Xvii-xix ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды


Тақырып 1.16.ІІ. Дүниежүзілік қарсаңындағы халықаралық жағдай



бет15/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,84 Kb.
#22902
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy

Тақырып 1.16.ІІ. Дүниежүзілік қарсаңындағы халықаралық жағдай.

Тақырып 1.17.ІІ. Дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1939-1941 жж. соғыс барысы.

Тақырып 1.18.Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі. Ұлы Отан соғысы.

Тақырып 1.19. Антифашистік коалицияның құрылуы. ІІ. Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

ІІ. Тарау. ХХ ғасырдың ІІ.жартысы-ХХІ ғасырдың басындағы әлем.

Тақырып 2.1. ІІ. Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем.

Тақырып 2.2. Қырғи қабақ соғыс. НАТО және Варшава Шарты.

ХХ ғасырдың екінші жартысы — ХХI ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар Халықаралық сахнадағы өзгерістер және “қырғиқабақ соғыстың” шығуы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы бірнеше негізгі жағдайларға байланысты болды. Бұрынғы ірі елдер арасынан екі алып мемлекет — АҚШ пен КСРО ерекше орынға көтеріліп, шешуші күшке айнал- ды. Халықаралық сахнада шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әртүрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді. КСРО бас- шылары социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын әлемге таратпақ болды. Ең алдымен бұл саясат кеңес құрамындағы Еуропа және Азия елдерін- де жүргізілді. Олар социалистік лагерь деп аталды. Батыс елдері АҚШ-тың басшылығымен қарама-қарсы лагерь құрды. Екі топ арасындағы талас “қырғиқабақ соғыс” өртін тұтандырып, ол неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреді. Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу. Соғыс біткен кезде БҰҰ құрылып, жеңілген елдермен бітімдер жасасуға мүмкіндік туды. 1946—1947 жылдары Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның шығыстағы жері Польша мен КСРО-ға берілді. Италия Африкадағы отарларынан бас тартты. Германия мен Жапония мәселелері үлкен дау туғызып, шиеленісе түсті. Германия төртке бөлініп, АҚШ, Англия, Франция, КСРО әскерлерінің қарамағына берілді. Ба- 187 тыс елдері де, КСРО да Германияны бөлшектеп ұстауды көздеді. Сондықтан да 1949 жылы оның батыс жағында Германия Федеративтік Республикасы (ГФР), КСРО-ға қараған жағында Германия Демократиялық Республика- сы (ГДР) жарияланып, екі дербес мемлекет құрылды. Жапониямен бітім жасасу оңайға түспеді. Ол бұрын жаулап алған аймақтарынан айырылды. Бітім мәселесіне Корея соғысы, Қытайдағы революция, т.б. оқиғалар да өз әсерін тигізді. Ақыры, 1951 жылы қыркүйекте Сан-Францискода бітімге қол қойылып, Жапонияның егемендігі қайтарылды. КСРО оған көнбей, бітім жасас- пады. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздікті нығайту, озбырлыққа жол бермеу үшін 1945 жылдың 26 маусымын- да Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Оған 51 мемлекет енді. Бірақ соғыс аяқталмай жатып-ақ одақтас елдер арасын- да сенімсіздік ұлғая түсті. Ол империалистік озбырлық саясаттың жемісі еді. Бір жағынан — АҚШ, бір жағынан КСРО өз мүдделері үшін, басқа елдердің тағдырын таптау- ға даяр тұрды. Осындай саясатты іске асыру үшін қару- жараққа, соғысқа дайындалуға қаражат аямай бөлінді. Екі жақ та ядролық қару-жарақты игеруге жанталаса кірісті. Бірінен-бірі озық қарулардың жаңа түрлері ойлап табыл- ды. Әскери-өндіріс кешені біртіндеп ел өмірін бағындыра бастады. Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО — 1949 жылы, КСРО бастаған Варша- ва Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, “қырғиқабақ соғыстың” негізгі орталықтарына айналды. Батыс елдері СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС сияқты топтарға әр аймақтағы елдерді тартса, өз кезегінде КСРО бір топ социалистік елдермен (Моңғолия, Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба, т. б.) әртүрлі шарттарға қол қойды. Ұлт-азаттық қозғалыс және халықаралық қатынас­ тар. Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтары- на қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды. Сөйтіп, өздерін 188 дамытуға, соғысқа жол бермеуге, отарлық қанауда қалған халықтарды босатуға бағытталған саясат ұстады. 1950—1960 жылдардағы “қырғиқабақ соғыс”. Екі алып мемлекет арасындағы бақталастық Еуропаны қам- тыды. Сондықтан бұл аймақта әскери күштер шоғырлан- ды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында, Черчилль мен Сталиннің құпия келісіміне орай, КСРО — Шығыс Еуропаны, АҚШ пен Англия Батыс Еуропаны өз ықпалын- да ұстап келді. Бұл жағдай Ялта, Потсдам келісімдерін- де бекітіліп, екі жақ қанша тартысқанымен, оны бұзуға бармады. Қақтығыстар арасында Таяу Шығыс жанжалы ерек- ше орын алды. Палестина жерінде еврейлер және арабтар тұратын екі мемлекет құру туралы БҰҰ-ның шешіміне (1947 ж.) арабтар көнбей, Израильге қарсы соғыс ашып, жеңілген Палестина арабтары босып кетті. Сөйтіп, осы күнге дейін реттелмеген Таяу Шығыс жанжалы туындады. Кейін оған неше түрлі мәселелер қабаттасып, мазмұны да, салмағы да өзгерді. 1957—1958 жылдары Батыс елдері, әсіресе АҚШ қарап жатпады. “Эйзенхауэр доктринасы”, Сирия төңірегіндегі шиеленістер, Алжирдегі Франция соғысы, 1958 жылы Ливандағы қақтығыстар, Ирактағы монархияны жойған революцияға қарсылық көрсету, Англия мен АҚШ-тың осы аймаққа әскер төгуі — осындай оқиғалар тізбектеліп, жанжал күрделене түсті. 1967 жылғы маусымның басындағы Палестинаға бай- ланысты 6 күндік соғыс бүкіл араб әлеміне ауыр тиді. Израиль 5 маусымда шабуылға шығып, алты күн ішінде Египет, Сирия, Иордания қарулы күштерін талқандап, 170 мың шаршы шақырым жерді басып алды. Тағы да бір шиеленіс ошағы Оңтүстік-Шығыс Азияда шықты. Ол АҚШ-тың Вьетнамға қарсы соғысы болатын. Оңтүстік Вьетнамда 1960—1964 жылдары ұлт-азаттық көтеріліс үлкен табысқа жетіп, АҚШ-ты қолдаған күш- тер жеңілуге айналды. 1964 жылы тамызда Тонкин шығанағында Солтүстік Вьетнам әскери катерлері мен АҚШ эсминецтері арасында жанжал шықты. Осыны сыл- тау еткен Американың Л.Джонсон, содан кейін Р. Никсон үкіметтері Үндіқытайда 1973 жылға дейін ойран салды. 189 Вьетнамда бірнеше миллион адам қаза тауып, АҚШ 68 мың жауынгерінен айырылды. Келесі жанжал Оңтүстік Азия аймағында пайда болды. Үндістан мен Пәкстан арасындағы Кашмир аймағы үшін болған талас екі елді қатты өшіктірді. 1947—1948 жыл- дары соғыста Кашмирдің 1/3-і — Пәкстан, қалғаны Үндістан қолына өтті. 1965 және 1971 жылдары екі ел арасында тағы да соғыс болды. 1959, 1962 жылдары Қытай мен Үндістан арасында — Гималай тауларындағы шекара- да қарулы қақтығыстар болып өтті. 1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. АҚШ бұл елдегі революцияны басуға бел байлап, Кубаға бойкот жариялады, контрреволюциялық әрекеттерге қолдау көрсетті. Кубаны қорғауды сылтау еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Қарымта ретінде АҚШ өз зымы- рандарын Түркиядан алып кетіп, екі ел шиеленісі біраз бәсеңдегендей болды. 1963 жылы тамызда ядролық сынауларды 3 салада тоқтату туралы шарт жасалды. Ал қаруларды қысқарту жөнінде келіссөздер көпке дейін нәтиже бермеді. Еуропадағы бейбітшілікті нығайту шаралары. Екі топ- тың қолында жинақталған қару өздерін ғана емес, бүкіл өркениетті жойып жібере алатын жағдайға жеткенін анық ұғынған саясатшылар қандай да болсын шиеленістерді халықаралық сахнада келіссөз арқылы ғана реттеу тура- лы ой-пікір айта бастады. Соған қарамастан, қара күшке сүйену, зорлық-зомбылыққа бару тоқтала қоймады. Соның бір мысалы, 1968 жылы КСРО сыбайластарымен Чехословакияға басып кіріп, ел басшылығын ауыстыр- ды. Бірақ Еуропа елдері жағдайды дұрыс шешуді қалап, басқосуға даярлық білдірді. Финляндия үкіметі 1969 жылы мамырда бастама жасап, оны шақыру жұмысы алты жылға созылды. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды. Ол соғыстан кейінгі қалыптасқан ше- караларды өзгертпеу, қаруларды қысқарту, адам құқығын 190 құрметтеу және гуманитарлық байланыстарды дамыту ісіне баса мән беру бағытына үлкен сүйеу болды. Соның нәтижесінде Еуропада бейбіт жағдай нығайтыла түсті. Сол жылдары АҚШ пен КСРО-ның әскери қуаты теңелгендей болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет