Тақырып 2.10.Даму жолдарын іздестіру. Отаршылдықтың күйреуі.
Тақырып 2.11.Азия елдері.
ТҮРКИЯ Елдің соғыстан кейінгі экономикалық және сая си дамуы. Соғыстан кейін Түркия елі жаңаланудың капиталистік түрін таңдап, этатизм саясатының негізін әлсіретіп, жекеменшіктік шаруашылықтың дамуына жол ашты. Дүниежүзіндегі, әсіресе Балқан түбегіндегі саяси өзгерістер оған едәуір ықпалын тигізді. Түркия бұқарасы қатаң әскери тәртіпті жұмсартып, демократиялық өзге- рістер енгізілуін талап етті. Ауылдағы шаруалар жер мәселесінің шешімін таппағандығына наразылық білдірді. 1945 жылы 11 маусымда мәжіліс “Жер реформасы” жөнінде заң қабылдады. Шаруалар отбасы алған жердің құнын 20 жыл ішінде не мемлекетке, не жекеменшік иелеріне төлеуге тиісті болды. Реформа елдегі жері аз не мүлдем жоқ шаруалардың жағдайын жеңілдете алмады. Жұмысшылар үшін 1947 жылы “Кәсіподақ ұйымдары туралы” Заң жарияланды. Едәуір қалыптасқан ұлттық буржуазия талаптарын ескеріп, Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартия- лық саяси тәртіпті жақтайтынын білдірді. Сол жылы қаң- тарда бұрыннан келе жатқан Халықтық Республикалық партиядан бөлініп шыққан Түркияның Демократиялық партиясы құрылды. Демократиялық партияның басшылары: Джемал Б а я р — республика президенті, Аднан М е н д е р е с пре- мьер-министр болып сайланды. Олар саяси билік басында 10 жыл (1950—1960 жж.) отырды. 1960—1990 жылдардағы Түркия Республикасының дамуы. Демократиялық партия үкіметі экономикалық саясатында жекеменшік кәсіпшіліктің шексіз дамуы- на ерік беріп, шетел капиталының енуіне кедергі қой- мады. Ел ішіндегі ұсақ және орта иеліктерге көптеген жеңілдіктер ашылып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуы қысқартылды. 1951—1954 жылдары жарияланған заңдар негізінде шетел капиталы барлық экономика салаларына енгізіле- тін болды. Шетел инвесторлары Түркияда тапқан барлық пайдасын еркін шығаруына құқық берілді. 151 Жекеменшік өндіріс өні- мінің үлесі 42%-дан 65%-ға асты. АҚШ сол кезде Түр- кияға экономикалық не- сие түрінде 1 млрд доллар, ал әскери несие ретінде 1,6 млрд доллар көмек бер- ді. Ұлыбритания, Франция, Батыс Германия капиталда- ры да елдің экономикасына қатыса бастады. Демократиялық пар- тия үкіметі сыртқы саясат саласында Батыстың қол- шоқпары болды. 1950 жы- лы Корея түбегіндегі со- ғысқа бір әскери бригада- сын қатыстырды. Түркия 1952 жылы — НАТО блогы- на, 1954 жылы Бағдад бло- гына мүшелікке тіркелді. Әскери шығындардың мөлшері жылдан-жылға ұлғайды. Демократиялық партия үкіметінің саясаты халыққа жақпады. Осы жағдайда армия қатарында жас офицер- лердің жасырын ұйымдары құрылды. 1960 жылы мамыр айында Стамбұл, Анкара университеті студенттерінің ереуілдерін әскери күшпен басуға тура келді. Қай- шыласқан жағдайда 1960 жылы 27 мамырда офицерлер әскери төңкеріс арқылы Демократиялық партия үкіметін саяси биліктен тайдырды, басшыларын жазалады. Бірақ қоғамдағы қайшылықтар бәсеңдемей, Түркия ар- миясы саяси өмірге тікелей қатысуға мәжбүр болды. 1971, 1980 жылдардағы әскери төңкерістердің нәтижесінде саяси жағдай жөнделіп, азаматтық үкіметтердің қызметіне жол ашылды. 1960—1970 жылдарда мемлекеттің тікелей араласуы- мен бесжылдық жоспарлар негізінде индустрияландыру саясаты іске асырылды. Энергетика, тау-кен, түсті ме- талл, химия, мұнай өңдеу, автокөлік жасау өндірістік салаларының даму негіздері қаланды. Стамбұлдағы Ғалат мұнарасы 152 1970—1980 жылдар Түркия тари- хындағы ең қиын кезеңдердің бірі болды. Саяси өмірде тыныштық орнамай, 1974—1980 жылдарда үкімет басында 7 кабинет ауысты. Премьер-министр Сүлейман Деми- рел қиын кезеңде (1979 ж.) Т. Озалды үкіметтің кеңесшісі етіп тағайын- дайды. 1983 жылы Т. Озал “Ана-От- ан” партиясын ұйымдастырды. Осы партия сол жылғы парламенттік сай- лауда жеңіп, үкімет басына келеді. Тұрғыт Озал 1983—1989 жылдары премьер-министр, 1989—1993 жылдары президент қызметінде болып, Түркия Республикасының экономикасын жанданды- ру шараларын жүзеге асырды. Ол “Түркия моделі” деп аталды. Т. Озал өз саясатын “жаса, өндір, өзгеге сат” деген ұрандармен бастады. Ол, ең алдымен, кіші, орта мемлекет кәсіпорындарын, жеңіл өнеркәсіп пен мұнай өндірісіне маманданған түрік экономикасының өзекті кәсіпорындарын жекешелендірді. Ұлттық өндіріс бұйымдарының бәсекелестік деңгейін көтеру үшін импорт саласын жұмсартып, шетел тауарлары мен капиталдарының еркін енуіне кедергі жасамай, Түр- кия бұйымдарының экспорттық деңгейін арттыруға ты- рысты. Түркия ақшасының айырбасталушылық деңгейін көтеру шаралары енгізілді. Сөйтіп, Түркия Республика- сы жабық экономикадан ашық экономикаға көшіп, нарықтың кең дамуына жағдай жасап, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты. Түркияның ұлттық монополистік капиталы шоғырланды. Тұрғыт Озал ұлттық тарихта өзгерістердің атасы деп танылды. Ел экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзінде 21-орыннан 17-орынға көтерілді. Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіру қарқыны жыл сайын 8—10% көлемінде артты. Электр қуаты, темір, шойын және болат өнімдері екі есе өсті. 1988 жылға дейін Түркия шаруашылығы даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сүлейман Демирел 153 КСРО-ның ыдырауы Түркия нарығына мыңдаған ұсақ меншік иелері мен сатып алушыларды итермеледі. Ресей алыпсатарлары ғана Түркия экономикасына жыл сайын 15 млрд доллар қаржы салып отырды. Бірақ Ресейдегі 1998 жылғы дефолт және 1999 жылғы Азиядағы дағдарыс Түркия экономикасын кейін шегіндірді. Шетел инвес- торлары жағдайдың осалдығын байқап, 1997 жылы Түркиядан 7 млрд доллардан астам қаржысын шығарып алды. Түркия басшылары халықаралық қорлардан көмек сұрауға мәжбүр болды. Халықаралық валюта қоры 11 млрд долларға тең тұрақтандыру қарызын бөлді. ХХI ғасырдың басында Түркияның экономикасы біртіндеп жөнделе бастады. 2000 жылғы парламенттік сайлауда Солшыл демо- кратиялық партия өзінің басымдығын танытты. Осы партияның жетекшісі Бюлент Эджевит үкімет басшы- лығына келді. 2000 жылы 5 мамырда Түркия Республи- касының Ұлы Халық жиналысы Ахмет Неджет Сезерді президент етіп сайлады. Бірақ Түркия парламентіндегі саяси партиялар ара- сындағы түсінісушілік болмай, алауыздық өршіді. Бұрынғы саяси партиялар өзара қырқысып, беделдері төмендеді. Біртіндеп қоғамда исламшыл партия етек жайып 1994 жылы оның жетекшісі Н. Эрбақан үкімет бас- қаруға дейін көтерілген. Әскери басшылар оны биліктен кетіріп тастаған еді. Исламшылдар орта бағыттағы әділет және даму партиясын (ӘДП) құрып, 2002 жылы сайлауда өте зор жеңіске жетті. Бұл жолы Реджеп тайып Эрдоган басқарған үкімет орнықты. Содан бері тізгінді ӘПД ұстап келеді, ол 2007 және 2011 жылы сайлауларда да қоғамның қолдауын тапқан болатын. Т. Эрдоган бастаған исламдық топтардың табыстары, біріншіден, “ӘПД” партиясы нарықтық, ашық эконо- мика жолын жақтап, мемлекеттің шаруашылық сала- сына тікелей араласуына шек қойып, Түркияның Еуро- па Одағына қосылу саясатын барынша қолдады. Бұл мақсаттар “ӘПД” партиясын либералдандыру бағытында екенін дәлелдейді. Екіншіден, Ататүріктің басшылығы кезінде зиялы қоғамның мықтылығын бекіту үшін армияның, билігі 154 күшейтіліп, саясаттағы діннің, діни мекемелердің, исламшылдардың ықпалы төмендетілген болатын. Бұл жағдайда ислам дәстүрі терең сақталған елде мұсылман- дардың діни құқықтары есепке алынбайтын жағдайға жетті. Еуропа елдеріндегі мұсылмандық топтардың діни құқықтары Түркияға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау көрінді. Үшіншіден, Әділеттік және даму партиясының же- текшілігі кезеңінде Түркия экономикасының едәуір жедел қарқынмен дамуы жұртшылыққа сенім беріп, партияның сайлаудағы жеңісіне қол жеткізді. Үш кезеңге созылған президент сайлауы барысында осы партияның өкілі Абдулла Гюль жеңіске жетіп, елбасы қызметіне тағайындалды (2007 ж.). Осының арқасында ең жоғарғы үш билік кілті — премьер-министр, прези- дент және парламент төрағасы (спикері) — қызметтері бір партияның қатарынан (ӘПД) сайланды. ХХI ғасырға Түркия Республикасы әлі күнге дейін түпкілікті негізде шешілмеген мәселелермен кірді. Соның бірі әрі күрделісі — күрд халқының мәселесі. Анадолы түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде күрд тұрғындарының үлкен тобы мекендейді. Сан жағынан ірі ұлттық бірлестік бола отырып, күрд этносы ұлттық құқыққа жете алмай келеді. Кейбір мәліметтер негізінде күрд халқының жалпы саны 25 млн-нан астам көрінеді. Ал 12—15 млн-ы Түркия аумағында шоғырланған. Күрд халқының ұлттық дербестілік талабы Түркия үкіметі жағынан қолдау таппай жүр. 1978 жылдан бас- тап күрд халқының азаттық күресін Абдулла Оджалан бастаған Күрд жұмысшы партиясы басқарды. 1984 жылы аталған партия Орталық үкіметке соғыс жариялаған еді. Партияның қол астында 3,5 мыңнан астам қаруланған жауынгерлік жасағы болған. Олар Ирактың таулы ай- мақтарында бекініп, Түркияның оңтүстік-шығыс аудан- дарына жорық жасап, елдің тыныштығын бұзып отырды. Түркия, АҚШ, Еуропа Одағы елдерінің ресми үкімет ор- гандары Күрд жұмысшы партиясы мен оның жасақтарын террорлық, лаңкестік ұйым деп айыптауда. 1999 жылы Түркияның арналуы жазалаушы топтары А.Оджаланды тұтқындап, абақтыға жапты. 155 2007 жылы қазан—қараша айларында Түркия зең- біректері солтүстік Иракқа оқ жаудырды, ал әуе күштері күрд жасақтарының шоғырланған тау-беткейлерін, ауыл- дарды, қалашықтарды бомбаның астына алған. Күрд қозғалысы әлі шешімін таппай келеді. Кейінгі жылдары Р. Т. Эрдоган үкіметі нығая түсіп, Конституция жаңартылды. Әскери басшылар ықпалы сая- си өмірде айтарлықтар шектеліп, парламент пен үкімет мәні жоғарылады. Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынас. Тұрғыт Озал мен Түркия президенті Сүлейман Демирел кезінде Түркияның сыртқы саясаты жаңаланды. КСРО елінің ыдырауын Түркия жері зор қуанышпен қарсы алды. Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси қатынастар бірден жоғары деңгейге көтерілді. Түрік несиелері қазақ жеріне тартылып, экономиканы, құрылысты, оқу, білім жүйелерін дамыту салаларын- да екі ел арасында байланыс орнаған. Сауда айналымы 2011 жылы 3,9 млрд долларға жетті. 2012 жылы мамырда Р. Т. Эрдоган Астанаға іссапармен келді. Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына ақылдасу құқығымен қабылданды (2012 жыл, маусым). Азиядағы өзара ықпалдасу және сенім шаралары ту- ралы Кеңестің (СВМДА) төрағалық қызметі Түркияға жүктелген. 80 млн халқымен әлемде экономикасының дамуы жағынан он алтыншы орындағы Түркия елі аймақтық ірі мемлекет дәрежесін иеленіп отыр. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Түркия Республикасы қан дай саясатты жақтады? 2. Соғыстан кейінгі кезеңде Түркияда қандай жаңалықтар іске асы рылды? 3. Т. Озалдың экономикалық саясатының мәні қандай? 4. Қалайша елде исламшыл партия көтеріліп, билікке жетті? Оның ішкі және сыртқы саясатын ашып беріңдер. 5. Түркия мен Қазақстан Республикасы арақатынастарын баяндаңдар. 156 § 26. ИРАН. АУҒАНСТАН Әлемдегі ұлт-азаттық күрестің ықпалы Иранға жетіп, антиимпериалистік сана-сезімді оятты. КСРО және ағылшын әскери топтары елден шығарылғаннан кейін әзірбайжан, күрд, хорасан халық топтарының ұлттық автономиялық қозғалыстары байқалды. Сонымен қатар Иран қоғамындағы мұнай көздерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілді. 1951 жылы 29 сәуірде Ұлттық майдан басшысы Мұхаммед Мосадык (1879—1967 жж.) бастаған үкімет құрылды. 1951 жылы 20 наурызында Иран парламенті ұлттық мұнай кәсіпорындарын тәркілеу заңын қабылдап, ағылшын-иран мұнай компаниясының үстемдігін жоюды жоспарлады. Батыс елдері ол қадамға қарсы шықты. 1953 жылы 19 тамызда генерал Захеди бастаған әскери төңкерістің нәтижесінде М. Мосадык кабинеті биліктен тайдырылды. 1954 жылы АҚШ, Англия, Франция, Голландия ком- паниялары халықаралық мұнай консорциумын ұйым- дастырып, Иранның мұнай байлығынан көп табыс тауып отырды. “Ақ революция” әрекеті, себептері, барысы және нәтижесі. 1953 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде ел батыспен жақындаса түсті. Иран Бағдад (СЕНТО) пактісіне қосылды. Тек қана иран армиясының бөлімшелерінде АҚШ-тың 4 600 әскери кеңесшісі жұмыс атқарды. Ел ішінде Батыс мәдениеті мен салт-дәстүріне еркіндік берілді. Иран басшылары шиеленісті жұмсарту үшін реформаға кірісті. 1962 жылы реформа басталды. Шах жаңалықтарды “Ақ революция” деп сипаттады. 1962—1974 жылдары елде индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, оқу-ағарту және денсаулық сақтау салаларын жаңарту істері қолға алынды. 1963 жылы иран әйелдеріне сайлау құқығы берілді. Ең маңызды жаңалықтар жер реформасында болды. Помещиктің артық жерін мемлекет сатып алып, жері жоқ, жері аз шаруалар отбасыларына сататын болды. Мемле- кет помещиктерге алдын ала 70 млрд риал қаржы төлеп, осы соманы 15—20 жылдың шеңберінде шаруалардан 157 қайтарып алатын болды. Шамамен 3,2 млн шаруа отбасы жерге ие болды. 1979 жылы ақпанда Иран революциясы жеңіп, шах билігі жойылды. Иран Ислам Республикасы жария- ланды. 1979 жылғы конституцияға сәйкес, елбасы — мұсылмандардың діни басшысы аятолла Хомейни болды. Ислам құқығының дәстүрлері қайта бекітілді, азамат- тар мұсылман құқықтарын ұстануға тиісті болды. Ескі исламдық дәстүрлер қайта тіріліп, мемлекеттің саяси- қоғамдық өміріне кеңінен әсер етті. 1980—1990 жылдардағы Иран. Иран шаруашылығын- да исламдық экономика тәртібі тұрақтанды. Исламдық экономика жекеменшік шаруашылықты жақтап, мем- лекеттің де қамқорлығына сүйенді. Елдегі ұсақ және ор- таша кәсіпорындарды қолдау мен бесжылдық мемлекеттік жоспарларды орындау шаралары да қатарлас жүргізілді. 80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қоз- ғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980—1988) созылды. Ол Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды. 1987—1988 жылдары өндірістік кәсіпорындар өз қуатының 40%-ын, ал 1988—1989 жылдары 20%-ын ғана іске асырып отырды. 90-жылдардың барысында саяси билікте едәуір өз- герістер байқалды. Хашеми Рафсанджанидің билік ету мерзімі аяқталып, 1997 жылы 5 тамызда президенттік қызметке Мохаммад Хатами келді. Осы басшылардың кезінде тым қатаң исламдық тәртіп жұмсарып, діни емес қоғамдық ұйымдардың қызметіне рұқсат беріліп, шетел капиталын тартуға жағдай туғызылды. М.Хатами 2001 жылы сайлауда тағы жеңіске жетті. Елбасы Мохаммад Хатами елдегі қалыптасқан жағдай- ды дұрыс ескеріп, экономиканың даму бағытын өзгерту әрекеттерін ұсынды. Сөйтіп, жаңа бағытқа түрткі болған 1989—1993 жылдарға арналған бесжылдық жоспардың сәті түсті. Миллиардтаған қор негізінде ірі шетел компанияла- рының көмегімен жаңа технологиялық негіздегі фабри- ка, зауыттарды салуға мүмкіндіктер туды. Еркін эко- 158 номикалық аймақтарға мемлекеттік, жекеменшік және шетел капиталын келтіріп, нарықтық қатынастарды барынша жылдамдату мүмкіндігі ашылды. Пайдасыз кәсіпорындарға демеу ретінде қаржы беру тоқтатылды. М. Хатами сыртқы саясатта өркениеттер диалогін да- мытуға шақырды. Осыған сәйкес 1999 жылдан бастап ирандықтардың Италияға, Францияға, Англияға, Ресей мен Қазақстанға ресми сапарлары жиілей түсті. Ол АҚШ және Израиль саясатын қатты әшкерелеп, атом өндірісін одан әрі дамытуға ерекше мән берді. Елдің бірқалыпты ішкі даму барысы парламент сай- лауы кезінде күтпеген жерден саяси шиеленіске тап болып күрт өзгерді. Мұның себептері елдің саяси жүйесіндегі екі топтың арасындағы қайшылықтарға байланысты. Бір топтың өкілдері консерваторлар деп аталса, екінші тармақтағы өкілдерді реформаторлар деп мойындайды. Консерваторлар жағы 1978 жылғы революция қалып- тастырып кеткен саяси жүйені өзгертпеу, бұрынғы өз қалпында сақтауды жақтайды. Реформаны жақтаушылар азаматтық қоғам институт- тарына сүйеніп олардың сәтті құрылуын қамтамасыз етіп, түрлі реформаларды іске асыруды аңсайды. 2005 жылғы Иран президентін сайлау кезінде қоғамда- ғы тынышсыздық айқын көрініс берді. Ел президенттігіне М. Ахмадинежад келді. Оның кезінде Иранның Израильге ашық қарсы тұрып, Ирактағы, Ливандағы, Сириядағы және т.б. елдердегі шииттерді және палестина арабтарының қолдауы күшейе түсті. Елдің ядролық бағдарламасы әскери бағытқа арнал- ды, ол өте қауіпті іс деп Батыс жағы бағалаған еді. 2010— 2012 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы қа- рар қабылдап, қаржы-экономикалық шаралар қолданып Иран Ислам республикасына қысым көрсетуде. Қазақстан және Иран арасындағы қатынастар теңдік, татулық негізінде дамыды. 1992 жылы 28 қазанда Прези- дент Н. Ә. Назарбаев осы елге ресми сапармен барып, екі елдің арасындағы ынтымақтастық қадамдарына жол ашты. 159 Ауғанстан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және саяси даму ерекшеліктері. Соғыстан кейінгі жылдарда Ауғанстан экономикасына АҚШ және Батыс Германия капиталы ене бастады. Олар қаракөл терісін өңдеуге, жол және суландыру құрылыстарын салу- ға көңіл аударды. Ауылда жердің көпшілігі феодалдық топтар мен ауқатты шаруалардың меншігіне шоғырланды. Елдің экономикалық жағдайының нашарлауы ішкі әлеуметтік қайшылықтарды күшейтті. Елдегі ұсақ және орташа өндіріс иелері және ауылдағы шаруалар қауымы оппозициялық топтар құрды. 1947 жылдан бастап жастар қозғалысы қалыптасты. 1950 жылы “Ватан” атты саяси топ құрылды. Оның құрамында ұсақ буржуазия және буржуазиялық зия- лы қауым өкілдері көбірек орын алды. Оппозициялық топтардың қатарында “Нидан хальк”, “Ангар” атты ұйымдар да байқалды. Пашаның туысы Мұхаммед Дауд басқарған “Ұлттық клуб” атты ұйым да оппозицияның қатарында болды. 1973 жылы 17 шілдеде армиялық топтардың анти- монархиялық әрекеті іске асып, Нәдір әулеті биліктен қуылып, Ауғанстан Республикасы жарияланды. Респуб- лика басшылығына М. Дауд бастаған топ келіп, демо- кратиялық күштерді қыспаққа алып, қуғынға ұшыратты. 1978 жылғы Сәуір революциясы жеңген соң Револю- циялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н. М. Т а р а к и г е жүктелді. Жаңа үкіметтің реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Бір партияның жеке үстемдігі, оппозицияға жол бермеу, исламның дәстүрлерімен санас- пау, көпсалалы шаруашылық құрылыс экономикасын бірден социалистік тәсілге көшіру әрекеті, көрнекті діндер және буржуазиялық қайраткерлерді жазалау халық арасында наразылық туғызды. Жаңа өмірдің қалыпта- суы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болды, өзара тартыс басталды. Х. Амин тобы көп- теген партия басшыларын қаралап, Б. Кармальды, А. Ка- дырды, С. Кештмандты, И. Нұрды қызметтен тайдырды. 1979 жылы ол Н. Таракиді өлтіріп, барлық билікті өз қолына алды. 160 Басқарушы партияның жөнсіз әрекеттері халық ара- сында қарсылық тудырды. Ел ішінде азамат соғысы өрті тұтанды. 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері Ауған жеріне енгізілді. Бұл заңсыз әрекет елдегі жағдайды одан әрі шиеленістірді. Аминді өлтіріп, билікті Бабрак Кармальға, ал кейіннен Мұхаммед Наджибуллаға беру жағдайды едәуір өзгертті. 1989 жылы 15 ақпанда Женева келісімі негізінде КСРО әскерлері Ауған жерінен түгелімен шы- ғарылды. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы Ауғанстан. Ауғанстандағы соғыс әрекеттері тоқтамай, одан әрі жалғасты. Оппозицияның біріккен күштері Кабулдағы коммунистік үкіметке қарсы шабуылдарын үдете түсті. 1992 жылы 28 сәуірде М. Наджибулла үкіметі құлады. Кабулда Б. Р а б б а н и бастаған уақытша үкімет құрылды. 1992 жылдан бастап Ауғанстандағы азамат соғысы ұлтаралық шиеленіске айналды. Солтүстік Ауғанстандағы Мазари-Шариф қаласында генерал А. Дустум бастаған “Ислам ұлттық қозғалысы” саяси ұйымы құрылып, осы өңірдегі өзбектердің ұлттық бірлігін қорғауды жоспарлады. Солтүстік-Шығыс Ауған жеріндегі әскери топтың ба- сында Ахмад-шаһ Масуд тәжік тұрғындарын қорғамақ болды. Дәл осы кезде Пәкстанның ықпалында болған жас ауған діншілдері — талибтердің қозғалысы тез күш алып, 1996 жылы қыркүйекте Кабулды басып алып, сол қалада- ғы БҰҰ кеңсесінде тығылып жүрген М.Наджибулланы тұтқындап, дарға асып өлтірді. Талиб әскери күштері Б. Раббани үкіметінің әскерін солтүстік аймақтарға шегіндіріп, Тәжікстан — Өзбек- стан — Түрікменстан шекарасы шебіне жетіп, Орта Азия өңіріндегі халықаралық қатынастарды шиеленістіре түсті. Ауған жеріндегі өзара тартыстар көршілес ТМД елде- рінің тыныштығын кетірді. Талибандар үкіметі ескі мұсылман тәртібін орнатып, елдің құтын қашырды, халықаралық лаңкестікті қолда- 161 ды, “әл-Қайда” жетекшісі Усама бен-Ладенді қамқорлық- қа алды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сүйенген АҚШ басшылары талибтерге қарсы жұмылған халықаралық бірлестік ұйымдастырып, талибтерді жазалау үшін АҚШ соғыс бастады. Олар талибтер тәртібін құлатып, 2001 жылдың 21 желтоқсанында үкімет басына Хамид Карзайды әкелді. 2004 жылдың басында Лойа Джирға (Жалпыхалықтық жиылыс) мәжілісі шақырылып, жаңа Конституциясы бекітілді. 2004 жылдың қазанында ауыспалы үкіметтің жетекшісі Хамид Карзай президент ретінде сайланды. АҚШ үкіметі Ауғанстандағы соғыс әрекеттерін жалғас- тыра отырып, НАТО-ның және 18 елдің әскери күштерін тарта білді. Халықтың басым көпшілігі шетел әскерлері- нің ел аумағында болуын оккупациялық әрекет деп ұғып, ондай озбырлыққа қарсы күресуге қатысты. 2009 жылы президент сайлауы өтіп, Х. Карзай жеңіске жетті. 2010 жылы АҚШ бұл елге 30 мыңнан астам қосым- ша әскерлер енгізуге барды. Көпұлтты қарулы күштердің 2011 жылы Ауған жері- нен кетуі жоспарланған. Б. Обама мен Х. Карзай шартқа отырып, келешектегі қатынастарды жөнді ұстауға уағ- даласты. Қазақстан осы елмен ынтымақтастық қарым-қаты- насты ұстап келеді. Гуманитарлық көмек көрсетіп, ауған жастарын оқуға алу, экономикасын дамытуға қатысу және т.б. шараларға бірнеше жылдар бойы мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. АИМК мүлкін мемлекет меншігіне алу неге қажет болды деп ойлай сыңдар? 2. “Ақ революция“ деген не? 3. Ислам революциясының себептерін ашып беріңдер. 4. Соғыстан кейінгі Ауғанстан еліндегі саяси қайшылықтардың сыры неде? 5. Ауғанстандағы КСРО әрекеттері халықаралық ережесіне сәйкес келе ме? 6. АҚШ-тың Ауғанстанға әскер жіберуін, елдегі жағдайды талдаңдар.