Xx ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан



Дата24.06.2023
өлшемі73,43 Kb.
#103291
Байланысты:
тарих срс


XX ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан.
Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты кең түрде жүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында (кей деректерде) аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді.


1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді.
Қоғамдық құрылыстың таптық негізде жіктеу бойынша сипат алуы 1923 жылы 17-22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясыңда анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шақырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаған таптың түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл казақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» көшуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.
1920 жылдардың бас кезінде егіс көлемі 20 %-ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауыл шаруашылығы саймандары тозып біткен еді. Шаруашылыққа қажетті техниканың жетіспеушілігінің салдарынан Жетісуда 900 шаруашылыққа тұқым себетін бір машинадан ғана келді. 1920 жылғы есеп бойынша Қазақ АКСР жерінде 455 мыңдай қазақ шаруашылықтары болды. Олардың 200 мыңға жуығының егістік жері бар еді.
Шаруалардың жағдайы ауыр болды.
Ақ гвардияшылар мен интервенттердің 1918-1919 жылдары басып алған жерлерге уақытша қожалық етуі, соғыс қимылдары, құрғақшылық пен жұт ауыл шаруашылығының жағдайын да, шаруалардың тұрмысын да әбден күйзелтті.
Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары туды. Елде азық-түлік, тұтыну заттары сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК (б)П Х съезінен кейін ендірілген азық-түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді. Бұл бұған дейінгі азық-түлік салғыртына қарағанда әлдеқайда қолайлы еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет