Тақырып 2.14.ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. халықаралық және аймақтық дау-жанжалдар.
Тақырып 2.15.Өркениетті елдердің дамуы және дүние жүзіндегі демократиялық үдерістер.
Тақырып 2.16.Дүние жүзіндегі ықпалдастық үдерістер.
Тақырып 2.17.Халықаралық ұйымдардың қызметі және бүгінгі Қазақстан.
Тақырып 2.18.ХХІ ғ. басындағы дүние жүзінің өзекті мәселелері.
Тақырып 2.19.ХХ ғасыр мәдениеті.
Мәдениеттің дамуындағы қайшылықты үрдістер. Қазіргі заманғы тарихи дамудың барысы дүниенің мәдени және өркениетті қайта жаңаруына тікелей әсер етті. ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжыл- дыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды. Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды да- муы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы, дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылым- ның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады. Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге жаңа көзқарас қалыптасты. 196 ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт бол- ды, ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Бір жағынан, заманауи қоғамның негізінде адамзат- қа деген сүйіспеншіліктің жоғары мұраттары, теңдік, бостандық демократия идеялары жатса, екінші жағынан, стандартталу мен бірегейлену үдерісі, материалдық тұрмыс дәрежесінің өсуі бұл құндылықтар бағасын арзан- датып, рухани тоқырауға апарып соқтырады. Ғылыми- техникалық прогреспен туындаған технократиялық саралау гуманитарлық саладан жоғары тұр, қоғамдық са- надан гуманизм идеялары сырт қалуда. Мәдениет, ғылым, әдебиет пен өнер рөлінің артуын мақсат тұтқан қоғам үшін аталған факторлардың болуы, әлбетте, алаңдаушылық туғызады. Өткен ғасырда аймақтық мәдениеттер қалыптасты: мәдениет дәстүрлі ұлттық үлгілер шеңберінен шығып кетті. Кірігу мен жаһанданудың әсерімен ол іс жүзінде барлық халықтар мен этностардың рухани құндылықта- рын айрықша жинақтай отырып, интернационалдық мәдениетке айналды. Мәдениеттің даму үдерісі әдеттен тыс сан алуан, соған сәйкес мәдени бағыттар да түрлене түсті. Сондықтан да мәдениеттің дамуына, оның бағыттарына бір жақты баға беру қиын. Оның үстіне жаһандану үдерісінің күшеюі ХХ ғасырдың феномені — бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері. Мәдени даму- дың саяси үдерістер мен ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Iс жүзінде өткен ғасырдың әрбір онжылдығына тән ерекшеліктер жинақтала келіп, мәдениеттің әртүрлі формаларындағы орнықты үрдістермен көрінді. Мәде- ниетте, жүйедегі сияқты, бәрі бірімен бірі байланысты және бірін-бірі айқындайды. Бірінші кезең неғұрлым қарқынды және оқиғаларға толы болды. Ол ХIХ және ХХ ғасырлардың шегінде баста- лып, екі онжылдыққа (1918—1919 жылдарға дейін) дерлік созылды. Әлеуметтік-саяси процестердің (соғыстар, рево- люциялар) шиеленісті дамуы аясында нақты ғылымдар саласында және техникада жаңалықтар ашылып, көп- 197 теген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұр- ғырнамалар пайда болды. Осының нәтижесінде әлемнің жаңа бейнесі өмірге келді. Әдебиетте, (әсіресе поэзия- да), кескіндемеде, сәулет өнерінде модернизм дамыды, режиссерлік театр пайда болды. Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы) әдебиетте авангардизмнің, ұлттық реализм мен нату- рализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюр- реализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен ин- тернационалдық стильдің, эксперименттік театрдың, кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен фашизм) пайда болды. Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ға- сырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл кезеңде ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогрес- ке деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жа- ңалық қосып отырды. 60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық- зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары “алпысшылдардың” өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшы- лардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті. 70—80-жылдар — бұл ретро және әкелер мен балалар- дың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлену мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді. 90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап 198 келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді. Мәдениет дағдарысқа қарсылық көрсетуге тырысты: бұл кескіндемедегі сюрреализмнің шарықтау шегі, мүсін өнеріндегі кинетикалық өнер, сәулет өнеріндегі “интернационалдық” және “хайтек” стильдері, әдебиеттегі экзистенциализм. Бұл жылдары өнерде постмодер- низм дүниеге келді. Сонымен бірге ұлттық және діни мәдениеттерді сақтау үшін күрес туының астында экстре- мизм мен лаңкестіктің көрініс беруі де болып өтті. Жаратылыстанудағы революция мен оның ықпалы ның ғылымдарға, технология мен саясатқа ықпалы. Жаратылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол— физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің (электронның, протонның, позитронның, нейтронның) бар екендігі, атомның бөлінбейтіндігі туралы түсінікті жоққа шығарды. Классикалық техника заңдарын абсолюттенді- руге күмән келтірілді: массаның өзгермейтіндігі туралы заңның терістігі дәлелденіп, ықтималдылық теориясы жасалды. Жетекші физиктер макродүние мен микродүние даму заңдарының сапалық тепе-теңдігі туралы пікірлерді жойды. Француз физиктері Пьер Кюри мен Мария Скла- довская-Кюри радиоактивтілік туралы ілімді жасады, пьезоэлектрлікті ашып, зерттеді. Альберт Эйнштейн ықтималдылық теориясын қалыптастырды (1905 ж.), Макс Планк кванттар мен кванттық сәулеленуді ашты (1908 ж.), Э. Резерфордтың атомның үлгісі (1911 ж.) негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық тео- риясын жасады (1913 ж.), Ферми-Дирактың кванттық ста- тистикасы (1925 ж.) пайда болды. Осы және басқа да ашы- лулар дүниенің механикалық бейнесі тұжырымдамасын айтарлықтай өзгертті. Ферми ядролық және нейтрондық физиканы жасау- шылардың бірі болды, ол бірінші ядролық реактор салып, онда тізбекті ядролық реакцияны (1942 ж.) бірінші бо- лып жүзеге асырды. Нейтронды ашу атом құрылысының құпияларын ашуға әкелді және әлем атом қуатын игеруді бастады, атомдық бомба жасауға кірісті. Атомдық бомба- ны АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында бірінші 199 болып сынап, оны Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады, соғыстан кейін Кеңестер Одағы Қазақстан жерін- де сынақ өткізді. Жаратылыстанудағы революция ғалымдардың ой-пі- кіріне де өзгеріс енгізді, жаңа ғылыми теориялар мен жаңа ғылымдар — генетиканың, микробиологияның, биохимияның, биофизиканың, геохимияның және т.б. пайда болуына жағдай жасады. Химия ғылымдарының жасанды материалдар жасау саласындағы табыстарының зор маңызы болды, дәру- мендер, гормондар және т.б. ашылды. Биологияның әсі- ресе генетика саласындағы жетістіктері де ғасыр жаңа- лығына пара-пар саналды. Бұрын емі жоқ деген көптеген ауруларды емдеу мүм- кіндігі пайда болды. 20-жылдар медицинадағы, пси- хиатриядағы, әлеуметтік психологиядағы (З. Фрейд) табыстармен атап өтілді. Жер жөніндегі ғылымдарда (гео- логия, геофизика), мұхиттануда, метеорология мен басқа да жаратылыстану ғылымдарында елеулі табыстарға қол жеткізілді. XIX ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды. Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында (1914 ж.) енгізілді. Бұрынғы ашылулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фоно- граф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автокөліктер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20—30-жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автокөліктерді, автобустарды көруге болатын. Азамат- тық авиация тұрақты және көп ұзамай — халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен журналдардың таралымы едәуір артты. 200 Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми- техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты идеялық ағымдар — либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм — өзінің түпкілікті ресімделуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты. Әлеуметтік либерализм идеялары: жекебастың бостандығы, адам құқықтары, халықтық егемендік, жеке-даралық қағидаты, парламенттік демократия, құқықтық мемлекет көпшілік арасында кең танымал болды. Т. Гриннің, Ф. Науманның, В. Репкенің, В. Ой- кеннің, Б. Кроченің, Л. Уордтың, Дж. Кроулидің, Ч. Бирдтің және басқаларының идеялары әлеуметтік реформизмнің әлеуметтік революцияға жол бермеу туралы идеяларымен сәйкес келді. К. Каутский мен Р. Гильфердингтің ұйымдасқан капитализм деп аталатын теориясы буржуазиялық қоғамды реформалаудың, оны әлеуметтік және қақтығыссыз етудің мүмкін болатын жолдарын ұсынды. ХХ ғасырдың екінші жартысы — бұл Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі. Оның ма- териалдық мәдениетін сипаттайтын ерекшеліктерінің қатарында кез келген жерде ақпараттық технологияны пайдалануға мүмкіндік берген — ғылыми жетістіктері бар. Ашылған жаңалықтарының ішінде — қуаттың ба- ламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасан- ды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты компьютерлендіру бар. Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қоз- ғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру бастал- ды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді. Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым — кибернетика пайда болды (Р. Винер), ал 1976 жылы ми- ни-процессор жасалды. Бүкіләлемдік желі — интернеттің жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтық- тарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға 201 мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен “адамсыз өндіріс” жасалды. Рухани мәдениеттің дамуы философияда үстемдік ететін әртүрлі бағыттар мен ағымдардың ықпалына түсті. Философия өз кезегінде ғасырдың бас кезіндегі ғылыми революция нәтижесінде қалыптасқан дүниетанымдық негіздерін қайта қарастырды. Жаңа позитивизмнің өкіл- дері (Карнап, Рассел, Витгенштейн) жаратылыстанудағы жаңа ашылулардың күшті ықпалына ұшырады. Олар үшін өздері “шынайы ойлау” деп есептеген математикалық логикаға, сондай-ақ нәтижелерін қашанда болсын тексеру- ге болатын (сендіру қағидаты) “тәжірибелік ғылымдарға” деген ерекше қызығушылық тән. Білім беруде тілдік формаларға, таңбалық-нышандық құралдарға талдау жасауға үлкен рөл берілді. АҚШ-тағы 20—40-жылдардағы рухани өмірге Дж. Дьюидің биологиялық-бихевиористік философиясы неғұрлым күшті ықпал етті. Дьюи көңіл аударған нәрсе, бұл адам мен оның іс-тәжірибелік проблемалары болды. Адамның іс-әрекеті (ағылш. behavіor — мінез-құлық) — бұл сыртқы орта әсеріне қайтарылған жауап пен жағдайға бейімделушілігінің жиынтығы. Экзистенциализм алдыңғы қатарға адам болмысының абсолюттік бірегейлігін қойды және жаңа позитивизм- нен бір ерекшелігі оны ұғымдар тілінде білдіруге жол бермеді (С. Кьеркегор). ХХ ғасырдың бүкіл өн бойында экзистенциализм мәдениетте, өнерде, әдебиетте үстем- дік етті. Шырғалаң, дағдарыстық, қоғамдық жағдай- лар проблемасын құрылыстың өзінен емес, адамның “адасушылықтарынан” іздестіру қажет (М. Хайдег- гер), себебі адам “қайғылы” жаратылыс деп есептелді. (Ж.-П. Сартр). ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шын- дыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағым- дарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір анықтамаға — модернизмге келіп сыяды. Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзуімен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) — ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық 202 тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдіс- тердің саналуандығы. Дәстүрлерге қарсы бүлік шығарған декаденс өнерінің барлық формалары мен барлық ағым- дары модернистік деген атақ алды. Модернизммен әуес- тену кейіннен реализмнің аса көрнекті шеберлеріне айналған жазушыларда да, ақындарда да болды (И. Бехер, П. Неруда, Б. Брехт, Л. Арагон және т. б.). Модернизм бірнеше кезеңде дамып, көптеген ағымдар- да көрінді. 60-жылдардан бастап модернизм постмодер- низм сатысына енді. Модернистік ағымдардың аражігін ажырату оңай емес. Оның неғұрлым жарқын көріністерін: абстракционизм мен авангардизмді қарастырған орынды. Абстракционизм — модернизмнің ерекше формасы, қоғамға қарсы шығу және дүниені қарапайым құралдар- мен бейнелейтін шынайы бейнені дәйекті қирату ретінде пайда болды. Абстракционизмнің негізін салушылар, негізінен, Германиядағы орыс суретшісі В. Кандинский (“Көпір тобы” мен “Көгілдір салтанатты”), голландтық П. Мондриан мен супрематизмді жасаушы К. Малевич болып есептеледі. Сюрреализм кескіндемедегі абстракционизмінің фор- масы ретінде қандай да бір басқа бағыттан гөрі дәуір трагизмін, төніп келе жатқан жаңа соғыс трагизмін айқын бейнеледі. Ең белгілі шығармалар қатарында П. Пикассоның “Герникасы” мен С. Далидің “Азамат соғысын алдын ала сезінуі” екені таңғаларлық емес. Аб- стракционизм кейінірек АҚШ-та неғұрлым жан-жақты дамыды. Абстракционизмді алмастыруға модернизмнің неғұр- лым радикалды түр өзгерісі авангардизм келді. Модер- низмнің бұл бағытының жарқын көрінісі 60-жылдардың соңына тура келеді. Авангардизмде мистика мен песси- мизмнен бастап өткір әлеуметтік сын және революциялық үндеулерге дейінгі әртүрлі идеологиялық үдерістер көрініс тапты. Сол уақытта экспрессионизм дүниеге келді. Ол неміс натурализмінен пайда болып, Д. Джонс пен Ф. Кафканың шығармашылығында неғұрлым айқынырақ берілді, олар үшін өмір адамға дұшпан, сандырақтық бастама, адамға деген сенімсіздік, пессимизм. Экспрессионист-суретшілер 203 аллегориялар мен метафораларды пайдаланды, олар үшін нақты формалардың маңызы болмады. Реализм форма мен стиль ретінде ғасыр бойында да- мыды, әлденеше рет түрөзгерістеріне ұшырады және өмір сүруін жалғастыруда. Сыншыл реализм әдебиеті 20—30-жылдардағы рухани өмірдің жаңа күрделі процестерін зерттеді (Б. Шоу, Дж. Голсуорси), қатал буржуазиялық қоғамды, “америкалық трагедияны” (Т. Драйзер), өткір әлеуметтік проблемалар- ды (Э. Хемингуэй) көрсетті. Р. Роллан, А. Франс, Г. Ибсен, Дж. Лондон, Э. Синклер, А. Чехов және т.б. буржуазия- лық қоғам кеселдерін сынады, соғыс пен зорлық-зом- былықты айыптады, жаңа мұраттар іздеді. Шындыққа неғұрлым тереңірек жету мақсатымен Б. Брехт, А. Жид, Ф. Мориак, У. Фолкнер, Т. Манн жаңа көркемдік тәсілдер пайдалана отырып, батыл эксперименттерге жол берді. Жазушылар Ж. Амаду, Г. Маркес өз шығармаларын әдебиеттегі жаңа реализм тұрғыларынан жазды. Постмодернизм Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат болашағы үшін төніп тұрған үлкен қауіптің нәтижесінде пайда болды. Постмодернизм индустриялық қоғамның барлық әлсіз нүктелері мен постиндустриялық мәдениетке өту проблемаларын өз уақытында белгіледі. Әмбебап роботтар 204 Бұған Нью-Йорктік мектеп (1945—1960 жж.) пен ондағы Дж. Поллоктың, М. Горькийдің, У. Кунингтің және т. б. абстрактілік экспрессионизмі жатады. Постмодернизмнің еуропалық мектебіне (1945—1960 жж.) П. Пикассо, М. Тапи, Ж. Матье, В. Лепсе, Р. Гуттузо, Ж. Дюбюфе және т. б.; сәулет өнеріне — Ле Корбузье, О. Нимейер, В. Бюпиус және т. б. жатады. Жаңа постиндустриялық қоғамдағы ақпараттық ре- волюция процесінде дүниеге келген мәдениет постмодер- низм анықтамасына ие болды. 90-жылдардың бас кезіне таман постмодернизм Батыс елдері әлеуметтік мәдени өмірінің жаңа өміршең құбылыстарына орын беріп, әлсі- рей бастады. Бұқаралық мәдениет — ХХ ғасырдың бұқаралық өнді- ріс пен бұқаралық тұтынушылыққа байланысты туында- ған сипатты құбылыс. Ол өмірдің барлық салаларын қамтып, жастардың субмәдениетінен (рок-музыка) айқы- нырақ орын алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуымен жалпыға бірдей сауаттылық пен ақпараттық технологиялар елеулі күшейе түсті. Мәдениеттің бұқаралық және элиталық деп бөлінуі әрі өзара байланысы — ХХ ғасыр мәдениетінің басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл мәдениетке келтірер бірден- бір мысал, ол — джаз. Джаз — Нью-Орлеан қаласындағы қара түсті халықтың мәдениеті. Ол лашықтардан шы- ғып дәмханаларға, шағын мейрамханаларға, киноға, эстрадаға, радиоға, теледидарға көшті, ең атақты де- ген концерттік залдарға орын ауыстырды. Одан кейін Америкадан бүкіл дүниежүзіне таралып, Еуропада оны бағалаушылардың игілігіне айналды. Мұнымен бірге джаздың өзі де өзгерді. Егер ХХ ғасырдың бас кезінде джазды сауатсыз кезбе музыканттар орындаса, бүгінгі күні оны консерваториялардың, өнер академияларының үздік бітірушілері орындайды. Луи Армстронгтің, Бигстің, Элла Фитцжеральдтардың есімдері бүкіл дүниежүзіне әйгілі болып, олардың шығармашылығы үлгіге айналды. Элиталық мәдениет сияқты, бұқаралық мәдениет те халықтық мәдениетке халықтың орта және төменгі топтарының қажеттіліктері мен сұраныстарына сүйенді. Бұқаралық мәдениет бастапқыда саудаға, коммерцияға ар- налды. Бұқаралық мәдениет — бұл өнеркәсіптік өндірістік 205 мәдениет. Бұл, бірінші кезекте — тауар, тек содан кейін ғана — мәдениет. Ол тобырдың талғамын дамытпайды, белгілі бір таптаурындар, тәсілдер, тақырыптар, тех- никаны жасап шығарып, оларды көпшілік көрерменге, оқырманға, тыңдаушыға еріксіз таңады. Мұның мысалы кино мен жарнама болып табылады. Кино 20—50-жылда- ры ең бұқаралық ойын-сауыққа айналды. 60—90-жылда- ры кино бұқаралық және фестивальдық киноға бөлінді. Бұқаралық мәдениеттің халықаралық сипаты бар, ол Америка мен Еуропада, Азия мен Африкада, Латын Америкасы мен Аустралияда да ұқсас заңдар бойынша дамиды, бірақ 70-жылдарға дейін оның басымдыққа ие болған елі АҚШ болды. Және әлі де дүниежүзілік нарыққа бұқаралық мәдениет туындыларының көпшілік бөлігін де АҚШ шығарады. 60—70-жылдары АҚШ пен Еуропада интернационал- дық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін “хайтек” стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын (Париждегі Ж. Помпиду мәдени орталы- ғы) салу үшін пайдаланылады. ХХ ғасырдағы мәдениеттің түбегейлі бетбұрысы мүлдем жаңа бағыттар және ағымдармен қатар өсіп келе жатқан қарсы ағынның пайда болуынан: ескі бағыттар мен стильдердің жаңа классицизм, реализм, ретроның жаңа формаларында қайтадан жандануынан көрініс беруде. Олар суретшілер мен көрермендердің қазіргі ұрпағының қызығушылығынан тыс қалмайтынын дәлелдеуде. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. ХХ ғасыр мәдениетіндегі негізгі қайшылықтарды атаңдар. Мәдениет тердің интеграциялану (кірігу) үдерісіне қандай факторлар айрықша ықпал етті? 2. Мәдениет дамуының қай кезеңдері сендерді айрықша қызықты рады? Ол кезең несімен ерекшеленеді? 3. Жаратылыс пен нақты ғылымдарда ашылған жаңалықтардың рухани мәдениеттің дамуына әсері қандай болды? 4. Өнердегі жаңа бағыттар, модернизм мен олардың өкілдері жөнінде әңгімелеңдер. 5. Бұқаралық мәдениет пен элитарлық мәдениет арасында қандай айырмашылықтар бар? Сендердің ойларыңша Қазақстанда қандай мәдениет басым дамуы керек. Мысалдар келтіріңдер.