1870—1880 жылдардағы реформалар Жапонияда капитализмнің дамуына жол ашып, оның әлеуметтік және саяси өзгерісіне ықпал етті. Капиталистік негіздің қалыптасуы Жапония қоғамының жаңғыруына (модер- низация) алып келді. Жапония батыс елдерінің мәде- ниеті мен техникалық жетістіктерін өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне бейімдеп, пайдалана білді. Елдегі капиталистік қатынастардың дамуы мен сырт- қы саясаттағы экспансиялық өзгерістер Жапонияны ірі капиталистік елдердің қатарына қосты. Бұл беталыс Жапонияны Еуропа мен Америка мемлекеттерінің отар- шылдық саясатынан сақтап қалды. ХХ ғасырдың басында дүниежүзін бөлісу аяқталды. Сөйтіп, империализмнің отарлық жүйесі біржола қалып- тасты. Бұл жүйенің құрамына егемендігінен толық айырылған отар елдер және өздерінің дәстүрлі басқару құрылымдарын сөз жүзінде сақтағанымен, іс жүзінде қаржысы мен экономикасы жағынан империалистік мем- лекеттерге тәуелді — жартылай отар елдер кірді. Жарты- лай отар елдер қатарына Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты бір топ елдер жатты. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың ба- сында доминион отарларға Англия жұртшылығы көптеп қоныс аудара бастады. Доминион отарларының өзін-өзі басқаруға құқығы болды. Олардың қатарына Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия және Оңтүстік Африка Одағы кірді. Отарлық үстемдіктің тағы бір түрі протекторат болды. Протекторлық (лат. protector — қамқоршы) дегеніміз — басқарушы мемлекеттің бағынышты елге сыртқы саясатын бақылау арқылы отаршылдық үстемдігін жүргізуі. Капиталистік мемлекеттер өздерінің империалистік мүдделері түйіскен өңірлерде ықпал аймақтарын бөлуге тырысты. Еуропалық үстемдіктің түпнегізі. Батыс Еуропа аумағындағы өркениетті елдерде жаңа буржуазиялық қатынастар пайда болды. Бұл қатынастар қарқынды қалыптасып, тұрақтала бастады. Капиталистік қаты- настардың барысында жекеменшікті иелену құқығы мен жаңа техниканың қарқынды дамуына мүмкіндік туды. Мұндай құқық жеке адамның талаптануына, өз бетімен тіршілік жасауына ашық бастама болды. Өрке- ниетті құрылымда еңбек жоғары бағаланып, әсіресе экономикалық мүдде ең биік, ең қасиетті екені мойын- далды. Ұлттық сана-сезім мен азаттық қозғалыстарының өсуі. Ұлттық мәселе капитализммен бірге, буржуазиялық ұлттардың қалыптасу кезеңінде пайда болды. ХХ ғасырда ұлтшылдық Еуропадағы мемлекеттік құрылыстың басты элементіне айналды. Ұлтшылдық бірыңғай мемлекеттер аясындағы этностардың барлық бөліктерінің шоғырланған белгісі болды. Азия мен Африканың көпшілік елдерінде ұлттық пролетариат ұлттық буржуазиядан бұрын шетелдік кәсіпорындарда қалыптаса бастады. Сондай-ақ отарларда ұлттық буржуазия әлсіз, бағынышты жағдайда болды. ХХ ғасырдың басында Шығыс елдерінің халықтары империалистік езгіге қарсы күресте Батыс елдерінің про- летариатымен одақтас ретінде бас көтерді.
Германияның бірігуі нәтижесінде Герман империясының құрылуы (1871 ж.) осындай үдерістердің Италияда болу мүмкіндігін ай- қындады. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұлар бас- қалардың байлықтарына көз тікті. Бұл жағдай әсіресе Еуропадағы халықаралық қатынастарды жаңғыртты. Ресей мен Францияға қарсы күресу мақсатымен Герман мәмілегерлері Австро-Венгриямен одақ құрды (1879 ж.). Содан кейін Австро-Венгрия, Италия, Германия мемлекеттері Үштік одаққа (1882 ж.) бірігіп, жаңа соғыс блогының құрылуына жол ашты. Франция Үштік одақтан сескеніп, өзін қолдайтын жақтастарды Ресей жағынан іздеді. Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеп алғаннан кейін 1893 жылы Франция-Ресей одағы құрылды. 1904 жылғы Марокко дағдарысы Франция мен Ұлыбри- танияның жақындасуын тездетті.
Ағылшын-орыс келісімі және Үштік одақ пен Ан- тантаның құрылуы. Халықаралық қайшылықтардың шиеленісуі Ағылшын-француз одағын нығайту мәселесін көтерді. Германияның қауіпті қарсылас екендігін ескере оты- рып, Ұлыбритания Ресеймен жақындасудың нәтижесінде 1907 жылы 31 тамызда ағылшын-орыс келісіміне қол қойды. Ағылшын-орыс келісімі Антанта одағының құры- луымен аяқталды. Ұлыбританияның Франциямен және Ресеймен жасаған келісімі Германияға қарсы соғысты әзірлеудегі маңызды кезең болды.
Бірінші Балқан соғысы. Осман империясының ыдыра- уы одан әрі тереңдей түсті. ХХ ғасырдың басында Түркия екі соғысты басынан өткерді. 1911 жылы 29 қыркүйектегі Италия-Түркия соғысы Балқан түбегіндегі әлеуметтік және ұлттық қайшылықтарды одан әрі шиеленістірді. Ресей, Ұлыбритания және Франция елдерінің ара түсуімен Болгария, Сербия және Грекия мемлекеттерінің бірлескен одағы құрылып, көп жылдар бойы Түркияның үстемдігіне қараған Македонияны өзара бөлісуді көздеді. 1912 жылы қазан айында Бірінші Балқан соғысы бас- талды. Болгария армиясы түрік әскерін қиратып, Кон- стантинопольге жақындады. 1912 жылы 28 қарашада Албания тәуелсіздігін жариялады. Түркия жеңілгенін мойындап, 1913 жылы 21 сәуірде уақытша келісімге, ал 30 мамырда Лондон бітіміне қол қойды. Бұл келісім бо- йынша Түркияның Еуропадағы иеліктері түгелімен Бол- гария еліне берілетін болды. Түркияның иелігінде Стамбұл маңындағы аздаған жер сақталып қалды.
Екінші Балқан соғысы. Бірінші Балқан соғысы өңір- дегі күштердің арасалмағын өзгертті. Австро-Венгрия мен Германияға сүйенген Болгария 1913 жылы 29 маусымда Сербия мен Грекияға соғыс жа- риялады. Осылайша Екінші Балқан соғысы басталды. Болгария бұл соғыста жеңіліс тауып, жерінен айырыл- ды. Түркия әскерлері Адрианополь қаласын басып алды. Мұндай жағдайда Ресей Болгарияны тәуелсіз мемлекет ретінде сақтап қалуға тырысып, Түркиямен бітімге келді. 1913 жылы 10 тамызда Бухарест қаласында Ресей- Болгария арасында келісімшартқа қол қойылды. Сербия Македонияның бір бөлігін және Болгарияға тиісті Маке- дония жерін алды. Оңтүстік Македония мен Фракияның бір бөлігін Грекия иеленді. Адрианополь қаласы Түркияға қайтарылды. Румыния Оңтүстік Добруджа жерін басып алды. Сөйтіп, Балқан түбегінің жартысы қайта бөл- шектенді. Балқан түбегі елдерінің арасында алауыздық орнап, саяси тұрақсыздық қалыптасты. Сөйтіп, ол Еуро- паның “жарылғыш қоймасына” айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |