Тақырып 2.7. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Кеңес Одағы. Кеңес Одағының экономикасы соғыстан әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында ол 25 млн-ға жуық адамынан айырыл- ды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін жеңілдету мақсатында КСРО үкіметі кеңес армиясы қатарынан 8,5 млн адамды қысқартты. КСРО экономикасы бейбіт жағдайда қайта құрыла бастады. Бұрынғы көптеген соғыс техникалары мен құралдарын шығаратын зауыттар бейбіт өмірдегі тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Соғыстан кейін Кеңес Одағының шекаралық шеңбері өзгеріске ұшырады. Кеңестер Одағының құрамына — Оң- түстік Сахалин және Курил аралдары Шығыс Пруссия жері қосылды. Пруссияның орталығы Кенигсберг — Ка- лининград болып өзгертілді. 1944 жылдың қазан айында Тува Республикасы КСРО құрамына қабылданып, Ресей Федерациясының авто- номиялық облысы деп мойындалды. Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Аздаған демокра- тиялық өзгерістер тұрақтамады. Кеңес қоғамының одан әрі дамуына 50-жылдардың басында шырқау шегіне жет- кен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Жаңаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқаны басталды. Көрнекті кино қайраткерлері, саз- герлер (Прокофьев, Хачатурян, Мурадели) жөнсіз сынға ұшырап, қызметтерінен қуылды. Еврей тұрғындарының мәдени және қоғамдық ұйымдары, баспасөз органдары жабылды. 130 Жаратылыстану ғылымдардың жаңа салалары — толқындық механика, кибернетика, генетика салалары жалған, шындыққа жанаспайды деп есептелді. Бірақ бұған қарамастан, физика, химия, математика салаларында атақты ғалымдардың және басқалардың жетістіктері нәтижесінде АҚШ-тың атомдық монополия- сы жойылып, ғарышты игеруде және авиация ұшақтарын жасауда кеңес елі алдыңғы шепке шықты. Халық шаруашылығының жағдайы. Бұл кезде елдің ішкі құрылысында азын-аулақ демократиялық жеңілдік- тер іске асты. Елдегі төтенше жағдай тәртібі жойылды, 8 сағ-тық жұмыс күні, апта сайын және жыл сайын берілетін ақылы демалыстар қалпына келтірілді. Барлық кеңестер сайлауы өткізіліп, олардың жиындары заңға сәйкес реттелді. 1947 жылы желтоқсанда карточка жүйесі мен еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша рефор- масы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің бағасы арзан- дады. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 1952 жылдың қазан айында партияның XIX съезі болып өтті. 1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болып, қыркүйек айында КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. С. Хрущев сайланды. Н. С. Хрущев. “Жылымықтың” басталуы. Ауыл шаруа- шылығының маңызды мәселелерін шешу және дәнді дақылдар өнімін арттыру үшін елде тың және тыңайған жерді игеру басталды. Еуропадағы социалистік елдердің өзара қатынастары достық және ынтымақтастық келісімдер негізінде іске асырылды. 1949 жылдан бастап социалистік елдердің шаруашылық қатынастары Экономикалық Өзара Көмек кеңесі құрылды. 1955 жылы КСРО және басқа ірі державалар Австрия- ның демократиялық тәуелсіздігі мен мәртебесін сақтау туралы келісімге қол қойды. КОКП-ның ХХ съезі. 1956 жылы ақпан айында КОКП- ның ХХ съезі өтті. КОКП-ның ХХ съезі мынадай міндеттерді алға қойды: өнеркәсіп өнімін өндіруді арттыру, ауыл шаруашылығын 131 одан әрі дамыту, өнеркәсіп салаларында 7 сағ-тық жұмыс мерзімін енгізу, зейнетақы реформасын іске асыру, тұрғын үйлер салу қарқынын күшейту, өнеркәсіп өнімінің жан басына шаққандағы үлесі бойынша жетекші капиталистік елдерді басып озу. ХХ съезд Сталиннің жекебасқа табынушылығын айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, партиялық демократияны өрістетудің жолдарын сөз етті. Н. С. Хрущев есепті баяндамасында Iшкі Iстер Халық Комиссариаты органдарының жалған құжаттар шығару шеберлігін, саяси тұтқындарды азаптау әдістерін, олар- дың тізім бойынша атылуын және айыптау құжаттарын алдын ала дайындау сияқты зорлық-зомбылықтарын әшкереледі. 1957 жылы қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау істері жалғаса берді. Қалмақ, Шешен-Ингуш, Кабардин- Балкар, Қарашай-Черкес АКСР-лері қалпына келтірілді. Бірақ Еділ бойындағы немістер, қырым татарлары, жер аударылған гректер, болгарлар және басқа халықтар ресми түрде ақталған жоқ. Интеллигенцияға, ғалымдарға, баспасөзге біраз же- ңілдік жасалды, демократиялық қадамдар орын алды, қуғын-сүргін тоқтатылғандай болды. Шетелдермен қа- тынас жөнделе түсті. Сол саясат “жылымық” деп аталды. 60-жылдардағы Кеңес Одағы. 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басында ғарыш кеңістігін игеру, атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану ісі қолға алына бастады. Химия өнеркәсібі күшті дамыды. 1961 жылғы 12 сәуірде кеңес азаматы Юрий Алексеевич Гага- риннің ғарышқа тұңғыш рет ұшуы болды. Бұл кеңес ғылымы мен техникасының жарқын жеңісі деп қабылданды. Ауыл шаруашылығы. КСРО ауыл шаруашылығы дұрыстала түсті. Тың жер игерілді, соның нәтижесінде Қазақстан мемле- кетке 1 млрд пұт астық өткізді. Ю. А. Гагарин 132 Дегенмен ауыл шаруашылығына қажетті техника ауыл- да әлі де төмен дәрежеде болды. Ауыл шаруашылығы шыққан шығындарын өтей алмайтын. Оның негізгі себептерін іздестіріп шара қолданудың орнына Хрущев біресе жүгеріні барынша көп өсіруге, біресе егіншілікті химияландыруға итермеледі. Шаруаларға еркіндік беру мәселесі көпшілік талқысына салынбады. Орталықтағы басшылар одақтас республикалардың ұлттық ерекшеліктерін есепке алмады. Сталиндік әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің тамыры үзілмеді. Қоғамның мәдени өмірі: даму бағыттары мен қай шылықтары. 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында оң талпыныстармен қатар, қайшылықтары мол келеңсіз жағдайлар да байқалды. Мектепті реформалауға көңіл бөлінді (1958 ж.). 1962 жылы облыстық партия ұйымы — өнеркәсіптік және ауылшаруашылық болып екіге бөлінді. Саяси қысымға қарамастан ел ішінде жоғары деңгей- дегі көркем шығармалар да баспалардан басылып шығып жатты. Олар болған қуғын-сүргінді, тоталитарлық жүйе- нің әділетсіздігін әшкереледі. Мұндай еңбектердің қатарында А. Твардовскийдің “О дүниедегі Теркин”, Е. Евтушенконың “Сталиннің мұрагерлері”, Э. Каза- ковичтың “Жаулар”, Г. Николаеваның “Жол бойындағы шайқас” еңбектері болды. М. Әуезовтің “Абай жолы” ро- ман-эпопеясы жарық көрді. Елдегі саяси басшылықтың алмасуы. 1964 жылы 14қа- занда партия пленумы Н. С. Хрущевты елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны және Қытаймен арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен бо- сатты. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л. И. Брежнев сайланды. Л. И. Брежневтің басқаруымен партиялық-мемлекеттік басшылық саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жаңа бағытты іске асыруға тырысты. Реформалар ба- сынан-ақ әміршіл-әкімшіл басқару әдісімен жүргізілді. Өнеркәсіпті басқаруда министрліктер қайта орнатылды. 60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың ба- сында кеңес халқының өмір сүру деңгейі, қоғамның өзгеру барысы қайшылықты сипатта болды. 133 Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілді. Бірқатар еңбекшілердің айлық жалақысы өсті. Ұжымшар мүше- лерінің кепілдік еңбекақылары көбейді, төменгі жалақы алатындар орта жалақы алатындар қатарына жетті. Ауылшаруашылық өнімі өспей, шетелдерден жыл сайын 10—20 млн тонна астық сатып алу әдетке айналды. Тек мұнайдан түскен кіріс қана елдің жағдайын бірқалыпты сақтауға мүмкіндік берді. Іс жүзінде шешімін таппаған ұлттық мәселелер жат- ты. Кеңес Одағын құрайтын республикалардың өзін-өзі басқару еркі үнемі шектелумен болды. Брежневтің басқару кезеңі қоғамның саяси, әлеумет- тік-экономикалық, рухани дамуына теріс ықпалын тигі- зіп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің бақылаусыздық, дәрменсіздік нышанын байқатты. 1968 жылы “Прага көктемі” аталған Чехословакиядағы демократия үрдісін КСРО әскер күшімен таптау, Афри- ка елдерінің ішкі істеріне араласу, Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу (1979 ж., желтоқсан) КСРО-ның дүние- жүзі алдындағы беделін түсірді. Мұндай шешімдер Бреж- нев бастаған бірнеше кеңес басшыларының (Ю. Андропов, А. Громыко, Д. Устинов) ғана ұйғаруымен қабылданды. Л. И. Брежнев 1982 жылы қайтыс болып, басшылыққа Ю. В. Андропов келді. Бірақ 1984 жылы ол дүние салып, елдің және партияның басшылығы К. Черненкоға тиді. 1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті- нің Бас хатшысы болып М. С. Г о р б а ч е в сайланды. 80-жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстың алдында тұрды. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі қазіргі дәуір шынды- ғына жауап бере алмады. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Алайда жаңарту үрдістерінің тереңдігі, формалары, жолдары бірден айқын болған жоқ. Кеңес қоғамында көптеген реформалар бастал- ды. Бұл қайта құру деп аталды. 1987 жылы қаңтарда жариялылық туралы шешім қабылданды. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарын- да айтыс-тартыс пікірлер күшейе түсті. 134 Біртіндеп құқықтық мемлекеттің, азаматтық қо- ғамның нормалары орныға түсті: азаматтардың, ерік- ті одақтардың, қозғалыстардың, партиялардың заң шеңберінде бірігуіне рұқсат берілді. 1990 жылы шілдеде КОКП-ның ХХVII съезі тартысты жағдайда өтті. Съезд жабылар алдында Ресей елінің бас- шысы Б. Ельцин өзінің партиядан шығатынын мәлімдеді. ХХVII съезден соң бір жыл ішінде КОКП қатарынан 4 млн адам шықты. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. Горбачев КСРО-ның Президенттік қызметінен және Жоғарғы әскери бас- шылықтан кететіндігін жариялады. Сол күні кешке таман Кремльдің Үлкен Сарайының төбесіндегі діңгектен КСРО- ның нышаны — қызыл жалау түсіріліп, тәуелсіз Ресейдің ақ-көк-қызыл түсті жалауы көтерілді. 26 желтоқсан күні бұрынғы Жоғарғы Кеңестің Республикалық палатасы — КСРО-ның әрекеті тоқтатылғаны жөнінде Декларация қабылдады. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. КСРО-ның даму қарқынының бәсеңдеуі және алғашқы дағдарыстың белгілері 70-жыл- дары айқындалып, 80-жылдары анық байқалды. 1985 жылдан басталған КСРО-дағы өзгерістер мем- лекеттік құрылысқа да әсер етпей қоймады. КСРО кон- ституция бойынша одақтас мемлекет бола тұрса да, шын мәнінде 15 одақтас республиканың бірде-бірі өзіндік билік жүргізе алмады. Сондықтан олар өз тәуелсіздігін талап етті. Бұл талап күн өткен сайын күшейе түсті. Елдегі экономикалық ахуалдың нашарлауына байла- нысты Орталықтың бұл ұмтылысты тоқтатуға шамасы жетпеді. 1989—1990 жылдардағы сайлауда тәуелсіздікті жақтаушы республикалар КСРО құрамынан бөлініп шығуға бел байлады. 1990 жылдан бастап көптеген республикалар өздерінің тәуелсіздігін жариялап, егемендік мәртебесіне ие болды. 1991 жылы 18 тамызда Фороста (Қырымда) дем- алып жатқан М. С. Горбачевқа жоғары лауазымды мем- лекеттік, әскери және партиялық құрылым басшыла- ры келіп, үкіметті таратуды талап етті. Барлық КСРО 135 аумағында төтенше жағдай енгізі- ліп, Мәскеуде Төтенше жағдай жө- ніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды, кеңес халқына арнайы ма- нифест жарияланды. Олар КСРО дамуын ескіше сақтау- ды көздеген. Бірден демократияға, жариялылыққа халықтардың бостан- дығына қарсы заңдар шығарылды. Қайта құру үрдісіне жол бермеуге ты- рысқан топ сонау 1917 жылы Қазан төңкерісінен бастау алған әдісті пай- даланбақ болып, өкіметті заңсыз қолға алуға ұмтылған. Бірақ халық бұқарасы оларды қолдамады. 19 тамыз күні таңертең Б. Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге, ал әскерлерді ТЖМК бұйрығын орындамауға шақырды. 20 тамыз күні Ресейдің көптеген қалаларында және басқа республикаларда бүлікке қарсы митингілер, шеру- лер болды. Ресей демократиялық күштері жеңіске жетті. 21 тамыз күні төңкерісті ұйымдастырушылар тұт- қындалды. Заңдылық қалпына келтірілді. Төңкеріс жеңілген соң КОКП қызметі тоқтатылып, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қайта құрылатын- дығы хабарланды. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорус сия басшылары (Б. Ельцин, Л. Кравчук, С. Шушкевич) Беловеж келісіміне қол қойып, КСРО-ның таратылғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы (ТМО) құрылғанын мәлім- деді. ТМО құрамына бұрынғы КСРО құрамындағы ел- дердің кіруіне есік ашық деп жарияланды. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы тәуелсіз Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Укра- ина басшыларының кеңесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды. ТМД құрылуымен бірге, КСРО өмір сүруін Б. Ельцин 136 тоқтатты. Алматы хаттамасы бойынша: ТМД мемлекеттік емес және ұлттардың үстінен бақылау орнату құқығы жоқ топтасу деп танылды. ТМД елдерінің даму жолдары бірдей болмады. Бұрынғы біртұтас кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан жан-жақты шаруашылық қатынастардың үзілуінен на- рықтық реформалар бірқалыпты қарқын ала алмады. ТМД елдері одақтастығының құрылуына және қалып- тасуына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. На- зарбаев белсенді рөл атқарды.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Кеңес халқы соғыстан кейін қандай қиыншылықтарға тап болды? Кеңес Одағының шекарасында қандай өзгерістер байқалды? 2. 1960—1980 жылдардағы саяси өмірдің ерекшеліктері туралы жә не экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар туралы әңгі мелеңдер. 3. М. С. Горбачев бастаған жариялылық, қайта құру жайынан және тоталитарлық социализм жүйесінің күйреуі туралы әңгімелеңдер. 4. КСРО-ның ыдырауынан кейінгі ТМД елдерінің алдында қандай мін деттер тұрды?
Достарыңызбен бөлісу: |